Оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс-әрекеті тәрбие әдісінің бір түрі



бет2/2
Дата31.10.2022
өлшемі26,93 Kb.
#155893
1   2
Байланысты:
ерекш
посещаемость, 1411368911250, 1607108537, М алімдер мен о ушылар арасында ы педагогикалы арым – атынас, ерекше білім беру №5, касиби, 1-нұсқа
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:
-Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
-Танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
-Танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
-Танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
-Жаңаны білуге ұмтылысы;
-Мектепте және басқаларға деген жағымды қатынас
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң,эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
А.С. Макаренконың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағы міндеттер тұрады. А.С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипатттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мыналар:
- ұжым алдындағы айқын мақсат;
- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы керек;
- өз арасында міндеттер белгілеу;
- қатаң тәртіптің болуы;
- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым қатынастың болуы.
·Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
·Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
·Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандвратын әдістер.
·Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселені сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып қорытындылайды.
·Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып,ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
·Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі.
·Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі етекенге оқушы өзінің жан-дүниесіне үңіле бастайды.
· Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: «Ақымақ-жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді».
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. С. Қалиев.Этнопедагогика. «Фолиант» баспасы. Астана-2007
2. Н.Назарбаев. Ел Президентінің Қазақсатан халқына Жолдауы. Алматы «Жеті Жарғы» баспасы 2005
3. Ж.Дәуренбеков. Беташар. Алматы «Өнер» баспасы 1991

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет