Оқушылардың шығармашылық білім дағдысын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәсілдер



бет5/5
Дата22.08.2020
өлшемі1,41 Mb.
#76424
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1553838571

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Атырау қаласы Жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ізімова С.Қ.

Сынып: 8 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті.

Сүйінбай Аронұлы. «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»



Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның айтыс өнері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.ТБ1.4.Күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.


Сабақтың мақсаттары

Күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

Бағалау критерийлері

Сызба бойынша ереже құрастырады; күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; өз ойын креативті жеткізеді.

Дифференциация

Барлық оқушылар:сызба бойынша ереже құрастырады;

Оқушылардың көбі: күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады;

Кейбір оқушылар: әңгімелеуде өз ойын креативті жеткізеді.

Құндылықтар

Айтыс өнері, ақындар, өнер қауымы, ұжымдық жұмыс, сыйласымдық, көмекке ұмтылу

Тілдік мақсаттар

Айтыскер ақындар, шешендік өнер, күшейткіш үстеу, мүлдем, өте, тым, т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Айтыс өнері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут




Қызығушылықты ояту

«Кластер »

1.«Айтыс» тақырыбына оқушылар білетіндерін айтып,тақтаға кластер құрайды


Біржан сал

Ауыз әдебиеті


Табан астында

сөз тауып айту Айтыс Ауыз әдебиеті



Ақын
Сабақтың тақырыбы анықталады, мақсаты таныстырылады, бағалау критерийлері анықталады. Сынып 3 топқа бөлінеді.



Слайд
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%AE%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%83

Күшейткіш үстеу


Сабақтың ортасы
5 минут

10 минут

7 минут

7 минут



Мағынаны тану

Күшейткіш үстеудің жасалу жолын жұбыңмен талқыла (Оқушыларға ережені үлестіріп беру керек).

Күшейткіш үстеу
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор т. б. 
 Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйлейді т. б. Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

«Сұхбат» әдісі

«Қазақстанның айтыскер ақындарымен кездесу»

(Үш топ өздеріне бөліп берілген ақындармен сұхбат құрады.

Ақындар:

Айбек Қалиев (1-топ), Жандарбек Бүлғаков (2-топ), Айнұр Тұрсынбаева (3-топ).
Жазылым (жеке)

Көп нүктенің орнына күшейткіш үстеулерді қойып жаз.



1.Сырмақ тігу ... күрделі, ол құрастырушы шебердің талғамы мен ой-өрісіне байланысты.

2.Қазақ – ... қонақжай халық.

3.Ерлан ... батыр екен.

4.Камзол-барқыт, пүліш, мақпал сияқты ... сапалы

кездемелерден тігіледі.

5.Ана-дүниедегі ... қымбат жан.

Дескриптор:

Сызба бойынша ереже құрастырады; күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады; өз ойын креативті жеткізеді.



Ой бекіту

Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыр.




Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылар, мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.



Сабақтың соңы
6 минут


Рефлексия «Ұшқыр ой»



Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Айтыскер ақындар туралы ақпарат оқу, әңгімелеу.

Слайд


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Осындай сабағымды түрлендіре өткізгеннің нәтижесінде, мен төмендегідей 3 жылдық білім сапасын анықтадым:





Оқу жылы

I жыл

2016-2017ж



II жыл

2017-2018 ж



ІІІ жыл

2018-2019 ж

ІІ тоқсан


Cынып

6

7

8

Оқушылар саны

21

21

23

Білім сапасы%

60%

65%

66%


Жетістігім:



  1. Оқушылардың сабаққа деген ынталары артып, қызығушылығы оянады. Өз бетімен ізденуге үйренеді,топта,жұппен тапсырма орындау арқылы еркін сөйлеуге үйренеді.




  1. Жеке тұлға ретінді ортамен еркін араласуына жол ашылады.




  1. Оқушылардың танымдық белсенділігі артады, ізденімпаздық қабілеті пайда болады.




  1. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге өз білімдерімен үлес қосып, тіл мәдениетін сақтай білуге үйренеді.




  1. Жүйелі сөз, ұтымды ой айта білуге дағдыланып, өзіндік көзқарасы мен тұжырымы бар оқушы болуға қалыптасады.



  1. Оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашылады




  1. Логикалық ой-өрісі жоғарылайды.




  1. Сабақтың құрылысын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Қорыта келе, қазақ тілінің даму қарқынының алға басуы үшін көркем де, кестелі, сырлы да, сазды сөйлей білу қажет екендігі белгілі. Адам баласының қиялын қанаттандырып, оны адамгершілік, парасаттылық қасиеттерге тәрбиелейтін сөз өнері екендігі даусыз.

Бүгінгі таңда тіл заңының орындалуы өткізіліп жатқан сан алуан әдістер арқылы оқушы санасына жеткізіліп, әркім өзінше нәтиже алуда.Келешектегі халқымның игілігі үшін қызмет ететін білікті саясаткер де, ел билеуші де, сондай ақ әр алуан мамандық иелері де ауыл топырағынан өрбіген қарапайым ізгілік иесі екендігі сөзсіз.

Олай болса, өз елімді әлем елдерімен терезесі теңескен, мәдениеті мен әдебиеті қатар өрістеген, ішкі сыртқы саясаты берік орныққан, елдік пен теңдікті қатар иеленген, мемлекеттік тіл мәртебесі биіктеген елдер қатарына жеткізу үшін өз үлесімді қоссам деймін.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасындағы Тіл Туралы Заңы



  1. жылы 11 шілде №151

2.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы 2001 жыл 7 ақпан №550

3.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы

4.«Жаңа әлемдегі, жаңа Қазақстан» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына жолдауы 2007 жыл 28 ақпан


5.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

6.Жәния Нұржан .Қазақ тілін оқыту технологиясы


7.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы

№5 2008 жыл

6.Қазақ тілі мен әдебиеті журналы

№3 2003 жыл

7. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы



№5 2011 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет