Пән Мәдениеттану


Студенттердің өз бетімен жұмысы



бет2/5
Дата29.05.2020
өлшемі22,15 Kb.
#71567
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 МƏДЕНИЕТТАНУ АЙКӨРКЕМ
2 МƏДЕНИЕТТАНУ АЙКӨРКЕМ, 2 МƏДЕНИЕТТАНУ АЙКӨРКЕМ, 2 МƏДЕНИЕТТАНУ АЙКӨРКЕМ, 2 МƏДЕНИЕТТАНУ АЙКӨРКЕМ
Студенттердің өз бетімен жұмысы:

1.Ағартушылық мәдениеттің қалыптасуы.

Ағартушылық - XVIII-XIX ғғ. дамыған идеялық ағым. Бұл ағымның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары арқылы қоғам кемшіліктерін, саясатты түзетуге күш салды.

Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни наным-сенімдерге қарсы болды. Ағартушылар сол қоғамда әлеуметтік көзқарастардың қайта қалыптасуына ықпал жасады. Шығыс елдеріндегі ағартушылықтың өзіндік сипаты бар.

2.Батыс Еуропаның классикалық әдебиеті және оның өкілдері.

Батыс еуропа әдебиеті Абай мұрасының маңызды бір қыры – Еуропа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты. Абай мұрасының батыс еуропа әдебиетімен байланыстары әртүрлі тұрғыдан, бірнеше арнада қаралуға лайық. Ол байланыстардың негізгі салмағы, өзекті сабақтары, салалы ұштары, әрине, 19 ғасырдағы қазақ қоғамының даму ерекшеліктерінде, ағартушылық, демократтық ақыл-ой ізденістерінде, көркем әдебиеттің реалистік бағыт-бағдарларында, ақынның дүниеге көзқарастарында, қоғамдық, әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық толғаныстарында жатыр, «таза» әдебиеттік қыры, көріністері де солармен үйлесімде, сәйкестікте. . Батыс Еуропа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп етеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Еуропаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Еуропа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Еуропаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Еуропа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Еуропа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге . Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет