Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


VI ғасырдың соңы - VII ғасырдың басында



бет6/104
Дата27.10.2022
өлшемі239,31 Kb.
#155222
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
ЖАҢА Қазақстан тарихы 7 (6) Алматы Атамұра 2017 жыл А
сессия Шадияр, 29-30 сабақ 9 сынып Үшбұрыштарды шешу, 3-дәріс, f634fae3800b990, Лаб. АХ1, 3 Физика 8. Жылу құбылыстары. Отын энергиясы. Таратпа материал, Пульмонология (нумерованный без букв), Аттестация 6 курс 2019-2020
VI ғасырдың соңы - VII ғасырдың басында Қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің өз ішінде қырқыстың басталуымен және даладағы сұрапыл жүтпен тұспа-тұс келді. Мұның бәрі қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркілердің қарсылығын әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бөлінді. Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.



Әкімшілік және әлеуметтік құрылымы. Түрік қағанаты Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсыға (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Осындай орасан зор аумақты бағындырып қана қоймай, оған иелік ету қажет еді.
Қағандар тек қолбасшы ғана емес, аса көрнекті билеушілер болды. Түрік қағанатында егіншілік пен қолөнер дамыды, түрлі діндер бір-бірімен үйлесім тапты. Қытайдан Византияға апарылатын жібектің бір бөлігі қалаларда қалдырылды. Түркілер мемлекетте тәртіп орнатты. Жаулап алынған халықтардың дербестігі сақталды, олар қағандарға алым-салық төлеп отырды.
Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді. Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты - ябғу, шад т.б. құрылды.
Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды. Мұның өзі кәмелетке жетпеген ханзаданы таққа отырғызудан сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Билік үнемі тәжірибелі адамдардың қолында болды. Ұлы қаған ордасы түркілердің байырғы қонысы - Алтайда орналасты.



Түрік мемлекетінде қарапайым халық бұдун (мемлекеттің қатардағы құрамы) аталды. Үстем тап, яғни «бектер» ақсүйектер билік тобын құрады.

Қаған ашина руынан шыққан түркі еліндегі ақсүйек қауымының ең таңдаулы өкілі саналды. Зерттеушілер «ашина» терминін әрқилы саралайды, біреулері бұл сөзді «текті қасқыр», ал басқалары «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.


Түркілердің шыққан тегі бір болғандықтан, олардың жерге және соғыстан түскен олжаға құқықтары бірдей еді. Қауым ішіндегі бірлік таптық қарама-қайшылықтарды болдырмады. Ғалымдар түркілер тарихын зерттей келе, қатардағы бұдундардың қаған билігіне қарсы көтерілген бірде-бір оқиғасын кездестіре алмаған.
Түркі қоғамының бірлігі берік еді. Соғыста ерлік көрсеткендерге қатардағы жауынгер немесе ақсүйек тобынан болсын «ер» (жауынгер) атағы берілді. Бектің ерлерден тұратын тұрақты жасағы құрылды. Тіпті ең кедей ердің өзі бектің алдында еркіндігін сақтап қалды. Түркі тайпалары өз мемлекетінің шегарасында бірігіп, жаңа түркі халықтарының қалыптасу ошағына айналды.



Жаулап алғанға дейін бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қала тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүрді.




Елді қорғаушы – ер. Қазақтар: «Ер намысы – ел намысы» дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет