Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет17/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190
Тұйық буын деп дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен буынды айтады. Мысалы: ат, іс, өрт т.б. Тұйық буынның негізгі өзіндік белгілері мыналар: 1. Тұйық буын екі дыбысты болып келеді. Мысалы: ат, іс, ар, ән, ай, ыс т.б. 2. Тұйық буын үш дыбысты болып келеді. Мысалы: ұлт, ант, өрт, т.б.
Сондай-ақ тұйық буын өз алдына сөз болып және бірнеше буынды сөздің басында кездесіп отырады. Мысалы: ұс-таз, ар-ман, т.б.
Бітеу буын деп ортасы дауысты болып, екі шеті дауыссыз болатын буынды айтамыз. Мысалы: тас, жол, тіс, көл, мол, көз т.б. Бітеу буынның негізгі өзіндік белгілері төмендегілер: 1.Бітеу буын үш дыбысты болып келеді. Мысалы: тіс, көл, мол т.б.
2.Бітеу буын төрт дыбысты болып келеді. Мысалы: бұлт, жалт, жұлт, сарт т.б.
Ал төрт дыбысты болып келген бітеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үнді тұрады. Бітеу буын өз алдына сөз болып та, бірнеше буынды сөздің басында да, сонында да кездесе береді. Мысалы: бірліктің, ұлттардың.
Сөйлеу процесінде бір дыбыс екінші дыбыспен, бір буын екінші буынмен, бір сөз екінші сөзбен ұштасып отырады. Сондықтан буындар өзара бірімен-бірі алмасып, кейде бір буынның жігі ажырап, екінші буынның дыбыс саны көбейіп отырады. Сөз ішіндегі бір буын мен екінші буынның бір-біріне жылысуын буын алмасуы дейді. Қазақ тілінде тек қана жалаң ашық буын жинақты келеді де, қандай буынның болса да ықпалына көнбей, оқшау тұра алады. Жалаң ашық буын сөздің дәл басында тұрады да, онан кейінгі буыннын қай-қайсысы болса да онымен жартылай да, түгелдей де алмаса алмайды. Сондай-ақ, жалаң ашық буын тұрақты келуіне орай басқа буындармен кірікпейді де, жылжымайды да. Мысалы: а-ла, і-лім т.б.
Жалаң ашық буын өз алдына жеке сөз ретінде айтылып, одан кейінгі буынның қандайынан болса да пауза арқылы бөлінетіндіктен ешбір өзгеріске көнбей оқшауланып тұрып айтылады. Мысалы: Е, өзің барсайшы, А, айтайық дейсін бе?



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   190




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет