Павлодар облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы Мазмұны


Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда



бет7/19
Дата17.06.2018
өлшемі2,33 Mb.
#43161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
2.1.1.4 Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

Шағын және орта бизнесті дамыту облыс экономикасын дамытудың басымды бағыты болып табылады.

Жыл сайын облыс бойынша ШОК саны артуда.

2012-2014 жылдар ішінде заңды тұлғалардың саны 149 бірлікке төмендеді және 9 243 бірлікті құрады. Тіркелген ШОК субъектілерінің құрылымында заң-ды тұлғаларға орташа алғанда үш жыл ішінде 17,7% тиесілі.

2014 жылы тіркелгендердің жалпы санында белсенді ШОК субъектілері-нің үлесі 64,8%-ды құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 1,9 пайыздық тармаққа жоғары және 2012 жылғы деңгейден 5,6 пайыздық тармаққа жоғары.

ШОК құрылымында ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде белсенді субъектілердің едәуір үлесі жеке кәсіпкерлерге (бұдан әрі – ЖК) тиесілі
(2012-2014 жылдар ішінде орташа алғанда – 81,2%). Шаруалық және фермерлік қожалықтар (бұдан әрі – ШФҚ) белсенді ШОК субъектілерінің жалпы санынан орташа алғанда 9,9% құрайды, заңды тұлғалар – 8,9%.

Заңды тұлғалар белсенді тұлғалардың жалпы санынан тек 9,9% құрай-тынына қарамастан, олар секторда жұмыспен қамтудың жартысынан астамын қамтамасыз етеді (59 665 адам немесе ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 51,2%). 2012-2014 жылдар ішінде орташа алғанда ШОК-та жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 43,1%-ы немесе 50 225 адам ЖК-ға тиесілі. ШФҚ талданатын кезең ішінде орташа алғанда ШОК-та жұмыспен қамтылудың 5,7%-ын немесе 6 699 адамды қамтамасыз етті.

Ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілері өндірген өнім-нің едәуір үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (2012-2014 жылдар ішінде орташа алғанда – 81,7%). ШФҚ ШОК субъектілері шығарған өнімнің жалпы көлемінен орташа алғанда 8,2%-ын, ЖК – 10,1%-ын өндіреді.

Жедел статистикалық деректер бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 17,1% құрады. Бұл ретте ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2012 жылмен салыстырғанда (11,9%) 5,2 пайыздық тармаққа және 2013 жыл-мен салыстырғанда (12,1%) 5,0 пайыздық тармаққа ұлғайды.


Р/с



Көрсеткіш атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік

51 542

53 680

54 546

2

Белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік

30 539

33 783

35 348

3

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі, %

59,2

62,9

64,8

4

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны, адам

110 144

116 100

123 527

5

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

334 143

360 633

538 081


2010 жылдан бастап ШОК-ты қолдау және дамыту мақсатында «Бизнес-тің жол картасы – 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020) іске асырылуда.

Павлодар облысына «БЖК-2020» іске асыру үшін 2012-2014 жылдар ішінде республикалық бюджеттен 10,1 млрд. теңге бөлінді.

2012-2014 жылдар ішінде «БЖК-2020» шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасы 74,5 млрд. теңге болатын 410 жоба субсидияланды, инвестиция-лардың жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге болатын 57 кредит бойынша ішінара кепілдендіру берілді, жалпы сомасы 60,0 млн. теңге болатын 20 грант берілді, жалпы сомасы 5,5 млрд. теңге болатын 25 жоба бойынша инфрақұрылым жеткізуді қаржыландыру мақұлданды.

2012-2014 жылдар ішінде Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде қолдау алған жобалардың саны

Р/с



Құралдың атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

саны

сомасы

саны

сомасы

саны

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субси-диялау, млрд.теңге

145

25,4

150

30,6

115

18,5

2

Банк кредиттері бойын-ша ішінара кепілдендіру, млн.теңге

10

554,6

15

178,8

32

402,6

3

Мемлекеттік гранттар беру, млн. теңге

-

-

15

45,0

5

15,0

4

Жетіспейтін инфрақұры-лымды жеткізу, млрд. теңге

10

2,4

9

1,7

6

1,4


Бағдарлама іске асырылған уақыт ішінде қатысушылардың көпшілігі Павлодар қаласы мен Ақсу және Екібастұз моноқалаларында жобаларды іске асыруда. Осыған байланысты, 2014 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық аймақ (облыс аудандарын) кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау құралдарымен қамтылуы 10%-дан аспайды.

Мақұлданған жобалардың және жасалған субсидиялау шарттардың саны бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыс республикада бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» «БЖК-2020» төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қызмет ұсыну, кәсіпкерлік негіз-деріне оқыту, шетелде тәжірибеден өту сияқты қаржылық емес қолдау көрсе-тіледі.
Оқытылған кәсіпкерлер саны

адам

Р/с



Оқыту түрінің атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

5

1

«Бизнес-кеңесші»

772

904

1 224

2

«Бизнес-кеңесші 2»

-

-

281

3

«Іскерлік байланыстар»

19

21

17

4

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту»

9

14

17

5

«Аға сеньорлар»

-

1

1

6

«Жас кәсіпкер мектебі»

-

-

60


2012-2014 жылдар ішінде 4 306 сервистік қызмет көрсетілді. «BAS бағ-дарламасы» жобасы шеңберінде Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) грант сомасы 3,04 млн. теңге болатын
2 жобаны мақұлдады («KenesAgro» ШҚ ЖШС және «ҚазБытХим» ЖШС).

2013 жылдан бастап кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, мемлекеттік гранттар беру, жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу түрінде «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылуда.

2013-2014 жылдар ішінде ӨҮК отырысында инвестициялардың жалпы сомасы 5,7 млрд. теңге болатын кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субси-диялау бойынша 54 жоба, 68,0 млн. теңге сомаға гранттық қаржыландыру бойынша 24 жоба, 58,3 млн. теңге сомаға жетіспейтін инфрақұрылымды жет-кізу бойынша 2 жоба мақұлданды.

Сонымен бірге, облыс ШОК-тың дамуына ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредит беру бойынша «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі – «ЖҚ2020ЖК») бағдарламасының екінші бағытын ойда-ғыдай іске асыру елеулі үлесін қосады.

2012-2014 жылдар ішінде облысқа «ЖҚ2020ЖК» бағдарламасының екінші бағытын іске асыруға 2,6 млрд. теңге бөлінді, 1 131 микрокредит берілді.

Осы «ЖҚ2020ЖК» бағдарламасына қатысу бойынша кәсіпкерлердің ең көп белсенділігі Баянауыл ауданында (107 жоба), Павлодар ауданында
(98 жоба), Ертіс ауданында (97 жоба) және Лебяжі ауданында (96 жоба) байқалуда.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту;

кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ойда-ғыдай іске асыру;

мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкерлер санының өсуі;

салалық бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы-ландырудың жыл сайынғы ұлғаюы;

ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру;

ШОК үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша әкімдіктің жүйелі жұмысы;

«бір терезе» қағидаты бойынша рұқсат беру құжаттарының бөлімін құру;

іске асырылатын салалық бағдарламалар шеңберінде қолданыстағы жұ-мыс орындарын сақтау және жаңасын құру;

ШОК-ты дамыту мәселелері бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, екінші деңгейлі банктермен, қаржы институттарымен нәтижелі ынтымақтас-тық.

Осал жақтары:

салалық бағдарламаларды іске асыру, соның ішінде облыс аудандарында іске асыру туралы кәсіпкерлердің жеткіліксіз хабардар болуы;

кәсіпкерлерді қолдау бойынша, мемлекеттік бағдарламалардың жекеле-ген құралдарының жеткіліксіз деңгейі;

аудандық әкімдіктердің кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту бойынша осал жұмысы.

Мүмкіндіктер:

республикалық және жергілікті бюджеттерден жаңа инвестициялық жо-баларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар-ды қаржыландыру;

инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құру;

жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру;

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау шарасын пайдалану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызмет тиімділігін дамыту және арттыру;

жаңа мемлекеттік қолдау құралдары шеңберінде өңірде ШОК-ты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қатерлер:

макроэкономикалық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы;

бюджеттік ресурстардың тапшылығы себебінен мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландырудың азаюы;

кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуі.

Жүргізілген SWOT-талдау нәтижелері бойынша мынадай проблемалық мәселелер анықталды:

АЕМ-нің мемлекеттік қолдау құралдарымен төмен қамтылуы;

қаржылық проблемалар: кредит ресурстарына қол жеткізудің шектеулігі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, құжаттарды қарау мерзімдерінің ұзақтығы.

Ішкі сауда. 2012-2014 жылдары сауда серпінді дамыды. 2014 жыл ішінде облыста бөлшек тауар айналымы 9,0%-ға өсті (республика бойынша – 7,9%) және 290,3 млрд. теңгені құрады. 2015 жылғы қаңтар-тамыз ішінде бөлшек сауданың НКИ 103,7%-ды құрады.

2012-2014 жылдар ішіндегі бөлшек сауда серпіні

Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

ҚР

2014 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1

Бөлшек тауар айналымы

млрд. теңге

198,4

248,3

290,3

6 332,3

2

Бөлшек тауар айналымының НКИ, %

%

101,9

121,0

109,0

107,9

3

Азық-түлік тауарларын сату үлесі

%

30,5

24,1

43,8

34,9

4

Азық-түлік емес тауарларды сату үлесі

%

69,5

76,9

56,2

65,1


Аумақтар бөлінісінде қалаларда тауар айналымының шоғырлануы байқалуда: негізгі көлемі Павлодар (61,9%), Екібастұз (17,5%), Ақсу (11,2%) қалаларына; облыс аудандарына – 9,4% тиесілі.

Өңірде бөлшек сауданың 4 591 объектісі (соның ішінде – 1 583-і ауылдық жерде), 4 451 сауда орындарында 32 нарық жұмыс істейді.

Сала үшін шағын кәсіпкерліктің жоғары мәні және заманауи сату форматтарының төмен деңгейі тән: сауданың 62,5%-ы шағын кәсіпорындардың тауар айналымына тиесілі, 16,1% – нарықтардағы сауда (орташа республикалық көрсеткіш – 14,5%), 6,8% - ірі сауда кәсіпорындары (орташа алғанда Қазақстан бойынша – 15,7%).

Облыста сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес жаңа форматтағы
8 ірі сауда объектісі ашылды.

SWOT – талдау.

Күшті жақтары:

тұтыну тауарларының бәсекеге қабілетті өндірістерін, жаңа технология-лар трансфертін қолдаудың жүйелі шараларын іске асыру;

өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыру, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру;

өңірлік Кәсіпкерлер палатасының және облыс әкімдіктерінің тиімді әріп-тестік ынтымақтастығының болуы;

ШОК үшін әкімшілік кедергілерді жоюы бойынша әкімдіктің жүйелі жұ-мысы;

әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағасына қалыптасқан мониторинг жүйесі;

тауарлардың көтерме және бөлшек саудаға түсуін ұлғайту;

қалыптасқан көтерме және бөлшек сауда желілерінің болуы.

Осал жақтары:

ТМД және Кедендік одақ елдерінен тұтынушылық тауарлардың импорт-тық жеткізуіне тәуелділік;

отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің біржақтылығы, оның им-порттық тауарлармен салыстырғанда осал бәсекеге қабілеттілігі;

сауда объектілері үшін инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдаланудың жоғары құны;

жаңа дүкендер үшін аумақтардың жетіспеушілігі немесе жұмыс істеп тұр-ғандарын кеңейту;

айналым қаражатының тапшылығы және сауда кәсіпорындарының жоға-ры қарыздық жүктемесі;

көлік-логистикалық орталықтардың болмауы, сондай-ақ қалаларды ауыл-дық жермен байланыстырудағы логистикалық проблема;

ауылдық жерде сауданы дамыту бизнесі үшін жеткіліксіз тартымдылық;

бөлшек сауда нарықтарының көлеңкелі тауар айналымының болуы.

Мүмкіндіктер:

облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында республикалық және облыс-тық бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбекақыны және басқа төлемдерді ұлғайту;

инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жұмыс орындарын құру;

қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық өнім өндірісінің өсуі;

Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану есебінен сауда инфрақұрылымы қызметінің тиім-ділігін дамыту және арттыру;

белгілі бір талаптарға сәйкес келмейтін сауда объектілері қызметіне кезең-кезеңмен тыйым салу үшін реттейтін тетіктерді қолдану.

Қатерлер:

макроэкономикалық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы;

сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайларында жүйе құ-раушы компаниялардың өніміне сұраныстың төмендеуі шағын және орта бизнеске әсер етеді;

облыс экономикасының салаларын дамытудың болжамды параметрлері-нің орындалмауы, нәтижесінде халықтың сатып алу қабілеті төмендеді;

жекелеген өңірлік сауда кәсіпорындары мен сауда желілерінің банкрот-тығы;

өңірлік сауда объектілерінің шетелдік сауда желілері тарапынан ығысты-рылуы;

ірі сауда компанияларының шағын бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың жеткіліксіз деңгейі, оны құру үшін инвестициялар тарту қажеттілігі мәселесі тұтынушылық тауар-лар өндірісі және сату секторында негізгі проблемалардың бірі болып көрсетіл-ген.

Сонымен қатар, делдалдық құрылымның болуы сауда саласындағы проб-лема болды, оның азық түлік нарығындағы қызметі, ең алдымен әлеуметтік ма-ңызы бар тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне негізделген.

2.1.1.5 Өңіраралық ынтымақтастық

2013 жылы Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыс-тарының өңіраралық ынтымақтастығы жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Іс-шаралар жоспары 80-тармақты іске асыруды көздейді, соның ішінде тауар өндірушілерді қолдау, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, кәсіп-керлік, инновациялар, ауыл шаруашылығы бойынша және басқа салалар.

2014 жыл ішінде Павлодар облысының резиденттері 233,2 млрд. теңге сомаға өнеркәсіптік өнім жөнелтті. Бұл республикадағы 5 орын (Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан кейін).
2014 жыл ішінде құндық нақтылауда резиденттерге өнеркәсіптік өнім жөнелтілді (басқа өңірлерге)

Р/с №

Өңірлердің атауы

2014 жыл, млн. теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

65 350,8

2

Ақтөбе облысы

8 095,0

3

Алматы облысы

41 684,0

4

Атырау облысы

1 905,4

5

Батыс Қазақстан облысы

369,0

6

Жамбыл облысы

15 272,3

7

Қарағанды облысы

18 759,2

8

Қостанай облысы

20 409,5

9

Қызылорда облысы

4 124,0

10

Маңғыстау облысы

991,5

11

Оңтүстік Қазақстан облысы

9 820,1

12

Солтүстік Қазақстан облысы

4 593,0

13

Шығыс Қазақстан облысы

10 071,3

14

Астана қаласы

27 697,7

15

Алматы қаласы

4 105,5




Барлығы

233 248,3


Павлодар облысы кәсіпорындарының Ақмола облысына 65,4 млрд. теңге, Алматы облысына 41,7 млрд. теңге, Астана қаласына 27,7 млрд. теңге, Қостанай облысына 20,4 млрд. теңге және Қарағанды облысына 18,8 млрд. теңге өнімді жеткізудің едәуір көлемдері байқалады.

Бұл ретте Қазақстанның өңірлері Павлодар облысына 336,8 млрд. теңге сомаға өнеркәсіптік өнім жөнелтті.

Павлодар облысына өнім жеткізудің едәуір көлемін Қызылорда облысы 182,9 млрд. теңге, Ақтөбе облысы 73,0 млрд. теңге және Маңғыстау облысы 26,1 млрд. теңге жүзеге асырады.

Павлодар қаласында әзірленген 2015 жыл ішіндегі тауарлардың жұмыс-тар мен қызмет көрсетулердің тізбесі бар облыс тауар өндірушілерінің тізім-демесі облыс әкімдіктеріне жіберілді, облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасының сайтына орналастырылды және 2015 жылғы 19 наурызда облыс орталығында «Қазақстанда жасалған» жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі өңірлік форумының барлық қатысушыларына үлестірме материал ретінде ұсынылды.

Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде 2015 жылғы маусым-да Павлодар және Маңғыстау облыстарының арасында делегациялармен алма-су өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Павлодар облысы кәсіпорындарының өнім жеткізуіне арналған ниеттерге қол жеткізілді: өнеркәсіп – 4 213,0 млн. теңге сомаға, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер – 7,5 млрд. теңгеге (100 мың тонна картоп, 50 мың тонна сәбіз және қырыққабат).

Облысаралық сауда облыстардың бірігуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың шеңберінде жүзеге асырылады.

Өңіраралық ынтымақтастықтың серпіні республиканың өңірлерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тауарларды көтерме бағамен сатып алумен айналысатын кәсіпорындардың деректері негі-зінде талданады.
Республиканың өңірлерінде және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тауарларды көтерме бағамен сатып алу

Р/с №

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

1

2

3

4

1

Павлодар облысынан тыс заңды тұлғалардан бар-лығы сатып алынды (ҚР резиденттерінен және резидент еместерінен), млн. теңге, соның ішінде:

26 885,4

31 942,8

1.1

басқа өңірлерде сатып алынды, млн. теңге

9 412,6

19 943,2

1.2

Павлодар облысынан тыс сатып алудың жалпы көлемінде республиканың басқа өңірлерінде са-тып алынған тауарлардың үлес салмағы

35,01

62,43

2

Қазақстан Республикасының тыс аумақтарынан сатып алынды, млн.теңге

17 472,8

11 999,6

2.1

Павлодар облысына әкелетін өнімнің жалпы көлеміндегі республикасының тыс аумақтарынан сатып алынған тауарлардың үлес салмағы, %

64,99

37,57


Осы талдаулар облыстың тыс аумақтарынан сатып алынатын өнім көлеміндегі қазақстандық үлестің едәуір ұлғаюын көрсетеді. 2014 жылы Қазақстанның басқа облыстарындағы сатып алудың үлес салмағы ҚР резидент еместерінен сатып алынған өнімнің үлесімен салыстырғанда 1,7 есе өсті.

Соңғы жылы Павлодар, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары 2013-2015 жылдарға арналған облыс әкімдерінің арасында жасалған Ынтымақтастық және өңіраралық байланыстар жөніндегі негіздемелік келісім-ге сәйкес өңіраралық өзара іс-қимылды біршама кеңейтті.

Сонымен бірге, облысаралық сауданы дамытуда бірқатар проблемалар сақталуда. Мысалы, көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байла-ныстағы елдің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы біршама арақа-шықтығы өңіраралық тасымалдардың жоғары көлік шығындарына негізделген.

Дәстүрлі әріптес елдермен (Ресей, Белоруссия, Қытай, ЕО елдері) салыс-тырғанда тұтынушылық тауарларды өндірушілер басым бөлігінің төмен бәсе-кеге қабілеттілігі тұтынушылық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың басымдығын сақтайды.

«Басқа облыстың резиденттерінен және резидент еместерден сатып алын-ған тауарлардың жалпы көлеміне қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (50-ден аса адам жұмыс істейтін көтерме сауда кәсіпорындары бойынша)» нысаналы индикатор бойынша 2015 жылға бағалау 60% деңгейінде болжануда, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен төмен (62,43%).

Осы төмендеу ағымдағы жылы резиденттерден сатып алушылық сұраныс-тың қысқаруы және Ресей Федерациясында сатып алынатын тауарлардың ұлғаюы есебінен күтілуде, бұл ресей рублінің жағдайына байланысты.

2016 жылдан бастап 2020 жыл аралығы кезеңінде көрсеткіштің ең аз жыл сайынғы өсуі 2-3% құрайды.

Күшті жақтары:

меншік минералды-шикізат базасының болуы;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік;

түсті металлургияның экспортқа бағдарланған өнім өндірісі бойынша жетекші компаниялардың болуы;

өнімнің ірі нарық импорттаушыларына жақындық (Ресей, Қытай);

отандық тауар өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

жыл сайынғы өңіраралық іс-шаралар өткізу («Дипломмен – ауылға» бос орын жәрмеңкесі, инвестициялық форумдар, азық түлік тауарларын және мал сату бойынша көшпелі жәрмеңкелер, ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнесті дамытудың әріптестік бағдарламалары, мәдениет және спорт саласындағы жобалар).

Осал жақтары:

технологиялық жабдықтың жоғары тозуы (70%-ға дейін), негізгі қорлар-дың баяу жаңартылуы;

кәсіпорындарда өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жарақтан-дыру үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

өндірілетін өнімнің көп бөлігінің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

республиканың өңірлері бойынша өнім қажеттілігі туралы ақпараттың болмауы.

Мүмкіндіктер:

республикалық көлік-логистикалық инфрақұрылымын құру;

өндірілетін өнімнің өткізу нарығын кеңейту, соның ішінде шикізат экс-порты мен импортын жеңілдететін ЕАЭО-мен бірігуге байланысты;

елішілік және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлем-дегі ірі шикізат жеткізушілері және төмен қайта өңдеудің құрауыш негізі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану;

өндірілетін түсті металлдар негізінде жоғары қосылған құны бар жаңа өндірістер құру;

бәсекеге қабілеттілікті арттыру.

Қатерлер:

машина, құрал-жабдық, механизмдер импортының жоғары көлемдері, бұл металдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушысы машина жасау және ас-пап жасау саласының дамуын тоқтатады;

Қытай және Ресейдің машина жасау саласының тарапынан бәсекелес-тіктің болуы;

минералды-шикізат базасының таусылуы;

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

отын мен энергия тасушыларға бағаның артуы кезінде көлік шығыстары-ның өсуі;

елдің ішкі нарығына белгілі бір әсер ететін сыртқы экономикалық жағдай-ды өзгерту (ДСҰ-ға кіру, Кедендік одақ қатысушы елдері санының өсуі).

Өңіраралық ынтымақтастықтың проблемалары мыналар:

республиканың өңірлері бойынша өнім қажеттілігі туралы ақпараттың болмауы;

көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байланыстағы елдің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы біршама арақашықтығы өңір-аралық тасымалдардың жоғары көлік шығындарына әкеледі;

дәстүрлі әріптес елдермен (Ресей, Белоруссия, Қытай, ЕО елдері) салыс-тырғанда тұтынушылық тауарларды өндірушілер басым бөлігінің төмен бәсе-кеге қабілеттілігі тұтынушылық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың басымдығын сақтайды.

Каталог: images -> doc
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
doc -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым
doc -> Негізгі орта білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
doc -> Тәлімгер портфолиосын құрудың негізгі принциптері
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет