Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Ауруханалардың ас блоктарын орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар



бет168/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)
Документ (2)
10.3. Ауруханалардың ас блоктарын орналастыруға, жоспарлауға және жабдықтауға қойылатын гигиеналық талаптар. Ауруханаларда тамақтандыру, тек тамақ қажеттілігін өтеу мақсатында ғана емес, сонымен қатар өз алдына емдік фактор ретінде де ұйымдастырылады. Сондықтан, ауруханаларда тамақтандыру ұйымдастырылуына жүргізілетін медициналық бақылаудың өзіндік ерекшелігі бар. Емдік тамақтандыру (емдәм тағамы) ұйымдастырылуына дәрігер диетолог немесе емдәмші медбике жауапты. Емдік тамақтандыруға жалпы басшылық бас дәрігерге және емдеу бөлімі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
Ауруханаларда тамақ дайындаудың негізгі екі жүйесі қолданылады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған жүйесінде тағам ас блогы,нда дайындалады да, содан кейін аурухана бөліміне тасымалданады, ол жерде аурулар бөлімнің асханасында немесе палаталарда тамақтанады. Орталықтандырылмаған жүйесінде ас блогында жартылай шикі заттар дайындалады да, емдеу корпустарында ораналасқан толық дайындайтын аспазханаларда олардан тағам дайындалады. Орталықтандырылған жүйесі, өнімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды тиімдірек пайдалануға және тамақпен қамтамасыз етудегі медициналық бақылауды қолайлы етуге мүмкіндік береді.
Ең қолайлысы (жұқпалы аурулар корпусынан басқа), ауруханалардың ас блогын бас корпуспен және басқа емдеу корпустарымен жер бетіндегі және жер астындағы өтпелер арқылы байланысқан, жеке тұрған ғимараттарда немесе корпуста орналастыру. Сондай-ақ, тағамның иісі палата бөлімдеріне бармауы үшін ас блогын ғимараттың жоғарғы қабаттарында орналастыруға да рұқсат етіледі. Ас блогының айналасындағы аумақ абаттандырылуы және таза ұсталуы тиіс, оның есік және терезелерінен қашықтығы 20 м кем емес жерде қоқыс салатын контейнерлерге арналған асфальтталған немесе бетондалған алаңқай болуы керек.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының бөлме құрамы оның түріне байланысты. Ас блоктарын шартты түрде 3 түрге бөледі:

  • өңдеу циклі толық жүргізілетін шикізаттармен жұмыс істейтін;

  • жартылай дайындалған өнімдермен (полуфабрикаттармен) жұмыс істейтін;

  • басқа қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан әкелген (түскен) дайын тағамдарды сататын (үлестіретін) ас блоктарына бөледі.

Ауруханалардың ас блоктарында шикізаттарды толық өңдеу циклі жүргізіледі. Бұл біріншіден, дайын тағамдарда бактериялардың өсіп көбеюінің алдын алу қажеттілігімен түсіндіріледі, себебі, диеталық тағам түрінің көбін, алдымен тағамдық азықты майдалап, үгітіп барып дайындайды, ол тағамдық өнімнің арасында микроағзалар тарауына жағдай туғызады. Екіншіден, дайын тұрған жартылай дайын өнімдер емдәмдік технология талаптары жеткіліксіз сақталып жасалуы мүмкін, бұл тағамдардың тамақтық құндылығының төмендеуіне, емдәмдік сапасының жоғалуына, сондай-ақ, тамақтан улану, тағам инфекциялары дамуының қауіп-қатері өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Осыған ұқсас жағдайлар дайын тағамды үлестіретін ас блоктарының жұмыс істеуі кезінде де болуы мүмкін. Оның үстіне, дайын тағамды қайта қыздыру, оның дәмділік қасиетін, тамақтық және биологиялық құндылығын едәуір төмендетеді.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы ас блоктарының құрамына қойма, өндірістік, қызметтік- тұрмыстық, сауда және техникалық бөлмелері кіреді. Ауруханалардың ас блогында сауда бөлмелері жоқ.
Ас блогы бөлмелерін жоспарлаудың және жабдықтарын орналастырудың негізгі қағидасы - шикізаттарды алып келуден бастап, дайын тағамды таратумен аяқталатын технологиялық үрдістің қатал ағымдылықта болуының қамтамасыз етілуі. Технологиялық үрдістің ағымдылығы (бір бағытта жүруі), оның әр түрлі сатыларын бір-бірінен анық ажыратуға, дайын тағамдардың жартылай дайын өнімдермен, шикізаттармен және қалдықтармен, таза және лас ыдыстырдың, т.б. бір-біріне кездесуін, қосылуын, қиылысатын ағымдарын болдырмауға мүмкіндік береді. Технологиялық үрдістің ағымдылығы, ас блогындағы жеке бөлмелердің өзара дұрыс функционалдық байланыста болуымен қамтамасыз етіледі.
Қоғамдық тамақтандыру нысандарына азықтарды жеткізіп беру, оларды тасу кезінде ластануына, бұзылуына бөгет болатын барлық шаралар сақталып жүргізілуі тиіс. Тасымалдау үшін арнайы таза көлікті пайдаланады, оған санитарлық төлқұжат беріледі. Оның шанағының ішкі беті жуып алуға болатын материалмен қапталады, қажет болса сөре орнатылады. Жүкті алып жүретін және тиеп, түсіретін адамның жеке өзінің медициналық кітапшасы болуы керек және жұмысты таза арнайы киім, қолқап киіп істеуі керек. Тез бұзылатын азық-түліктер рефрижераторларда тасымалданады. Азықтарды салып таситын ыдыстарда анық көрінетін таңба болуы тиіс. Жеткізіліп берілетін азықтар мен шикізаттар гигиеналық талаптарға сай және міндетті түрде шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау жағдайы көрсетілген жолдама қағазы болуы тиіс. Бұл құжаттарды азықты сақтау мерзімі аяқталғанша сақтайды. Азықтарды қабылдау кезінде, міндетті түрде азықтардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі - өнімнің жарамдылығын куәләндіру, сөйтіп өнімнің сапасын куәландыратын журналға тиісті жазу жүргізіледі. Өнімнің сапасын бағалауды өндіріс басшысы немесе оның орынбасары, бригадир - аспаз және диетдәрігер жүргізеді. Келесідей өнімдерді қабылдауға болмайды: сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін жолдама құжаттары жоқ шикізаттар мен тағамдық азықтарды; малдәрігерлік куәлігі жоқ ет, балық, құс еті, сорпалық жинақ, ішек-қарын және таңбасы жоқ ет; тікелей немесе жанама бұзылғандық белгілері бар азық-түліктер және шикізаттар; сальмонеллез жөнінде ойдағыдай емес шаруашылықтан әкелген жұмыртқаларды, үйректің және қаздың жұмыртқасын; үйде дайындалған тағамдық өнімдерді; жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді.
Қабылдап алған азықтарды қойма бөлмелерінде сақтайды. Қойма бөлмелеріне әр түрлі алаңқайлар, етті, балықты, сүт өнімдерін, көкөністерді, жемістерді, көк өсімдікті жеке-жеке сақтайтын тоңазытқыш камералар, нанды және құрғақ азық-түліктерді сақтауға арналған суытылмайтын қоймалық бөлмелер жатады. Қойма бөлмелерінің терезелерін, әдетте, солтүстікке қаратып орналастырады және ылғалдылығы мен температурасы жоғары бөлмелерден (ыстық және кондитерлік цехтар, ыдыс жуатын бөлме, дәретхана және сол сияқтылар) қашық орналастырады.
Ас блогында азықтарды ұзақ сақтауға рұқсат етілмейді. Тез бұзылатын азықтардың (ет, балық, сыр және басқалар) қорын 3 күннен аспайтын етеді. Сүтті күн сайын әкеледі. Сары майдың қоры 10 күннен артық сақталмауы тиіс. Тез бұзылатын азық-түліктер тоңазытқыш камераларда сақталады. Шикі және дайын тағамдық өнімдер жеке тоңазытқыш камераларда сақталуы тиіс. Көпшілік азықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш камералардағы температура +2+8С аралығында болуы керек. Кішілеу қоғамдық тамақтандыру нысандарында (орын саны 50-ден аспайтын) шикі және дайын тағамдар жеке-жеке сақталатын жағдайда бір тоңазытқыш камера болуына рұқсат етіледі. Мұндай камералардағы температура +2С, яғни балық, балық өнімдері, жұмыртқа, сыр-сүзбе өнімдері іспеттес өте тез бұзылатын азықтарды сақтауға арналған температура диапозонының жоғары межесінен аспауы керек (8.15. кесте).
Ет, егер, тоңазыған ұша түрінде әкелінсе, ілмекке іліп қойып сақтайды, мұздатылғаны (мұз болып қатқаны) сөреде сақталады. Басқа азықтарды жеткізіп берушінің ыдысында сақтайды немесе таңбаланған таза ыдысқа ауыстырып салады. Нанды күн сайын әкеледі де, желдетуге арналған тесіктері бар шкафтың сөресінде немесе үлкен жәшікте сақтайды. Сөрелерді, нанда «картоп ауруы» дамуының алдын алу үшін, аптасына кем дегенде бір рет 1% сірке қышқылы ертіндісімен сүртіп тұрады. Бидай нанын ашып кетпеуі үшін, қара бидай нанынан бөлек сақтайды. Сары май және сырлар бөгде иісті өзіне тез сіңіреді, сондықтан оларды өткір иісті азықтардан бөлек зауыттың ыдысында немесе суырмада пергамент қағазына орап сақтайды.
Құрғақ азық-түліктерді сөрелерде сақтайды, бұл кезде азықтың ластануының және ылғалдануының алдын алу үшін еденнен қашықтығы (биіктігі) 15 см кем болмауы тиіс. Картопты және басқа да тамыр жемістерді құрғақ, қараңғы бөлмеде, орам жапырақты - жеке сөрелерде немесе жәшіктерде, ашытылған немесе тұздалған көкөністерді - бөшкелерде температурасы 10С жоғары емес жағдайда, жемістер мен көк өсімдіктерді - температурасы 12С жоғары емес салқын жерде жәшіктерде сақтайды. Мұздатылған (мұз болып қатырылған) көкөністерді, жемістерді, жидектерді жеткізіп берушілердің ыдысында температурасы төмен мұздатқыш камераларда сақтайды. Жаңа өнімнен жиналған және бұрынғы өнімнен жиналған көкөністер бөлек сақталуы керек.
Ас блогының өндірістік бөлмелерінде шикізаттарды өңдеу және тағам дайындау жүргізіледі. Бұл бөлмелердің құрамына кіретіндері: етке, балыққа, көкөністерге арналған, әрқайсысына жеке, дайындау бөлмелері; дайын тағамдарды даярлауға арналған цехтар; жоғары температурада өңдеуге жатпайтын тағамды даярлауға арналған суық цехтар (салаттар, бутербродтарды, т.б.); жоғары температурада өңдеу арқылы тағам дайындауға арналған асхана (ыстық цех); кондитерлік цех; нан кесетін орын; дайын тағамдарды үлестіретін жері; асхана ыдыстарын, ас үй ыдыстарын жуатын бөлме.
Өнім аз шығаратын қоғамдық тамақтандыру нысандарында технологиялық үрдістерді, жеке жұмыс аймақтарына бөлінген бір бөлменің ішінде жүргізуге рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   297




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет