Педагогика ғылым ретінде және оны білімнің ерекше саласына бөлу. Кез-келген ғылымды зерттеу, әдетте, осындай сұрақтарды түсінуден басталады: «белгілі бір ғылым қалай пайда болды және дамыды және оның зерттеу тақырыбы қандай болды?»


Л. В. Выготский бойынша жақын даму аймағы



бет65/65
Дата25.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#199238
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
1-100 пед ОТВЕТЫ
2023 год Реализация программы Читающая школа Варава РП КГУ Павловская СОШ Успенский район Павлодарская область
100. Л. В. Выготский бойынша жақын даму аймағы.
Л.Выготский бойынша, ЖАДА — оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. Ғалымның пікірі бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандар мен құрдастарымен қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.
Дамудың жақын арадағы аймағы — оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Күнделікті мектеп тәжірибесінде бұл түсінік оқушының тапсырманы біреудің көмегінсіз, қолдауынсыз оңай орындау қабілеті мен оқушының нақты кезеңде аса епті, білетін адамның көмегінсіз орындай алмайтын тапсырма арасындағы интервал деген қарапайым атауға ие бола алады. Осы мағынада ЖАДА оқушылардың оқуын және қарым-қатынасын қолдау үшін қажетті көмек деңгейін анықтауда білім мән мәтінінде құнды тұжырымдамалық құрылымды қамтамасыз етеді.
ЖАДА – бала тапсырмаларды білікті және өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін әрекеттер» аумағына қарама-қарсы қойылады. ЖАДА-да ересек адам өзара қарым-қатынас барысында тапсырманы алдыңғы білімдер және тәжірибемен байланыстыра отырып және қызметті жүзеге асыруда баланың мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып басшылық жасайды.
Көпіршелер.
ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін оқушыға ұсынылатын интерактивті мүмкіндіктерді америкалық педагог-психолог Жером Брунер «Көпіршелер тұрғызу» деп атаған.
«Көпіршелер тұрғызу» ұғымының метафоралық түрде қолданылуы астарында жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік жатыр. Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады.
Көпіршелер — тапсырманы орындауда оң нәтижеге жетуі үшін оқушыға көмек ретінде берілетін интерактивті мүмкіндіктер жиынтығы.
Түйін.
ЖАДА-да жұмыс баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны өздігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады. Бала психологиясында білуге, өз мүмкіндігіне жол ашуға, келе-келе дарындылыққа ұмтылу дағдылары қалыптасады.
ЖАДА-да көмек алып нәтижеге жеткен балада жаңа бір мүмкіндік әлемі ашылады. Мұны сезінген бала психологиясы даму аймағына мақсатты түрде бойлай береді. Өйткені, ол өзі алғашқы қадамнан-ақ білім шыңын бағындырмаса да, ЖАДА арқылы алынбас асу қалмайтынын түсінеді. Ал оның нәтижеге жетуіне көмектесетін көпіршелер мұғалім тарапынан зор жауапкершілікпен, шебер дәлдікпен ұсынылуы керек. Бала мұғалім ұсынған көпіршелерден көздегеніне жететін баспалдақ тұрғызып алады. Әрбір көпірше баланың біліміне білім қосуға, биікке жетелей түсуге құрылуы қажет.Менің педагог ретіндегі ЖАДА-ны қолданудағы басты ұстанымым – осы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет