Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы


Кезеңдеп оқыту технологиясын бастауышта қалай қолданамын



бет2/4
Дата23.10.2022
өлшемі78,71 Kb.
#154685
1   2   3   4
Байланысты:
кезеңдеп оқыту сөж
Балалардың аты жони, Әдіс туралы жалпы ұғым
2. Кезеңдеп оқыту технологиясын бастауышта қалай қолданамын.

Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.


Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
Кезеңдеп оқыту тиімді, нәтижелі болуы үшін:

  • Әр оқушыға жеке назар аударамын;

  • Психологиялық даму ерекшеліктеріне, білімді меңгеру дәрежесіне мән беремін;

  • Пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.

Кезеңдеп оқыту технологиясын сабақ барысында қалай қолданамын: Диагностикалық кезеңде оқушылардың білім деңгейіне диагностика жасаймын, оқушылармен бірлесе отырып оқу деңгейіне таңдау жасаймын. Оқушыларды топқа бөлу арқылы әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындаймын, оқушыларды топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатыстыру. Оқытуды іске асыру арқылы материалды оқу топтарын беру, оқушының оқу іс-әрекетіне атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша бағалауды жүзеге асыру.
Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

Кезеңдеп оқыту технологиясы процесінің компоненттері



Мақсаты

Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет