Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата01.04.2020
өлшемі6,36 Mb.
#61231
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Байланысты:
9b05049b-3702-11e3-a987-f6d299da70eecgiirbis 64.exe


240 

Жасанды  үлбір  түктерінің  бекітілуі  өте  берік,  үзілуге  беріктігі  жоғары 
болады, қойдан жасалған цигейканың былғары өзеңі өте қалың.
 
Бүл  үлбірдің  түрлері  сары  және  қара  болып  өндіріледі.  Елтіріге  кейде 
аэрографты сурет жағылады. 1м^ салмағы 1200г жетеді. Бүл жа- санды үлбір 
түрлерінің салмағын біршама ауырлатады.
 
8.6.3.  Жасанды үлбірдің қасиеттері. 
Өз кезеңінде жеңілдетіп, не ауырлататын алдымен киім салмағына әсер 
ететін жасанды үлбір салмағымен ерекшеленетінін ескеру ке- рек. Үлбірдің 
салмағынан  және  оның  ауа  өткізгіштігінен  қорыта  келе,  сәйкес  жылу 
сақтайтын, желден қорғайтын астарлар тандау керек. Егер табиғи цигейканы 
тоқыма  негізді  үлбірмен  және  үлпекті  салыстырса,  онда  1м2  табиғи 
цигейкалық  үлбірдің  салмағы  707  г,  тоқыма  үлбірдікі  763г,  желімделген 
жасанды қаракөл 1089г.
 
Кесте 8.5 - Жасанды үлбірдің физико-механикалық қасиеттері. 
Көрсеткіштер
 
Жасанды қаракөл
 
Тоқыма үлбірі
 
Табиғи үлбір
 
1
 
2
 
3
 
4
 
Түктің беріктігі, Н 
Үзілуге, Н
 
3,5
 
5,9
 
2,8
 
Бойлық
 
30,4
 
23,7
 
75,6
 
Көлденең
 
19,9
 
23,7
 
75,6
 
Үзілу кезіндегі
 
5,2
 
63,4
 
54,0
 
үзаруы, %
 
Бойлық
 
Көлденең
 
13,3
 
80,8
 
54,0
 
Грунтының
 
0,49
 
0,44
 
0,32
 
ауыспалы
 
коэффициенті
 
Бойлық
 
Көлденең
 
0,45
 
0,36
 
0,32
 
Ауа өткізгіштігі; 
м/мин м
 
0,126
 
21,9
 
0,167
 
Бу өткізгіштігі, г/ 
см ч
 
0,0021
 
0,0382
 
0,078
 
5 минуттық 
жаңбыр кезінде су 
өткізгіштігі, г
 
жоқ
 
214
 
жоқ
 
241 
16-6313 

1
 
2
 
3
 
4
 
Жаңбыр 
кезінде 
ылғалдануы
 
154,7
 
316
 
4,3
 
Түктің 
қажалуы 
(Абразив  айналым 
саны)
 
7031
 
21314
 
9879
 
Желімделген жасанды үлбірінің ауа және бу өткізгіштігі өте төмен. Осы 
материалдардан  жасалған  өнімдердің  гигиеналық  қасиеттері  айтарлықтай 
төмендейді.  Бүл  жағдайды  киімді  үлгілеу  кезінде  еске-  ру  қажет.  Мүндай 
материалдардан жасалған киімдерді үзақ қолдануға болмайды.
 
Жасанды үлбірлер, әсіресе тоқыма үлбірі түк (орлоннан жасалған) оның 
тозуға  төзімділігін  көрсететін  қажалу  беріктігіне  ие.  Сонымен  бірге 
ескеретін  нәрсе,  синтетикалық  талшықтардан,  түктен  жасалған  жасанды 
үлбірлерде  пиллинг  түрі  түзілуі  мүмкін.  Ол  бүйымның  сыртқы  түрін 
нашарлатып және оның жылу сақтағыш қасиетін төмендетеді.
 
242 

9-БӨЛІМ 
КИІМ БӨЛШЕКТЕРІН БІРІКТІРУГЕ АРНАЛҒАН 
МАТЕРИАЛДАР 
9.1. ТІГІН ЖІПТЕРІ 
Бүйымдарды  тігу  технологиясында  және  киімдерді  жөндеуде  олардың 
бөлшектерін біріктіру үшін тігін жіптері қолданылады. Жіптердің сапасына 
және  ассортиментіне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Киімді  тігу  және  кию  кезінде 
тігін  жіптері  физика-механикалық  және  физика-химиялық  әсерлердің 
нәтижесінде қүрылымдық өзгерістерге үшырайды. Сондықтан, тігін жіптері 
технологиялық және түтыну та- лаптарына сәйкес болуы керек. Тігін жіптері 
созылуға  беріктігі  жоғары,  белгілі  бір  үзару  көрсеткіштің  бірі  және  осы 
көрсеткіштері бойынша біркелкі болуы қажет.
 
Киім  бөлшектерін  біріктіріп,  машинамен  тіккенде  2  -  ширатпалы  тігін 
жіптері қолданылады, жіптердің үзілуіне ширату бағыты көп әсер етеді.
 
Тігін өндірісіндегі машиналардың бас білігі 3500 мин
1
 айналу жиілігімен 
жүмыс жасайтын болғандықтан және үйкеліс нәтижесінде инелер 300-400 
0
С 
дейін қызатындықтан, тігін жіптері жылуға төзімді болуы керек.
 
Тігін  жіптері  киім  бөлшектерінің  берік  біріктіруі,  тігіс  түрін  жақсы 
көрсетуі, ылғал-жылумен өңдегенде өлшемдерін өзгертпейді.
 
Талшық  қүрамы  бойынша  тігін  жіптері  мақта,  зығыр,  жібек  және 
химиялық жіптер болып шығарылады.
 
Тігін  жіптері  киімнің  жеке  бөлшектерін  біріктіруге  арналған  негізгі 
материал  және  әрлеуіш  материал  ретінде  қолданылады.  Мақтадан. 
зығырдан,  жібектен  синтетикалық  және  штапельді  жіптер  жасап 
шығарылады.  Өндірістегі  жалпы  жіптердің  көлемінің  80  %  мақтадан 
жасалған  жіптер.  Зығыр  жіптері  арнайы  тапсырыстарды  орындауға  және 
қалың  брезентті  сырып  тігуге  қолданылады.  Синтетикалық  тігін  жіптері 
қазіргі уақытта кең қолданылып, жиынтығы кеңейіп, сапасы жақсара түсті.
 
Жіптердің  үйкелу,  созылу,  тарқатылу,  оралу  әсерінен  тігімнің  жа-  салу 
үдерісінде  тігін  жібінің  қүрылымы,  беріктігі  жоғарылап,  сапасы 
жақсартылды.
 
9.1.1.  Мақтадан жасалған жіптер 
Мақтадан  жасалған  тігін  жіптері  жоғары  сапалы  иірілген  тарақтық 
жіптерден жасалынады, 2, 3, 4, 6, 9 және 12 қүрамдағы жіптер
 
243 

өндіріледі.  Тігін  өндірісінде  көбінесе  3,  6  құрамдағы  жіптер  кеңінен 
қолданылады.
 
Тігін жіптің дайындалу технологиялық үдерісі келесі қатардан тұрады: - 
біріктіру  -  негізгі  иірімжіптің  екі  немесе  үш  жібінің  біріктірілуі  (тарақты 
немесе  кардалы);  -  8  және  2  бағытына  ширату,  қайнату,  бояу  (қара  немесе 
басқа түске) немесе ағарту, әлсіз жылтырды беруге арналған күңгірт  (жұқа 
қабыршақты парафинмен немесе балау- ызбен өңделеді) және күшті жылтыр 
беруге  арналған  жылтыр  өңдеулер  (крахмалды  аппретпен  қапталған) 
үдерістері жүргізіледі.
 
Жіптің соңғы ширатпасы алдыңғы ширатпаға қарама-қарсы бағытталған 
болады,  ол  9.1суретте  көрсетілген.  Тігін  жіптерінің  түрлері  9.2-суретте 
көрсетілген. Бұл жіптің құрылымы тұрақты және бүтін, 2, 3 құрамдағы (9.2 
сурет, а) негізгі жіптің соңғы ширатпасымен алынған бір ширатпалы жіп, 2 
немесе  3  құрамдағы  (9.2  сурет,б)  негізгі  жіптің  алдыңғы  ширатпасынан 
алынған екі ширатпалы жіп, 2, 3 немесе 4  құрамдағы осы жіптердің соңғы 
ширапасынан алынған жіп болып бөлінеді, ол 9.2 суретте берілген.
 
 
Сурет 9.1. Әртүрлі бағытта ширатылған тігін жібінің құрылымы 
 
Сурет 9.2. Тігін жіптерінің түрлері 
244 

Тігін бұйымдарының бөлшектерін жіппен уақытша біріктіру (көктелген, 
айналдыра  көктелген  және  басқа  үдерістер)  үшін  15,4  х3  тек-  стен  37^3 
текске  дейінгі  сызықтық  тығыздықта  ширатылған  мақтадан  жасалған 
иірімжіп қолданылады. Дайын жіптер айқастырылған орама-  мен иіршікте, 
екі фланцелі орамада жіберіледі.
 
Тігін  жіптері  қабатына  байланысты  келесі  саудалық  нөмірлерді 
қолданады: 10, 20, 30, 40, 50, 60, 80, 100 және 120. Саудалық нөмір метрлік 
нөмірге  сәйкес  келмейді,  бұл  жіптің  жуандығын  сипаттай-  тын,  шартты 
нөмір.  Тігін  жіптерінің  нөмірі  және  инені  таңдау  тігілетін  матаның 
қалыңдығы  мен  өңделуіне,  атқарылатын  жұмыстың  сипатына  байланысты 
болады.
 
Ширату  -  жіптердің  жуандығын  тегістеп,  мықтылығын  арттыру 
мақсатында  оларды  бұрау.  Ширатылған  жіптің  беті  тегіс  болуы  үшін  оны 
ширату  үдерісінің  алдында  ылғалдайды.  Үш  қабат  жіп  жасағанда  жіптерді 
қабаттаған  соң  жіпті  иіріміне  қарсы  бағытта  ширатылады.  Алты  қабат  жіп 
алу  үшін  жіптерді  алдымен  екі-екіден  ширатады,  содан  кейін  ширатылған 
үш  жіпті  алып,  жіптің  иіріміне  қарсы  бағытта  ши-  ратады.  Жіпті  иіру  мен 
жіптердің ширатылуы қарама-қарсы бағытта болуы шарт.
 
Тігін  жіптерін  өңдеуге  қайнату,  ағарту,  бояу,  аппреттеу  және  жыл- 
тырату операциялары қолданылады.
 
Қайнату-жіптерді қысыммен сілтілік ортада беттік активтік зат- тармен 
қайнату  арқылы  жіптердің  бойындағы  өсімдік  қалдықтарынан  және 
майлағыш заттардың қалдықтарынан арылту.
 
Ағарту-ақ  немесе  түсті  жіптерді  алу  үшін  бояу  алдында  жүргізіледі, 
жіптерді натрий гипохлоритімен ағартады.
 
Тігін  жіптерін  тікелей  бояғыштармен  бояп,  ДЦУ,  ДЦМ  препа- 
раттармен  бояуын  бекітеді,  тағыда  кубтық  бояғыштар  мен  бояулары 
қолданылады.
 
Тігін  жіптері  күңгірт  немесе  жұмсақ  өңді  жылтыр  және  арнайы 
тапсырыспен  қатты  өңделген  жылтыр  түрінде  шығарылады.  Күңгірт 
жіптердің жылтыры көмескі, себебі олар парафиннің жұқа қабаты не- месе 
ептеп  крахмал  қосылған  түссіз  май  жағылады.  Жылтыр  жіптер  крахмал, 
негіздік заттар, балауыз, стеарин бар құраммен аппреттеледі, содан кейін тез 
айналатын  шөткелі  барабанда  жылтырлатылады.  Дөрекі  өңделген  жылтыр 
жіп алу үшін аппреттеліп, өңдеуде крахмал мөлшерін көбейту керек.
 
Дайын  жіптерді  іріктейді,  айқаспа  ораммен  иіршік  алу  үшін  ораушқа, 
гильзаға  түсіреді.  Сауда  жүйелеріне  келіп  түсетін  ағаш  орауыштарға 
түсірілген  жіптердің  ұзындығы  200  м,  ал  тігін  өндірісіне  түсетін 
иіршіктердегі жіптердің ұзындығы 400, 500, 1000, 2500 және 6000 м.
 
Тігін  өнеркәсібінде  пайдаланылатын  мақта  тігін  жіптерінің  жіктелуі 
қабат санына, жуандығына, өңделу сипатына, бояуына қарай жүргізіледі.
 
245 

Өңдеу  сипатына байланысты тігін жіптері күңгірт  жіп, жүмсақ өңдеген 
жылтыр  жіп  және  қатты  өңделген  жылтыр  жіп  болып  бөлінеді.  Бояуы 
жағынан өңделмеген жіптер ақ, қара және түрлі-түсті болып келеді.
 
Тігін  жіптерінің  сапасы  тегістігі,  созылғыштығы,  мықтылығы, 
серпімділігі  және  бояуының  тиянақтылығы,  ширатпасының  тепе-  теңдігі 
және сырт көрінісінің ақауы бойынша сипатталады.
 
Тігін  жіптерінің  созу  үдерісіндегі  мықтылығы  олардың  негізгі  сапалық 
көрсеткіші  болып  табылады  және  бүл  көрсеткіш  динамометр  аспабында 
анықталады. Органолептикалық тәсілмен анықтағанда үзындығы 0,5 м тігін 
жібінің үлгісін қолмен тартып үзеді. Бүлай тартқанда мықты жіп серпіледі, 
ал үзу үшін көп күшті керек етеді. Жіптердің мықтылығына қабаттың саны, 
ағарту үдерісі, бояу және аппреттеліп өңделу әсер етеді. Өңделмеген және ақ 
жіптердің  қара  және  түрлі-түсті  жіптерге  қарағанда  мықтылығы  жоғары 
болады.  Күңгірт  жіптерге  қарағанда  жылтыр  жіптер  мықты  келеді. 
Шыдайтын күшке қарай 3 қабат жіптер «экстра» және «прима» маркаларына 
бөлінеді.  «Экстра»  маркасының  жіптері  мықтылау  және  3  қабат  жіптерге 
қарағанда  алты  қабат  жіптердің  мықтылығы  жоғары.  Олардың  түрі  біреу-
«Арнайы».  Қабат  саны  мен  мықтылығына  байланысты  жіптердің 
орауыштары, гильзалары және иіршіктерінің этикеткаларының түсі әр түрлі. 
3 қабат  «Экстра» маркалы жіптің этикеткасы қоңыр, «Прима» маркасыныкі 
жасыл болып келеді.
 
Жіптердің  созылғыштығы  олардың  нөміріне,  қабат  санына,  шира- 
тылуына, өңделу сипатына байланысты, 3- 8,5%.
 
Ширату  тігін  машинасында  тігіс  қүрау  үдерісіне  әсерін  тигізеді.  Тігін 
жіптері  оң  (2)  және  сол  (8)  ширатпа  болып  бөлінеді.  ОЗЛМ  97  кл.  тігін 
машинасы  мен  ОЗЛМ  797  кл.  машинасына  тек  қана  оң  ши-  ратпа  жібі 
қолданылады.  Бүл  машиналардың  жіптартқышы  айналып  түратындықтан 
сол  ширатпа  жіптер  бүл  машиналарда  тарқатылып  кетеді.  Ширатпа  мен 
қабат  саны  тігін  жіптерінің  үлгісін  ширатпа  өлшеуіште  тарқату  арқылы 
бірден  анықталады.  Ширатпаның  теңдігі  үзындығы  1м  артық  ілмектің 
айналуынан түрады. Егер ілмектің айна- луы алтыдан аспаса, теңдігі жақсы 
деп  есептелінеді.  Нашар  теңдескен  жіптер  ілмектеліп,  бүралып,  тіккенде 
аттап, үзілгіш болып келеді.
 
Тегістік  -  жіптің  жуандығы,  мықтылығы,  созылғыштығы,  салмағы 
жағынан  бір  қалыпты  болуы.  Мықтылығы  бойынша  бірқалыптылықтан 
ауытқу 6-8,5%, ал салмағы бойынша 3% аспауы керек.
 
Сырт көрінісінің ақауына байланысты тігін жіптері I- II болып екі сортқа 
бөлінеді. Жіптің сыртын анықтау үшін 100 орауышты не- месе 100 иіршікті 
қолдану  керек.  Әр  100  ораудан  200  м  жіп  алынады.  Стандартқа  сәйкес  әр 
байқалған  ақау  тиісті  мөлшердегі  айып  бағамен  бағаланады.  Барлық 
байқалған  ақаулардың  салдары  жиынтығын  әр  сорт  үшін  балл 
нормаларымен салыстырады. І-сортты ақ жіптер үшін
 
246 

50  балл,  өңделмеген  қара  және  түрлі-түсті  жіптер  үшін  40  баллға  дейін 
болады.
 
Өңделуіне  қарамастан  ІІ  сортты  тігін  жіптері  үшін  120  баллға  дейін 
рұқсат  беріледі.  Бір  орамада  әр  нөмірлі  жіптердің,  бояуының  жолақты 
болуы,  түктелініп  тұруы,  айналып  тұратын  бос  орамдары,  орамның  түсіп 
кетуінен шатасуы, оралымдағы қатарлардың қалып қалуы жіберілмейді.
 
9.1.2.  Жібектен жасалған жіптер 
Жібек  жіптер  екі  қайтара  ширату  арқылы  шикі  жібектен  алынады. 
Бірінші  шикі  жібектің  бірнеше  жібін  біріктіріп  ширатады,  содан  кейін 
ширатылған  үш  жіпті  біріктіріп,  бірінші  ширатпаға  қарсы  бағытқа 
ширатады. Өңдеу үдерісінде жібек жіптер қайнатылады және әр түрлі түске 
боялады.  Бұл  жіптер  (тігін  жібегі)  шығарылатын  тігін  жіптерінің  жалпы 
көлемінің 1% алынады.
 
Жібек жіптердің саудалық нөмірлері: 75, 65, 33, 18 және 13, ал жіптердің 
метрикалық нөмірі саудалық нөмірден төмен болады. Жұқа маталардан киім 
тіккенде  байланыстыратын  тігіс  үшін  N°  75,  65  және  33  тігін  жіптерін 
қолданады. №18 және 13 жіптер түйме тесігін машинамен торлағанда және 
әр  түрлі  матадан  тігілген  киімге  сәнді  тігістер  жүргізу  үшін  пайдаланады. 
Табиғи жібектен алынған тігін жібі қалыңдығына байланысты келесі шартты 
нөмірлермен  (саудалық)  белгіленеді:  9  (111,1  текс),  13  (74  текс),  18  (57,5 
текс),  33  (31  текс),  65  (17,4  текс).  Жібек  жіптерді  100,  200,  500,  700  және 
1300  метр  үзындықты  орама-  мен,  иіршікпен,  картон  патрондарымен, 
орамамен  шығарады.  Картон  патрондардағы  №  75  және  65  жіптердің 
үзындығы 100 және 200 м, ал № 33-50 жіптердікі 100 м болады.
 
Жібек  жіптерде  сырт  көрінісін  бүзатын,  мықтылығын  төмендететін 
болмауға  тиіс  ақаулар:  ширатпадағы  түйіндер,  жамау  жіп,  майланған, 
ластанған жіп, боялмай қалған, әр түсті жіптер.
 
Жібек вискоза жіптері вискозадан алынады, түйме тесігін машина- мен 
торлау үшін пайдаланылады. Вискоза жіптер таза жібек жіптеріне үқсас екі 
қайтара  ширатылады,  соңғысы  үш  қабатталады,  сондай-ақ  жіптер  әр  түрлі 
түске боялады, 50-100 м ораммен шығарылады. Жібек жіптері иіршікте (25г 
бойынша),  орамада  (300г),  патронда  (50,100  және  200  м  бойынша)  және 
орауышта шығарылады.
 
Түйме  тесігін  қолмен  торлағанда,  түйме  таққанда,  сәндік  тігістерді 
жүргізгенде  ширатылған  жуан  таза  жібек  жіптері  -  №  3  және  7  гарус 
пайдаланылады.  Гарустың  сызықтық  тығыздығы  333  немесе  143  текс  және 
90  шикі  жібек  жіптерден  түрады.  Гарусты  түрлі  түспен  8-50  м  орамамен 
шығарады.
 
Штапельді  полиноздық  талшықтардан  жасалған  жібек  жіптер  жүмсақ, 
жылтыр, қүрғақ - дымқыл күйлерінде мықтылығы жоғары
 
247 

(вискоза жіптерімен салыстырғанда), жуғанда төзімді, құрғақ кезінде ұзаруы 
(8-10%)  және  дымқыл  кезіндегі  ұзаруы  (10-12%)  көп  болмайды.  Жылуға 
төзімділігінің  жоғары  болуына  байланысты  полиноз  жіптерді  қолданғанда, 
тігін  машинасының  жұмыс  жылдамдығы  шектелмейді.  Мықтылығы 
жағынан полиноз жіптері мақта жіптерінен төмен.
 
Киімнің  барлық  бөлшектерін  тігуде  мақта  жібінің  орнына  полиноз 
жіптерін пайдалануға болады.
 
9.1.3.  Синтетикалық жіптер 
Химиялық  талшықтан  жасалатын  жіптерді  шығарудың  арқасында  тігін 
өнеркәсібінде  қолданылатын  жіптердің  ассортименті  жыл  сайын  кеңейіп 
келеді.  Әсіресе,  синтетикалық  жіптер  кең  қолданылуда,  себебі  таза 
талшықты  жіптерге  қарағанда  олардың  кейбір  қасиеттерінің  артықшылығы 
бар,  синтетикалық  жіптер  созуға  және  үйкеліске  мықты,  шамалы  апшиды, 
сәулелі ауа-райына, тотыққанға, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді.
 
Синтетикалық жіптердің ішінде құрама капрон және лавсан жіптері кең 
қолданылады.  Сонымен  қатар,  капрон,  лавсан  өзекшелі,  қаңқалы  жіптер 
және таслан типтес текстурленген жіптер шығарылады.
 
Құрама  талшықты  лавсан  және  капрон  синтетикалық  жіптерін  шығару 
үдерісіне қабаттау, ширату, қайнату, ағарту, бояу және өңдеу операциялары 
жатады.  Силикондық  препараттармен  және  акрилдық  эмульсия  мен 
антистатикпен  өңдеу  арқылы  жіптердің  жылуға  шыдамдылық  қасиетін 
арттырады.
 
Құрылымын  өзгертіп  және  өңдеуін  жетілдіру  арқылы  синтетикалық 
жіптердің қасиетін жақсартуға болады.
 
Капрон  жіптердің  созғанда  мықтылығы  таза  жібек  немесе  мақта 
жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. Барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда 
синтетикалық  жіптер  үйкеліске  тозбайды,  сондықтан  оларды  түйме  тесігін 
торлағанға пайдаланады. Капрон жіптердің жұмсақтығы тіккенде жіптердің 
ілмектелуіне  теріс  әсер  етіп,  тігістің  тартылуына  себеп  болады,  ал  жылуға 
төзімділік  қасиетінің  төмендігі,  оларды  пай-  далану  саласын  азайтады. 
Капрон жіптерін пайдаланып, дайындалған бұйымдарды ылғалды жылумен 
өңдегенде  -  оларды  үтіктеп  немесе  престеу  бетінің  температурасы  160С 
аспауын  және  басу  уақыты  30  секундтан  аспауы  керек  екенін  білу  керек. 
Температураны  фланель  са-  лып  үтіктегенде  5°  С,  бортовка  салып 
үтіктегенде 10° С жоғарылатуға болады.
 
Капрон  жіптер  бұйымды  синтетикалық  материалдардан  дайын-  дауда 
көп  қолданылады.  9.1-  кестеде  капрон  жіптерді  пайдаланудағы  мәліметтер 
берілген. Капрон жіптердің қасиетін зерттеудің нәтижесінде оларды жылуға 
төзімді амидтік жіптермен алмастыруға болады.
 
248 

Лавсан  жіптерінің  кейбір  көрсеткіштері  капрон  жіптерінен  жоғары: 
балқу температурасы жоғары, тігісті тартпайды, сондықтан № 22Л, 33Л, 55Л 
лавсан  жіптерін  сырт  киімдерді  тіккенде  қосымша  майлап  жоғарғы  жіпке 
пайдаланады.  Әр  түрлі  талшықты  бүйымдарды  ылғалды  жылумен 
өңдегенде,  лавсан  жіптерімен  тіккен  тігістер  өзгермейді,  ол  9.1-  кестеде 
көрсетілген.
 
Лавсан  жіптерінің  №  4  (36/2^4)  және  №  7  (36/1^5)  төменгі  нөмірлерін 
бедерлі  сәндік  тігіске  қолдануға  болады.  Синтетикалық  жіптердің  жал-  пы 
ортақ  кемшілігі  -  жылуға  төзімділігінің  төмендігі.  Тігу  жылдамдығы 
минутына  2000-2200  шаншым  болғанда  жіп  пен  иненің  арасындағы 
үйкелістен  ине  қызады,  капрон  жібі  балқып  үзіледі.  Лавсан  жібі  тігу 
жылдамдығы минутына 3000 шаншым болғанда үзіледі.
 
Инелердің арнаулы түрлерін пайдаланған дүрыс:  хромдалған, са-  тылы, 
арнаулы  химиялық  өңдеуден  өткен  инелерді  пайдалана  отырып,  олардың 
қызып  кетуін  азайту,  синтетикалық  жіптердің  қолданылу  тиімділігін 
көбейтеді.  Инені  салқындатып  түру  үшін  іші  қуыс  табанша  пайдаланады, 
баллоннан  немесе  компрессордан  қысылған  ауа  ине  мен  матаға  беріліп 
түрады. Кейбір машиналарда инені салқындату үшін су бүркіп түрады. Таза 
жібек  жіптерін  капрон  немесе  лавсан  жіптерімен  алмастырудың 
экономикалық тиімділігі жоғары.
 
Құрамалы  қаңқалық  жіптер  жіптердің  мақта  талшықтарымен  не-  месе 
полиноздық талшықтармен жабылған синтетикалық қүрама жіптерден өзегі 
болады.  Қаңқалық  жіптердің  өзегі  капрон  немесе  лавсан  талшықтарынан 
түрады.  Ең  жақсы  жіптер  -  полиэфир  талшықтарынан  (лавсан)  жасалған 
өзегі бар жіптер болып есептелінеді.
 
Сыртқы қабаты  мақта талшықтарымен жабылса қаңқалық жіптер мақта 
жіптеріне  үқсас  келеді.  Полиноз  талшықтарымен  жабылған  қаңқалық 
жіпттердің  беті  жылтыр,  сырт  көрінісі  мерсерленген  мақта  жіптеріне 
үқсайды.  Мақтадан  немесе  полиноз  талшықтарынан  түратын  беттік  қабат 
жіптің синтетикалық өзегін балқып бүлінуден сақтайды.
 
Қүрамалы  жіптер  мақта  жіптерге  қарағанда  мықты,  мақта  жіптерден 
үзаруы 2 есе артық. Мақта жіптерге қарағанда қаңқалық жіптердің оты- руы 
аз, үзу әсеріне 2-3 есе төзімді.
 
Мақта  жіптері  атқаратын  барлық  операцияларда  қаңқалық  жіптерді 
маталардың  барлық  түрінен  сырт  киімдерді,  іш  киімдерді,  жейделерді, 
пижамаларды, блузкаларды, көйлектерді тіккенде пайдаланылады.
 
Таслан  тектес  текстурленген  тігін  жіптері  -  аумақты  жіптер.  Аумақты 
жіптерді  алу  үшін  қарапайым  талшықтарды  ширатқан  кезде  қысылған  ауа 
ағынымен  үрлейді.  Соның  салдарынан  кейбір  талшықтар  ілмек  қүрады,  ал 
кейбіреулері  өзгермейді.  Нәтижесінде  қүрылымы  аумақты  жіп  алынады, 
бетінде  мөлшері  әр  түрлі  ілмектенген  талшықтары  пайда  болады.  Таслан 
тектес  жіптер  аз  және  қатты  со-  зылатын  болып  шығарылады.  Аумақты 
жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде 
таслан типтес жіптер
 
249 

ауа  қабатын  құратын  ілмекті  құрылымының  арқасында  инені  біршама 
салқындатып,  балқу  мүмкіндігін  азайтады.  Сондықтан  бұл  жіптер  жылуға 
шыдамдылығын  арттыру  үшін  арнайы  өңдеуден  өтеді.  Аумақты  жіптер 
мықты, жұмсақ және иілгіш бір тігісті болады. Оларды киімнің бөлшектерін 
жалғастырудың барлық түрлеріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің 
етегін  тіккенге,  жейде,  блузка,  пижама,  көйлек,  корсет  бұйымдарын, 
трикотаж  киімдер  тіккенде  пайдаланылады.  Со-  нымен  қатар,  жаңа 
маталардан ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне 
қолданылады.
 
Текстурленген  15,6  текс 
х
2  тігін  жібі  сыртқы  көрінісі  мен  қасиеті 
жағынан  құрамалы  синтетикалық  жіптерге  ұқсайды.  Бұл  жіптерді  ал-  дын 
ала  өңдеусіз  ОЗЛМ  97  кл  машиналарында  33Л  лавсан  жіптерінің  орнына 
пайдаланылады.  Тігін  жіптерін  текстурлеу  нәтижесінде  олар  әмбебап  тігін 
машиналарында қолдану кезінде үзілгіштігі азаяды.
 
Армирленген  жіптер  мықтылығының  және  жылуға  тұрақтылығы-  ның 
жоғарылығымен  ерекшеленеді.  Олар  мақта  маталы  екі  жіпті  жіппен  кең 
көлемде  алмастырылады.  Аралас  полиэфирлі  мақталы  тігін  жібі 
армирленген иірімнің полиэфирлі комплексті жібінің айналуынан алынады. 
Тігін  жібінің  сатылымдағы  нөмірлері  20,  40,  50,  80.  Бұларды  эластикалық 
материалды тіккенде қолданылады.
 
Полипропиленді  тігін  жібін  уақытша  бұйым  бөліктерін  қосу  үшін 
қолданады.  Химиялық  өңдеу  өткізгенде  бұл  жіптер  толықтай  жойы-  лады. 
Штапельді жіптер полиозды және лавсанды болады. Сыртқы көрінісі мақта 
матаға қарағанда өте жылтыр және үлбірлі болып келеді. Полинозды түктен 
жасалған жіп жұмсақ, жууға және химиялық өңдеуге тұрақты келеді.
 
Штапельді лавсанды жіптер беріктігі жағынан созылғанда мақта матаға 
ұқсас болады.
 
9.2.  ЖЕЛІМДІК МАТЕРИАЛДАР 
Синтетикалық негізде алынған желімдік материалдар отандык және шет 
елдік  киімді  дайындау  тәжірибесінде  негізгі  және  қосымша операцияларды 
орындау 
кезінде 
кеңінен 
қоладанылады: 
пальтоның, 
костюмнің, 
көйлектердің  бөлшектерін  біріктіруде,  аралық  ретінде,  негізгі  бөлшектерді 
қиғаштай қатырмалау кезінде, жең, шалбар етегінің кесінділерін бекіту және 
ию кезінде; жарма, жапырақша, қалта, ерлер киімінің жағасына, қаттамасына 
аралық ретінде қолданылады.
 
Қасиеттері  жақсартылған  желімдер  жетілдірілуде,  бұл  оның  тігін 
өндірісінде кеңінен қолданылуына көмектеседі.
 
Өсімдік желімдерін (крахмалды, ұнды) әскери киімдердің по- гондарын, 
түймеліктерін,  жағаларын  дайындауда  пайдаланады.  Бұл  желімдердің 
кемшіліктері бар: суға төзімсіз, жәндіктермен және
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет