Патологиялық анатомия І


Қазіргі деректер бойынша қанның ұю үрдісі төмендегі 4 кезеңнен тұрады



бет9/9
Дата15.05.2020
өлшемі299,87 Kb.
#68804
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
73877.pptx

Қазіргі деректер бойынша қанның ұю үрдісі төмендегі 4 кезеңнен тұрады.

  • Белсенді тромбопластиннің пайда болуы;
  • Тромбопластин кальций әсерінде протромбиннен тромбиннің пайда болуы;
  • Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин-мономерге айналуы;
  • Фибрин-мономердің фибринді белсендіретін заттардың әрекетімен фибрин полимерге айналуы.

Тромбтың морфологиясы

қызыл тромб

ақ тромб

аралас тромб

гиалиндік тромб


Сыртқы көрінісіне, түсіне , құрамына қарап тромб

Тромбоздың ақыры.

Тромбоз әдетте, физиологиялық құбылыс есебінде жарақаттанған қан тамырларынан қанның ағуын тоқтатады. Майда тромбтар фибринді ерітуші факторлар әсерінде ыдырап, жойылады. Ірі қан тамырлар кенересінде жайғасқан тромб дәнекертінденіп қатты фиброзды таяқшаға айналып қалады. Қан тамырларын тығындап тастаушы тромбтың “сығылуы” нәтижесінде жарықтар пайда болып, олар эндотелиймен астарланып, тромб өзектенеді, бірте-бірте осы өзектер арқылы қан айналымы қайта қалпына келеді. Оны тромбтың тамырлануы дейді. Кейде тромбқа кальций тұздары шөгіп қалып, ол тасқа айналады.

ҚШҰС жөнінде түсінік

ҚШҰС (қанның шашырынды ұюуы синдромы) деп, қанның қан тамырлары ішінде шашыранды ұюын атайды. Бұл үрдістің тромбоздан айырмашылығы, ұйыған қан тромбқа айналмай-ақ өз-өзінен ыдырап жоқ болып кетуі мүмкін.

ҚШҰС (қанның шашырынды ұюуы синдромы) да қанда фазалы өзгерістер байқалады. Олар:

  • Гиперкоагуляция фазасы
  • Гипокоагуляция фазасы
  • Фибринолиздің күшеюі

Патологиялық анатомиясы

ҚШҰС-ның негізгі морфологиялық белгілеріне микроциркуляция арнасындағы тамырлардың тромбозы, геморрагиялық диатез белгілері және қан айналысының бұзылуына байланысты дамитын некроздар жатады.

Микротромбоздар нәтижесінде көптеген ішкі ағзаларда некроз ошақтары пайда болады. Бүйректердің қыртысты қабатындағы тоталды некроз, бүйрекүсті бездерінің аумақты некрозы ауру өлімінің тікелей себебі бола алады.

Эмболия

Эмболия деп қан тамырында, қалыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардың көшіп жүруін және олардың қан тамырларын тығындап қоюын атайды. Қанмен келген бұл заттарды эмбол дейді.

Эмболияның түрлеріне мыналар жатады:

Эмболияның тасылу бағытына қарап үш түрін ажыратады:

  • Тура бағыттағы эмболияда эмбол қан бағытымен көшеді.
  • Кері бағыттағы эмболияда эмбол қан ағу бағытына қарама-қарсы әрекеттенеді.
  • Күтпеген бағыттағы эмболия эмболдың үлкен қан айналу шеңберінен, кіші қан айналу шеңберіне соқпастан айналып жүруі.

Эмболияның маңызы мен даму көздері.

Эмболия жиі кездесетін құбылыс юолып қана қалмай көптеген жағдайларда ауру өлімінің негізгі себебі бола алады. Сол үшін эмболияны анықтаудың, оның даму көздерін табудың маңызы зор. Өкпе қан тамырларының тромбоэмболиясын анықтау үшін жүректің оң қарыншасын өкпе артериясы бағытында көкірек қуысындағы ағзаларды шығармастан бұрын, ашу керек.

Зер салып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет !!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет