Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру



бет6/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТҮКШ) және көлік секторын жаңғыр-тудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды оңтайлы іске асыру Павлодар өңірінің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ экономика-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Өңір экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарды тұтыну әдетте ішкі өңірлік өнімнің қарқынында өседі, себебі экономикалық өсу өнім өндірісі-нің, ресурстарды пайдаланудың ұлғаюымен сүйемелденеді.

Сол арқылы энергия үнемдеу Павлодар өңірінің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесіне энергетикалық ресурстарды тұтынудың 90,2%-ы тиесілі. 2014 жылы тұтынушыларға берілген электр энер-гиясы сағатына 17 204,3 млн. кВт құрады, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіп-орындарға – сағатына 15 519,1 млн. кВт (90,2%), пәтерлерді жарықтандыруға және халықтың басқа тұрғын үй қажеттіліктеріне – сағатына 676,6 млн. кВт (3,9%), көлік және қоймалау кәсіпорындарына – сағатына 319,1 млн. кВт (1,9%), ауыл шаруашылығына – сағатына 184,4 млн. кВт (1,1%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына, өнерге, ойын-сауық және дема-лысқа – сағатына 42,3 млн. кВт (0,3%), қызметтер мен тамақ, ақпарат және байланыс, сауда саласына – сағатына 253,4 млн. кВт (1,5%), мемлекеттік басқару, қаржы және сақтандыру қызметінің органдарына, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласына – сағатына 93,9 млн. кВт (0,6%), құрылыс ұйымдарына – сағатына 23,1 млн. кВт (0,1%), көшелерді жарықтандыруға – сағатына 52,4 млн. кВт (0,3%). Электр желілерінде шығындар сағатына
591,5 млн. кВт-ты (3,4%) құрады.

2014 жылы облыстың бюджеттік ұйымдарында энергия үнемдеу іс-шаралары жүргізілді: терезе жақтауының 35,6 мың ш.м. ауыстырылды, шатыр-дың 125,0 мың ш.м. қайта жаңарту жүргізілді, сыртқы қабырғалардың 66,2 мың ш.м. жылытылды, Ақсу қаласында 5 автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды, 17,1 млн. теңге сомаға 22 798 энергия үнемдеу шамдалы орнатыл-ды.

2014 жылы энергия үнемдеудің нақты шамасын анықтау мақсатында 183,4 млн. теңге сомаға мемлекеттік сектордың 446 объектісінде энергия аудиті жүргізілді.

Сыртқы жарықтандырудың 30250 шамдалы ішінен көшелік жарықтан-дырудың энергия үнемдейтін шамдалдар үлесі 36%-ды (11 015 дана) құрайды, соның ішінде 2014 жылы 1 426-сы орнатылды.

Энергия ресурстарының ірі тұтынушылары энергия аудиттерін жүргізуді бастады. Бүгінгі күні энергия аудиті 5 кәсіпорында аяқталды («ЕГРЭС-1» ЖШС, «ҚА» АҚ, «Қазэнергокәбіл» АҚ, «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ, «ЕЭК» АҚ).

ИСО 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келуіне сертификаттық аудиттен облыстың 7 кәсіпорны өтті: «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЕГРЭС-2 стансасы» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ, «ПМХЗ» ЖШС, «ҚА» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ және «Горводоканал» МКК.

Автокөлік құралдарының облыстық паркі шамамен 194 605 бірлікті құрайды, соның ішінде 5 287 автобус және шағын автобус.

Сұйытылған газға барлығы 1 059 бірлік автокөлік құралы ауысты, сондай-ақ 270 автокөлік құралдарына GPS жүйелері енгізілді (2013 жылы).

Өңірде энергия үнемдеуді одан әрі дамыту мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 сәуірдегі № 48/2 қаулысымен және Павлодар облыс-тық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 347/41 шешімімен Павлодар облысының энергия үнемдеудің 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жос-пары бекітілді.

Аталған жоспар «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасына сәйкес әзір-ленді, онда 9 негізгі бағыттар бойынша энергиялық тиімділікті арттыру бойын-ша негізгі іс-шаралар анықталған – өнеркәсіп, энергетика, ТҮКШ, құрылыс, көлік, жарықтандыру, бюджеттік сектор, энергия үнемдеуді насихаттау, үнемді төлем.

Мыналар кешенді жоспардың негізгі міндеттері болып табылады:

өңір өнеркәсібінің энергия тиімділігін арттыру және жаңғырту;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және бюджеттік сектордың энер-гия тиімділігін арттыру;

көлік секторында отынды тұтынудың төмендеуі;

тұтынушылардың жайлылық деңгейін арттыру, отын-энергетикалық ре-сурстарды пайдалану тиімділігін арттыру есебінен тұтынушылар төлемдерінің төмендеуі.

Экономикалық өсу орталықтарын құру жалғасады.

Келешекте Екібастұз қаласының экономикасын дамытудың негізгі бағыт-тары электр энергиясының өндірісі, мыс концентратының өндірісі, көмір өндіру болады.

Ақсу қаласының келешегінде металлургиялық өнеркәсіпте және электр энергиясы өндірісінде ағымдағы мамандандыру сақтайды.

Сыртқы экономикалық қызмет

Павлодар облысы халықаралық, сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстардың қарқынды даму өңірі болып табылады.

Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы (Кедендік бақылау коми-тетінің деректері бойынша) 2014 жылы 2 864,3 млн. АҚШ долларын құрады, 2013 жылға қарағанда 1,5 есе және 2012 жылға қарағанда 1,9 есе төмендеді.
Павлодар облысының сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні

млн. АҚШ доллары

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл

2012 жылға қарағанда %-бен

1

2

3

4

5

6

1

Сыртқы сауда айналымы, барлығы

5 410,7

4 409,5

2 864,3

52,9

2

Тауарлар экспорты

2 005,6

1 977,1

1 517,1

75,6

3

Тауарлар импорты

3 405,2

2 432,4

1 347,2

39,6


2014 жылы экспорт көлемі 2012 жылғы деңгейге қарағанда 24,4%-ға төмендеп, 1 517,1 млн. АҚШ долларын құрады.

2014 жылы экспортта негізгі үлесті шикізат тауарлары алады: минералды өнімдер – 39,9%, жай металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 36,4%, химиялық өнеркәсіп өнімі – 21,9%.

Экспорт көлемінің қысқаруы өндіріс көлемінің төмендеуіне, сондай-ақ сұраныстың төмендеуіне сәйкес келетін облыс кәсіпорындарының экспортқа бағдарланған өніміне әлемдік бағалардың түсуіне байланысты.
Сыртқы сауданың салалық құрылымы

млн. АҚШ доллары

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Орташа жылдық өсу қарқыны, %

1

2

3

4

5

6

1

Тауар айналымы барлығы, соның ішінде

5 410,7

4 409,5

2 864,3




2

Серпін, %

105,9

81,5

65,0

84,1

3

Экспорт

2 005,6

1 977,1

1 571,1




4

Экспорт серпіні, барлығы %

94,8

98,6

76,7

90,0




соның ішінде салалар бойынша:













5

Тау-кен өндіру

996,7

988,8

604,9

91,4

6

Металлургия

602,8

617,2

551,5

91,0

7

Химия

383,5

344,7

332,6

90,3

8

Импорт

3 405,2

2 432,4

1 347,2




9

Импорт серпіні, барлығы %

113,8

71,4

55,4

80,2




соның ішінде салалар бойынша:













10

Машина жасау

1 637,3

872,9

599,5

89,5

11

Металлургия

381,9

306,4

270,2

100,5

12

Химия

202,1

203,3

162,2

94,0


Экспорттың төмендеуі барлық салаларда байқалуда.

2012-2014 жылдар кезеңінде облысқа әкелінетін тауарлардың көлемі де төмендеуде, әсіресе машина жасауда, мұнда басты тауарлы ұстаным құрал-жабдық пен көлік, олардың басым бөлігі 2012 жылы ірі кәсіпорындарда инвес-тициялық жобаларды іске асыруға байланысты сырттан әкелінді. Металлургия-лық өнім импорты үш жыл ішінде орташа жылдық өсу қарқынымен тұрақты 100,5% болып қалуда. Жер балшық-кальцийлендірілген сода өндірісінде қолда-нылатын негізгі химиялық өнімге сұраныс 2014 жылы жер балшық өндіру көле-мінің төмендеуіне байланысты едәуір қысқарды.

2015 жылғы 6 ай ішінде сыртқы сауда көлемінің ұлғаюы импорт көлемі-нің 25,4%-ға өсуіне байланысты, соның ішінде машина жасау өнімі – 45,6%-ға (жылу энергетикалық қондырғыларды біржолғы жеткізулер есебінен), метал-лургия – 61%-ға (қара металлдардан металл құрылымдары), құрылыс материал-дары – 5,4%-ға (кірпіштер), минералды өнімдер (кальцийлендірілген мұнай коксы және антрацит).

2015 жылғы қаңтар-маусымда экспорт көлемі 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 18,3%-ға төмендеді.
Экспорт көлемі

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысының экспорты, млн. АҚШ доллары

2 005,6

1 977,1

1 517,1

2

Қазақстан Республикасының экспорты, млн. АҚШ доллары

86 448,8

84 700,4

78 237,8

3

Өңірдің үлес салмағы, %

2,3

2,3

1,9


Облыс экспорттың жалпы республикалық көлемінде 1,9%-дан 2,3%-ға дейін алады.
Шикізат емес тауарлардың экспорты бойынша деректер

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға қара-ғанда %-бен

1

2

3

4

5

6

1

Павлодар облысының экспорты, млн. АҚШ доллары

2 005,6

1 977,1

1 517,1

75,6

2

Шикізат емес тауарлардың көлемі, млн. АҚШ доллары

1 379,8

1 661,8

1 128,6

81,8

3

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлар көлемі экспортының үлесі, %

68,8

84,1

74,4

5,6


Шикізат емес тауарлардың көлемі 18,2%-ға төмендеді, сәйкесінше ел экс-портының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлар көлемі экспортының үлесі 5,6 пайыздық тармаққа қысқарды және 2014 жылы 74,4% құрады.

Төмендеу жербалшық пен алюминий (алюминийге әлемдік бағаның тө-мендеуі есебінен), мұнай өңдеу өнімдері, ферросиликомарганец, машина жасау өнімі және тамақ өнеркәсібі экспортының қысқаруына, электр энергиясы, фер-росиликохром экспортының тоқтатылуына байланысты.

Дамудың сыртқы жағдайлары. Экспортқа бағдарланғандығын ескере отыра, өңірдің дамуына сыртқы факторлар едәуір әсерін тигізуде.

Факторлардың бірі – әлемдік нарықта металлдарға бағаның өзгеруіне жоғары тәуелділік. Облыс жер балшықтың, алюминийдің, ферроқорытпаның ірі экспорттаушысы болып табылады. 2014 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша 2014 жылдан бастап әлемдік нарықта металлдарға бағаның төмендеуі «ҚА» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ өндіріс көлемдерінің қысқаруына әкелді.

Келесі фактор – көмір саласының ресей тұтынушыларына тәуелділігі. 2015 жылғы есептік кезең ішінде көмір өндірудің 2014 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда азаюы ресейлік көмір тұтынушылар (Рефтин ГРЭС, Троицк ГРЭС, Верхнетагил ГРЭС, Челябинск ЖЭО, Аргаяш ЖЭО, Оңтүстік орал ГРЭС) сұранысының төмендеуіне байланысты.

Дамудың ішкі жағдайлары.

Индустриялық-инновациялық дамудың ішкі факторларының бірі инвес-тициялық жобаларды іске асыру болып табылады, инфляцияның табиғи моно-полия субъектілерінің қызметіне, бағаның болжамсыз өсуі, ұқсас өнімнің шетел өнімдері жүргізетін демпингтік саясат оны тежеу факторы болып табылады. Бұдан басқа, экономиканың әртүрлі салаларының мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларының төмендеуі дамуды тежеу факто-ры болып табылады.

Дамудың сыртқы жағдайлары әсерін ескере отыра, 2016-2020 жылдары облыс экономикасы мынадай ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады:

қолайлы инвестициялық климатты, шикізат салаларында жоғары эконо-микалық белсенділікті сақтау;

әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларын дамыту.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

меншікті минералды-шикізат базасының болуы;

өңірлік индустрияландыру картасының болуы;

«Павлодар» АЭА-ны дамыту;

машина жасауда кластерлеу үшін әлеуеттің болуы;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік;

индустрия үшін мамандарды даярлау бойынша ЖОО мен колледждердің болуы;

түсті металлургияның экспортқа бағдарланған өнім өндірісі бойынша же-текші компаниялардың болуы;

өнімнің ірі нарық-импорттаушыларына жақындық (Ресей, Қытай);

энергетикалық инфрақұрылымдармен қамтамасыздық.

Осал жақтары

қайта өңдеудің төмен деңгейі және металл бұйымдарының шағын номенклатурасы;

шетелдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстық және энергия сыйымдылығы;

ішкі нарықтың салыстырмалы түрде аз көлемі;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

техникалық кадрларды дайындаудың төмен сапасы;

техникалық құрал-жабдық тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

кәсіпорында өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

коммерциялық сұраныстың жалпы төмендеуі,

Ресей Федерациясыға электр энергиясы экспортының тоқтатылуы.

Мүмкіндіктер:

электр энергетиканы дамыту;

электр энергиясына өңіраралық сұраныстың өсуі;

металлургия, машина жасау кластерлерін дамыту;

шикізат пен бөлшектердің экспортын және импортын жеңілдететін ЕАЭО-ға бірігуге байланысты нарықты кеңейту;

елішілік және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ең ірі шикізат жеткізушілер және төмен қайта өңдеудің құрамдық негізі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану;

өз кезегінде шектес салалар тарапынан өңірішілік сұраныстың өсуі;

өндірілетін түсті металлдар негізінде жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістерді құру.

Қатерлер:

минералды-шикізат базасының таусылуы;

шикізат (металл сынықтары, мұнай) тапшылығының өсуі;

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

шикізатты және дайын металлдарды теміржол тасымалына тарифтердің тез өсуі;

халық кетуінің артуы және білікті кадрларды жоғалту;

Ресейде, Қытайда бәсекенің өсуі;

өңірде экологиялық жағдайды нашарлататын жаңа өндірістік қуаттылық-тарды салуға қоғамның теріс көзқарасының өсуі.

Жүргізілген SWOT-талдау нәтижесі бойынша мынадай проблемалар анықталды:

металлургиялық өнеркәсіпте шикізатты қайта өңдеудің төмен тереңдігі (болатты қайта өңдеуді қоспағанда): түпкілікті өнім өндіру жалпы шығарудан шамалы үлесті құрайды;

ресей өндірісі құрылыс өнімінің демпингі;

негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

Қазақстан Республикасында коммерциялық сұраныстың жалпы төмен-деуі;

станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

Ресей Федерациясына электр энергиясы экспортының тоқтатылуы;

технологиялық жабдықтар тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы.




2.1.1.3 Агроөнеркәсіптік кешен

Тұтас алғанда облыс және республика экономикасының маңызды құрам-ды бөлігі агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) болып табылады, себебі мұнда қоғам үшін маңызды экономикалық әлеует және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі шоғырланған.

Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығы өндірісі өнімінің үлесі шама-мен 4%-ды құрайды.

Жалпы жер аумағы 11,0 млн. га құрайды, соның ішінде, ауыл шаруа-шылығы алқаптары – 4,4 млн. га, оның ішінен егістік – 1,4 млн. га.

Ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің негізгі бағыттары болып табылады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы өнімі басым, орташа алғанда үлесі 57% құрайды.

2012-2014 жылдар ішінде жалпы өнім көлемінің өсуі бойынша мынадай тұрақсыз үрдіс қалыптасты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі

Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млрд. теңге, соның ішінде:

79,6

118,7

106,8

1.1

өсімдік шаруашылығы, млрд. теңге

25,2

62,4

48,7

1.2

мал шаруашылығы, млрд. теңге

54,2

56,2

58,0

2

ҚР бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ, %

82,2

111,7

100,8

3

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ, % соның ішінде:

89,2

133,4

90,6

3.1

Өсімдік шаруашылығының НКИ, %

78,4

193,3

77,3

3.2

Мал шаруашылығының НКИ, %

98,8

105,0

105,4


2014 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 90,6%-ды құрады, төмендеуге қолайсыз ауа райы жағдайларынан өсімдік шаруашылығы саласында 22,7%-ға құлдырау ықпал етті.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің тұрақты өндірісі мақсатында қарқынды ылғал сақтау ресурстарын және ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің топырақ қорғаныш технологияларын игеру, суармалы егін шаруашылығының аумақтарын қалпына келтіру, прогрессивті жаңбырлату техникасын қолдану бойынша шаралар қабылдануда.

Талданған 3 жылдық кезеңнен өсімдік шаруашылығы саласы үшін аса қолайлысы 2013 жыл болды. Облыс бойынша дақылдардың орташа өнімділігі 11,7 ц/га құрады.

2015 жылы орташа өнімділік 8,5 ц/га болған кезде 500 мың тоннадан аса астық алу болжануда.

Облыс республикада тары өндірісі бойынша бірінші орын (37,2%), қара-құмық бойынша екінші орын (21,3%) алады.

Жыл сайын суармалы егін шаруашылығының аумағы кеңеюде. Соңғы төрт жыл ішінде 20,8 мың га қалпына келтірілді, оның ішінен 2015 жылы
4,3 мың га енгізілді.

3 жыл ішінде АӨК-тің техникалық жарақтандырылуының сапалы өсуі үшін 901 ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды. Павлодар облысы бойынша заманауи ылғал сақтайтын жаңбырлату техникасын қолданатын аумақтар бойынша республикада жетекші орындарды алады. Облыс бойынша барлығы 342 бірлік суару машинасы қолданылады.

Мал шаруашылығында 54,3% ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Салада ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ), жылқы, құс санының және ет, сүт, жұмыртқа өндірісі көлемдері өсуінің тұрақты үрдісі сақталады.

Ауыл шаруашылығы малдарының табындық құрылымында негізгі үлес ІҚМ-ға (62,6%), қойлар мен ешкілерге (бұдан әрі – ҰҚМ) (1,7%), жылқы (11,6%) тиесілі.

Мал шаруашылығының ет бағыты (ІҚМ және қой өсіру) Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарында, Екібастұз қаласының ауылдық аймағында, сүтті мал шаруашылығы – Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында шоғырланған.

Қымызды жылқы шаруашылығы дамуда, Лебяжі, Май аудандарында және Павлодар қаласында қымыз өндіру және құю бойынша цех құрылуда.

Жем-шөптің жоғары құнынан және шошқаға сұраныстың төмендеуінен үй шаруашылықтарында шошқа басының қысқаруы байқалуда.

Құс шаруашылығында ет және жұмыртқа бағытындағы 2 құс фабрикасы жұмыс істейді.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бірқатар жұмысты асыл тұқымды шаруашылықтар жүргізеді. 2015 жылғы 1 қаңтарға асыл тұқымды малдардың саны мынаны құрайды: ІҚМ – 34 539 бас, ҰҚМ – 15 360 бас,
жылқы – 8 315 бас, шошқа – 5 629 бас.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары есебінен асыл тұқымды ІҚМ басының үлес салмағы 9,0%-ға ұлғайды, жылқы – 7,7%, шошқа – 9,9%.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру мал шаруашылығын дамытудың басымды бағыттарының бірі болып табылады, 2014 жылы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Шарбақты ауданында 3 000 басқа арналған ірі мал бордақылау алаңшасы іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді қамтамасыз ету және нарық-тарды жергілікті кәсіпорындардың өнімімен толтыру үшін 302 дайындау пункті және 367 өңдеу объектісі қызмет істейді.

Барлық өнім түрлерінің өндіріс көлемдері артуда. 2014 жылы ынталан-дыру факторы ретінде сүтті терең өңдеу өнімдері өндірісін субсидиялау әсер етті.

Қайта өңдеу кәсіпорындары жабдықтарды жаңғырту және қайта жаңар-туды тұрақты жүргізеді, жаңа объектілер іске қосылуда, соның ішінде Павлодар ауданының «Заря» ШҚ жылына 87,6 тонна дайын өнім қуаттылығымен кө-көністерді өсіру және өңдеу бойынша агрокешен құру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда. 2015 жылы «Темірком» ЖШС етті қайта өңдеу, жартылай фабрикаттар өндіру бойынша объект пайдалануға берілді.

Өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті халықтың қажеттілігін жергілікті өндірістің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие.

Былғары шикізатын «Web-blue» жартылай фабрикаттарына дейін қайта өңдеумен «Қазэкспорткожа» ЖШС айналысады. 2015 жылғы сәуірден бастап кәсіпорын өндірістік қызметті жаңғыртты, Қытайға, Түркияға және Белоруссия Республикасына 488 тонна жартылай фабрикат сатылды. Шикізат сатып алу облыста және Қазақстанның басқа өңірлерінде жүзеге асырылады. Жоспарға сәйкес 2016 жылдың соңына қарай кәсіпорын жылына 1 085 тонна өнім өндіру бойынша толық қуаттылыққа шығуды жоспарлауда.

2014-2015 жылдарға арналған тұрақтандыру қоры құрылды. Өнім Павло-дар қаласының әлеуметтік және сауда орындарында, облыстың сауда объекті-лерінде және Павлодар қаласында апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмең-кесінде сатылады.

Салынған инвестициялардың көлемі тұрақты өсуде. Ірі жобалар іске асы-рылды, соның ішінде 4 мың тонна ет өндіру бойынша құс фабрикасы, 3 000 ІҚМ басына арналған мал бордақылау алаңшасы, 16 000 басқа арналған шошқа кешені, 1 000 басқа арналған репродуктор.

Инвестициялардың өсуіне «Агробизнес – 2020» бағдарламасы шеңберін-де инвестициялық салымдарды өтеу әсер етті.

2015 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жал-пы өнім көлемі 49,7 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қара-ғанда 104,5% құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 100%, мал ша-руашылығында – 105,3%.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

өндірістік әлеуеттің болуы;

су ресурстарымен қамтамасыз етілгендік;

алқаптық және жайылымдық шабындықтардың болуы;

мал шаруашылығы өнімі өндірісінің орнықты өсуі;

облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты тамақ өнімде-рінің негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етілуі.

Осал жақтары:

ұсақ тауарлы өндіріс;

ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдығының физикалық және моральдық тозуы;

асыл тұқымды малдың төмен үлесі;

жеткіліксіз жем-шөп базасы;

ауыл шаруашылығы өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетіл-мегендігі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым құралдарының жетіспеушілігі;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кредит ресурстарына төмен қол жетімділігі;

АӨК-те білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктер:

АӨК әлеуетін толық пайдалану;

өнімнің бәсекеге қабілеттілік өндірісі;

ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

АӨК-ті дамыту бойынша көзделген шараларды іске асыру (сүт-тауар фер-масын, мал бордақылау алаңшасын, жасанды ұрықтандыру пункттерін және т.б. салу).

Қатерлер:

құрғақшылыққа және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық түлік қауіпсіздігінің қатерлері;

кепіл мүлігінің болмауынан инвестицияларды тартудағы қиыншылықтар;

жануарлардың аса қауіпті ауруларының жайылуы;

ауыл шаруашылығы малдарының төмен өнімділігі;

технологиялық құрал-жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы.

Ауыл шаруашылығын дамытуды тежейтін проблемалар:

ұсақ тауарлы өндіріс, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

картопты және көкөністерді терең қайта өңдеу жеткілікті дамымаған;

машина-трактор паркінің тозуы;

кредиттеу үшін кепіл мүлігінің жетіспеушілігі;

білікті кадрлардың тапшылығы.

Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет