Патологиялық анатомия І


Мзенхиманың қатерлі ісіктері



бет4/5
Дата27.04.2024
өлшемі300,48 Kb.
#201476
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ісіктің морфологиялық сипаттамасы
Натурал сандар және нөл саны

Мзенхиманың қатерлі ісіктері

Мезенхимадан өсетін қатерлі ісіктерді саркома деп атайды, олар кесіп қарағанда балық етіне ұқсас.

Саркоманың мезенхиманың қатерсіз ісіктерінен айырмашылығы, онда жасуша атипизмі жақсы дамыған, митоздар көп, айналасындағы тіндерге ене өсіп негізінен гематогенді метастаздар береді. Ісіктің тез өсуіне байланысты саркомда некроз ошақтары пайда болады.

Фибросаркома

Дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде немесе айналасындағы тіндерге ене өскен ісік түрінде байқалады. Фибросаркома басқа саркомаларға қарағанда баяу өскендіктен, ауру дәрігерге көрінгенде әжептәуір үлкейіп,көлденеңі орташа 8см-ге жетеді. Фибросаркома дәнекер тін талшықтары мен жасушаларынан түзілген. Оның жетілген және жетілмеген түрлері бар.

Меланин түзуші тіннің ісіктері

Алғашқы меланин түзуші жасушалар теріде, көздің нұрлы қабықшасында және ми қабықтарында дамиды. Теріде әрбір он негіздік жасушаға бір мелоноцит жасушасы тура келеді.

Меланин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума ақаклар) және меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды.

Пигменттік невустар

Балалардағы ең көп кездесетін тума ақаулар қатарына жатады. Олар теріде жекелеген немесе өте көп, қоңыр түстегі жалпақ кейде азырақ томпайған қал түрінде көрінеді.

Микроскоптық құрылымына қарап невустың төмендегі түрлерін ажыратады:

  • Шекаралық невус
  • Дермаішілік невус
  • Аралас невус
  • Эпителиоидтық немесе ұршықтәрізді жасушалық невус
  • Баллонға ұқсас жасушалардан түзілген невус
  • Галоневус
  • Көгілдір невус

Меланома

Аса қатерлі ісіктер қатарына жатып, мелонацит жасушаларынан дамиды. Меланома 20 жастан кейін, әсіресе 40-50 жаста көп кездеседі. Ол көбінесе пигменттік невустардан кейін, кейде алдын ала өзгермеген теріде де өседі. Өсу сипатына қарап меланоманың: беткей, жайыла өсуші және түйінді түрлерін ажыратады. Меланоманың бірінші түрінде ісік жасушалары эпидермис аймағында көлденеңіне өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет