«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған сабақтан тыс шара Оқу орны



бет2/5
Дата16.12.2021
өлшемі24,26 Kb.
#101692
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
0009b304-7d402994
30195 (1), 30195 (1)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин)

-Саламатсыздар ма, студенттер? Көңіл-күйлеріңіз қалай? Қане, бүгінгі сабақтан тыс шарамызды бастамас бұрын «Өзін-өзі тану» сабағының 5Т ережесін еске түсірейік.

-Тәртіп. Тазалық.Талап.Тыныштық.Татулық (хормен айтылады).

Сыртқы интеграция

(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)



Жағымды көңіл күйге бөлену (3мин)

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
«Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері 3 топқа топтастырылған.

1-топ: Тілашар. Себебі, жаңа қадам басқан, жаңа тіл шыққан бүлдіршіндей мамандықтарына енді ғана бейімделіп келеді.

2-топ: Бойтұмар. Себебі, «мамандығым – бойтұмарым» деп кие тұтқан ортаңғы буын студенттері.

3-топ: Алдаспан. Себебі, алдаспан – қылыштың ең ауыры, ең таңдаулысы. Халық батыр, ержүрек, мықты, жүйрігін алдаспанға теңейді. Олар бітіруші курс студенттері болғасын, әдіс-тәсілдерді толық меңгерген, теориялық білімі жоғары студенттер.


Әуен, слайд, топтың аты берілген көрнекілік қағаз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет