Павлодар облысы



бет2/8
Дата05.06.2017
өлшемі3,74 Mb.
#18053
1   2   3   4   5   6   7   8

«Басқаларды үйрете жүріп,

біз өзіміз өзгереміз»

Сенека


Бүгінгі қоғам-үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Мектеп алдына қойылған мәселелердің бірі мектеп үдерісін, оқыту формаларын, әдіс-тәсілдерін жаңарту мен ізденістер қарастырылуда.

Осыған орай, бүгінгі әр ұстазға білім беру жүйесінде қоғам талабына сай арнайы оқытудың жаңа үлгілерін енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Мұғалімге өз жұмысында жетістікке  жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы  ойлануға арналған құралдарды ұсынуда жаңа  тәсілдерді пәнге енгізу үшін мүмкіндік беретін  тәлімгерлік етудің ықпалы мол деп айтар едік. Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс деп айтуға болады.

Әлемдік тарихы бойында табысты тұлғаларды зерттеу әлемдегі ұлы ер адамдардың көпшілігінде олардың дамуы мен өсуіне қамқоршылық жасайтын тәлімгерлері болғандықтан көрсетеді. Ұлы Александрда-Аристотель, Англия королі Артурда-Мерлин, ақын Т.С. Элиотта-Эзра Паунд, Мартин Лютера Кингта-Доктор Бенджамин Илия Мейс, Бетховен мен Моцарта-Гайдн болады.



Проектінің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» проектісін жүзеге асырудағы негізгі мақсаты – Қазақстанның жаңа формациясына, қоғамына лайықты ұстаз тұлғасын бәсекеге қабілетті, адами капиталды рухани құндылық ретінде іс-әрекетіне қолдану деп тұжырымдайды.

Тақырыбымызға жуық келер зерттеу еңбектері:

1.Қазіргі экономикалық - әлеуметтік қажеттілікке білім мазмұны сәйкестілікте құру мәселесі қайшылық туғызып отырғанына тоқталған зерттеушілер – Е.А.Леванова, В.А.Плешаков, Т.В.Пушкарева, С.Б.Серякова. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде кәсіби құзыреттегі ұстаздар жеке тұлғалық мүмкіндігімен өздігінен шешім қабылдау іс-әрекетінің ғылыми негіздері ұсынылған.

2.Қоғамға лайықты ұстаздың кәсіби құзыреттілігін зерттеген философтар, педагогтар, психологтар десек, соның ішінде, В.А.Адольф, Т.Г.Браже, Э.Ф.Зеер, М.И.Лукьянова, А.К.Маркова, А.М.Новиков, Г.Бернгард, Х.Маркус, Р.Стернер және т.б.

Аталған зерттеушілердің еңбектеріндегі феномендігінің парадигмасына басымдық бере отырып, біздер қоғамдағы ұстаз тұлғасын заманауи мүддесіне сәйкестендірудің ғылыми негізі ретінде алдық.

3.Ұсынып отырған тақырыбымыздың әдіснамасын зерттеп, оның жүйелі тұрғыдағы іс-әрекеттік ұстаз тұлғасының жекелей интеллектуалды әлеуетін айқындап берген ғалымдар: Ж.Аймауытов, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, С.Я.Рубинштейн.

4.Ұстаздардың кәсіби құзыретін өркендетудің тұжырымдарын құрғандар: Н.С.Глуханюк, Е.А.Климов, Н.С.Пряжников, Э.Э.Сыманюк.

5.Инновациялық білім ортасы және инновациялық қызметті меңгерудің теориялық тұрғыдағы жүйесін зерттегендер: И.В.Дубровина, М.В.Ермолаева.

Жоғарыда аталған мәселерді шешу мақсатында жобаның тақырыбын: «Педагогтардың шеберліктерін жетілдірудегі тәлімгерлік орталығының рөлі»



деп таңдауымызға негіз болды.

Жаңалық:

1.«Қолдау» тәлімгерлік орталығының құрылуы;



2.Мектептің жаңа қоғамға лайықты тәлімгер моделі;

3. Тәлім алушыға арналған критериалды өлшемдер.

Басты идея:

Қазіргі таңда егеменді Қазақстанның дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену мақсатында оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру бағытына байланысты мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіру.



Орталықтың мақсаты: 

1.Мұғалімнің үздіксіз өзін-өзі жетілдіруін қалыптастыру

2.Сенімді қарым-қатынас орнату.

3.Бірлесе жұмыс істеу, жоспарлау,

4.Өзгерістер енгізу, бақылау

5.Кеңес беру, бағыттау, қолдау көрсету

6.Жаңа идея, тәжірибелермен алмасу



Орталықтың міндеттері:

-мұғалімнің өзіндік басым жақтарын табуға және алдағы кәсіби өсуді жоспарлауға көмек көрсету;

-қажеттіліктер, мотивация, дағды, ойлау үдерістерін зерттеуге көмектесу;

- кәсіптік құзыретіліктері мен іскерлік белсенділігін арттыруға көмек беру;

-мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру жоспар құруына көмек беру, іске асыру;

- өз қызметіне баға беруге, талдауға, өзін-өзі түзетуге бағыт беру;

- өзін-өзі бақылау қабілеттерін дамытуға көмектесу;

- мұғалімнің жұмысын мадақтау;

-мұғалімнің кәсіби құзырлығын шындау, білімі мен тәжірибесін жариялау.

Болжау ұстанымдары:

1.Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.

2.Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.

3.Ынтымақтастық ұстанымы, яғни басқарудан қарым-қатынасқа көшу.

4.Кәсіптілікті үздіксіз көтеру қағидасы.Мұғалімге ықпал жасау ұстанымы.

Жобаның кезеңі:

І кезең -диагностикалық болжау және ұйымдастыру 2014 – 2015о.ж.

ІІ кезең-тәжірибелік 2015-2016 о.ж.

ІІІ кезең- жинақтау, қорытындылау 2016-2017 о.ж.



Бағыттары:

1.Мұғалімдердің кәсіптік әрекеттерін шындау

2.Педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру

3.Мұғалімдердің еңбегін қорғау және мадақтау



Күтілетін нәтиже:

1.Мұғалімдердің өз әрекеттеріне сенімділік оянады;



2.Бірлескен зерттеу топтары қалыптасады

3.Кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шаралар жүзеге асады

4.Басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды,

5.Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады,

6.Кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады

Жобаның орындалу жолдары:

1.Педагог қызметкерлерінің әрекет, қызығушылық, сұраныстарын анықтау

(әр түрлі сауалнамалары, мониторинг, рейтингілік көрсеткіштер)

2.Жұмыстың тиімділігі (мониторинг арқылы)

3.Кәсіптік әдістемелік көмек көрсету арқылы;

4.Кәсіби және әдістемелік шеберлік деңгейін жетілдіруге кері байланыс арқылы көмек беру;

(педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте,коучинг, конференцияларда, ДЖО,

мұғалімдердің аттестациясында, курстар, шығармашылық есеп, мастер-кластар,

семинар-практикум,тізбектелген сабақтар және Lesson study» зерттеу

сабақтарын тәжірибеге енгізу арқылы, іскер ойындар арқылы)

5.Оқу-тәрбие үдерісін шындау барысында (пән апталықтары, фокус топтар

арасындағы байқаулар, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар,

интеллектуалды сайыстар, кабинеттер байқауы, ашық есіктер күні арқылы)

Бағдарлама нәтижелілігін бағалау критерийлері.

1. Алдағы көрсеткіштермен нәтижені салыстыру;

2. Көрсетілген жетістіктермен салыстыру;

3. Сауалнама арқылы қанағаттану деңгейлерін анықтау;



4. Мұғалімдердің өсу динамикасының мониторингісін шығару.


Каталог: uploads -> doc -> 0ed4
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed4 -> Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбаев. Сабақтың мақсаты
0ed4 -> Тақырыбы: «Мұқағали – ақиық ақын»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет