Педагогикалық технологиялардың даму динамикасын саралау. Кесте арқылы талдап көрсету


Дамыта оқыту технологиясы (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Дывыдов)



бет4/5
Дата10.11.2023
өлшемі127,73 Kb.
#190707
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ïåäàãîãèêàëû? òåõíîëîãèÿëàðäû? äàìó äèíàìèêàñûí ñàðàëàó. Êåñòå à
Тригонометриялық функциялар
Дамыта оқыту технологиясы (Л.С. Выготский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Дывыдов). Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни, бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші рөлі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болуы керек.
Модульдік оқыту технологиясы (В.М. Монахов). Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланылатын әдістерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтенді мақсатқа жету. Ойындық ісәрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Сабақта пайдаланылатын негізгі әдістері болып оқушының көңіл-күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай топпен, жеке оқушымен жұмыс істеу, ойын элементтерін жиі пайдалану балып табылады.
Ойынның оқыту үрдісіндегі ерекше рөлі ерте кезден белгілі. Ұлы педагогтар мен ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған және өз жұмыстарында тиімді пайдалана білген. Педагог В.А. Сухомлинский ойынға мынадай анықтама берген: «Ойын бұл баланың рухани әлемінің, айналасындағы өмірі жайлы түсінігінің үлкен жарық терезесі. Ойын бұл қызығушылық пен білуге деген құмарлықты жандыратын ұшқын». Ойын кезінде барлық оқушы бірдей, өйткені, барлығы да не істесем, қалай айтсам жеңемін, қалай нәтижеге жетемін деген мақсатта болады. Тақырыпты білмей отырған оқушының ойын кезінде қорқынышы, ұялшақтығы жойылып, басқа балалармен бірге бір деңгейде жұмыс істей алады. Тілдік материал тез жатталады, ол оқушының басқаларымен бірге сабаққа қатысқанына көңілі толып отырады. Сонымен, ойын келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік тудырады:
оқушыларды психологиялық жағынан дайындауды;
тілдік материалды бірнеше рет қайталауға;
оқушылардың белсенділігін арттыруға;
оқушылардың бір-бірімен қарымқатынасын, ұйымшылдығын дамытуға;
тез және дұрыс жауап беруге;
сабақты қызықты өткізуге;
оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп, олардың өзіне деген сенімін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет