Педагогика және психология факультеті Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш білім кафедрасы


Ж.Қараевтің кезеңдеп оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген



бет4/4
Дата23.10.2022
өлшемі78,71 Kb.
#154685
1   2   3   4
Байланысты:
кезеңдеп оқыту сөж
Балалардың аты жони, Әдіс туралы жалпы ұғым
Ж.Қараевтің кезеңдеп оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Осылай бір кезеңнен келесі кезеңге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет