П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы


сәуір Ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғ. Есімнің



бет3/12
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

15 сәуір Ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғ. Есімнің туғанына 70 жыл (1947)

Ғарифолла Есім 1947 жылы 15 сәуірде Павлодар облысы Аққу ауданында туған. Философия ғылымдарының докторы (1994), профессор(1995), Қазақстан ҒА – ның корреспондент мүшесі (1995). Семей педагогика институтының филология факультетін бітірген (1970). Семей педагогика институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркем сурет – графика факультетінің деканы (1977 – 1991). Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері (1991-1992), Алматы мемлекеттік университетінде декан (1992-1998) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Ғ.Есім ХХ – ғасырдың 80 - жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда “Кейіпкер философиясы”, “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі”, “Жаңаша ойлау – диалектикалық ойлау”, т.б. мақалалар жариялады. Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады. Сондай-ақ, саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300 - ден аса публицистикалық ғылыми – танымдық мақалалар жазды.

Ғ.Есім қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс – философиялық новелла, эссе жанрында еңбектенді. Философия, проза жанрында жазылған “Таңсұлу”, “Күнә”, “Көсем-Көкжал”, “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар. Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.


Әдебиеттер

Есім, Ғ. Абай туралы философиялық трактат / Ғ. Есім- Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 83 б.

Есім, Ғ. Сөзі аз, мағынасы терең… / Ғ. Есім // Абай. – 2005. –№1. - 8 – 12 б.

Есім, Ғ. Елдік сана философиясы / Ғ. Есім // Егемен Қазақстан . – 2006. – 28 маусым. – 2 б.

Есім, Ғ. Мәңгілік тұлға / Ғ.Есім // Қазақ елі. – 2006. – 18 мамыр. – 4 б.

Есім, Ғ. “Тағдыр етсе алла, не көрмейді пәндә?” / Ғ. Есім // Абай. – 2006. – № 1. – 42 – 44 б.

Есім, Ғ. Ұлт және ғалам үндестігі / Ғ. Есім // Әдебиет айдыны. – 2006. – 13 сәуір. – 1, 3 – 5 б.

ҚР ҰҒА – ның академигі Ғарифолла Есім: “Шәкәрім өз бойындағы барлық мүмкіндікті толық іске асырған адам: [Шәкәрім творчествосы туралы] / әңг. Д.Сейсенұлы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 4 тамыз. – 3 б.

* * *

Есімов Ғарифолла // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3 т. – 440 б.



Арын, Е.М. Даналық дариясы: [философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Есім] / Е. М. Арын // Сарыарқа самалы. – 2007. – 12 мамыр. – 4 б.

Құлсариева, А. Жар жағалаған ғұмыр философы: [философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Есім] / А. Құлсариева. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 3 мамыр. – 4 – 5 б.

Есім, Ғ. Адамды құртатын жау – оның кеудесі...: [ғалым-жазушы Ғ. Есіммен сұхбат ]/ сұхбаттаскан М. Серікқызы / Е. Есім // Жұлдыздар отбасы. – 2010. - № 21. – 29 – 33 б.

Есім, Ғ. Ақпарат дәуірінде мәлімет беруден, ой салу – өте маңызды:[сенатор, академик Ғ. Есіммен сұхбат] / сұхбаттасқан А. Көшкенова / Ғ. Есім. // Айқын. – 2010. - 25 тамыз. – 3 б.

Есімов Ғарифолла // Ертістің Павлодар Өңірі: энциклопедия. – Павлодар, 2013. - 324 б.

20 сәуір Журналист, публицист және аудармашы Р. С. Әдуовтің туғанына 70 жыл (1947-1996)

Әдуов Ризабек Сіләмбекұлы Павлодар облысы Ақтоғай (бұрынғы Краснокутск) ауданында дүниеге келген. 1965 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті. 1971 жылы университетті бітіргеннен кейін, алғаш еңбек жолын аудандағы “Коммунистический труд” газетінің аудармашылығынан бастады. 1973 – 1976 жылдары Екібастұз аудандық және қалалық “Алға” газетінің редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1976 жылдан Екібастұз аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшы қызметін атқарды.

1977 – 1979 жылдары Алматы Жоғарғы партия мектебінде оқыды. 1979 – 1981 жылдар аралығында “Қазақстан” баспасының “Марксизм – Ленинизм классиктерінің шығармалары” редакциясында редактор, аға редактор және сол редакцияның меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1981 жылдан Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің үгіт – насихат бөліміне нұсқаушылық қызметіне алынып, 1986 жылға дейін еңбек етті. 1986 – 1987 жылдар аралығында ҚазКСР – дің Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторлығы қызметін атқарды. 1987 – 1988 жылдары ҚКПО комитетіне қайта шақырылып, онда Баспасөз секторының меңгерушісі болды. 1988 жылдан өмірінің соңына дейін (ҚазТАГ) Қазақ Телеграф Агенттігінде директордың орынбасары болды.

Р.Әдуов ҚазТАГ–тың қауырт жұмыстарының қайнаған ортасында жүріп, өз шығармашылығымен де шұғылданды. Чех жазушысы Рудо Мористің “Аңшы қоржынын ақтарғанда” атты әңгімелері мен повестерін, А.Чаковскийдің АҚШ Президенті Рузвельт өмірінің соңғы жылдарынан жазылған “Аяқталмаған портрет” романын, Поль Хокеннің “Кәсіпкер болу оңай ма?” кітабын аударды.

Журналист балаларға арналған “Сәби сөздері”, “Бала тілі бал” кітапшаларын шығарды. “Қазақстан” баспасында жүріп, саяси аударма, кітаптарды аудару еңбектері зор. 1995 жылы “Ана тілі” баспасынан шыққан “Баспасөзде қолданылатын атаулар мен терминдер сөздігі” үшін 1996 жылы Қазақстан Журналистер Одағының лауреаты атанды. Джеймс Гринвудтың “Өгей бала” повесі Астанадағы “Аударма” баспасынан 2002 жылы жарық көрді.


Әдебиеттер

Жүсіпова, Ж. Қарымды қаламгер еді…/ Ж. Жүсіпова // Сарыарқа самалы. – 1997 . – 28 маусым

Әдуов Ризабек Сіләмбекұлы // Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері: анықтамалық. – Алматы, 2005. – 33 –34 б.

Әдуов Ризабек Сіләмбекұлы // Ертістің Павлодар Өңірі: энциклопедия. – Павлодар, 2013. - 194 б.



25 сәуір Ақын О. Н. Григорьеваның туғанына 60 жыл (1957)

Ольга Николаевна Григорьева 1957 жылы 25 сәуірде Новосибирск қаласында дүниеге келген.

1971 жылдан бастап Қазақстанда (1977 жылдан бастап Павлодар қаласында) тұрады. С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің (Алма-Ата) журналистика факультетін аяқтаған.

Ольга Николаевна «Данилкин кора­блик» (А., 1985), «Ертіске саяхат» (А., 1989), «Бузиктің шытырман оқиғалары» (А, 1991), «Солнечный мячик» (А,1 998), «Солнечный мячик» (Павлодар, 2000), «Павлодар­лық әліппе» (Павлодар, 2005), «Тәрбиелі бала» (Пав­лодар, 2006), «Омбы әліппесі» (Омбы, 2007) сияқты балаларға арналған кітаптардың авторы болып табылады.

Сонымен қатар «Середина сентября» (Павлодар, 1993), «Мәңгі сюжет» (Павлодар, 1996),«Жалғыз тұрған ағаш» (Павлодар, 1998), «Есік» (Павлодар, 1999), «Менің достарым ән салады» (Павлодар, 2001), «Павлодардан ізгі ниетпен» (Павлодар, 2003), «Никогда не оглядывайся» (Павлодар, 2005), «Из семи тетрадей» (Павлодар, 2007), «Фотоөлеңдер» (Павлодар, 2007) поэтикалық кітаптары, «Вы - история, не поколение» (Павлодар, 2002), «Золотой песок бытия» (Павлодар, 2006) очерк кітаптарының авторы.

Ольга Григорьеваның өлеңдері мен очерктері «Студенче­ский меридиан» (Мәскеу), «Миша» (Мәскеу), «Складчина» (Омбы), «Ом­ская муза» (Омбы), «Нива» (Астана), «Простор» (Алма-Ата), альманахе «Южная звезда» (Ростов-на Дону) журналдарында, «Русская словесность в мировом культурном контексте» (Мәскеу, Достоевский қоры, 2004) Халықаралық Конгресс материалдарының жинағында және басқа да ғылыми жинақтарда басылды.

Ольга Григорьеваның «Современное русское зарубежье» өлеңдері (М., 2005) 7-томдық антологияға енді.

Шығыс Қазақстан драма театрының (Өскемен) сахнасында Ольга Григорьеваның «Дочери царя» пьессасы бойынша «Марина Цветаева» қойылымы өтуде.

Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі бойынша шолушысы болып жұмыс істейді.

Қазақстан тілшілер одағының мүшесі.

«Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен наградталған.

2008 жылдың 25 тамыз күні Мәскеу қаласы «Марина Цветаеваның мұражай-үйі» мәдени орталығында М.И. Цветаева атындағы екінші халықаралық әдеби сыйлығы ұсынылды. Сыйлық екі номинациядан: қазіргі заман поэзиясы және М.И. Цветаеваның өмірі мен шығармашылығын зерттеу бойынша берілді. Цветаева атындағы сыйлық 2007 жылдан бастап бекітілген.

Әділқазылар алқасы 2007-2008 жылдары шығарылған 26 поэтикалық жинақты бағалады. Шығармашылық мұраға зор үлес қосқаны үшін М.И. Цветаева атындағы сыйлық ақын, Қазақстан тілшілер одағының мүшесі, Павлодар облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің мәдениет мәселесі жөніндегі шолушысы Ольга Николаевна Григорьеваға табыс етілді. Конкурсқа ұсынылған шығармалардың арасынан ақынның «Из семи тетрадей» жинағы ең үздік болып танылды.

О. Григорьева «2007 жылдың үздік балалар тілшісі» номинациясындағы «Балалық шақ досы» құрмет лауазымының иесі атанды.



Әдебиеттер
Григорьева, О. Ғазиз Қаныштың ағасы / О. Григорьева // Сарыарқа самалы. – 2003. – 6 қаңтар. – 5 б.

Григорьева, О. Президент Назарбаевтың Омбыға сыйлығы / О. Григорьева // Сарыарқа самалы. – 2004. – 12 ақпан. –2 б.

Григорьева, О. 96-ның қысы: өлеңдер / О. Григорьева // Айдын. – 2006. - № 1. – 36 -37 б.

***


О.Н. Григорьева // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 273 б.

***


Григорьева, О. Ақын, мәдениет қайраткері О. Григорьева: Ішкі сезімді қара сөзден гөрі өлеңмен өргенді қалаймын / О. Григорьева //Сарыарқа самалы. – 2006. - № 1. – 36 - 37 б.

Жұматов, Ғ. Жыр шуағы төгілді: [ақын О. Григорьеваның мерейтойына орай әңгіме] / Ғ. Жұматов. // Сарыарқа самалы. 2007. - 22 мамыр. – 4 б.



Жұмаділов, Д. Оқырман жүрегіне жол тапқап: [О. Григорьеваның жаңа кітабы «Четыре тебя» туралы] / Д. Жұмаділов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 10 қазан. – 8 б.

30 сәуір Қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты О. Қожановтың туғанына 80 жыл (1937)

Оралбек Қожанұлы Қожанов 1937 жылы 30 сәуірде Павлодар облысы Ақсу қаласында туған. Қоғам қайраткері. Ғалым-зоотехник, экономика ғылымдарының кандидаты (1975). 1960 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын бітірген. 1960-1961 жылдары Павлодар ауданы «Шақат» совхозы фермасының, 1961-1965 жылдары Железинка ауданы «Михайловский» совхозының зоотехнигі болды. 1965-1970 жылдары Железинка аудандық атқару комитетінің председателі. 1970-1975 Баянауыл аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, 1975-1976 жылдары облыстық ауылшаруашылық бастығының орынбасары, Павлодар облысы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін дайындау мен сапасын тексеру бас мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

1978-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы Екібастұз аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1992 жылдары облыстық агроөнеркомбинатының председателі, кейін облыстық атқару комитетінің председателі, 1992-1997 жылдары Павлодар облыстық ауылшаруашылық басқармасында жұмыс істеп, кейін облыстық әкімнің бірінші орынбасары болды.

О.Қожанов 1998-1999 жылдары Қ.И.Сәтбаев Халықаралық қоры Павлодар бөлімінің директоры. 2000 жылдан бері «Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-географиялық қоғамы» қорының атқарушы директоры қызметін атқаруда. 1977 жылы Меккеге кіші хадж жасаған.

1996 жылы О.Қожановтың «Өмір жолдан басталады», ал, 2001 жылы «Ой өрнектері» кітаптары шықты. Он жылдан аса облыстық ономастикалық комиссиясын басқарады.

Еңбегі үшін Еңбек Қызыл ту орденімен, Халықтар достығы медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Президиумы грамотасымен марапатталған.


Әдебиеттер

Қожанұлы, О. Ой өрнектері / О. Қожанұлы. – Павлодар: ЭКО, 2001. – 177 б.

Қожанұлы, О. Қажымұқан / О. Қожанұлы. – Павлодар: ЭКО, 2006. – 193 б.

Қожанұлы, О. Өмір жолдан басталады. / О. Қожанұлы. –Алматы: Жібек жолы, 2006. – 193 б.

Қожанов, О. Жасыбай тастары = Камни Жасыбая= Stones of Zhasybay: фотоальбом. / О. Қожанов – Павлодар:ЭКО, 2007. – 153 б.

***


Қожанұлы, О. Алып пен ақын / О. Қожанұлы // Сарыарқа самалы. – 2006. – 9 ақпан. – 11б., 22 наурыз. – 15 б.

Қожанұлы, О. Ғылымға сара жол салған / О. Қожанұлы // Сарыарқа самалы. – 2006. – 11 сәуір. – 3 б.

Қожанов, О. Қажымұқан мен Қажытай: [«Қажымұқан» кітабынан үзінді] /О. Қожанов // Айдын. – 2006. – № 1. – 76 – 86 б.

Қожанов, О. Ғылымның жарық жұлдызы: [ғалым Қ. Сәтбаевтың туғанына – 108 жыл] /О. Қожа-нов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 12 сәуір. – 6 б.

Қожанов, О.Өткенді ерек қадірлеген: [жерлесіміз, жазушы Д. Әбілев жайлы] / О. Қожанов.

// Сарыарқа самалы. – 2008. - 1 наурыз. – 5 б.

***

Қоғамдық және мемлекеттік қайраткер, Қ. И. Сәтбаев атындағы халықаралық қордың Павлодардағы филиалының директоры, жазушы О. Қожановтың 70 жылдығына орай // Айдын. – 2007. - № 1.– 6 б.



Салықов, К. Бабалар жалғасы:[қоғам қайраткері, жазушы О. Қожановтың 70 жылына арналған өлең] /К. Салықов // Айдын. – 2007. - № 1.– 68 б.

Тастемханов, Ө. Інілік ізгі ниет: [Жерлесіміз Ә. С. Жабагиннің 90 жылдығына арналған О. Қожановтың «Әси аға» кітабы жарық көрді] / Ө. Тастемханов. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 13 қараша.- 8 б.

Адамұлы А. Орекең ел ағасы [Мәтін]: ["Қ. Сәтбаев атындағы тарихи-географиялық қоғамы" қоғамдық қорының директоры, жазушы О. Қожанұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай әңгіме] / А., Адамұлы.//Сарыарқа самалы. - 2012. - 12 мамыр. - 6 б.

Амантайұлы Ж. Ел ағасына - құрмет [Мәтін]: ["Қ. Сәтбаев атындағы тарихи- географиялық қоғамы" қоғамдық қорының директоры, жазушы О. Қожанұлының 75 жасқа толу мерейтойына орай әңгіме] / Ж., Амантайұлы.//Сарыарқа самалы.- 2012.- 17 мамыр. - 2 б.

Салықов К. Қаныштың қайсар інісі [Мәтін]: [жазушы О. Қожановқа арналған өлең] / К., Салықов.//Сарыарқа самалы.- 2012.- 12 мамыр. - 6 б.

О. Қожанов // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. - 448 б.




16 мамыр Географ, өлкетанушы, Павлодар облысын зерттеуші З. В. Кузнецованың туғанына 100 жыл (1917-1999)

Павлодар облысының экономикасы мен географиясын зерттеген ғалым Зоя Владимировна Кузнецова Башқұрт АССР – нің Бирс қаласында 1917 жылы 2 мамырда туған. 1935 жылы педагогикалық техникумды, ал 1941 жылы ҚазМУ география факультетін бітірді. Алматы қаласында мектепте география сабағынан дәріс берді.

З.Кузнецова 1951 – 1963 жылдары ҚазКСР – нің ҒА- ның география секторында қызмет жасап, 1963 жылдан экономика институтында жұмыс істейді.

З.Кузнецованың 10 – нан астам ғылыми еңбектері бар. Орыс тілінде “Павлодар облысы” атты кітабы жарық көрді.


Әдебиеттер

З. В. Кузнецова // Ертістің Павлодар өңірі : энциклопедия. – Алматы, 2013. – 398 - 399 б.



10 мамыр Актер, режиссер, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Б. У. Омаровтың туғанына

90 жыл (1927-2008)



Бәйтен Уәлиханұлы Омаров 1927 жылы 10 мамырда Павлодар қаласында туған. 1948 жылы Алматы қаласындағы киноактерлер мектебін, ал 1954 жылы Ташкент мемлекеттік театр – көркемсурет институтының режиссерлік факультетін бітірді. 1944 – 1949 жылдары Қазақ радиокомитеті жанындағы халық аспаптар оркестрінде (Алматы қ.) қызмет етті.

Б.Омаров режиссерлік өнер жолын 1953 жылы тұңғыш рет Н.В.Гогольдің “Үйлену” комедиясын (қ. Атырау обл. драма театры) қоюмен бастады. 1954 жылдан Семей облыстық драма театрында (қ. Семей обл. музыкалық драма театры; 1956 жылдан осы театрдың бас режиссері, ал 1965 жылдан әрі директоры) режиссер, одан кейін Ұйғыр мемлекеттік комедия театрында (1971 – 1975), Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында (1977 – 1980), Қазақконцертте (1980 – 1984), бұрынғы Талдықорған обл. драма театрында (1984 – 1989, 1986 жылдан әрі директоры) бас режиссер, ал 1975 – 1977 жылдары ҚазКСР - і Мәдениет министрлігіндегі өнер істері басқармасының бастығы болды.

Б.Омаров 1987 жылдан республикалық дәрежедегі зейнеткер. Ол ұлттық және аударма драматургия бойынша көптеген спектакльдерді қою арқылы Семей облыстық драма театрында режиссерлік өнердің профессионалдық жағынан қалыптасып дамуына елеулі үлес қосты. Осы театрда қойған спектакльдері қатарында: А.Қаһардың “Ауру тістері” (1955). М.Әуезовтің “Еңлік – Кебегі” (1956) мен “Қарагөзі” (1960), Ғ.Мүсреповтің “Ақан сері – Ақтоқтысы” (1957), Назым Хикметтің “Махаббат туралы аңызы” , Гогольдің “Ревизоры” (екеуі де 1957; соңғысы 1958 жылы Қазақстан театры көктем байқауының 1-дәрежелі дипломымен марапатталды), Ә.Тәжібаевтың “Майрасы” (1958, Қазақстан театр көктемі байқауының 1-дәрежелі дипломына ие болды; 1969, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры; 1983, Павлодар облыстық драма театры), Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында” мен «Жат елдесі” (1969), Қ.Мұхаметхановтың “Комиссар Ғаббасов” (1964, 1968), Ш.Айтматовтың “Жәмила” (1964, “Махаббат жолы” деген атпен қойылды), Б.Жәкиевтің “Әке тағдыры” (1966), А.Бектің “Волокалам тас жолы” т.б.

Б. Омаровтың басқа да қойған спектакльдері бар. Олар: И. Саттаров пен В. И. Дьяковтың “Ғарип пен Сәнәмі”, “С.Мұқановтың “Қашғар қызы”, “Қ.Бәйсейітов пен Қ.Т.Шаңғытбаевтың “Ой, жігіттер-айы”, С. Хасановтың “Таза ауа жұтайығы”, “Қ.Ысқақовтың “Таңғы жаңғырығы”, Ғ.Мүсіреповтың “Ұлпаны” бойынша, Д. Исабековтің “Әпкесі”, Ш. Мұртазаның “”Сталинге хаты”, У. Шекспирдің “Асауға тұсауы” және т.б.

1987 жылы ҚазКСР – нің халық әртісі, ал 1958 жылдан Қаз КСР–нің Еңбек сіңірген әртісі атақтарына ие болған.

Б. Омаров 1987 – 1997 жылдары Қазақстан театр қайраткерлері Одағының вице-президенті болып, 1994 жылдан Алматы эстрадалық цирк өнері колледжінің актерлік бөлімінде педагогикалық қызметпен айналысады. 2004 жылдан бастап осы колледждің “Жас талант” театрының көркемдік жетекшісі, әрі режиссері.

Әдебиеттер

Омаров Бәйтен Уәлиханұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 томдық. – Алматы, 1989. – 4т. – 465 – 466 б.

Омаров Бәйтен Уәлиханұлы // Қазақ өнері: энциклопедия. – Алматы, 2002. – 537 – 538 б.

Омаров Бәйтен Уәлиханұлы // Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы. 2005. – 489 – 490 б.

Омаров Бәйтен Уәлиханұлы // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 538 б.

***


Бықай, Ф. Аманат: [көрнекті режиссер, атақты актер маркұм Б. Омаров жайлы] / Ф. Бықай // Егемен Қазақстан. – 2009. – 28 қаңтар. – 10 б.

Құлатай, Т. Шәукенге қайта оралған Т. Құлатай // Сарыарқа самалы. – 2012. – 5 сәуір. – 8 б.



28 мамыр Режиссер, драматург, қазақ театрының негізін қалаушы Ж. Т. Шаниннің туғанына 125 жыл (1892-1938)

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин 1892 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Желтау ауылында дүниеге келген. Режиссер, актер, драматург, театр және өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі (1931). Ұлттық кәсіби театрдың негізін салушылардың бірі. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренеді. 1913 жылы Омбы қаласына келіп, күн көріс қамымен біраз уақыт зауытта жұмысшы болады. Мұнда С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып, білімін жетілдіреді.

Ж. Шанин 1915 – 1916 жылдары бухгалтерлер курсында оқыды. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Көп ұзамай, патша үкіметінің жарлығымен майдан жұмысына тартылады. Туған ауылына 1917 жылы оралады. Сол жылдан бастап Қарқаралыда, Павлодарда (1921 – 1922), Зайсанда (1922) және Семейде (1923) және ҚазКСР ОАК мүшесі болып, т.б. қоғамдық жауапты орындарда қызмет етті.

1920 жылы Семейде “Ес-аймақ” труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған. Мұнда Ж.Шанин өзінің жазған “Арқалық батыр” және С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар” пьесаларын сахналап, өзі Еркебұлан мен Арқалықты ойнады.

1926 жылы Ж.Шанин тұңғыш ашылған кәсіби қазақ драма театрының құрамында болып, актерлік, режиссерлік жұмысты атқарып және театрдың көркемдік жағын басқарды. Алғашында ұйымдастырушылық – шығармашылық қызметінен бастап, актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардың идеялық – көркемдік сапасын арттыруға көңіл бөлді. Бұл мәселелер “Қазақтың мемлекеттік театры” (1928), “Театр тарихынан” (1931), “Сахна техникасын меңгерейік”, “Сахнада шындықты тану” (1935), т.б. мақалаларда көтеріліп, баспасөз беттерінде жарияланды.

1926 – 1932 жылдары қазіргі Қазақ академиялық драма театрында ұлттық драматургиядан С.Аблановтың “Күндеспейтін қатындары” мен “1916 жыл” , А.Шаниннің “Болат”, І.Жансүгіровтің “Кек”, Б.Майлиннің “Майданын”, М.Әуезовтің “Октябрь үшін” және классик туындылардан А.С.Пушкиннің “Тас мейман” мен “Сараң сері”, У.Шекспирдің “Гамлетін”, сонымен қатар өзі жазған “Торсықбай”, “Арқалық батыр”, “Айдарбек”, “Баян батыр”, “Шахта” т.б. шығармаларды қойды.

Ж.Шанин 1932 – 1933 жылдары қазіргі Қырғыз академиялық драма театрының бас режиссері болады. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г.Брусиловскийдің “Жалбыр”, “Қыз Жібек” пен “Ер Тарғынын” қойды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жетекшісі болды.

1936 – 1937 жылдары Орал музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен бірге оған басшылық жасады. Оның драматургиясы көптеген облыстық театрлардың репертуарынан орын алды. А.В.Затаевич, Д.И.Ковалев пен Л.Хамиди Шаниннің орындауында бірқатар халық әндерін жазып алған. 1972 жылы Шымкент облыстық драма театрына және 1922 жылы “Южный” кеңшарына (Павлодар обл.) Ж.Шаниннің есімі берілді.


Әдебиеттер
Шанин, Ж. Хан мен дәуір (Ескілікті сөз) / Ж. Шанин // Таң-Шолпан. – 2001. – № 3. – 140-141 б.

***


Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 625 б.

Жұмат Шанин (1892 – 1939) // Баянаула. – Астана, 2001. – 92 – 93 б.

Жұмат Шанин. - Павлодар: «ЭКО», 2003. – 197 б.

Жұмат Шанин // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр : анықтамалық.- Алматы, 2004. – 333 б

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы // Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық . - Алматы, 2005. – 629 – 630 б.

Жұмат Шанин // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 422 б.

Шанин Жұмат // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 726 – 727 б.
***

Сығай, Ә. Жұмат Шанин: [режиссер, қазақ театр өнерінің ұлы ұстазы Ж. Шанин жайлы] / Ә. Сығай. // Мәдениет. – 2011. - № 1. – 32 – 35 б.

Сығай, Ә. Қазақ режиссурасы қашан қыр асады?...: / Ә. Сығай.: [актер, режиссер, халық әртісі Ж. Шанин туралы] //Дарабоз. – 2011. – № 2. – 36 – 40 б.

Асабаев, З. Қасымхан – Ж. Шаниннің ұлы: Халық артісі Ақсақал Қалмырзаев осылай дей ді / З. Асабаев // Ана тілі. – 2013. - 4 – 9 қаңтар. – 6 б.

Асабаев, З. Үш алыптың достығы: [Павлодар облысының әншісі Б. Балабековтың жазушы Б. Майлин, қоғам қайртакері Т. Жүргенов, режиссер Ж. Шанин туралы естелігінен] / З. Асабаев // Егемен Қазақстан. – 2013. – 14 ақпан. – 5 б.

Ел қадірлеген Шаніннің Баянауылда бағасы болмай тұр: [режиссер, драматург, театртанушы,

әнші, қоғам қайраткері Ж. Шанин жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2014. – 10 сәуір. – 16 б.

Қабылбеков, Е. Кейінгі ұрпаққа үлгі болар еді... [режиссер, драматург, театртанушы, әнші, қоғам қайраткері Ж. Шаниннің 110 жыл толуына орай] / Е. Қабылбеков // Сарыарқа самалы. – 2015. – 26 мамыр. – 4 б.



Иманбаева, А. Тұлпардың тұяғы, асылдың сынығы еді... : [режиссер, драматург, театртанушы, әнші, қоғам қайраткері Ж. Шанин жайлы] / А. Иманбаева // Мәдениет. – 2016. - № 2. – 25 – 28.


12 маусым Екібастұз қаласының құрылғанына 60 жыл (1957)

Екібастұз – Павлодар облысы құрамындағы қала. Облыс орталығы Павлодар қаласынан оңтүстік батысқа қарай 150 км, Астана - Павлодар – Құлынды каналының бойында, Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетіндегі бетеге, селеу өскен қызыл қоңыр топырақты құрғақ дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 141,3 мың. адамды (01.10.2002) немесе Павлодар облысының жалпы тұрғын санының 18,8% құрайды.

Алғашқы тұз табылған жер болған соң Екібастұз деп аталған. Қаланың пайда болуы және дамуы Екібастұз көмір кенінің тарихымен тығыз байланысты. 1876 жылы мұнда тас көмір бар екені мәлім болды. Соның негізінде 1898 жылы кен орны түгелімен ағылшындардың иелігіндегі «Қырғыз (қазақ) тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамына» концессияға берілді. 1939 жылдан бастап кешенде геологиялық барлау жұмыстары басталып кетті. Ал, 1948 жылдан ірі көмір кеніштерінің құрылысы жүргізілуіне байланысты Екібастұз жедел дамыды.

1957 жылдың 12 маусымындағы КазКСР Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес бұрынғы жұмысшы кенті қалаға айналды. Қаланың қарқынды өркендеуіне жергілікті көмір өндірісінің негізінде қуаттары 4 млн. кВт 3 электр станцияларының салынып, іске қосылуы ықпал етті. Соның нәтижесінде Екібастұз қаласы Қазақстандағы ең ірі көмір өндіру және энергетика орталығына айналды. Сөйтіп, республикадағы ең ірі Павлодар - Екібастұз аумақтық өндірістік кешені қалыптасты. Оған көмір және энергетика кәсіпорындарынан басқа құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру, машина жөндеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары кіреді.

Екібастұздың өнеркәсіп орындарында алғаш рет алдыңғы қатарлы технологиялар өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал -жабдықтар сыннан өтіп, іске қосылды. Кезінде Екібастұз бүкілодақтық екі ірі құрылыстың орталығы болды. Мәселен, 1 – МАЭС, 2 – МАЭС- нің құрылысына жүздеген кәсіпорындар, ұйымдар мен министрліктер мен ведомстволардың ғылыми-зерттеу институттары қатысты. Қазір осы екі алып электр өндірісінің өндірген қуаты – күшті электр жеткізуші тораптар бойымен Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындарына электр қуаты тасымалдануда. 1 – МАЭС-те әрқайсысының қуаты 500 МВт тұратын 8 энергоблок орнатылған. Бұл жылу энергетикалық кешенінде республика тас көмірінің 2/3 өндіріледі және Қазақстанның электр қуатының 60 пайызы шығарылады. 2- МАЭС- республикамыздағы ең ірі станциялардың бірі.

Көмір өнеркәсібі мен электр қуаты қаланың басты экономикасы болып саналатын Екібастұз тас көмірінің қоры 11 млрд. тонна көмірді құрайды.

Дүние жүзіндегі ең алып көмір кеніштерінің бірі- «Богатырь». Ол алыптығы жағынан 1980 жылы Гиннесстің рекордтар кітабына жазылды. Кеніш іске қосылғаннан бері онда 1 млрд. тоннадан астам көмір өндірілді. Ал, 1970 жылдың қараша айында пайдалануға берілген «Богатырь» кеніші жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін өндірістік қуаты бар аса ірі кәсіпорын болып табылды.

Екібастұз қаласының тарихи маңызы жағынан бірегей тас көмір кен орнын игеру тарихымызбен байланысты. Мұндағы көмір бассейіні өзінің қоры және тығыздылығы жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Қойнауынан баға жетпес кен байлықтары табылған Екібастұздағы ауқымды құрылыс, кеніштер, өнеркәсіп орындарын, тұрғын үйлер, т.б. салуға қала халқымен бірге, жер-жерден, сол кездегі одақ көлемінен де түрлі ұлт өкілдері араласты.

Кеншілер қаласы атанған Екібастұз бұл күнде мәдениеті, өнері, басқа да дамыған әлеуметтік салалары арқылы облыс, республика көлеміне кеңінен танымал болды.
Әдебиеттер

Екібастұз // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1987. – 2 т. – 180 б.

Екібастұз // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3т. – 354 б.

Экибастуз: энциклопедия. – Караганда, 2003. – 220 с.

Екібастұз // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 295 – 296 б
* * *

Кафизова, Г. Кеншілер қаласындағы келелі істер / Г. Кафизова // Сарыарқа самалы. – 2006. – 23 ақпан. – 3 б.

Оразалы, Т. Тұрғын үй – басты мәселе: Екібастұзда қалай шешілуде? / Т. Оразалы // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 мамыр. – 5 б.

Тастемханов, Ө. «Богатырь Аксес Көмір»: жаңа белестер / Ө. Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 9 ақпан. – 4 б.

Шаймерденов, Т. Игілікті істер жалғасын табады:[Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында Екібастұз қаласына – 50 жыл] / Т. Шаймерденов. // Сарыарқа самалы. - 2007. - 3 шілде. – 5 б.

Бықай, Ф. Көмірлі, дүбірлі Екібастұз: [Екібастұз ГРЭС] / Ф. Бықай // Егеменді Қазақстан. – 2008. – 19 желтоқсан. – 3 б.

Түгелбай, Г. Екібастұз ерлеп тұр!: [Екібастұз қаласы туралы] / Г., Түгелбай. // Сарыарқа самалы.- 2014.- 30 қыркүйек. - 4 - 5 б.

Әміре, Ф. Жұмағалидың жыр кеші: [Екібастұз қаласындағы "Өнер" мәдениет орталығында Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Ж. Қоғабайдың 65 жылдық мерейтойына орай шара ұйымдастырылды] / Ф., Әміре.// Сарыарқа самалы.- 2014.- 4 қараша. - 12 б.



Әміре Ф. Еңселі бол, еңбекшіл Екібастұзым!: [Екібастұз қаласының 59 жылдығына орай] / Ф., Әміре. // Сарыарқа самалы.- 2016.- 21 маусым. - 4 - 5 б.

Каталог: orgs
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет