Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп: М.Әуезов Мерзiм №


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет5/8
Дата29.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов _ _ Мерзiм_21.01.2014 ж _ №__18__

Тақырып: Қызға-нәзіктік,ұлға-батылдық

Құндылық:__Риясыз махаббат_ Қасиеттер:_Достық, сүйіспеншілік_

Мұғалiм : Смаилова Г.К._ __ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Қыздар мен ұлдар арасындағы достық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру

Сабақтың міндеттері:

  • Ұл мен қызға тән қасиеттер жайлы түсініктерін кеңейту

  • Ерекшелігіне қарай олардың өз құрдастарымен қарым-қатынастарын дамыту

  • Ұлды батылдыққа, қызды нәзіктікке тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)



2.Тыныштық сәтi. Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

18 сабақтағы С.Сарғасқаевтың «Жайма-шуақ» әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындап келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Мұрат пен Жаннұрдың татуласуына не себепкер болды?

  • Достық сезімі адамға қандай жауапкершілік жүктейді?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

Ат болар тай саяққа үйір,

Адам болар бала қонаққа үйір.

Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.


  • Мақалды қалай түсінесіңдер?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

  • Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?

  • Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?

  • Қыздар мен ұлдардың арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе? Неліктен?

  • Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Қыз бала мен ұл балаға тән қандай ортақ қасиеттерді білесіңдер?







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Қазақ қызы

Сөзі И.Сапарбаевтікі

Әні Р.Таймановтікі







8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

19 сабақтағы Б.Әділдің «Еңбек жемісі» атты әңгімесін оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (1 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов_ _ Мерзiм_28.01.2014 ж _ №__19 _

Тақырып:__Адам еңбекпен шыңдалады__

Құндылық_:__Дұрыс әрекет _ Қасиеттер:__Еңбекке баулу_

Мұғалiм _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «еңбек», «білім» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақ міндеттері:

  • Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру

  • Еңбекке қызығушылықтарын арттыру

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

19 сабақтағы Б.Әділдің «Еңбек жемісі» атты әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Еңбек барысында балалардың қандай қасиеттері байқалды?

  • Балалар еңбек нәтижесін қалай көрді?

  • Еңбектің жемісін көргенде өздерің қандай сезімде боласыңдар?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді»

Л.Н.Толстой


  • Л.Толстойдың нақыл сөзінен не түсіндіңдер?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Еңбек қылмай ер оңбас,

Бірлік қылмай ел оңбас.

Мал семіз болса, төл егіз.

Жер семіз болса, дән егіз.

Еңбегі аздың -өнбегі аз.

Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

Шебердің инесі де алтын,

Соққан күймесі де алтын.

Шеберді саусағы асырайды.


Еріншектің ертеңі бітпес.

Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.





6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Еңбектің адам өміріндегі алатын орнын анықтай түсу мақсатында дәптердегі 1,2,3 – тапсырмаларды орындау ұсынылады.







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Болайықшы осындай

Сөзі мен әні А.Меңжанованікі





8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

20 сабақтағы Б.Тұрсынбаевтың «Жаңа дүкенде» әңгімесін оқып келу






9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов__ Мерзiм_11.02.2014 ж _ №__20 __

Тақырып :_Сенім – менің серігім

Құндылық:__Дұрыс әрекет _ Қасиеттер:_Дұрыс қадам жасау__

Мұғалiм __ __ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақ міндеттері:

  • «Сенім» ұғымының мәнін ашу

  • Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту

  • Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

20 сабақтағы Б.Тұрсынбаевтың «Жаңа дүкенде» әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Сендер Ерланның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?

  • Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу-әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.

М.Жұмабаев


  • Осы нақыл сөз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

  • Сенім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?




6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Оқушылардың ойларын білу және жан сұлулығының маңыздылығын түсіну мақсатында оқушыларға сахналау ұсынылады

Кімге сенім артуға болады?





7.Топпен ән айту. (4 мин)

Бір тілек

Т.Серіков

А.Дүйсенов






8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

21 сабақтағы М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқып келу және де дәптердегі тапсырманы орындау






9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов__Мерзiм__ж_ №_21 _

Тақырып:_Сенім – менің серігім

Құндылық:__Дұрыс әрекет _ Қасиеттер:_Дұрыс қадам жасау__

Мұғалiм __ __ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың адамдардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас жасауы туралы түсініктерін кеңейту

Сабақ міндеттері:

  • «Сенім» ұғымының мәнін ашу

  • Өз замандастарымен сенімді қарым-қатынас құра білу қабілеттерін дамыту

  • Өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, ән мәтіні, оқулық, дәптер




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. Тыныс алуға зейін қою.
-Сіздерден аяқ - қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9 - 10 рет) (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

21 сабақтағы М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Ақын қандай жастарға сенім білдіреді?

  • Жастарға сенім білдірудің себебі неде?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Жақын адамдардың, достардың, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу - әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі»

Мағжан Жұмабаев


  • Осы нақыл сөз бойынша қандай қорытынды жасауға болады?




5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Сенім


М.Гумеров

Сұрақтар:



  • Қарттың балаға өз жүктерін тапсырып кетуінің себебі неде?

  • Бала қарттың сенімін қалай ақтады?







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Шығармашылық жұмыста оқушылардың сабақты қорытып ой елегінен толыққанды өткізу үшін дәптердегі тапсырмалар толық орындалып жария етіледі







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Сенім .Ғ.Жандыбаев






8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

22 сабақтағы «Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесін оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_:М.Әуезов_ __ Мерзiм_ ж_ №_22_

Тақырып :___Сабырлылық пен ұстамдылық__

Құндылық_:Дұрыс әрекет__ Қасиеттер:__Ұстамдылық, сабырлылық__

Мұғалiм: Смаилова Г.К.__ _ Класс__5 _ Оқушылар саны_______





Сабақ мақсаты:

  • «Сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу

Сабақтың міндеттері:

  • Сабырлылық, ұстамдылық және мінез-құлық мәдениеті туралы түсінік беру

  • Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту

  • Өз сезімдері мен көңіл күйлерін басқара білуге тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

МР3, оқулық, дәптер, ән мәтіні




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

22 сабақтағы «Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:


  • Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

  • «Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Ұстамдылық - әдептің ұстазы, Ұстамсыздық - әлектің нұсқасы»

Халық нақылы


  • Халық нақылын қалай түсінесіңдер?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Сабыр түбі – сары алтын

Сұрақтар:


  • Екі патша неліктен келіспей қалды?

  • «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?

  • Сабырлылық сақтағанда қандай күйде боласыңдар?

  • Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?







6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Дәптерде берілген сабырлылыққа, ұстамдылыққа апаратын сатыларға талдау жасап, қорытынды жасау ұсынылады.







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Бір бала


Р.Рымбаева





8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

23 сабақтағы «Адал бала» корей ертегісін оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





Каталог: uploads -> doc -> 0f80
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f80 -> Сабақтың мақсаты: Мақсаты. 1 Оқушыларға денсаулыққа зиянды әрекеттер туралы кең мағлұмат беру
0f80 -> 8 сынып қазақ әдебиеті 25. 04. 2016 ж. Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ» өлеңі Сабақтың мақсаты
0f80 -> Сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет