Патологиялық анатомия І



бет2/5
Дата27.04.2024
өлшемі300,48 Kb.
#201476
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ісіктің морфологиялық сипаттамасы
Натурал сандар және нөл саны

Қатерсіз ісіктер

Әдетте ұзақ уақыт өседі және организмді аса қауіпті өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дәнекер талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т.б кіреді. Бірақ жасушалар түзілісінде өзгерістер болмайды.

Қатерлі ісіктер

Оларға негізінен жасушалық атипизм тән. Оларды түзуші жасушалар өзі өсіп шыққан ағза не тін жасушаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерлі ісік сылып тастағаннан кейін де қайта өсуі мүмкін.

Қатерлі ісік айналасындағы тіндерге сіңе өсіп , әуел бастан метастаз береді. Метастаз деп ісік жасцушаларының алғашқы ісік ошағынан бөлініп шығып басқа бір ағзаларда жаңа ісік түйінін түзуін айтады. Метастаз дамуы өте күрделі құбылыс, ол бірнеше кезеңдерден тұрады.

Жергілікті тінді бұзып өсетін ісіктер

Бұлар қатерлі ісіктер тобына жатқанмен, метастаз бермейді, сондықтан оларды сылып тастау мүмкін. мысалы, терідегі базалиома ісігі осы ісіктер қатарына жатады.

Ісіктердің этиологиясы

Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты зерттеуші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 проценті қоршаған ортада таралған канцерогендік (рак тудырушы) заттардың әсеріне байланысты.

Әсер ету механизмдеріне қарап химиялық концерогендер екі топқа бөлінеді:

1)Жасушалардың ДНҚ-сымен тікелей әсерлесетін толық концероген

2) Организмдегі химиялық реакцияларға пайланысты пайда болған метоболиттері арқылы әсер ететін жанама концерогендер, оларды проканцерогендер деп те атайды.

Ісік дамуының негізгі бағыттары

  • Ісік алды кезеңі, кейін
  • Орнықты рак
  • Қатерлі ісіктің инвазиялық өсу кезеңі
  • Метастаз беру кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет