«Педагогикалық менеджмент» ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет4/5
Дата31.03.2018
өлшемі0,91 Mb.
#39945
1   2   3   4   5

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Басқарудың ғылыми-теориялық негіздері және басқарудың әдіснамасы.

  2. Сапа менеджменті жүйесі дегеніміз....

  3. СМЖ ны жоспарлауға, басқаруға, білім бері нәтижелерінің сапасын бағалауға ендіру қажеттілігін түсіндіріңіз.

  4. Педагогикалық кадрларды аттестациялау қалай жүзеге асады?

  5. Ұстаз еңбегін бақылауға қойылатын жалпы талаптарды анақтаңыз.

  6. Біліктілік арттыру және өздігінен білімін жетілдіру жрлдарын атаңыз.

Әдебиеттер:

  1. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой.-А:2001г

  2. Менеджмент в управлениии школой. Уч.пос / под.ред Т.И.Шамовой – М:2000г

  3. Бердалиева Н., Байболенова Л.А., Балошо Қ.Т. Ақпараттық менеджмент негіздері.-Алматы,2000

  4. Рахымбаев А. Б., Сабатаева Б.О. Меенджмент. Алматы,2006

  5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы 2006.


6-Тақырып: Педагогикалық менеджментті ақпараттық қамтамасыз ету.

Мақсаты: Педагогикалық менеджментегі ақпарат ұғымы маңызын анықтау. Білім беру саласы басқарушыларының ақпататтық қажеттілігін анықтау. Менедментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін түсіндіру.

Негізгі ұғымдар: Ақпарат, ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық технология, ақпараттандыру үрдісі, ақпататтық қажеттілік.

Жоспары: Ақпарат ұғымы оның педагогикалық менеджментегі рөлі мен маңызы. Басқарушылық ақпарат. Білім беру саласы басқарушыларының ақпататтық қажеттілігі. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға әсер ететін объективті және субъективті факторлар. Менедментті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігі. Жаңа ақпараттық технологияла, оларды басқару қызметін ақпараттандыру үрдісінде қолдану.
Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы

Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.

Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.

Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.

Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану технологиясын енгізуде, еңбекті басқару ғылыми ұйымдастырудың деңгейін арттырады.

 Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің  ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

 Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 Мұғалiмнің ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе "Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз - бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе "құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын "оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi" деп анықтайды.

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  "компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

• Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк    технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып - үйрену;

• Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып - үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

• Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды  жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi".

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.



Білім берудегі ақпараттық технологиялар

 Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

- дидактикалық бағыт;

- бағдарламалық ұсыныс;

- техникалық ұсыныс;

- пәндік аумақта қолданылуы.

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.   

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

-         компьютерлік оқулықтар;

-         оқытылатын мәліметтер қоры;

-         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар. 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

-         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

-         компьютерлік тренажерлер (КТ);

-         зертханалық практикумдер;

-         ойындардың бағдарламалы;

-         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.   

  Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

Олар:


  • бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

  • мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

  • инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

  • басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

-кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

- әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

- жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic­-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

- Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып    мектептi     басқарудағы басымдылықтарды анықтау;

-өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

- басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк­-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:


  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;

  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;

  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.

 Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.

Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.

Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттық мәдениет негiздерi" пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:



  • сезiмдi ынталандыру;

  • бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын  арттыру;

  • жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:

  • есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;

  • логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.

 Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.

 Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.



Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.     



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет