Педагогикалық зерттеудің әдісі мен әдістері, педагогикалық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру


Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады



бет2/2
Дата31.10.2022
өлшемі86,5 Kb.
#155776
1   2
Байланысты:
Педагогикалық эксперимент кезеңдерінің
А.Байтұрсынұлы тәрбие сағ
Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады.
Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.

  1. Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:

а) міндеттердің қойылуы;
ә) көрсеткіштерді таңдау;
б) өзгермелі факторларды таңдау;
в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.
2. Жоспарлау:
а) бақылау сандарын анықтау;
ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;
б) қолданатын реттеу әдісі;
в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.
3. Талдау:
а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;
ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және
статистикалық есептердің өзін де тексеру;
б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).


Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):


2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары.





  1. Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  2. Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  3. Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

  4. Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Сонымен қатар, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады:

  • эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;

  • эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс;

  • зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс;

  • эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;

  • экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;

  • экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс;

  • экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;

  • экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс;

  • эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып алынуы тиіс;

  • эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;

  • эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Осыған орай зерттеушілер отбасындағы, мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді жолдарын терең зерттеуге міндетті.
Педагогикалық теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру негізінде жүргізілетін зерттеулерде эксперименттің алатын орны ерекше. Олай болса, зерттеуші педагогикалық эксперименттің мақсаты мен мәнін ұғыну арқылы ақиқатты нәтижеге жетуі мүмкін. Осы бағытта дайындалған баяндама педагогикалық эксперимент ұйымдастырушыларына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет