Пән: «Акушерия және гинекология» Пән коды: Мамандық: «Медико-профилактикалық іс»


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет3/3
Дата08.06.2018
өлшемі399,5 Kb.
#41819
1   2   3

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:жұптасып жұмыс істеу
6.Әдебиет:

Негізгі:

  1. Руководство по акушерству и гинекологии для фельдшеров и акушерок: под ред. В.Н.Прилепской, В.Е. Радзинского – М., 2007. – 688 с.


Қосымша:

1.Джусубалиева Т.М., Дощанова А.М. новые технологии лечения и профилактики инфекционно-воспалительных заболеваний гениталий./ метод.рекомендации.-Алматы,2003.

2. Анартаева М.У., Бактериальный вагиноз.- Шымкент,2002г.

Қазақ тілінде:
Негізгі:


  1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. Асем Систем,2006.


7. Бақылау (тесттер):

Тестер:

1. Репродуктивтiк жүйенiң ең жоғарғы сатысы:



  1. ми қыртысы

  2. гипоталамус

  3. гипофиз

  4. аналық бездер

  5. жатыр

2. Әйел репродуктивті жүйесінің төменгі деңгейі ... болып табылады.

  1. жатыр

  2. ми қыртысы

  3. гипофиз

  4. гипоталамус

  5. аналық бездер

3. Аналық бездерде ... өндіріледі.

  1. прогестерон

  2. гонадотропин

  3. пролактин

  4. альдостерон

  5. адреналин

4. Қалыпты етеккір циклына ... тән.

  1. овуляцияның болуы

  2. овуляцияның болмауы

  3. сары дененің болмауы

  4. циклдың бірінші фазасында гестагеннің болуы

  5. циклдың екінші фазасында эстрогеннің болуы

5. Жалған аменорея ... салдарынан пайда болады.

  1. жыныс мүшесінің даму ақаулары

  2. гипофиз ісіктері

  3. септикалық эндометрит

  4. гипофизарлы нанизм

  5. психикалық стресс

6. Шынай аменореяның жатырлық түрі ... анықталады.

  1. жатыр гипоплазиясында

  2. пиосальпинкспен

  3. гематосальпинкспен

  4. цервикалды өзектің бітісуінде

  5. қосалқылар туберкулезінде

7. Аменореяның орталық генезіне ... жатады.

  1. гипофизарлы жүйе

  2. бүйрек үсті бездік

  3. аналық бездер

  4. жатырлық

  5. тиреоидты

8. Аменорея ... дамиды.

  1. ағзалардың жүдеу ауруында, инфантилизмде

  2. хорионэпителиомада, эндометриозде

  3. фибромиомада, инфантилизмде

  4. жатыр денесінің рагінде, аналық бездердің поликистозында

  5. созылмалы цервицитте, эндометриттің полипозында

9. Ювенилды қанағуларда гормоналды гемостаз ... жүргізіледі.

  1. эстрогендермен

  2. жатыр қуысын қырумен

  3. андрогендермен

  4. глюкокортикоидтармен

  5. жатыр денесін қырумен және гестагендермен

10. Ювенилді қанағу деп .... атайды.

  1. жыныстық жетілу кезінде етеккір циклының бұзылуын

  2. қыздарда неонаталды кезеңдегі метрорагиясын

  3. жыныс мүшелерінің қабыну аурулары фонындағы меноррагиясын

  4. әйелдердің постпубертатты кезеңде етеккір циклының бұзылуын

  5. репродуктивті жастағы әйелдердің етеккір циклының бұзылуын

Дұрыс жауап: 1-10 – а.


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология кафедрасы
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 9

Тақырыбы: Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы.

Пән: «Акушерия және гинекология»

Пән коды:

Мамандық: «Медико-профилактикалық іс»

Оқу сағатының көлемі – 90 (2 кредит)

Курс - 3

Семестр – 5

Құрастырған: Акбердиева Г.У.



Шымкент, 2013.

Кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді


Хаттама №_11__ _08.06.___2013 ж.

Акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т.

1. Тақырыбы: Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы .,

2. Мақсаты: Қабыну аурулары гинекологиялық аурулардың ішінде бірінші орын алады және бедеуліктің, жатырдан тыс жүктіліктің, етеккір қызметі бұзылуының, жүктілікті мерзіміне жеткізе алмаушылықтың, эндометриоздың, қатерлі және қатерсіз ісіктердің себебі болады. Қабыну аурулары жиі аборттан, патологиялық босанудан, етеккірден, жыныстық өмір басталғаннан, кіші және улкен операциядан, диагностикалық манипуляциядан, сирек жатырішілік контрацептивтен кейін дамиды.
3. Оқыту мақсату: Студенттерге теориялық білім негізінде тақырыпты меңгеруге бағыт беру. Студенттерді дұрыс анамнез жинауға, патологияны дұрыс анықтауға үйрету. Болжам диагноз қойып, жүргізу тактикасын анықтау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары


  1. Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының жіктелуі

  2. Әйел жыныс ағзаларының арнайы емес аурулары

  3. Әйел жыныс ағзаларының арнайы аурулары

  4. Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының диагностикасы

  5. Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының клиникасы

  6. Әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының емі

  7. Хирургиялық емге көрсеткіш


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: науқастың төсегінде жұмыс жасау, клиникалық жағдайларды талдау.
6. Әдебиет негізгі:

  1. Бейсенбаева Р.С. Акушерия.- Алматы «Білім»,2004.

  2. Раисова А.Т. акушерия және гинекология.- Алматы, 2006.

  3. Руководство по акушерству и гинекологии для фельдшеров и акушерок: под ред. В.Н.Прилепской, В.Е.Радзинского. – М., 2007. – 688 с.

  4. Радзинский В.Е. Акушерство: учебник + CD. М., 2008. – 904 с.


қосымша:

  1. Бейсенбаева Р.С. Акушерлік таным .- Алматы.

  2. Мухина С.А., Тарновская И.И. «Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998



7. Бақылау ( сұрақтары, тест, ситуациялық жағдайлар )

- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының жіктелуі

- әйел жыныс ағзаларының арнайы емес аурулары

- әйел жыныс ағзаларының арнайы аурулары

- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының диагностикасы

- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының клиникасы

- әйел жыныс ағзаларының қабыну ауруларының емі

- хирургиялық емге көрсеткіш


Тест:
1) Вульвовагинит дамуына әкелетін факторлар:

a) қыздар гениталийінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері: кілегейдің қалың қатпарлығы, эстрогенге төмен қанығу, жіңішкеру, қынаптың нейтралді немесе сілтілі ортасы

b) экзогенді патологиялық факторлар: жыныс ағзалары жарақаты, қынапқа бөгде зат түсу

c) зиянды әдеттер және алиментарлы бұзылыстар

d) мастурбация

e) эндогенді патологиялық факторлар: анемия, қан аурулары, пиелит, цистит, инфантилизм.

2) Тірі трихомонадтар оңай анықталады:

a) люминисцентті микроскопиялық зерттеуде

b) нативті жағындыда

c) дәнді егуде

d) Романовсий-Гимзе бойынша бояғанда

e) «толық тамшы» жағындыда

3) Науқас 28 жаста, жыныс жолдарының қышуына, қысуына, ірімшіктәрізді йіссіз бөліндіге шағымданады. Болжам диагноз:

a) хламидиоз

b) гонорея

c) қынап кандидозы

d) трихомониаз

e) жай серозды кольпит

4) Бактериальді вагиноздың негізгі клиникалық симптомын анықтаңыз:

a) жағымсыз иісті көп мөлшерлі ақ бөлінділер

b) диспареуния

c) аралықтың, сыртқы жыныс ағзаларының қышуы

d) дизурия

e) жамбастағы ауырсыну

5) Бейарнамалы сальпингиттің ауырсынулы формасын емдеу:

a) физиоем, санаторно-курортты ем

b) антибиотиктер, физиоем

c) иммуностимуляторлар (пирогенал), бірмезетте физиоем, ҚҚСЕП, ыдыратушы терапия, балшықпен емдеу

d) антибактериальді ем, витаминотерапия, энзима, иммуномодуляторлар, ҚҚСЕП, анальгетиктер

e) активті ыдыратушы терапия, гинекологиялық массаж

6) Генитальді туберкулез кезіндегі етеккір циклінің бұзылысы:

a) ациклді қан кету

b) сирек және аз мөлшерлі менструация

c) көп және ұзақ менструация

d) контактты қан кету

e) етеккір арaлық қан кету

7) Пельвиоперитонит формалары:

a) серозно-фиброзды, іріңді

b) ошақты, іріңді

c) ошақты, инфильтративті

d) фиброзды, инфильтративті

e) ошақты, фиброзды

8) Әйел 40 жаста. Жатырішілік контрацептив фонында перитонит, пиосальпинкс жыртылуында оперативті ем көлемі:

a) абсцессі бар және контрастирленген түтікті алып тастау, жатырды қосалқыларымен экстирпациялау, құрсақ қуысын дренаждау

b) абсцессі бар және контрастирленген түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау

c) жатырдың абсцессі бар және контрастирленген қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы, құрсақ қуысын дренаждау

d) абсцессі бар түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау

e) зақымданған түтікті алып тастау, құрсақ қуысын дренаждау

9) Жатыр қосалқыларының қабынуы кезіндегі хирургиялық емге көрсеткіш, мынадан басқа:

a) тубоовариальді түзілім

b) пиосальпинкс

c) пиовар

d) пельвиоперитонит

e) рецидивті сальпингит

10) Жедел гонореяның клиникалық симптомдары:

a) гематурия, ациклді қан кету

b) қышу, жиі кіші дәретке бару

c) қынапта күйдіру сезімі, қышу, көпіршікті, иісті ақ бөлінділер.

d) дизурия, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы

e) іріңді бөлінділер, іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы, қанды бөлінділер, дизурия, дене қызуының жоғарылауы


жауабы - а

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Кафедра акушерия және гинекология
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
№ 10
Тақырыбы: Жанұяны жоспарлау туралы түсінік. Қазіргі заманға сай контрацепция түрлері.

Пән: - «Акушерия және гинекология»

Мамандығы: 051102 – «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі – 90 (2 кредит)

Курс - ІІІ

Семестр - 5


Құрастырған: Кулбаева С.Н.

Шымкент, 2013.
Кафедра мәжілісінде қаралып бекітілді
Хаттама №_11__ _08.06.___2013 ж.

Акушерия және гинекология

кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Тлеужан Р.Т.

1. Тақырыбы: Жанұяны жоспарлау туралы түсінік. Қазіргі заманға сай контрацепция түрлері.

2. Мақсаты: Студенттерді жанұяны жоспарлаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері, контрацепция әдістерімен таныстыру.
3. Оқыту мақсату: Студенттерді жанұяны жоспарлау, контрацепция әдісін таңдау сұрақтары бойынша кеңес беруге үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1.Жанұяны жоспарлау деген не?

2.ҚР жанұяны жоспарлаудың мақсаты мен негізгі міндеттері қандай?

3.Контрацепцияның қандай әдісін білесіздер?

4.Контрацепцияның эффективтілігінің көрсеткіші не болып табылады?

5.Комбинирленген оральды контрацептивтердің әсер ету механизмі.

6.КОК қолдануға қарсы көрсеткіштер.

7.ЖІК енгізгенде қандай ақынулар болуы мүмкін?

8.Шұғыл контрацепция деген не?

9.Контрацепцияның табиғи әдісіне не жатады?

10.Контрацепцияның хирургиялық әдісі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс істеу.
6.Әдебиет:

Орыс тілінде:

Негізгі:


  1. Руководство по акушерству и гинекологии для фельдшеров и акушерок: под ред. В.Н.Прилепской, В.Е. Радзинского – М., 2007. – 688 с.

  2. Радзинский В.Е. Акушерство: учебник + СD. М., 2008. – 432 с.

Қосымша:

  1. Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998.

  2. Иванова В.И., Матвейчик Т.В. Организация сестринского дела, Минск, 2006.

  3. Журнал «Медсестра».

  4. Журнал «Медицинская помощь».

  5. Журнал «Сестринское дело».


Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Раисова А.Т. Акушерия және гинекология. Асем Систем,2006.


7. Бақылау ( сұрақтары, тест, ситуациялық жағдайлар )

Сұрақтар:

1.Қазіргі заманғы контрацепцияның қандай әдістерін білесіздер?

2.ЖІК түрлерін атаңыздар.

3.Гормональдық контрацепция құрамына не кіреді?

4.КОК қабылдағанда қандай асқынулар болуы мүмкін?

5.Шұғыл контрацепцияға не қолданады?

6.Контрацепцияның тосқауылдық әдісіне не жатады?

7.Жасөспірім жастағы контрацепция.

8.Лактациялық аменорея әдісі.
Тестік сұрақтар:


  1. Жатыр ішілік серіппені қолдануға абсолютті қарсы көрсеткіш:

    1. жедел және жеделдеу гениталий қабынулары

    2. қант диабеті

    3. естудің тәмендеуі

    4. бронхиальды астма

    5. көз түбінің өзгерістері

  2. Инъекциялық контрацепция құрамына кіреді:

    1. пролангирленген прогестагендер

    2. конъюгирленген эстрогендер

    3. прогестаген микро мөлшері

    4. антиандрогендер

    5. антигонадотропиндер

  3. Спермицидтерге тән емес:

    1. қынаптың қышқыл ортасына бейтараптану

    2. сперматозоидтың сыртқы мембранасының бұзылысы

    3. акросома ыерменттерінің инактивациясы

    4. сперматозоидтардың қозғалысының төмендеуі

    5. сперматозоидтардың өлуі

  4. Пероральды контрацептиытерді қандай рактың алдын алу үшін қолданады:

    1. эндометрий

    2. жатыр мойны

    3. қынап жатыр түтіктері

    4. тоқ ішектің

  5. ЖІС асқынбаған босанудан қанша уақыттан кейін қоюға болады:

    1. 6 аптадан

    2. Босанудан кейін бірден

    3. 6 айдан

    4. 1 жылдан

    5. 3 айдан

  6. Гормональды контрацептивтерді қандай жағдайларда бірден тоқтату керек:

    1. төс арты ауру сезімі пайда болғанда

    2. созылмалы пиелонефрит өршуі

    3. трихомониаз

    4. созылмалы холецистит

    5. етеккір арасында қанды бөлінділер пайда болғанда

  7. Барьерлік контрацептивтерге тән емес:

    1. жатыр мойнының рагын алдын алады

    2. әсері эффективті, қауіпсіз, тез қайтады

3. жағымсыз әсерлері жоқ

4. дәрігер қабылдауына тұрақты түрде барды қажет етпейді

5. жыныс қатынасымен жұғатын аурулардан сақтайды

8. Жанұяны жоспарлаудағы тиімді көрсеткіш - ... саны.



  1. фертильді жастағы 1000 әйелге жасаған аборттар

  2. аймақтағы әйелдер

  3. абортқа 1 жылдағы жіберілген әйелдер

  4. өзіндік түсіктер

  5. аборттан кейінгі асқынулар

9. Жанұяны жоспарлау бөлмесі ... құрамына жатады.

  1. емхана

  2. стационар

  3. медико-санитарлық бөлім

  4. санатория

  5. профилактория

10. Ұрықтануға қарсы посткоитальды препарат:

  1. постинор

  2. депо-провера

  3. норплант

  4. антеовин

  5. бисекурин

жауаптары - а
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет