Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны



бет5/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Фармацевтикалық сала «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-мен (бұдан әрі – «Ромат» ФК» ЖШС) және шағын кәсіпорындармен ұсыныл-ған. Кәсіпорындардың өндіретін өнімінің номенклатурасында әр түрлі терапев-тік топтардың препараттары бар: дәрумендер, микробқа қарсы және жүрек-қан тамыр препараттары, қызуды басатын, туберкулезге қарсы және диабетке қарсы заттар. Олардың қатарына белгілі препараттардың ұқсастары да, сондай-ақ өз әзірлеуіндегі бірегей препараттар да кіреді.
Фармацевтикалық өнеркәсіп өнімінің өндірісі

Р/с



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012

жыл

2013 жыл

2014

жыл

2015 жылғы қаңтар-тамыз

1

2

3

4

5

6

7

1

Фармацевтикалық өнеркәсіп

млрд. теңге

0,7

1,1

0,6

0,5

2

Фармацевтикалық өнеркәсіптің НКИ

%

140,8

102,9

104,0

100,0

3

Медицинада қолданылатын шприцтер

мың дана

60 538,0

66 754,7

4 511,8

31 533,0

4

Дәрі-дәрмек

кг

495 167

494 382

339 555

287 219

5

Фармацевтикалық препараттар, басқалары

кг

40 741

14 614

36 001

9 856


Облыс республика бойынша негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру бойынша 7 орында.

Медициналық шприцтерге тұтынушылар сұранысының азаюы 2014 жылы негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің жоспарланған НКИ қол жеткізуге мүмкіндік бермеді (110,0%).

Облыстың өңдеу саласында машина жасау үлесі 15,1%-ды құрайды. Машина жасау секторы «ПМЗ» АҚ, «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС және шағын кәсіпорындарымен берілген. 2012-2014 жылдар ішінде 2 жо-ба пайдалануға енгізілді: «Екібастұз қаласында бағыт ауыстырғыштар өндірісін және теміржол доңғалақтарын өндіруді ұйымдастыру», «Қазақстан Республи-касында рельстік бекітпелердің пластикалық элементтер өндірісін құру»,
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында – «Кернеуалды темір-бетонды өзек өндірісі бойынша цех құру».

Облыс машина жасау өндірісінің көлемі бойынша Шығыс Қазақстан облысынан кейінгі 2 орында. 2012-2014 жылдардың қорытындысы бойынша машина жасауда 314,7 млрд. теңге сомаға өнім шығарылды. 2014 жылы және 2015 жылғы қаңтар-тамызда машина жасау кәсіпорындарында тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне байланысты өсу қарқынының төмендеуі байқалды (86,6% және 51,7%).

Қазіргі уақытта облыста әртүрлі меншік нысанындағы құрылыс индуст-риясының 30-дан аса кәсіпорны жұмыс істейді. Олар жұмсақ жабын материал-дарын, жылу оқшаулау материалдарын, темір-бетон бұйымдары мен құрылым-дарын, металл құрылымдарын, лак-бояу өнімдерін, силикат және керамикалық кірпіштер өндіреді.

2012-2014 жылдар ішінде 33,5 млрд. теңге сомаға өзге металл емес мине-ралды өнім шығарылды, соның ішінде 2014 жыл ішінде – 12,1 млрд. теңге не-месе 2013 жылға қарағанда 95,8% (ел бойынша 13 орын). 3 жыл ішінде өндіріс өсімі байқалуда: тауарлы бетон – 679,0 мың тонна (102,9%), керамикалық кір-піш – 113,2 мың текше метр (120,2%), құрылыс үшін металл конструкциялары элементтері – 96,0 мың тонна (111,6%), сөндірілген әк – 92,6 мың тонна (104,2%), цементтен, бетоннан және жасанды тастан жасалған тақта, тақтайша, кірпіштер – 55,1 мың тонна (115,9%).

Сол уақытта қож-мақталар, минералдық силикат мақталар шығару 3,8 мың тоннаға (74,9%) азайды.

2015 жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің төмендеу қарқыны жалға-суда (89,3%).

Павлодар облысының құрылыс материалдары өнеркәсібінің перспектива-лы даму үшін бастапқы шикізат базасы бар. Облыста игерілуін күтіп тұрған шикізаттың 80-нен астам кен орындары бар. Құрылыс шикізатының барланған кен орындарының үлкен қорын (кірпіш шикізаты, сәндік-қаптау тасы, құрылыс тасы және құрылыс құмы), сондай-ақ оларды өндіру мен қайта өңдеу бойынша қолда бар қуаттарды ескере отырып, облыс өзін осы материалдармен толық қамти алады.

Облыста құрылыс көлемдері (тұрғын үй қоры болсын, өнеркәсіптік объек-тілер мен инфрақұрылым объектілері болсын) құрылыс материалдарына жет-кілікті түрдегі тұрақты ішкі сұранысты қамтамасыз етеді.

Сол уақытта өңірде құрылыс секторы үшін дайын бұйымдар өндірісімен және терең өңдеумен айналысатын кәсіпорындар мүлдем жоқ.

Жеңіл өнеркәсіп шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) кәсіп-орындарымен берілген: «ДЭКО» ЖШС (тігін бұйымдарын өндіру), «Ертіс-Спецодежда» ЖШС (тігін бұйымдарын өндіру), «Қазақ зағиптар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС (арнайы киім, тыстарға арналған фильтрлер, тігін бұйымдарын өндіру), «Жас-Бұлақ» ЖШС (арнайы киім, бас киім, аяқ киім өндіру), «Технопром-текс» ЖШС, «Павлодар қаласының Ауған-стан соғысы мүгедектері одағы» ҚБ. «Технопром-текс» ЖШС 2012 жылы «То-қыма бұйымдары өндірісін жаңғырту» жобасын іске асырды. Инвестициялар көлемі 35,0 млн. теңгені құрады. 60 жаңа жұмыс орны құрылды.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,6%-ды құрайды.
Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Жеңіл өнеркәсіп, соның ішінде:

2,98

136,8

3,2

78,7

4,0

450,5

1.1

тоқыма бұйымдарын өндіру

1,8

116,3

1,7

90,7

2,5

962,6

1.2

киім өндіру

1,0

168,3

1,4

69,0

1,5

98,1

1.3

былғары және оған жататын өнім өндіру

0,1

67,4

0,005

1,9

0,003

66,7




2012-2014 жылдардың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіпте 10,2 млрд. теңге сомаға өнім шығарылды. 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсу (4,0 млрд. теңге) «Полимер бұйымдарының өндірісі» жобасын іске қосу есебінен қол жеткізілді «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС, жобалық қуаттылығы – жылына 51,5 млн. полипропилен қаптары.

Облыс жеңіл өнеркәсіп бойыша республикада 6 орынды алады. 2015 жыл-ғы қаңтар-тамыз ішінде жеңіл өнеркәсіпте 2,7 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді (210,4%).

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қазіргі әлеуеті халықтың киімдердің жеңіл түрлері мен трикотаж бұйымдарына сұранысын ішінара қанағаттандыра алады, сол уақытта өңірдің осы өнімге қажеттілігі негізінен арзан импорт тауарларының есебінен қамтамасыз етіледі.

Салалардың одан әрі дамуы халық тұтынатын тауарлардың жаңа түрлерін кеңейту мен игеру кезінде ғана мүмкін, бұл заманауи жабдықтарды және шикізат сатып алу үшін қажетті елеулі айналым қаражатын талап етеді.

Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу.

Сала металл кендерін, көмір, лигнит өндірумен және басқа салалармен берілген.

Өңірдің көмір өнеркәсібі Екібастұз тас көмір кен орнында тас көмірді өндіретін («БК» ЖШС, «Восточный» кеніші «ЕЭК» АҚ, «Ангренсор-Энерго» ЖШС), сондай-ақ Майкөбе бассейнінде қоңыр көмір (лигнит) өндіретін («Май-көбе-Вест» ЖШС, «Гамма» ЖШС, «Гамма Талдыкөл» ЖШС) кәсіпорындар-мен берілген. Көмір өнеркәсібі көмір қорларының жоғары шоғырланымына ие.
Тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тау-кен өнеркәсібі

100,5

101,6

104,8

101,5

113,2

94,4


2012-2014 жылдардың қорытындысы бойынша тау-кен өнеркәсібінде 318,5 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

2014 жылы НКИ қазақстандық және ресейлік тұтынушылардың көмірге сұранысы төмендеуіне байланысты 94,4%-ға дейін төмендеді. Экспорт көлемі-нің төмендеуі және тұтынушылар сұранысының азаюы 2015 жылы да байқалу-да. 2015 жылғы қаңтар-тамыз ішінде тау-кен өнеркәсібінде 61,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді (92,6%).

Бүкіл саланың көрсеткіштеріне «БК» ЖШС кәсіпорыны негізгі ықпалын тигізеді, оның тау-кен өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 53,8%.

2014 жылы «Гамма» ЖШС коммуналдық-тұрмыстық және энергетика-лық кәсіпорындар тұтынуы үшін қол жетімді көмір брикеттерінің өндірісін ашты.

Электр энергетикасы. Электр энергетикасы өңір экономикасының база-лық саласы болып табылады. Облыстың энергетика кәсіпорындары респуб-ликаның электр энергиясының 43,6%-ын өндіреді.

Облыстың энергетикалық кешені 7 жылу электр станциясын қамтиды, жалпы белгіленген қуаттылығы – 8 442 МВт, соның ішінде республикалық маңызы бар Екібастұз қаласындағы («Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ, Ақсу қаласындағы үш блокты электр станциялары («ЕЭК» АҚ) және Павлодар қаласындағы («ҚА» АҚ, ЖЭО, «Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 және ЖЭО-3), Екібастұз қаласындағы төрт жылу электр орталықтары («Павлодарэнерго» АҚ-ның Екібастұз ЖЭО).

Ақсу қаласын жылумен жабдықтауды «Қазхром» ТҰК» АҚ ЖШС АФЗ-ның АЖҚ-2 жүзеге асырады.

Соңғы 3 жыл ішінде (2012-2014 жылдары) электр энергиясын өндіру көлемі жыл сайын орташа алғанда 0,4%-ға төмендеді.
Электр және жылу энергиясы өндірісінің серпіні

Р/с



Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға қара-ғанда %-бен

1

2

3

4

5

6

7

1

Электр энергиясы

сағатына млрд. кВт

41,24

40,96

40,88

99,1

2

Жылу энергиясы

млн. Гкал

16,5

15,9

15,6

94,5


Электр энергиясы өндірісі көлемдерінің төмендеуі коммерциялық сұра-ныстың жалпы төмендеуіне және Ресей Федерациясына электр энергиясы эскпортының қысқаруымен байланысты. 2014 жылы болған рубльдің теңгеге қарағанда құнсыздануына байланысты қазақстандық электр энергиясы ресей нарығы үшін баға бойынша тартымды емес болды.


2011-2014 жылдар ішінде Павлодар облысы

электр энергиясының өндіріс және тұтыну серпіні
Облыста жұмыс істеп тұрған электр станцияларын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылады (4 жоба), бұл тұтас алғанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Мысалы, республикалық Индустрияландыру картасы шеңберінде «№ 3 энергия блогын орнатумен Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда, қуаттылығы – 630 МВт. Ағымдағы қаржыландырудың болмауына байланысты жоба бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыс-тары тоқтатылды.

2013 жылы № 6 энергия блогын қалпына келтіру есебінен станцияның қуаттылығы 25 МВт-қа артты және № 5 энергия блогын қайта жаңарту есебінен белгіленген қуаттылықтың 25 МВт-қа ұлғаюы жоспарланды.

Өңірлік Индустрияландыру картасының шеңберінде «Павлодарэнерго» АҚ-да № 1 турбинаны – 65 МВт (2012 жылы іске қосу) және № 2 турбинаны – 25 МВТ (2015 жылғы маусымда іске қосылды) монтаждау жүргізілді.

Нәтижесінде, облыс электр станцияларының паркілі ресурсын қалпына келтіру есебінен бағдарлама іске асырылғаннан бастап белгіленген қуаттылық 8 337 МВт-тан 8 447 МВт-қа дейін және орналастырылатын орташа жылдық қуаттылық 6 506 МВт-тан 7 492 МВт-қа дейін ұлғайды.

Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдама Павлодар облысында энергияның жаңартылатын көздерін дамыту көзделмеген. Себептері: облыс бүгінгі күні электр энергиясының артықшылығы бар ірі энергия өндіруші өңір болып табылады; облыста жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін белгілі бір климаттық жағдайлар жоқ.


Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет