«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ



бет12/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс
мадени мура , мадени мура , galaguz, galaguz, ауыз су, Алгебра 4-тоқсан 10-сынып ЖМБ, 11 гум геометрия (2)
Логикада парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт эталоны мен ғылыми таным үрдісінде ғылым негіздерін жүйелеуде,бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы ретінде көссетіледі.
Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыру үлгілерінен тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі.
Ғалымдардың берген анықтамасы бойынша, ғылыми парадигма – бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі, зерттеу міндеттерін шешудің үлгісі, нобайы. Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады; бір жағынан, ғылыми мәселелерді шешуді жеңілдетеді, ал екінші жағынан, жаңа идеяларды қабылдауға тосқауыл болады, себебі, белгісіз, дәстүрлі емес бағыттағы ғылыми ізденіске шектеу жасалынады, яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі жасайды.
Педагогика ғылымында парадигма ұғымы өзгеше сипатталады. Мәселен, қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасынан «өмірлік іс-әрекетке дайындалған адам» парадигмасына көшу орын алып отыр, жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады, интеллектуалдық, тәндік және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра алады.
Көптеген ғалымдардың анықтамасы бойынша, педагогикалық парадигма-бұл білім беру мақсаттарын шешудегі белгілі стандарт, қалыптасқан көзқарас. Дәстүрлі педагогикада парадигма ретіндегі тұжырымдар: оқушы – педагогикалық қарым-қатынас объектісі, ал оқытушы – басқару органдарының директивті нұсқауларын орындаушы; педагогикалық қарым-қатынас барысында тұлғаның ішкі жан дүниесі назардан тыс қалып отырады және т.с.с.
Ғалым А.П. Валицкая білім беру парадигмасына мәдени құндылықтарға арқа сүйейтін мектептің жаңа нобайының, білімнің зияткерлік эталонының орталығы болатын демократиялық инновациялық мектептің және жеке тұлғаның өркениет бағытындағы білім берудің мемлекеттік және халықаралық стандарттарына сай дамуының әдіснамалық негіздерінің эталоны деп қарастырады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім мен біліктіліктің жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен адамзаттың даму әдістерін ұғыну; ақпаратты кодтау және тарату ұстанымдары; адамзаттың мәдени дамуын ұғыну; адамзаттың әлеуметтік дамуындағы білімнің орнын бағалау; білім беру білім мен мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде педагогтің орны мен рөлін түсіну; тәрбиелеу, оқыту, білім беру құрылымындағы баланың орны мен рөлін анықтау және т.б.
Білім беру парадигмасына тоқталып көрелік. Ш.А. Амонашвили білім берудің ізгілікті парадигмасын ұсынады. Ал ғалым Е.А. Ямбург парадигманы когнитивтік (зиятты даму) және тұлғалық (эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады. Бұл екі парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға бағытталады, педагогикалық феноменді тарихи кезең және мәдениетпен бірлікте қарастыра алады.
Ғалым Г.Б. Корнетов «Педагогикалық парадигма – теориялық және практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі түрлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы.
Қазіргі кезеңде ғалымдар философиядағы негізгі ағымдардың көзқарасын салыстыра келе, білім беру парадигмасын құраушы негізгі элементтерді анықтауға ұмтылуда. Мәселен, психологтар Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская оқытудың мағынасын дәстүрлі және ізгілік тұрғысынан анықтаудың салыстырмалы сипаттамасын ұсынады. Дәстүрлі парадигма оқушының түгел және бірден берілетін «дұрыс» ақпаратты қабылдауын қамтамасыз етеді. Ал ізгілікті парадигма – оқушыны «оқуға үйрету» ұстанымы негізінде оның барлық жаңалыққа мойын ұсынатын білімге деген қажеттілігін ұдайы қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын одан әрі толықтыра келе, Н.Г. Осухова қазіргі кезеңде бұрынғы субъект-нысаналы ескі парадигмадан жаңа субьект-субьекті (тұлғалы-бағдарлы) тәрбие парадигмасына көшудің орын алғанын атап көрсетеді; оқушыға деген ерекше көзқарас, оның жан дүниесін түсіну; оқушымен демократиялық қарым-қатынас; тәрбиеде қолданылатын барлық әдіс-тәсіл, құралдың оқушыға ұнауына жағдай жасау; қойылатын мақсат, күтілетін нәтиже оқушыға қатысты болуы шарт.
Шетелдегі психологиялық-педагогикалық ғылыми көзқарастарға талдау жасап көрелік. Шетелдік педагогикада қолданылып жүрген білім беру парадигмасы әртүрлі тұжырымдамалар түрінде беріледі; дәстүрлі немесе «білім беру» парадигмасы; технократты немесе прагмативті парадигма; бихевиоралды парадигма; ізгілікті парадигма; теологиялық парадигма; биопсихологиялық парадигма. Әр елдің тәрбие мен білім беру жүйесі әр түрлі парадигмаға арқа сүйейді. ЮНЕСКО (мамыр, 1997 ж.) мен «Ашық қоғам» институты бірлесіп ұйымдастырған конференцияда бірнеше жылдар бойы қалыптасқан «Ғылым - Өндіріс - Білім беру» макромодельдің орнына «Мәдениет – Білім беру – Тарих» мәдени-әлеуметтік негізі бар жаңа үштік жүйені қабылдауы кездейсоқ емес.
Әр елдің білім беру жүйесі әр түрлі парадигмаға сүйенеді. Мәселен, Ресейде төмендегідей парадигмалар пайда болды:
1) либералды-рационалистік ағым (Г.П. Щедровицкий және басқалар). Г.П. Щедровицкийдің пікірі бойынша, қазір Ресейде білім беру саласында дағдарыс орын алып отыр, жаңа педагогикалық формация орнығып келеді, бұл формация адамзаттың 2000 жылдық дамуындағы төртіншісі болмақшы, ал «құралдық-технологиялық» парадигма қазіргі уақыт талабына ілесе алмайды. П.Г. Щедровицкий білім беру саласындағы қазіргі кезеңдегі мәдени жағдайды парадигмалық дағдарыс дей келе, бұл жаңа педагогикалық формацияның басталуы және соңғы екінші мыңжылдықтағы көрсеткіші болатындығын ерекше атап көрсетеді.
Ғалым педагогикалық парадигмалардың түрлерін даму кездерінде қатысты төрт түрін ажыратады: катехизистік (тәлімгерлік), эпистемологиялық (таңбалық), құралдық-технологиялық, әдіснамалық немесе инновациялық. Автор педагогикалық парадигманың төртінші түрін – алдынғы формациялардың жинақталған құндылықтарын біріктіретін әдіснамалық түрін инновациялық деп атап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   162




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет