Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын саралау. Кесте арқылы талдап көрсету


М.А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі»



бет2/5
Дата10.11.2023
өлшемі127,73 Kb.
#190707
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàðäû? äàìó äèíàìèêàñûí ñàðàëàó. Êåñòå à
Тригонометриялық функциялар
М.А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі». Ал В.М. Монахов «Педагогикалық технологиялар – оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» деп көрсеткен.

Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.


Ынтымақтастық технологиясы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:
мұғалім оқушы, оқушы мұғалім, оқушы оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарымқатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А. Амонашвили). Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
оқушының белсенділігін арттыру;
оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
оқушы материалы сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.
Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (Шаталов В.Ф.) мынаны көздейді:
білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);
оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау).
Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;ізгілік, еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсіруге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.


Түсіндіре оза оқыту технологиясы (С.Н. Лысенкова). Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады; біртебірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту, түсіндіруді қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет