П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет112/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   272
Түйін сөз: дене тәрбиесі, гимнастика, физикалық даму, спортқа қызығушылық.
Балаларды гимнастикамен шұғылдануға бағыттау осы спорт түрімен шұғылданудың мақсаттылығын ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстармен, педагог кеңесімен түйіндейді. Бағыттау кезінде баланың гимнастикамен шұғылдануға қызығушылығының тұрақтылығы, оның бейімділігі, қабілеті, отбасы жағдайындағы өмірі, мектептегі үлгерімі, үйренімі, тәрбиесі және тағы да басқа осы спортты игеріп алып кетуге қажетті жеке басының ерекшеліктері есепке алынады. Гимнастикамен шұғылдануға саналы және белсенді қатынасты қалыптастыру жолында спортпен шұғылданудың денсаулыққа пайдалы екеніне, ал тәжірибе жинақтауда қимылдың, сұлулық-тың, эмоциялық, төзімділік, қарым-қатынастық, адамгершілік, спорттық болашақ еңбекке қажетті қадір-қасиеттердің қалыптасатынына көздерін жеткізу керек .
Баланы спортқа бағыттауда ата-аналар мен педагогтар кейбір факторларды яғни, спорт базасының тұрғылықты мекеннен алыстығы, оның жағдайы, сабақ өткізу жайы, тәрбиеші-жаттықтырушылардың құрамы және де т.б.ерекшеліктерді есепке алуына тура келеді.
В.И.Филипович өз қаламдастарымен бірге балаларды спорт гимнасти-касымен шұғылдануға бағыттауда осы спорт саласы бойынша қажетті мәлімет бере алатын кеңес өткізуді де ұсынады. Бұл кеңес балалардың сабаққа ынталылығын арттырып, гимнастика саласында жан-жақты білімге ие болуына, дәріске жауапкершілікпен қарауына бастайды. Кеңес өздеріне сұрақпен келген тұлғаларға ғылыми тұрғыда негізделген, тәжірибеде тексе-рілген немесе спортпен шұғылдану мәселесінде гимнастиканы таңдаудың мақсаттылығын түсіндіріп бере алатын дәрежеде болуы тиіс. Кеңес қашанда жеке тұрғыда болады. Кеңес беру кезінде педагог ең алдымен кеңес алуға келген тұлғаның гимнастикаға сезімталдық, эмоциялық ниетпен бе немесе саналы таңдау мен келді ме осы бір қызығушылығының себебін білуі керек. Бұл үшін міндетті түрде педагогқа кеңес алғалы келіп отырған ата-анамен тілдесіп, спорт гимнастикасымен шұғылдану туралы олардың ойын нақты-лап алу керек, бұл жерде олардың осындай шешімге келудегі пікірін айқын-дап алу қажет. Әңгіме барысында қызығушылықтың тууы мен тұрақтылығы, олардың балаларының гимнастикамен шұғылдануға қабілеттілігі мен бейімділігі анықталуы тиіс. Гимнастикадағы қазіргі таңда қойылып отырған талаптар деңгейі мен жоғары жетістікке жету жолдары кез келген гимнас-тикамен шұғылданғысы келетін балаға мүмкін бола бермейді. Атақты гим-настикашылар, заңдылыққа орай, сәби кезінде-ақ өз қатарынан қимыл бел-сенділігімен, дене тәрбиесінде әртүрлі жаттығулар бойынша жарысуға құ-мар, өз қабілеттілігін көрсетуге ұмтылып тұратын, еңбекқорлығымен, тәртіп-тілігімен, өзін-өзі басқара білу қабілетімен ерекшеленетін болады [1, с. 420].
Балалардың спорттық гимнастикаға бейімділік, қабілет, қызығушы-лықтары қаншалықты жоғары болмасын, анық гимнастикамен шұғылдануға 6 жастан бастап қана рұқсат етіледі. Бұл жас кезеңіне дейін организм жүйелері мен органдар қызметі толық қалыптасып, қимыл-әрекеттерді саналы түрде басқару үшін қажетті тұлғалық және психикалық ерекшеліктер айқындала түседі. Дарынды балалар жас талапкерден шебер спортшыға дейінгі аралықты 5-7 жылда өтеді.
Көптеген авторлар баланың гимнастикамен шұғылдануға қызығушы-лығы, оның дәлелдемелерін, бейімділігі туралы мәліметтерді оқушылардың өздерінен және олардың ата-аналарымен болған әңгімеден алу қажеттігін қолдайды. Оқушымен әңгіме барысында төмендегідей сұрақтарға жауап алынады:

  • Спортпен шұғылдану үшін сен неліктен міндетті түрде спорт гимнастикасын таңдадың?

  • Спортпен шұғылдану барысында саған қандай талап-тілектер қойылатынын білесің бе?

  • Спортпен шұғылдану көп күш пен көп уақыт жұмсауды талап етеді, ал сен сондай жағдайда әрі мектебіңдегі сабағыңды да жақсы оқуға, әрі спортпен де жақсы шұғылдануға уақыт таба аласың ба?

Оқушы спортпен шұғылдану барысында қойылатын талап-тілектер туралы білуі мүмкін, ондай жағдайда ол туралы ұғынықты қылып түсіндіру керек.
Оқушының ата-анасымен әңгіме барысында төмендегідей сұрақтарды қоя отырып, оқушы туралы қажетті мәліметтерді алуға болады:

  • Сіздің ұлыңыздың (қызыңыздың) спорт түрлерінің ішінен айналысуға гимнастиканы таңдап алуына қалай қарайсыз?

  • Сіздің үйдегі отбасылық жағдай қалай және баланың мектептегі сабағы мен бірдей спортпен шұғылдануына қандай көмек бере аласыз?

  • Балаңыз жалпы үй тапсырмаларын орындауға қанша уақыт жұмсайды, қандай пәндер оған оңай, ал қандай пәндер қиындау?

  • Балаңыздың дене және ақыл-ой еңбегі қандай деңгейде деп ойлайсыз?

  • Балаңыздың өз алдына қойған мақсатқа ұмтылысы мен оған жету жолындағы жігері қандай деңгейде?

  • Сіздің балаңыздың мектептегі сабақ үлгерімі мен спортпен шұғылдану тілегін пайдалы шешу жолдары туралы пікіріңіз қандай?

Мектептегі үлгерім мұғалімдердің, ең бастысы, сынып жетекшісінің қорытындысы мен оқушының бағасына қарай әрі оқушының қалай үлгеруіне байланысты, білімі мен тәртібіне қарай бағаланады. Ал, гимнастика саласындағы білім деңгейі, қимыл мүмкіндігі мен тәжірибелерін дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі бағалайды. Денсаулығы туралы анықтама мектеп дәрігерінің немесе спорт-дәрігерлік диспансердің медициналық тексерулері нәтижесіне сүйене отырып беріледі. Педагог жаттықтырушы үшін оқушының дене құрылымының сәйкес болуы мен оның организмінің қызмет ету мүмкіндіктерінің гимнастика талаптарына сай болуы, және осы спорт түрімен шұғылдануға қарсылық көрсеткіштері ерекше қажет. Оқушының спорт гимнастикасына қабілеттілігін оның жалпы арнайы спорттық дайындығының деңгейіне қарай, және осы спорт түрінде өте қажетті қимыл және психикалық қабілетіне, тұлғалық ерекшеліктеріне қарай бағалауға болады. Ең бастысы, осы қабілеттердің даму мүмкіндігінің бар жоқтығын білу қажет. Оқушының дене тәрбиесі сабағындағы белсенділігі мен оның спорт ойындарына деген қызығу-шылығы да есепке алынады. Бұл мәліметтерді мектептегі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінен алуға болады. Оқушының спортқа деген қызығушылығы жайлы дене тәрбиесі мұғалімнің болжамдары сол оқушының спорттағы жетістікке жету мүмкіндіктерін болжауда үлкен маңызға ие.
Бірнеше авторлар (Л.П.Матвеев, Е.Ю.Розин, М.Л.Укран, т.б.) бала-ларды шартты түрде гимнастикамен шұғылдану топтарының үш кезеңіне бөлуді ұсынады:

Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   272




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет