Пән атауы: Шетел әдебиеті Күні



бет3/5
Дата23.05.2020
өлшемі116 Kb.
#70849
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кенжебай А 16.05

Сыншыл реализм – әдебиеттегі көркемдік әдіс.Өмірді сан қырынан зерттеп, қоғамның адамзаттық нормаларға қайшы келетін кемшіліктерін сынға алады. Типтік жағдайда типтік образдар жасау арқылы өмірді неғұрлым шынайы суреттеуге ұмтылып, адамдар тағдырын, олардың мінез-бітімін, қоғамдағы қайшылықтарды сынайды. Адам мен қоғам арақатынасын, адамзаттың қоғамдағы жасампаздық, белсенділік қызметін, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қалыптарын сақтай отырып, бақытты өмір сүру жолындағы ұмтылысын, күресін бейнелейді. Қоғамдық дамудың дұрыс жолды таңдауында сынның рөлі қаншалықты болса, Сыншыл реализм де өнер құдіретімен өмірдің көлеңкелі тұстарын шынайы бейнелеуге ұмтылып, оны жою мен әділетті қоғам орнатуға үндейді. Қоғамда белең алған кемшіліктер мен әділетсіздікті сынап, оны болдырмауға шақыру Сыншыл реализмнің басты сипаты саналады.

  • Орыс әдебиетіндеОрыс әдебиетінде 19 ғасырда А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Н.В. Гоголь, Салтыков-Щедрин, А.П. Чехов, А.Достоевский, Л.Н. Толстой, И.А. Гончаров, И.С. Тургенев, Н.А. Некрасов, А.С. Грибоедов, тағы басқа қаламгерлер шығармаларында сыншыл реализм жаңа сипат алып, сыншылдық сарын мен өмірдің көлеңке жақтарын ашып көрсету басым көрінді.Қазақ әдебиетіндеҚазақ әдебиетінде жыраулар поэзиясында қоғамға деген сыни көзқарас, халықтың арман-мұратын ел билеушілерден қаймықпастан жыр өрнектерімен жеткізу негізгі сарынды құрады. Бұқараның мұңын жоқтап, билеуші топтың елге жасаған әділетсіздігін әшкерелей жырлау қазақ әдебиеті дамуының басты бағытына айналды. Сыншыл реализм әдісі жыраулар поэзиясы мен әлем классиктері дәстүрлерін үлгі-өнеге тұтқан Абай шығармаларында берік орын алды. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде өмір құбылыстарын көркем бейнелеудің бір тәсілі ретінде сыншыл сарын А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров] тағы басқа шығармаларында өрісті арна болды.




    1. Қазақ әдебиетіндегі романтизм әлемдік әдеби құбылыстың бір бөлшегі бола тұра, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен танылады. Осы ерекшеліктер қай дәуірлерде, кімдердің, қандай шығармаларынан көрініс тапқанын атап көрсетіңіз.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет