Пән бойынша оқыту бағдарла Нысан пму ұс н 18 3/37 масының (Syllabus) титулдық парағы


Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары



бет2/2
Дата28.11.2016
өлшемі431,87 Kb.
#2735
1   2



1.Оқытушы туралы мәлімет және байланыс ақпараттары

Ф.ғ.к., доцент Муталиева Раушан Мамырқызы

Тел. (8-3182) 55-38-82

Қабылдау уақыты: дүйсенбі сағат 10-00, ауд. №324


2.Пән туралы мәліметтер :
«20 ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәні 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында 7 семестрде 15 аптада оқылады. Жалпы сағат саны- 90с, дєріс- 15,тєжірибешілік- 15 с, СөЖ- 60с.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ

8

2




6
















емтихан



4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезеңі болып табылатын ХХ ғасырдағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы жөнінде хронологиялық ұстанымды сақтай отырып,әдебиеттану ғылымының қол жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.



Пәннің міндеттері:

1960-2000 жылдары жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді толық қамту болып табылады.

5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттер білуі тиіс:

- ақын-жазушылардың шығармаларының мәтіндерін;

- образдар жүйесін талдау тәсілдерін;

- көркем шығарма тілін талдау тәсілдерін;



- оқыған шығармалары туралы зерттеулерді


6 Пререквизиттер: Әдебиеттануға кіріспе, 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті

7 Постреквизиттер : орыс әдебиеті, шетел әдебиеті
8 Тақырыптық жоспар

№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

Сырбай Мәуленов


1




-

-

-

8

2

Бердібек Соқпақбаев


1




-

-

-

8

3

Зейнолла Қабдолов


1




-

-

-

8

4

Сағи Жиенбаев







-

-

-

8

5

Жұмекен Нәжімеденов

1




-

-

-

8

6

Оралхан Бөкей


1




-

-

-

12

7

Дулат Исабеков

1




-

-

-

8

БАРЛЫҒЫ :

6




-

-

-

60



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Қазіргі қазақ әдебиетінің 1960-2000 жылдарындағы кезеңінде Б.Соқпақбаев, С.Мәуленов, З.Қабдолов, , С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов, О.Бөкей,Дулат Исабеков секілді жазушылардың шығармалары идеялық-көркемдік жағынан қарастырылады.


10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары
1-тақырып Сырбай Мәуленов(1922-1993)

Ақынның шығармашылық өмірбаяны. Сырбай Мәуленов – лирик ақын.Ақын шығармаларының жанрлық құрамы.Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лирикасы. Сурет пен суреттілік. Бейне мен бейнелілік.Көркемдік бейнелеу құралдары.Сыр мен сыршылдық. Ақын шығармаларындағы Ұлы Отан соғысы тақырыбы, өмір мен өлім тайталасының көріністері.

Сырбай Мәуленов отызыншы жылдардың соңында келсе де, ақын ретінде танылған тұсы – қырқыншы жылдардың соңы. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ретінде С.Мәуленовтің шығармашылығында соғыс тақырыбы үлкен орын алады. Алайда оның нағыз өлең өрнегіне ұласар тұсы – соғыстан кейінгі жылдар. Ақын поэзиясының ерекше сыры,түрі оның халық поэзиясымен ерекше туыстық табиғи байланысында. 1948 жылы жарық көрген алғашқы өлеңдер жинағынан бастап, «Дала дабылы», «Жасыл орман», «Жаз ерке», «Жолдас», «Жол үстіндегі жалындар», «Тартыс таңбасы», «Шағым», «Шаңқай түс» өлеңдер мен топтамаларында халық эстетикасы мен табиғи байланысы айқын көрінеді.

Сырбай Мәуленовтің ақындық даралығы мен қазақ әдебиеті тарихындағы орны.




2-тақырып. Бердібек Соқпақбаев(1924-1992)

Қазақ әдебиетінде балаларға арналған шығармаларымен көзге түскен, балалар прозасының классигі атанған – қаламгер Бердібек Соқпақбаев. Бердібек Соқпақбаевтың алғашқы көлемді туындысы қазақт әдебиеті үшін тың тақырып – спортқа арналған «16 жасар чемпион» 1951 жылы жарық көріп, көпшілік назарын аударса, «Менің атым Қожа» повесі әлемнің алуан тілдеріне аударылып, театр сахналары мен экрандарға шықты.

Жазушының «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар ?», «Бастан кешкен», «Өлгендер қайтып келмейді» повестері мен романдарында адамгершілік, адамдық проблемалары кейіпкерлер жан-дүниесіндегі , психологиясындағы өзгерістерді суреттеу арқылы ғана емес, тікелей әрекеті уақиғаны бейнелеу арқылы да, олардың ой-толғаныс, монологтары да арқылы көрсетіледі.

Қаламгердің балаларға арналған шығармаларында сол кездегі уақыт пен қоғамның көпшілік батып айта алмай жүрген талай проблемалары қозғалады. Сөз арасында кейіпкер атынан кейде автор баяндауында әзілге орай жеңіл айтылатын сөздер артында қоғам назарын аударып, белең ала бастаған талай ауыр мәселелер көтеріледі.

Б.Соқпақбаевтың оқырмандары балалар ғана емес, одан кәрі-жас, қарапайым еңбек адамы, зиялы қауым, ғалымдар да өз керегін тауып, эстетикалық әсерге бөленеді.

«Менің атым Қожа» повесінің көркемдігі, оның әлем тілдеріне аударылуы мен әдеби сында бағалануы Б.Соқпақбаев поэтикасына тереңдей үңілуге мүмкіндік береді.

Қаламгердің «Өлгендер қайтып келмейді» романының композициялық құрылымы мен сюжет желілеріндегі үндестік сыры – жазушының өмірбаяндық мәліметтерімен ұщ-штасып, сабақтасып жатуында.

3-тақырып. Зейнолла Қабдолов(1927-2006)

Қазақстан Республикасының халық жазушысы, көрнекті әдеби теоретик Зейнолла Қабдоловтың әдеби жолы поэзиядан басталады. Қаламгердің өлең жырлары, әңгіме-очерктері 1943 жылдан бастап республикалық орталық басылымдарда жиі жарияланып,көпшілік назарын аударған. Көрнекті қаламгерлер мен сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болған.

З.Қабдоловтың қоғамдық санаға қозғау салған алғашқы ірі шығармасы- «Өмір ұшқыны» повесі (1956). Шығарма 1958 жылы Москвада «Искра жизни» деген атаумен орыс тілінде жарық көрген. Қазақ прозасындағы студент жастар өміріне арналған бірнеше туындылардың бірі. Автор кейін осы повесін өңдеп, толықтырып, «Ұшқын» романына айналдырып, «Біз жанбасақ..» (1974) дилогиясына бірінші кітап етіп енгізді. Дилогияның екінші кітабы «Жалын» (1970) сәтті туындылар қатарында Бүкілодақтық (бұрынғы СССР) бәйге алды. 1976 жылы орыс тілінде Москвада жарық көрді, шет тілдерге аударылды.

З.Қабдолов шығармашылығының ірі саласы – Мұхтар Әуезов. Оған арналған мақалалары мен ғылыми зерттеулері («Әуезовтің әсемдік әлемі» 1986) бар. «Менің Әуезовім» аталған роман-эссе ХХ ғасыр қазақ прозасындағы шоқтығы биік шығарма. Жаңа пішінде жазылған шығарманың даралық сипаты обьект ірілігінен ғана емес, суреткер шеберлігінен де байқалады.

Жазушы қазақ прозасына өзіндік стиль өрнегімен, сырлы сөз, әдепті әзілімен келді. Уақыт пен кеңістік орайына қарай нақты мазмұн ерекшелігін, ой иірімдерінің астарын аңғаруға болады.

З.Қабдолов қаламының ерекшелігі оның көркем шығармаларында ғана емес, публицистикасы мен эсселерінде, ғылыми еңбектерінде де айқын көрінеді. Қаламгердің тілі арнайы зерттелуі керек («Адам» 1958, «Сыр»1975).

«Әдебиет теориясы негіздері» 1970, «Сөз өнері»1976, «Жанр сыры»1964, «Жебе» 1977, «Арна 1988», «Көзқарас» 1996 еңбектері.
4-тақырып Сағи Жиенбаев (1934-1994)

Көрнекті қазақ ақыны Сағи Жиенбаев - әдебиетке 60 жылдар қарсаңында келіп, дәстүрлі тақырыптарды жаңаша қабылдауда өзіндік өрнегін, ой-өрімдерін таныта алған ақын.

1956 жылдан бастап бірыңғай әдеби жұмыстармен айналысқан.

Ақын алғашқы өлеңдерімен-ақ поэзияға құштар оқырман ықыласына бөленді. Сұлу жырлары, назды, қылықты өлеңдері, сүйкімді жұмсақ әуен, ырғақ С.Жиенбаев поэзиясының өзіне тән ажарын көрсетті.

С.Жиенбаевтың «Қарлығаш», «Сыйлық», «Дала гүлі», «Теңіз сыры», «Таң алдында», «Менің көршім», «Қайырлы таң», «Ақ толқын», «Ор киік», «Алтын қалам», «Әлия», «Ақ самал», «Құралай салқыны», «Боз торғай», «Оймауыт», «Жарық жұлдыздар», «Нан мен тұз» атты өлең жинақтары мен поэмалары, жыр-дастандары кезінде әдеби-сын мақалаларда өз бағасын алса, бүгінде де оқырман қолынан түспей келе жатқан шығармалар.

Қаламгердің «Жадымдасың алыс күнім», «Іңкәр дүние» таңдамалыларына кірген өлең, дастандардың поэтикалық көркемдік қуаты ерекше.Сағи Жиенбаев сыршылдығымен ғана емес, рухани әлемдегі өзгеріс, құбылыстарды суреттеу бағытындағы ізденістерімен, сәтті табыстарымен де көпшілік назарын аударып келеді. Ақын күнделікті тақырыптардың өзін тосын теңеулерге, эпитет, метафораларға бөлей жырлайды. Осы жолда кәдімгі тұрмыстық детальдардың өзін жайната қолданады.

Ақын шығармашылығындағы үлкен тақырып туған жер, туған дала, Отан. Мәңгілік тақырыпты С.Жиенбаев өз туған жерін, ауыл адамдарын жырлау арқылы жаңа образға көшіреді. Ақынның бала кезінен бастап көрген, көңіліне түйген оқиға детальдарын шеберлікпен тосын жағдайларда қолдануы оқырман санасында тың ассоциацияны тудырып, ерекше сезімге бөлейді.

С.Жиенбаевтың ақындық қуаты мол, оның поэзиясының тақырыптық аясы шексіз, идеясы жаңа, өрнек-өрімдері сырлы, нәзік, сұлу,үндестік пен ырғаққа толы.

Ақын аударған Пушкин, Лермонтов, Брюсов, Гамзатов, Кугультинов шығармалары сәтті тәржімә саналады.

5-тақырып Жұмекен Нәжімеденов (1935-1983)

Шығармашылық өмірбаяны. Тұңғыш кітабы («Балауса» өлеңдер жинағы.-1961). Лирикалық шығармалары. Табиғат лирикасы. Махаббат лирикасы. Философия лирикасы. Көңіл күй лирикасы. Поэмалары: «Көзсіз батыр», «Қанды сүт», «Тамыр мен жапырақ», т.б. Олардың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері. Прозалық шығармалары : «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай»(1975), «Даңқ пен дақпырт»(1977) романдары, олардың тақырыптық, проблематикалық сипаттары, көркемдік әлемдері. Ақын өлеңдерінің ырғақ, ұйқас, тармақ, шумақтарындағы өзіндік өрнектер ғана емес, өмір тану және оны бейнелеу принциптері – көркем мазмұнда да жаңалық пен тереңдік, толғаныс, философия көп кездеседі. Қаламгер ойшылдығы шығармалар тереңіндегі тебіреніс пен пішініндегі үндестіктен де туындайды. Сондықтан да оның поэзиялық туындылары өз көлемі, кеңдігі, биіктігімен де оқшау. Ақынның поэтика әлемінде қоғам мен өмір, уақыт пен заманаға тарихи диалектикалық көзқарас, ұлттық менталитет басым түсіп жатады. Оның табиғат пен өмір туралы толғамдарына қашанда туған жері мен замандастары тап болған. Суреткерлік пен шеберлік, тереңдік пен күрделі өрнектерден айқын көрінеді.

«Сыбызғы сазы», «Өз көзіммен», «Жоқ, ұмытуға болмайды», «Жарық пен жылу», «Күй кітабы», «Мезгіл әуендері», «Қызғалдақ туралы баллада», «Мен туған күн», «Жеті бояу», «Шуақ», «Ашық аспан», «Темірқазық», «Қыран қия», «Менің топырағым», «Ұрпағым, саған айтам» аталатын кітаптары қашанда маңызды.

6-тақырып Оралхан Бөкей (1943-1993)

Қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкей әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген қаламгер. Проза және драматургия жанрларында қызмет етті.

О.Бөкей 1970 жылдары «Қамшыгер»(1971), «Үркер»(1973), «Қайдасың, қасқа құлыным» жинақтарымен оқырманды елең еткізіп, әдеби сын назарын аударды. О.Бөкей шығармашылығы көркемдік, идеялық ерекшеліктерімен үнемі әдеби сын назарында болды. Қаламгердің дара дүниетанымы мен эстетикалық обьектіге жаңа бейнелеу құралдарын енгізуі, пішін таңдауы, тілдік , композициялық әдіс-тәсілдеріндегі батыл тосын қозғалыстары проза жанры үшін жаңалық болып табылады. Шығармалар өзегіндегі романтикалық дүниетаным, авторлық философия мен идеология кесек мінезді характерлердің тосын, тегеурінді батыл әрекеттері арқылы бейнеленеді. Жазушы кейіпкер психологиясына тереңдеп бойлайды. Талантты жазылған шығармалар қаламгер талабының биігінен хабар берсе, өнімді жазу (жыл сайын жаңа шығармалар жариялау) оның еңбекқорлығын көрсетеді. Алуан түрлі сыни пікірлерге, мақалаларға қарамай өз ізденістерін жалғастыру қайсарлығы мен табандылығын көрсетсе, шеберлігін ұштап жаңа биіктерге көтерілу таланттығын көрсетті. Қаламгер шығармашылығындағы негізгі тақырып – табиғат, адам мен табиғат арасындағы байланысты сезінуші адам. Адам жаратылысы мен табиғатты аяусыз, ойсыз бүлдіріп жатқан ойсыздар мен қаныпезерлер тіршілігінің сұрқиялығын, сорлылығын О.Бөкейдің әр шығармасынын көруге болады. Қаламгер көбіне астарлай жазады, кейде оқырманмен сыр айтысып, ағынан жарылатын кездері аз емес. «Мұз тау», «Ән салады шағылдар», «Өз отыңды өшірме», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өліара», «Атаукере» шығармаларында тұспалдай, жұмбақтай, астарлай жазудың, суреттеудің түрлі тәсілдері бар.

Қаламгердің ойға, философияға құрылған романдарында интеллектуалды прозаның белгілері мол. Оралханда суреткерлік пен ойшылдық қатар түсіп, кейде бір оза шауып, қаламгер жан дүниесіндегі арпалыстан хабар береді.



7-тақырып Дулат Исабеков

«Гауһар тас», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Дермене», «Тіршілік» повестері, көтерген мәселелері.Шығармаларының көркемдігі.



ТӘЖІРИБЕШІЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тақырып .Сырбай Мәуленов

Лирикасы. Шығармаларының жанрлық құрамы, ерекшелігі. Поэмасындағы соғыс тақырыбы. Поэзиясындағы соғыстан қайтқан солдаттар бейнесі.
2-тақырып. Бердібек Соқпақбаев

Романдарындағы сюжет. Баяндау мен диалог. «Менің атым Қожа» және балалар әдебиеті. Оның прозасындағы соғыстан кейінгі өмір шынндығы.


3-тақырып.Зейнолла Қабдолов

Прозасының көркемдігі, стилі.


4-тақырып.Сағи Жиенбаев

Жиенбаев поэзиясындағы теңеулер.


5-тақырып.Жұмекен Нәжімеденов

Жұмекен поэзиясындағы философия.


6-тақырып.Оралхан Бөкей

О.Бөкей прозасының стилі.


7-тақырып. Дулат Исабеков

«Гауһар тас», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Дермене», «Тіршілік» повестері, көтерген мәселелері.Шығармаларының көркемдігі.



Студенттің өздік жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15(0,5х30)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

10

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Шығарма талдау

Семестрлік тапсырманы қорғау

16

5

Бақылау шараларына дайындық




РК1, РК2

4




Барлығы







60

1. С.Мәуленов лирикасы.

2. Жұмекен өлеңдерінің көркемдігі.

3. С.Жиенбаев өлеңдерінің көркемдігі.

4. О.Бөкей прозасының тіліне картотека жасау.

5. З.Қабдоловтың әңгіме жанры туралы зерттеуі

6. Дулат Исабеков әңгімелері

7. Бердібек Соқпақбаев шығармаларының көркемдігі


11 Курс саясаты

Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (7 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

12

8

12

8

12

8

12

28

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ДС 1

ДС2

ДС3

ДС4

ДС5

ДС6

ДС7

ДС8

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

‡й тапсырмасын орындау және тәжірибешілік сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

33

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

5

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3




ҚМ4




35

Бақылау формасы

К




К




К




К




Макс. балл

5

5

5

5

5

5

5

0

Межелік

бақылау


Тақ. №

























100

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл




























2 рейтинг (7 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

13

9

13

9

13

9

34

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ДС 9

ДС10

ДС11

ДС12

ДС13

ДС14

ДС15


28

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

‡й тапсырмасын орындау және тәжірибе сабақтарға қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


30

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

4

4

4

4

5

5

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі

ҚМ5




ҚМ6




ҚМ7




ҚМ9

42

Бақылау формасы

К




К




К




К

Макс. балл

6

6

6

6

6

6

6

Межелік

бақылау


СӨЖ



















МБ

100

Бақылау формасы






















Макс. балл























Шартты белгілер: ДС – дәріс сабағы, ҮТ1 – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.

Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.

Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады. Курсты өту барысында төмендегідей марапаттау ұпайлары қойылады:

- дєріске ќатысу – 1балл.

- тєжір. сабаќќа ќатысу – 1 балл.

- тєжір. жұмысты орындау – 3 балл.


Тєжірибешілік жұмыстарын орындау барысында

  • Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру – 2 балл;

  • Жазба жұмыстарын орындау – 1 балл;


¤здік жєне курстыќ жұмыстарын орындау және қорғау барысында:

  • материалды толық меңгеру – 3 балл.

  • Талқыланатын тақырыптың, жоба мәселесінің мазмұнын ашу – 2 балл

  • Лексика-грамматикалық және стилистикалық сауаттылығы – 2 балл.

  • Материалдың мазмұндалуына шығармашылық көзқарас және өз ойын айта білу – 2 балл.


Студенттер білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.


12 Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Негимов С. Әдебиет әлемі.-Алматы: Ана тілі,2008




  1. Қосымша әдебиеттер:

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық.Т.9. Кеңес дәуірі (1956-1990). – Алматы,2005

  3. Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Монография. – Павлодар: Эко, 2000.

  4. Қабдолов З. Жебе. – Алматы: Жазушы,1977.

  5. Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан,1996.

  6. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.- Алматы: Санат,1996.

  7. Серікқалиев З. Алтын жамбы.- Алматы:Жазушы,2001.

  8. Шәріпов Ә.Сырбай Мәуленов творчествосы.- Алматы:Ғылым,1985.

  9. Жүсіп Қ. Жұмекен жұмбағы. - Алматы: Арыс, 2006.

  10. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.

  11. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы.- Алматы: Білім, 1998.

  12. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін,2002.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет