Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолданылуы



бет9/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
8. Геоморфологияның халық шаруашылығындағы қолданылуы

Геоморфология халық шаруашылығында бірнеше бағыттарда қолданылады:


- геологиялық - іздестіру жұмыстарында геоморфологиялық зерттеу бедердің өзгешелігіне жан-жаты талдау беріп, табиғи процестердің генезисін және дамуын анықтап, кейбір пайдалы қазбалардың кең орындарын тура немесе жанама түрде көрсетіп береді және іздестіру жұмыстарының бағытын анықтайды;
- бедер пішіндері мен таужыныстары өзара тығыз байланысты. Таужыныстары өздерінің тасымалданып араласуында жаңа бедер пішіндерін құрады. Сонымен атар, бедер әр түрлі факторлар әсерінен өзгеріп, таужыныстарының араласуына және өзгеруіне өз әсерін тигізеді. Бұл түсінік, яғни жердің минералдық массасының жер беті пішіндерімен байланыстылығы, кең көздерін іздестірудің негізгі бір белгісі болып табылады;
- сыртқы күштер, яғни су, мұз, жел және т.б. тектоникалық күштер арқылы пайда болған жер бедер пішіндерін бұзып, таужыныстарын тасымалдап, оларды төмен, ойыс жерлерге әкеліп шоғырлайды. Сонымен, борпылдақ шөгінділерден құралған бедердің жаңа пішіндері қалыптасады. Пайдалы қазбалардың қалыптасуы және сақталуы осыбедер пішіндерімен және климат жағдайларымен тікелей байланысты;
- шашыранды кең орындарының іздестіру (поиски россыпей) - геоморфологияның іс жүзінде қолданылатын негізгі салаларының бірі, сондытан сирек кездесетін металдар мен бағалы тастарды іздестіру барысында геоморфологияның маңызы өте зор.
- соңғы кездері мұнай мен газ іздестіру жолында геоморфологиялық әдістер, наты айтанда құрылымдық -геоморфология әдістері жиі қолданылып жүр;
- гидротехникалық құрылыстарды, гидроэлектростанцияларды, каналдарды, су қоймаларын, көпірлерді, суландыру жүйелерін салу барысында геоморфологиялы зерттеу жұмыстары да жиі қолданылады. Бұл жерлердегі негізгі зерттеу объектісі – ежелгі және қазіргі өзен аңғарлары, бедер пішіндерінің морфометриясы мен морфографиясы, қиратқыш процестер, карстық ұбылыстар;
- жолдарға тас төсеу және темір жолдар салуда геоморфологияның атқаратын қызметі өте зор. Әсіресе таулы жерлерде, тайгада және шөлді жерлерде геоморфологияның зерттеу әдістері кең қолданылады;
-қала және ауылды елді мекең салу барысында бедерді толығымен ұыпты зерттеудің маңызы зор. Мұнда қарталарды жасау кезінде барлық иратқыш құбылыстарды енгізуді және инженерлік - геоморфологиялы зерттеулерді жүргізуді қажет етеді;
- эрозия, қар көшкіні, жылжыма, Жылжыма, опырылма, сел ұбылыстарын зерттеу және оларға қарсы күрес жүргізу әдістерін олдану.
Сайып келгенде, табиғи ресурстарды игеруде геоморфология халы шаруашылығының барлық салаларында олданылатын және үлкең маңызы бар ғылым екеңдігін айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет