Пба-мен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің әртүрлі деңгейлері үшін жабдыққа қандай талаптар қойылады?


ПБА-мен жұмыс істеу кезінде зертхананың техникалық сипаттамаларын сипаттаңыз



бет18/23
Дата12.12.2023
өлшемі132,26 Kb.
#196558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Қауіпсіздіктің-www.emirsaba.org
Тест Математика 6 сынып , ТЖБ ҚАЗАҚ ТІЛІ, Презентация «Ішкі аурулар пропедевтикасы»-www.emirsaba.org

ПБА-мен жұмыс істеу кезінде зертхананың техникалық сипаттамаларын сипаттаңыз

Зертханаларда:



    1. инфекциялық материалмен зерттеу жүргізілетін үй-жайда тірі вакцинамен жұмыс істеуге;


    2. микробиологиялық зертханада зерттелетін микроорганизмдер сезімтал болатын дәрілік препараттар болмаған кезде вирулентті антибиотикке төзімді микроорганизмдермен эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;


    3. жағылған оттықтарды және басқа да қыздыратын аспаптарды бақылаусыз қалдыруға, шүмектері жарамсыз оттықтармен жұмыс істеуге, олардың жанында тез тұтанатын заттарды ұстауға;


    4. жанып тұрған оттықтар және қосылып тұрған электрлі қыздырғыш аспаптардың жанында төгілген өртке қауіпті заттарды жинауға;


    5. жұмыс уақытында бокстың есігін ашуға жол берілмейді.


Зертхананың орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықтау, кәріз жүргізу, электрмен жабдықтау, жылыту жүйелері болуы тиіс.:


Елді мекенде орталықтандырылған су құбыры және кәріз жүргізу болмаған жағдайда, автономды сумен жабдықтау және кәріз жүйелері орнатылады. Зертханада персоналдың қолдарын жууға арналған раковина және араластырғыш арқылы ыстық және суық су келтірілген ыдыстар мен мүкәммалды жууға арналған ванналар жабдықталады.

Зертхана жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен және сыртқа шығару шкафтарынан ауаны соруға арналған жеке (автономды) желдеткіш құрылғыларымен жабдықталады.

Жұмысшы үй-жайлары ауасында жарылыс қаупі бар және улы газдардың, булардың және шаңның болуы рұқсат етілген шекті шоғырланудан аспауы тиіс.

Зиянды және ыстық булар мен газдар бөлетін заттармен жұмыстар жүргізілетін сыртқа шығару шкафтары будың тығыздығына байланысты автоматты іске қосылатын жоғарғы және төменгі сорғыштармен және сұйықтықтың еденге ағып кетуін болдырмайтын ернеулермен жабдықталады.

Сыртқа шығару құрылғылары 15-20 сантиметрге (бұдан әрі – см) ашық тұрған шкафтардың қайырма жақтауларында ауаны сору жылдамдығы секундына шамамен 0,5-тен 0,7 метр (бұдан әрі – м/сек) дейін жылдамдықты қамтамасыз етуі тиіс. Қауіптілігі 1 және 2 сыныпқа жататын аса қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде ауаның жылдамдығы 1 м/сек дейін көбейтілуі тиіс.

Сыртқа шығару шкафтарының жүйесін ажыратқыштар оларға жақын орналасады, шкафтарда орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде, газ шүмектері алдыңғы ернеуінде, штепсельдік розеткалар сыртқа шығару шкафынан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде немесе шкафтың ішінде орналастырылады.

Сыртқа шығару шкафтарының және БҚБ-ның желдету жүйесінің ажыратқыштары оларға жақын орналасуы тиіс, шкафтарда және БҚБ-да орнатылған аспаптарды қосатын розеткалар сыртқы панелінде; газ шүмектері алдыңғы ернеуінде; штепсельдік розеткалары сыртқа шығару шкафтан немесе БҚБ-дан тыс жұмыс үстелінің бүйірінде орналасуы тиіс.

Сыртқа шығару шкафтарының жақтаулары (есіктері) жұмыс кезінде төменгі жағында кішігірім саңылаумен жабылады. Көтеріңкі жақтаулары олардың құлап кетуін болдырмайтындай құрылғылармен мықтап бекітіледі.

Егер зерттеу әдістемесінде өзгеше көзделмесе, зертхана үй-жайларындағы ауаның температурасы плюс 18- 21 градус Цельсий (бұдан әрі - оС) шамасында, салыстырмалы ылғалдығы 40 пайыздан (бұдан әрі - %) 70 %- ға дейін ұсталады.
Үшінші және төртінші климаттық аймақ аудандарында орналасқан ғимараттарда жазғы кезеңде ауа баптағыштар, микробиологиялық зертханаларда қосымша дезарлар орнатылады. Жұқтырылған материалмен жұмыс істеген кезде ауа баптағыш ажыратылады.

Зертхана үй-жайларының табиғи және жасанды жарығы болуы тиіс. Жұмыс бөлмелерінің терезелері оңтүстікке бағытталған кезде жұмыс үстелдерін және оптиканы күн сәулесінің тікелей түсуінен жалюзді пайдалану арқылы қорғау қамтамасыз етіледі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет