Оқушыға мінездеме



Дата10.06.2023
өлшемі92,5 Kb.
#178585
Байланысты:
www.zharar.com-okushy
ВОП 6 курс .kk.ru

www.ZHARAR.com

Оқушыға мінездеме Венера, осы мектепте 1 – сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық, жүрегі кең – пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс – шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Венера әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата – анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Сынып жетекшісі: Д. С. Кусаинова Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім беретін мектебінің ** «ғ» сынып оқушысы
Оқушыға мінездеме
Тегі Аты Әкесінің аты **** жылдың ** айында дүниеге келді. Аты осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. [aты] сынып старостасы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. [aты] толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, [aты] сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі [aты] көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет