Өз білімін жетілдіру жоспары бойынша негізделуі



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі21,93 Kb.
#130881
1   2
Байланысты:
docx1602826437
Технологиялық карта.тризdocx, Технологиялық карта.тризdocx, зайцев технологиясы ҰОҚ, Миға шабуыл, тіл дамыту 1 тапсырма шарифова
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.

Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.

4

Баланы қырқынан шығару дәстүрі.

1.09.2015 бастап
30.05.2016

Нәресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырықнан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37-39 күн, қыз баланы 40-42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.

Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.

5

Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрі.



1.09.2015 бастап
30.05.2016

Нәрестені тіл – көзден сақтау үшін нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ, күміс тиындарды іліп қойған.
Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің беті қайтады. Баланы тіл – көзден сақтайды деген сенім болған. Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін. Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе жаман – жәутік, ескі – құсқы кигізіп, бет аузына әдейі күйе жағып қояды.



Жас сәбиді көз тиюден емдеуді – «үшкіру», «түкіру» деп атайды. Көптеген халықтар бірқатар магиялық және діни әдет-ғұрыптарды орындағанында түкі-ру, үшкіруді кеңінен қолданады. Бақсылар ғана емес, ел ішіндегі тәуіптер де ауырған адамды сумен үшкіріп, оған, оның жан-жағына түкіру шарасын жасағаны белгілі. Олар осылай істесе, ауру адамның бойын жайлаған жын-шайтанды қашырып, дертінен аластауға болады деп ойлаған, оған халық та сенген. 

6

Тілашар тойы.



1.09.2015 бастап
30.05.2016

Ертеде алалы жылқы, ақтылы қой айдаған ірі байлар балаларын Бұхара, Самарқанд, Қазан, Түркістан, Орынбор секілді қалаларға үлкен медреселерден білім алуға жіберген. Ауқатты адамдардың көбі ауылында бала оқытатын қожа молдаларды ұстаған. Баласын алысқа жіберуге шамасы келмейтін қоңыртөбел шаруасы барлар мен саптыаяқтық айраны бар кедейдің өзі баласын ауыл арасындағы молдаларға апарған екен. «Тілашар» дәстүрі сол кезде жасалған.

Оқуға баратын баланы жуындырып, тырнақ-шашын алып, әркім жағдайына қарай балаға жаңа киім кигізіп, қолдағы барымен дастарқан жасап, үлкендерден бата алған.
Таудай болсын талабың,
Ашылсын тілің, қарағым.
Оқу сіңіп санаңа,
Жарқырай берсін қабағың.
Мақтанышы бола біл.
Ата менен анаңның! 

Өз білімін жетілдіру жоспары бойынша негізделуі.


№26 «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасының әдіскері Қасымова А.І 2016-2017 оқу жылы.





Жоспар бөлімі

Мерзімі

Жұмыс формасы

Практикалық нұсқасы

1

Жалпы салт дәстүрге шолу

1.03.2017 бастап
30.05.2017

Жаңадан келген балаларға арнап салт дәстүр жайлы шолу жасау. Балаларға қазақ халқының салт дәстүрі әдеп ғұрпінің таралу жайлы толық мағлұмат бере білу. Қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және биресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-құлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Балаларға қазақтың салт дәстүрін сурет арқылы көрсетіп, мазмұндай білу. Өз ойларын еркін жеткізіп, өз сөздерімен айта білуін дамыту.

2

Балаға ат қою дәстүрі.



1.03.2017 бастап
30.05.2017

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. 
Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады.

Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.
Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды.

3

Баланы бесікке салу дәстүрі.

1.03.2017 бастап
30.05.2017

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.

Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет