Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет1/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)
Документ (2)




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАЛПЫ ГИГИЕНА




Оқулық


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен

Профессор Ү.И. Кенесариевтің редакциялық басқаруымен


Алматы
2012

УДК 613
ББК 51.1


Г 43
Пікір жазғандар:
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нутрициология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор А.А. Алдашев;
Қазақ тағамтану академиясының тағамды рационализациялау лабораториясының меңгерушісі, м.ғ.д. профессор М.М. Айтжанов;
РМҚК «Ғылыми-тәжірибелік санитарлы-эпидемиологиялық сараптау және мониторинг орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің» пестицидтер токсикологиясы лабораториясының меңгерушісі, м.ғ.д. А.Ш. Нәжмедденова.


Кенесариев Ү.И., Балмахаева Р.М., Жақашов Н.Ж., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Тоғызбаева Қ.Қ.


Жалпы гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / Алматы; 2012 ж – 671 б.

ISBN 9965-518-59-9


Қазақстан Республикасында алғаш рет дайындалған, медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған жалпы гигиена оқулығында адамның денсаулығын сақтау, нығайту және аурудың алдын алу үшін, қазіргі кезеңде гигиена ғылымы мен практикасы шешетін, негізгі мәселелер баяндалған.
Гигиенаның мақсаты, міндеттері және қолданатын әдістері, шет елдердегі және Қазақстандағы негізгі даму кезеңдері жазылған. Гигиеналық нормалаудың, сақтық және ағымдағы санитарлық бақылаудың аурудың алдын алу шараларын іске асырудағы рөлі көрсетілген. Адамның өмір сүретін ортасы мен өндірістік әрекеті ортасының әр түрлі факторларының сипаттамасы және олардың ағзаға әсері берілген, бұл факторлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі мәселелер қарастырылған. Атап айтқанда, ауа, су, топырақ, елді мекендер және тұрғын үй, тамақтану, балалар мен жасөспірімдер, аурухана гигиенасы, еңбек гигиенасы мен радиациялық гигиена, жеке адам гигиенасының өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлінген, оларды құрастыру Қазақстан Республикасының жеке аймақтарындағы гигиеналық жағдайларға байланысты жүргізілген.
Оқулық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен, «Жалпы медицина», «Медико-профилактикалық іс» және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған Типтік бағдарламаға сәйкес жазылған. Сонымен бірге, оқулықты басқа да медициналық мамандықтарда оқитын студенттер, магистранттар, PhD докторанттары, медициналық жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің де пайдалануына болады.

УДК 613
ББК 51.1


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің РМҚК «Республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының» шешімімен негізгі оқулық әдебиет ретінде ұсынылды
Хат № 01/01-466 «20» қыркүйек 2012 ж.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қаз ҰМУ-ң Әдістемелік кеңесінің оқулық әдебиет ретінде баспаға ұсынылды.
Хаттама № 4 «26» сәуір 2012 ж.
ISBN 9965-518-59-9 © Ү.И. Кенесариев және т.б., 2012 ж.
С.Ж. Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық
медицина университетінің
80 жылдығына арналған


АЛҒЫСӨЗ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы, экономикалық және әлеуметтік дамуында үлкен жетістіктерге жетіп, шетел мемлекеттерімен байланыстары нығайып, басқа елдермен тауар айналымы жылдан жылға ұлғаюда.


Елдің негізгі байлығы халық болып табылады, яғни қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде - өндірістік үрдістерде, негізгі рөл атқаратын, өңдіруші кұштердің бөлігі.
Мемлекеттің негізгі міндеті, сөзсіз, республика азаматтарының денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады. Ауруды емдегеннен, оның алдын алу оңай екені белгілі, осыған сәйкес, аурулардың дамуынының алдын алуда профилактикалық медицина үлкен рөл атқарады, оның барлық негізгі жетістіктері қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері туралы ғылымда – гигиенада жинақталған.
Қазақстанда дәрігерлер дайындау саласында білім беруді мемлекеттік тілде жүргізу кең қолданылуда. Бірақ, гигиена бойынша тек қана классикалық мәліметтер ғана келтіріліп қоймай, сонымен бірге республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының көптеген ерекшеліктері ескеріліп жазылған, медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған «Жалпы гигиена» пәнінен қазақ тілінде дайындалған оқулық әлі жоқ.
Барлық салалардағы дәрігерлердің гигиенаның негіздерін білуі аурулардың көптеген түрлерінің алдын алудың кепілі болып табылады, жастарды салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруге тәрбиелеуге және тұрғындардың орташа өмір сүру уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.
Гигиена - медицина ғылымының аса маңызды саласы, медициналық жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті – болашақ дәрігерлерде гигиеналық көзқарас қалыптастыру болып табылады.
Медицина жұртшылығының назарына ұсынылып отырған қазақ тілдеріндегі жалпы гигиена оқулығы, гигиеналық білімдерін өз жұмысында жақсы пайдалануға қабілетті медициналық кадрлар дайындауды қамтамасыз етуге арналған.
Авторлар ұжымы, осы оқулықтың мазмұны мен дайындалуына байланысты пікірлерін ұсынушыларға өз алғыстарын алды ала білдіреді. Оқулықтың бұл нұсқасы соңғы емес, келесі басылымдарда пікір білдірушілердің ұсыныстары мен ескертулері ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   297




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет