П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет259/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   272
У.Т. Ахметова, Н.М. Тукешева
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ШЕКАРАЛЫҚ САУДА МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада Россия мен қазақтар арасындағы шекаралық сауда мәселелеріне арналған ХІХ ғасырдағы ресейлік зерттеушілердің еңбектеріне тарихнамалық және деректанулық талдау жасалынды.


Түйін сөз: ғылыми институт, ғылыми қоғамдар, ғылыми мекемелер, шекаралық сауда, Ресей зерттеушілері.
У.Т. Ахметова, Н.М. Тукешева
ОСВЕЩЕНИЕ ПРОБЛЕМЫ ПОГРАНИЧНОЙ ТОРГОВЛИ
В РАБОТАХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ XIX В

В статье проводится историографический и источниковедческий обзор работ россий-ских исследователей XIXв., освещавших проблему пограничной торговли России с казахами.


Ключевые слова: научные учреждения, научные общества, пограничная торговля, российские исследователи.


ғылыми НАУЧНАЯ ACADEMIC
ӨМІР ЖИЗНЬ LIFE


27 наурыз 2012 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан өлкесінен шыққан көр-некті әдебиетші ғалымдар: фольклоршы-этнограф, филология ғылымда-рының докторы, профессор Мәтжан Мақсымұлы Тілеужановтың және әдіскер-педагог, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Қалимолла Жұмағалиұлы Мырзағалиевтің 85 жылдық мерейтойларына арналған «Қазақ әдебиеттану ғылымы мен тіл білімі: жаңа бағыттары және оқытудың инновациялық технологиялары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына М. Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, п.ғ.д., академик А.С. Иманғалиев, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты профессоры, ф.ғ.д. Ж.А. Асанов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. А.М.Мұсаев, ф.ғ.к., доцент Р.Қ.Мұқам-бетқалиева, ф.ғ.к., доцент З.Ж. Мүтиев, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты доценті, ф.ғ.к. Н.Ә.Сәдуақас, п.ғ.д., профессор А.С. Қыдыршаев және ҰБА «Өрлеу» АҚ БҚО филиалы директоры, п.ғ.к. С.С. Ізмұхамбетова қатынасты. Конференция жұмысы «Профессор Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов және қазақ әдебиеттану ғылымы: жаңа бағыттары, зерттеу мәселелері», «Профессор Қалимолла Жұмағалиұлы Мырзағалиев және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи технологиялары», «Оқытудың бүгінгі педагогикалық және психологиялық бағыттары мен ұлттық тәрбие мәселелері» атты секцияларында жалғасын тапты.

***



27 наурыз 2012 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Актуальные проблемы науки и практики в сфере пресечения недобросовестной конкуренции» тақырыбында І халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн түрде ұйымдастырылды.
Конференция жұмысына Ресейдің Саратов, Украинаның Киев және Орал қалалары ғалымдарының баяндамалары ұсынылды. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң ғылымдарының кандидаты, доцент К.М. Оңғарбаева «Охрана прав интеллектуальной собственности в Респуб-лике Казахстан» тақырыбында және экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Г. Шамакова «Недобросовестная конкуренция на рынке финан-совых услуг РК» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

***



29 наурыз 2013 жылы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың акт залында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ-ситетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының ұйымдасты-руымен «Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет Өтемісұлы» тақыры-бында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысында «Ұлт-азаттық қозғалыс және Махамбет Өтемісұлы», отандық тарихтағы махамбеттану саласының зерттелу мәсе-лелері, жастарға патриоттық тәрбие берудегі Махамбет тағылымы бойынша мәселелер талқыланды. Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы М.Л. Тоғжанов, облыстық маслихат депутат-тары Г.М. Жаңбыршиев, А.Зинуллаұлы және БАҚ өкілдері жас ғалымдар мен студенттер қатынасты. Отырыс барысында т.ғ.д. Ұ.Т. Ахметованың «ХІХ ғ. бас кезеңіндегі Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыстар және олардың сабақтастығы», ф.ғ.д. Ғ.Қ.Хасановтың «Махамбет толғауларының тілдік ерекшелігі», т.ғ.к. С.М. Ғиззатовтың «Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс және оның отандық тарихындағы маңызы», т.ғ.к. М.Ғ. Дюсенғалиеваның «Исатай - басшы, мен - қосшы» және магистрант С.Н. Сақауованың «Батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны» атты баяндамалары оқылды.

***



2013 жылдың 11 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 12 сәуір ғылым қызметкерлері күніне арналған «Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы ғалымдардың рөлі мен белсенділігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, университетіміздің отыз екі ғалымын атаулы мереке қарсаңында алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Олардың ішінде, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков, химия ғылымдарының докторы, профессор Дина Кенжебекқызы Мендалиева, биология ғылымдарының докторы, профессор Талшен Есено-манқызы Дарбаева және т.б. болды. Дөңгелек үстел жұмысында «Уни-верситет ғалымдары алған белестер» тақырыбында ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтардың баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар, «М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми мектептерінің қалыптасуы тарихы» атты фильм тамашаланып, аға буын, белгілі ғалымдар биология ғылымдарының кандидаты, профессор Мария Максимовна Фартушина, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов және жас ғалымдар атынан тарих мамандығы магистранты Сандуғаш Сақауова құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
біздің наши OUR
мерейтой юбиляры JUBILEES



Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   272




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет