Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп: М.Әуезов Мерзiм №


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет4/8
Дата29.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов___ Мерзiм__10.12.2013 ж _ №_14_

Тақырып:__Сөйлесе білу де өнер __

Құндылық:_Дұрыс әрекет __ Қасиеттер:__Жақсы сөз сөйлеу ___

Мұғалiм : Смаилова Г.К._ _ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

  • Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

«Не айтатыныңды ойлап ал» аңызды оқып келу

тасырылған

Сұрақтар:


  • Данышпан әйелге қандай тәлім берді?

  • Сендер әйелдің сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Неліктен біреу туралы ғайбат сөз (өсек) айтуға болмайды?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді»

Халық мақалы


  • Халық мақалын қалай түсінер едіңдер?




5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Тіл туралы халық даналығы

* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

* Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

* Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

* Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

* Сөйлей білмес жаманның,

Сөзі өтпес бір пышақ.

Сөз білетін адамның,

Әр сөзіне бір тұсақ.







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Оқушылардың өз пайымдауларын білу үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады:

Мәтінді оқып, дұрыс сөйлеу ережесін құрастырыңдар.





7.Топпен ән айту. (4 мин)

Қос қарлығаш







8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

15 сабақтағы УӘДЕШІЛ АЛТАЙ оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Тіл туралы халық даналығы

* Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

* Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын.

* Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.

* Сәлемі жараспағанның, сөзі де жараспайды.

* Сөйлей білмеген кісіден үре білген ит артық.

* Сөйлей білмес жаманның,

Сөзі өтпес бір пышақ.

Сөз білетін адамның,

Әр сөзіне бір тұсақ.



Ұлылардан ұлағат

Ой көрігінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны да болады.

Әл-Фараби.

...Әр сөздің айтылуына қарай мың мағынасы бар.

А.П.Чехов.

Тіл – ішкі сырды сыртқа шығаратын құрал.

Ж.Аймауытов.

Ойың дұрыс болса, сөзің дұрыс, олай болса, ісіңнің иесі де дұрыс.

Д.И.Писарев.

* Құнды сөз – құнарлы ойдан туады.

Л.Н.Толстой.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов __ Мерзiм_24.12.2013 ж _ №_15 _

Тақырып :__Сөз іспен көрікті_

Құндылық:_Дұрыс әрекет_ Қасиеттер:_Дұрыс сөйлеу, уәдеде тұру_

Мұғалiм : Смаилова Г.К._ __ Класс_5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • «Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру

  • Оқушылардың өз сөзіне, өз іс әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау

  • Сабақ барысында материалдарды талдай отырып, сөз құдыреті, уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

15 сабақтағы УӘДЕШІЛ АЛТАЙ оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:



  • Алтайдың берген уәдесінде тұра алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • Әлібектің досына ренжуі дұрыс па?

  • Берген уәдеде тұрудың қандай маңызы бар?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен»

А.Йүгінеки


  • Қалай түсінесіңдер?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Ант, серт, уәде

Сұрақтар:


  • Өз сөзіне берік болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Біреуге берген уәдені орындай алмаған кезде қандай сөзімде боласыңдар?

  • «Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Дәптермен жұмысты орындау







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Жас ұлан


Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі





8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

16 сабақтағы «Аманат» аңыз әңгімесін оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»




Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің көрінісі. Ант жаудан өш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды «ант атқан» деп жек көрген. Ант – адалдық сөзі.

Уәдеге берікпін!!!

`` ....Қандай жағдай болмасын, Кім - не сұрамасын, істей алмаймын, орындай алмаймын деген күмән туса, уәде бермеу - Болмысың үшін оң іс.

Уәде бердің бе, ОРЫНДА (во что бы это ни стало) !!! ___ Уәдеге беріктік --- "ұят" , "пиғыл" атты қасиеттеріңнен көрініс таппақ. Уәдеңде тұрмасаң, Айналаңа қалай көрінбексің ?! ___ әрине, жаман жағыңнан.


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов_ _ Мерзiм_25.12.2013 ж _ №_16 _

Тақырып :__Сөз іспен көрікті_

Құндылық:_Дұрыс әрекет_ Қасиеттер:_Дұрыс сөйлеу, уәдеде тұру_

Мұғалiм : Смаилова Г.К._ __ Класс_5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту.

Сабақтың міндеттері:

  • «Сөз іспен көрікті» деген сөздің мағынасын ашу және оның адамның адамгершілік тұрғыда қалыптасуына әсері туралы мағлұмат беру

  • Оқушылардың өз сөзіне, өз іс әрекеттері мен мінез-құлқына баға беріп, өзін-өзі тәрбиелеуіне мүмкіндік жасау

  • Сабақ барысында материалдарды талдай отырып, сөз құдыреті, уәдеге берік болу жөніндегі түсініктерін қалыптастыру




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)



2.Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюыңызға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

(

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

16 сабақтағы «Аманат» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Хан неліктен өз сөзінен бас тартты?

  • Өз сөзінде тұратын адамда қандай қасиеттер болуы керек?

  • Ханның уәдесі мен жалшының уәдесі арасында айырмашылық бар ма?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

Ынтымақ — ырыс қазығы,

Уәде — жанның азығы.





5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Сөзбен істің тұтастығы

Сұрақтар:


  • Сөз беру үшін нені ескеру қажет?

  • Сөз берген кезде адамның қандай ниеті болуы керек?

  • Ойланбай берген уәдең үшін өкініп қалған кездерің болды ма?

  • «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Сабақтан алған ойларын шығармашылықпен бекіту мақсатында дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Жас ұлан


Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі





8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

17 сабақтағы Ә.Хасенованың «Неге ұялды» әңгімесін оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп. М.Әуезов __Мерзiм_14.01.2014 ж _ №_17_

Тақырып:__ Қызға-нәзіктік,ұлға-батылдық_

Құндылық_:_Риясыз махаббат._ Қасиеттер:Достық, сүйіспеншілік_

Мұғалiм : Смаилова Г.К. _ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

  • Ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту

  • Ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын дамыту

  • Ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюыңызға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

(2 мин)


3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

17 сабақтағы Ә.Хасенованың «Неге ұялды» әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Нәзікеннің бойынан қыздарға тән қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Мұрат неліктен өз ойын жүзеге асыра алмады?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді»

Халық мақалы?


  • «Мінезді қыз», «мінезге бай» деп қандай адамдарды айтамыз?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Достық


  • Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

  • Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

  • Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

  • Қыздар мен ұлдардың арасында сыйластыққа қалай қол жеркізуге болады?






6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Ер балалар мен қыз балалардың мінез-құлықтық ерекшеліктері туралы оқушылардың түсініктерін анықтау мақсатында оқулықта берілген диалогты оқып, сахналау ұсынылады.





7.Топпен ән айту. (4 мин)

Балалық


Сөзі мен әні Ғ.Жандыбаевтікі




8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

18 сабақтағы С.Сарғасқаевтың «Жайма-шуақ» әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындау







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





Каталог: uploads -> doc -> 0f80
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f80 -> Сабақтың мақсаты: Мақсаты. 1 Оқушыларға денсаулыққа зиянды әрекеттер туралы кең мағлұмат беру
0f80 -> 8 сынып қазақ әдебиеті 25. 04. 2016 ж. Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі Сабақтың мақсаты
0f80 -> Сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет