"Оқушылар сарайы" мкқК, "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі педагог-модератор Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы



Дата24.09.2023
өлшемі7,08 Mb.
#182235
Байланысты:
Мақала 2023 Қырықбаев Н М


“Оқушылар сарайы” МКҚК, “Робототехника” үйірмесінің жетекшісі педагог-модератор Қырықбаев Нұрбол Мұсаұлы
Білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттілігін ескере отыра, оқушылардың логикалық ойлау, талдау жасай білуге, өздерінің жобаларын жасауды үйретуүшін 8-16 жастағы білім алушыларға жүзеге асырылатынбағдарлама. Жалпы сынып оқушыларын 3 негізгі бағыт бойынша яғни бағдарламалау, 3д үлгілеу, ақылды роботтарды құрастыру оқытылады.
Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, шәкірттердің дарынын ұштап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.
Қазіргі дамыған заманда адамзат баласы бір орында тоқтап қалмауы керек, әрқашан соңғы жаңалықтан хабардар болып, жаға технологияларды меңгеру керек. Әсіресе, музыка саласында – нота, архитектурада – сызу, дәрігелрелердің өз жазу тәсілі тағы басқа салалар секілді IT – технология саласының бірден бір тілі ол – бағдарламау тілдері.


Біздің жетістіктеріміз:
"Менің Отаныма-менің бастамам" республикалық шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезіңіне Оқушылар сарайының 5 жұмысы қатысып, 2 жұмыс үздік аталып, облыстық кезеңіне жолданды. Облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша:
«Менің ашық университеттерім» номинациясы:
І орын – Мағал Зейін, «IT-технология» үйірмесі, /жетекшілері: М.Н.Қырықбаев

2022 жылдың 27 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен ақпараттық технологиялар колледжі базасында «Junior Skills-2022» чемпионаты болып өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша «Робототехника» құзіреттілігі бойынша «IT-технология» үйірмесінің оқушылары І орын - Джаксыгалиев Артур, ІІ орын - Габдуллин Райымбек , ІІІ орын - Курмангалиев Алиислам жүлделі орындарға ие болды.

2022 жылдың 30 сәуір күні Халықаралық Робототехника олимпиадасының аймақтық кезеңі Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті. Дәстүрлі олимпиада Халықаралық робототехника олимпиадасының ережесіне сай бірнеше категория бойынша ұйымдастырылды. Олимпиада нәтижесі бойынша бірінші орын алған оқушылар республикалық олимпиадаға жолдама алды. Аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша:


«Future Engineers» категориясы:
І орын – Артур Джаксыгалиев, Зейін Мағал, «IT-технология» үйірмесінің оқушылары.
«RoboMission» категориясы:
Сертификат – Хайдарова Арайлым, Аманжан Темірлан «IT-технология» үйірмесінің оқушылары марапатталды.

14 мая 2022 года на базе «Республиканского высшего технического колледжа» прошел отборочный этап республиканского чемпионата “KazRoboSport – 2022”. В чемпионате принимали команды области и города. По категориям БИАТЛОН (10-14 лет) 3 МЕСТО - Габдуллин Райымбек, Аманжан Темірлан БИАТЛОН (15-18 лет) 2 МЕСТО – Мағал Зейін, Джаксыгалиев Артур



2022 жылдың 06 қазан күні "Оқушылар cарайы" МКҚК "Робототехника" үйірмесі жетекшісі Қырықбаев Нұрбол және оқушысы Курмангалиев Алиислам "Ақжайық" телеканалына Робототехника туралы сұхбат беріп, жұмыстарын көрсетті

2022 жылдың 04-05 қарашасында Қарағанды қаласында «ROBOLAND 2022» VII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде “Roboland Friendship” категориясы бойынша жүлделі І орын иеленді.




"Оқушылар сарайы", "Робототехника" үйірмесінің оқушылары "AQJAIYQ" арнасының "Күншуақ" бағдарламасында қонақ болып, “Roboland-2022” халықаралық фестивалі туралы сұхбат беріп қайттық.

2022 жылдың 21-22 желтоқсаныңда Алматы қаласы әкімінің кубогы үшін "AlmatyTech CUP-2022" атты Республикалық робототехника және инновациялық технологиялар бойынша чемпионатында “Line” категориясы бойынша 184 команданың ішінен жүлделі ІІІ орын иеленді.

ҮЗДІК НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ!


Оқушылар сарайының балалар жылын қорытындылау мақсатында "Бір жүректе - мың тілек" атты гала-концерті жоғарғы деңгейде аталып өтілді.
Жыл қорытындысы бойынша "Робототехника" үйірмесінің оқушылары
"Жыл жаңалығы" номинациясының иегері атанды.

Атап өтетін Курмангалиев Алиислам және Джаксыгалиев Артур “Оқушылар сарайы” МКҚК, "IT-технология", "Робототехника" үйірмелеріне 5 жылдан бері қатысып келе жатыр. Үйірме қатысу барысында оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде көптеген жетістіктерге жетті. Оқушылар бұл үйірмеде лего конструкторларынан әртүрлі роботтар құрастырып, бағдарламалауды үйренуде.

Қазіргі таңда үйірме оқушылары 28 қаңтар күні болатын Халықаралық First Lego League жарысының Аймақтық іріктеу кезеңіне дайындалу үстінде. Аймақтық іріктеу кезеңіне Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан көптеген командалар келіп өз бақтарын сынайды. Бұл байқауға біздің оқушылар “HighTech” командасы деп құрылып, болып қатысып жатыр. Команда мүшелері Курмангалиев Алиислам, Джаксыгалиев Артур, Габдуллин Райымбек, Ғубайдулла Бексултан, Темирзахов Адильжан, Есенгалиев Арсен. Байқаудың басты тақырыбы Энергия, яғни оқушылар энергия алудың көздерін зерттеп, ғылыми жоба қорғайды. Бұдан бөлек роботтар жарысына, әлеуметтік желіде түрлі тапсырмалар орындап, командалық жұмыс жасау арқылы өздерінің қабілеттерін дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет