Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет7/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
6. Бедердің жасы

Геоморфологиялы зерттеудегі негізгі мақсат – жер бедерінің морфография, морфометрия және генезисін белгілеумен қатар, оның жасын анықтау. Ал геологияда таужыныстарының жасы жалпы геологиялық қарталардың негізгі мазмұны болып саналады.


Таужыныстарының геологиялық жасы стратиграфиялық және палеонтологиялық әдістермен анықталады. Соңғы кездері таужыныстарының геологиялық жасы натылы (абсолюттік) геохронология тәсілдерімен де толықтырылуда. Геоморфологияда бедер пішіндерінің жасын белгілеу күрделі мәселе, өйткеңі геологиялы әдістер тек бедердің аккумуляциялық пішіндерінің жасын анытауы мүмкін, ал денудацияланған бедер пішіндерінің жасын белгілеу қиынға түседі. Сондытан геоморфологияда геология ғылымына ұқсас бедердің "салыстырмалы" және "нақтылы жасы" туралы ұғымдар қолданылды (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Бедердің салыстырмалы жасы. Геоморфология ғылымында бедердің салыстырмалы жасы туралы бірнеше түсініктер бар.
1. Кез келген аума бедерінің дамуы. В.Дэвистің айтуынша, бір кезеңнен екінші кезеңге өту процесі, яғни сатылы процесс болып табылады. Сондықтан бедердің салыстырмалы жасын белгілеу деген ұғымды сол бедер пішіндер дамуының кезеңін аныктау деп түсінуге болады. Мысал ретінде, өзен аңғарларының дамуын қарастыруға болады. Алғашқы көзенде өзеннің шамалы мөлшерлі, аздап қана ойдымдалған, тілімделу яғни эрозиялық процесіне аса ұшырамаған аңғары болады. Кейіннен арна өзінің даму барысында астында жатан түпкі таужыныстарын тілімделу нәтижесінде тереңдей түседі, бірақ оның бойлық бейіні тегіс болмай, ойлы-қырлы жерлері көптеп кездеседі. Бұл өзен аңғарының жастык кезеңі (стадия юности речной долины). Арнаның одан әрі тілімделуі өзеннің ұзынбойлық тепе-теңдік кескінінің қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан аңғардың тереңделу процесі оның жағалауларын шаю арқылы, кеңею процесіне ауысып, өзен жайылмалары мен терассалар қалыптаса бастайды. Нәтижесінде өзен аңғары өзінің қалыптасқан жетілу кезеңіне көшеді (стадия зрелости речной долины). Одан кейін өзеннің бүйірлік эрозия әрекетінен жайылмалар кеңейе береді. Қалыптасқан кең жайылмалардың үстінде өзен иіріліп ағып, ағыны бірте-бірте баяулап, арнасы одан әрі иірімделе түседі. Ақырында өзен өзінің дамуының соңғы кезеңіне, яғни шөгу кезеңіне тап келеді (стадия старости речной долины).
Сөйтіп, бедердің салыстырмалы жасын білу деген түсінік -бұл оның өзіне тән морфологиялық және динамикалық белгілеріне қарай даму кезеңін анытау.
2."Бедердің салыстырмалы жасы" деген түсінік жер-бедері -пішіндерінің өзара қарым-қатынасын зерттеуде қолданылады. Жалпы айтанда, кез келген бедердің пішіні, оның бетін күрделендіретін және кейінгі кезде қалыптасқан пішіндер көнелеу болып келеді. Мысалы, Каспий маңы ойпатында төрттік кезеңнің соңғы (хвалынды) кезінде қалыптасқан теңізді жазықты кең ауымды алып жатыр. Бұл жазықтық Хвалын теңізі шегінгеннен кейін, алдымен теп-тегіс болған беті, кейін эрозиялық тілімделуге ұшырады, ал кейбір өлкелерінде эолдық процестердің әсерінен қайталап ұйытқылуынан түрлі құмды пішіндер алыптасқан. Сөйтіп, бедердің осы эрозиялық және эолдық түрлері алғашқы Хвалындық теңіз жазығымен салыстырғанда жас болады.
3. Егер әңгіме бедердің аккумулятиялық пішіндері туралы болса, онда осы пішінді құрайтын шөгінділердің жасы кәдімгі геологиялы тәсілдер арылы анықталады. Мысалы, орта төрттік көзендегі шөгінділерден құралған өзен террасаның жасы орта төрттік кезеңіне жатады. Ал, бедердің өңделген, яғни денудацияланған пішіндерінің жасын анықтау қиынға түседі. Бұл жағдайда К.К.Марков төменгі әдістерді ұсынады.
1) Сәйкестендірілген шөгінділер арылы бедер пішіндерінің жасын анықтау (определение возраста бедера по коррелятным отложениям). Кореляттік шөгінділер дегеніміз - қатар жасты шөгінділер деген ұғым. Кореляттік тәсіл - шөгінділердің және бедер пішіндерінің көнелігі бір мезгілде пайда болғандығына негізделген. Мысалы, жыра қалыптасу кезінде оның сағасында жыраның тілімделуінен борпылдақ таужыныстардан жиналған ысырынды конус пайда болады. Осы ысырынды конусты құраған түзілімдердің жасын геологиялық тұрғыдан анықтау, жыраның жасын анықтаудың кілті болып табылады. (5-сурет).
5-сурет. Корреляттік шөгінділер арқылы бедер пішіндерінің жасын анықтау. Ысырынды конустарды құраған шөгінділер және тілімделген жыралар бір мезгілде пайда болған.
2) Жастық шектелу әдістер арқылы бедер пішіндерінің жасын анықтау (определение возраста рельефа методом возрастных рубежей). Оның мағынасы осы өңделген бедер пішіннің төменгі және жоғары шектерін белгілейтін шөгінділердің жасын анықтау. Мысал ретінде төменгі суретті қарастырайық (6-сурет).
6-сурет. Өңделген бедер пішіндерін (өзен аңғарының) жастық шектелу әдісімен анықтау: 1) неоген кезеңіндегі теңіз шөгінділері; 2) ежелгі төрттік кезеңдегі мұздық шөгінділер; 3) қазіргі аллювиалдық шөгінділер (О.К.Леонтьев, Г.Н.Рычагов,1988).
Өзен аңғары неоген кезеңіндегі теңіз шөгінділерінің үстіне түзілген. Аңғардың түбінде қазіргі заманғы аллювий түзілімдерінің астында ежелгі төрттік кезеңнің мұздық шөгінділері қалыптасқан. Олай болса, біз қарастырып отырған аңғар неоген және ежелгі төрттік кезеңнің аралығында қалыптасқан, демек ол неогендік теңіз шөгінділерін тілімдеген, яғни одан жас және де түбінде қазіргі аллювийдің астында ежелгі төрттік кезеңдегі мұздық шөгінділері жатыр, сөйтіп, өзен аңғары одан көнелеу болады.
3) Денудациялық бедердің «бекітілген» мезгілін анықтау (определение времени "фиксации" денудационного бедера). Кейбір жағдайда денудациялық процесіне ұшыраған жазықтардың үстінде үгілу қабығы дамиды. Палеонтологиялық, палеоботаникалық және басқа әдістермен анықталған үгілу қабығының жасы сол денудацияға ұшыраған жазықтың жасы туралы сұраа да жауап береді.
4) Фация ауысу әдісі (метод фацальных переходов). Бұл әдіс палеонтологиялық қалдықтар кездеспейтін шөгінділерден құралған аккумуляциялық пішіндердің жасын анықтау барысында қолданылады. Қарастырған шөгінділерді палеонтологиялық қалдықтары бар фация ауысқан шөгінділеріне дейін кеңістікте бақылау барысында осы екі шөгінділердің жасы бірдей екеңдігін анықтайды, олай болса олардан құрылған пішіндер де бір мезгілде пайда болғанын көрсетеді. Мәселен, өзен террасаларының жасын оларды құрайтын тылсым аллювийлік шөгінділердің көнелігі палеонтологиялы әдіспен аныталған теңіздік - жағалаулық шөгінділерге ауысуын қадағалау нәтижесінде анықтауға болады. Сол сияқты денудациялык пішіндердің жасын, мысалы, абразиялық теңіздік террасаларды олардың аккумуляциялық шөгінділермен ауысу өңіріне шейін қадағалау арқылы анықталуы мүмкін.
Бедердің нақты жасы. Соңғы он шақты жылдарда радиоизотоптық зерттеу әдістерінің дамуы нәтижесінде шөгінділердің және бедер пішіндерінің жасын астрономиялық бірлік есебімен, яғни нақтылы жылдар санымен анықтауға қолданылып жүр. Бұл үшін радиоактивтік элементтердің жартылай ыдырау мерзімін (Т 1/2) білу керек. Ал радиоактивтік элементтердің жартылай ыдырау мерзімі дегеніміз - бұл кез келген радиоактивтік элементке тиесілі барша атомдардың тең жартысы ыдырауға кететін уақыт мөлшері.Ыдырау мезгілі радиоактивтік ядролардың ішкі асиеттерімен анықталады, ол қоршаған орта көрсеткіштеріне (температура, қысым, заттың физикалы және химиялы жағдайы т.с.с) тәуелді емес. Сондықтан бұл айтарлықтай сенімді тәсіл. Қазіргі кезде таужыныстарының нақтылы жасын анытау үшін радиокөміртектік (радиоуглеродный), калий-аргондық, фторлық, термолюминис-центтік және т.б. әдістер кең қолданылып жүр. Осылардың әрқайсысының қолдану шегі бар. Мысалы радиокөміртектік (C14) изотоптың жартылай ыдырау мерзімі 5570 жыл. Ежелгі шөгінділердің және бедер пішіндерінің нақтылы жасын палеомагниттік әдіс арқылы анықтауға болады.
Сайып келгенде, бедердің морфологиялық және морфометриялық сипаттамасын, оның генезисін, жасын және даму тарихын анықтау геоморфология зерттеулерінің негізгі мақсаты (ОЛеонтьев, Г.Рычагов, 1988).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет