Пән атауы: Шетел әдебиеті Күні


Абай мұрасының маңызды бір қыры



бет2/5
Дата23.05.2020
өлшемі116 Kb.
#70849
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Кенжебай А 16.05

Абай мұрасының маңызды бір қыры – Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты.

  • «Батыс Еуропа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Еуропаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Еуропа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Еуропаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Еуропа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Еуропа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,- деп жазды. (М. Әуезов. Әуезов Абайдың бұлармен қатар Батыс Еуропада орта ғасырда етек алған діни сот - инквизицияның зұлымдықтарын суреттейтін романдарды кеп зерттегенін, Еуропада әкімшілік қырған патша, король нәсілдерінің сарай тартысын білу ниетімен, Александр Дюма романдарын кеп оқығанын, кейін «Үш ноян», «Он жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары ақынның әңгімелеуі бойынша елге танылып, ертек боп кеткенін айтады. Африкада, Америкада, Австралияда немесе басқа бір жабайылар арасында тіршілік еткен білімді кісілер немесе жергілікті адамдардың ішінен шыққан намысқой ерлер, ақылды адамдар туралы әңгімелерді де Абайдың сүйсіне оқығандығы туралы деректер бар. Сондай-ақ Әуезов Африкадағы негрлер (Абай сөзімен айтқанда зәңгілер) мен ақ нәсілділер арасындағы жұлқыс-тартысты бейнелейтін «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» деген әңгімелер де Абайдың ертегі етіп таратқан әңгімелері екендігін, ақынның осылайша Еуропа жазушыларының да көптеген әңгіме-дастандарын еліне жая жүргенін дәлелдейді. Бұл айтылған деректердің өзі-ақ Абай назар аударған, оқып, біліп, таныған Еуропалық мәдениет қазынасының көлемі қандай болғанын танытады.

  • Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағалануы мен ықпалы Абай назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды. Абай өлендерінде, әсіресе, қарасөздерінде кездесетін эллин мәдениетінің классик. үлгілері ақынның рухани ізденіс үстінде адамзаттың ортақ мұрасына қол артқанын байқатады.

    1. Сыншыл реализм – әдебиеттегі көркемдік әдіс.






    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет