Пән: Психология



Дата06.02.2022
өлшемі27,47 Kb.
#79783
Байланысты:
16.09.2020 ж психология


16.09.2020 ж.
Пән: Психология
Дәріс тақырыбы: Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы.
Жоспар
1.Жеткіншек психикасы дамуының өзіндік сипаты
2.жеткіншектің дене құрылысы мен физиологиялық дамуы. Жеткіншектің өзіне тән ерекшелігін теориялық тұрғыдан дәлелдеу.
3.Жеткіншектің «Мен» деген қасиетінің қалыптасуы және үлкендермен байланысы.
Жеткіншек жасындағыларды тиісті әдебиетте «қиын», «ауысу жастары» деп атайды.Ана тілінде «жеткіншек» деген ұғым өзге тілдегі осы сөздің дәл мағынасын береді.Жеткіншек өзге жастарға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгіме болып жиі көтеріледі.Себебі бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшеліктері жас бала мен ересектерге қарағанда әлдеқайда өзгеще болады;бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді.Жеткіншектің ересектен айырмашылығы тек үлкен адаммен қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы жағынан кеңінен өріс ашатынында. Мысалы,жеткіншек төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берілген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жеткіншек жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады.Жеткіншек «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» депнаразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Жеткіншектер үлкен адамның талабына оңайлықпен көне бермейді.Себебі, біріншіден қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жеткіншек жасындағылардың көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмалары жоқ.
Екіншіден,өткен дәуірге қарағанда жеткіншек қазіргі кезде теледидар, радио арқылы ересектершге арналған хабарларды естіп, не болмаса фильмдерді көріп, соларға еліктейді.
Үшіншіден, әсіресе қалалық жерде жеткіншек сонымен қатар үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әдеттеріне еліктейді.
Жеткіншектің өзбеттілік қасиетке ұмтылып, үлкендердің қамқорлығынан босануға тырысуы балалардың бәрінде кездесетін болғанымен, осы жеткңінтердің бірқатар күні-түні фантастикалық әдебеттерді оқып, солардың кейіпкерлеріне еліктейді. Олардың кейіпкерлерге әуес болғаны сондай сабақтан қалып қоюы мүмкін.Жеткіншектер арасында радиотехнологиялық әуестенушілік көптеп кездеседі.
Әдетте, жеткіншектерді тәрбиеге көнбейтін қиын жол деп сипатталады.Солай деп бағалайтыны, біріншеден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, оның негізіәнде жаңа қасиеттер пайда болатынан, кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін,Екіншіден, осындай психикалық, жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді.Мұндай үлкен өзгерістердіпсихикалық түрліше дәлелдейді.Осы ғасырдың бас кезінде психолог З.Фрейд, Л.И.Божавич жеткіншек үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін өзім бәрін орындаймын дейтініңжыныс қасиеттерінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндіреді.Бұл пікірге совет психологтары мүлде қарсы, жеткіншектердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетінен қасиеттерінің бірі.Қоғамдық ортаның жеткіншекті тәрбуелеуге ықпалы зор.
Бала жеткіншек жасында дене және физикалық даму жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайды. Егер бастауыш сыныптарда баланың денесі белгілі бір мөлшермен біртіндеп өсетін болса, жеткіншек кезінде тез өседі. Кейде тым шапшаң, баяу дамиды. Қыздардың денесінің тез өсуі 13 жаста, ұлдарда 15 жаста кездеседі. 13 жастағы қыз күш жағынан шешесінен кем емес, 15 жастағы ұлдың күші әкесінің күшіне жақындайды. Жеткіншек қан айналыс системасы недәуір өзгеріске ұшырайды. Жүрегінің көлемі тез өсіп, салмағы артады. Артериялық көп айналыс түтіктерінің диаметрі өсіп жарымайды. Жеткіншек бас миының көлемі ересектердей. АҚШ психолгы С.Хоил Европадан З.Фрейдты өз еліне шақыртып, сол заңдылыққа сүйене отырып, психологтарға « биогенетиканың универсализм » деген ұғым енгізді. Сондықтан осы заңдылықтардың жеткіншектердің мінез- құлқының кейбір жақтарына әсер етеді. Антропологтар соның ішінде АҚШ антропогы М.Мид пен Р. Бенедикт қарсы шықты. Бұлар Европа елдерінде жеткіншектері артта қалған. Арнайы тексеру үшін самоа аралына барып, сонда тұратын жеткіншектерді зерттеген.



Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы

Ұқсастықтары

Жеткіншек жасының псикикалық дамуы

1)7-11 жас аралығын қамтиды
2)Ойын әрекетіне болады
3)Әуесқой, ақкөніл болып келеді.

1)Олардың екеуі дебала деп есептеледі.
2)Олардың бәлсем деген талыпынастары болады.
3)балаларда физикалық психикалық даму жүйесі

1)12-18 жастарды қамтиды
2)еліктегіш келеді
3) Мен тұжырымдамасын қалыптастырады.

Жеткіншектердің Мен деген қасиетінің қалыптасуына және оның үлкендермен қарым-қатынасын қалыптастырайық.
Біз жеткіншектердің мен деген қатынасын жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынасын, әсіресе ортадағы кездердің қайшылықтарына тоқталайық.Қайшылық жеткіншектердің есейіп қалуы мен үлкендердің оған әлі бала деп қарауымыздың келіспеушілігінен болғанды, біз осы ілгерімде әдейі ескерттік.Ал қайшылықтың нәтежесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс деп атадық.Дағдарыстың жеткіншек жастағы бұл түрі бөбектік дағдарыстың кезеңінен әлдеқайда басым келеді.Дағдарыс дегенің мағнасы қиын жағдайға тап болған кезде одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.
Жеткіншек үлкен сөзіңің есейгенімен, әдістілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен, орындағасы келеді.Осыған әуелгі кезде туған –туыстары қарсы шығады. Бұлардаң қарсы шығуынан себебі, балаларына сенім білдіргісі келмегенінен емес, оны бала деп бәлендеә істі не бүлдіріп алады ғой деуінен.Бірақ жеткіншектнр мені бала деп сенбей отыр-дейді.Екі аралығында қайшылықты кім женеді дегенде жеткіншектердің талабы жаңа болғанынан, сол жеңеді деуге болады.Әуелі жеткіншек үлкен адамдармен қарсыласып, оның сөзін тыңдамайды. Үлкендер жеткіншектердің « кейбіреуі көнбей, түбінде үлкендер шаршап енді сенің айтқаның бола қойсын » деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағытүсінбеушілікті неміс психолгы « бойлық бөгет » деп атайды. Менменсіну кейде жеткіншекті қолайсыз іске апарып соқса да, мұны негізінде жаман қасиет деп санауға болмайды.
Жеткіншектің « Мен» деген қасиеті өзінің кім екенінбіліп, күшіне сеніп, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға пайдасын тигізеді. Жеткіншек өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, өзіне дербес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, соларды жақсы білуден пайда болады. Жеткіншектің идеалына ұнайтын бейнелеріне келсек, мұның өзі түрліше кездеседі. Жеткіншек идеалы көркем әдебиеттегі кейіпкерлер не өзінің жақсы білетін, жақсы көретін адамдары да болуы мүмкін. Әр кейіпкердің ұнамды жақтарын жинап біртұтас жинақты бейне жасап, кейін соған еліктейтіні кездеседі.
Қазіргі заманғы жеткіншектің есеюі мен өткен дәуірдегі баланың есеюі аралығында үлкен айырма бар. Егер өткен заманның бозбаласы атқа мініп, үлкендерге қосшы болса есею деген ұғымға жатқызбайды. Сол сияқты қыздар киім тіге білуді, алаша тоқуды есейгендік деп сезінсе, бұл да қазір есеюге жатпайды. Жеткіншектің басым көпшілігі: есеюдің соңғы түрінің ұнамсыз екенін біліп, қолайсыз түрінен аулақ болып, пайдалы істермен айналысады. Бұлар есеюді 2 мағынада түсіндіреді: бірқатары болашақта ірі қайраткер болсам десе, өзге тобы есею деген сөзді фантастикалық кітаптың сан алуан түрлерін соның ішінде А.Б.Стругацкий мен С.Мемнің тағы басқа фантастикалық шығармаларын оқып, сондағы ғылым мен технология ғажайыптарына ие болсам деп арман етіп, есеюді технологияның жетістігімен танысу деп түсіндіреді. Ал жеткіншек жастағы қыздарды алсақ, бұлардың есеюді түсінуі түрліше. Бірқатарының есеюге байланысты талғамы әр түрлі. Қыздар сәнді киініп, өзгелерге ұнауды кейде негізгі мақсаты етіп, осыны есеюдің, бойжеткеннің белгілері деп түсінеді. Жеткіншек жастағылар әлі бір жағынан бала болса да, солардың істейтін жұмыстарын оқудан бос кезде қайталап, қалайда азамат болуға тырысады.
Жеткіншектің үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келу, өз құрбыларымен қарым- қатынас жасап, жолдас- жораларымен байланысты болуға итермелейді. Бұрын бала әке- шешесіне айтып, осы жөнінде олардың пікірін тыңдаған жеткіншек өздерінің ішкі сырын тек ең жақын достарына айтады. Себебі жеткіншектердің мұңын, уайымын туысқандардан гөрі жақын достары жақсы түсіне алады. Ұл балалар әкесімен, қыз балалар анасымен жақсы қарым- қатынаста болады. Бір –екі бала достық қатынаста бола алады. Мұны әлеумет психологияда микротоп деп аталады. Жеткіншек кім болса сонымен дос бола алмайды. Дос болу үшін оны құрбысы қабылдап ұнатуы тиіс. Жеткіншектер біреумен достасқанда уақытты бос өткізу үшін ғана достаспайды, одан бірдеңе үйренгісі келіп, өзінің мәденибайлығын ұлғайтқысы келеді. Ал жеткіншек өзіне дос таңдау үшін талапты түрліше қояды. Егер кіші оқушы өзіне досты көбінесе сабақ үлгілеріне қарай қарайтын болса, жеткіншек оның құрбыларының ниеті қандай, шынымен дос болғысы келе ме, қорқақ не батыр ма,- осы сияқты сапаларға мән береді. Жеткіншек жастағылар тобында « Моральдық кодекс» деген кездеседі. Мұны солай деп атауы жеткіншектердің нені жақсы, нені орынсыз дейтіні көбіне үлкен адамдардыкіндей емес, үлкеннің істерді моральдық жағынан бағалауы жеткіншектің осы жөніндегі бағасына дәл келмейді. Жеткіншектің достықты қалай бағаларына келсек, осының өзі тым терең мағынада кездеседі. Егер достығы терең болған жеткіншектер бір- біріне ренжісіп ,өзара сөйлеспесе онда осы оқиғаны әр жағы қатты қайғыға алып, көпке дейін уайымдауы ықтимал. Жеткіншектер өз құрбыларын достық қасиетін Т.В. Драгунова зерттеп, оның тәрбиесіне негізгі әсер ететін фактор өз құрбыларымен қатынас жасап, олардың жолдастық қасиетте болуын анықталады.
Жеткіншек кіші оқушыға қарағанда оқуға недәуір төселіп қалады. Бұлардың арасында сабақты жақсы игеретіні жақсы кезедседі. Бірақ осының оқуы кейде ойдағыдай жүзеге аспайды. Осының бірнеше себептері бар: 1) егер осы уақытқа дейін төменгі сыныптарда бір мұғалім оқытып келсе және олар үшін мұғалім беделді болса, орта сыныптарда жеткіншектерді ең кемінде 5,6 мұғалім оқытады. 2) Төменгі сыныптарда оқу көбінесе қызық болып келсе, орта сыныптарда барлық сабақтың тапсырмалары күрделі болады.3) Бұрын бастауыш сыныптар мұғалімнің сөзі мен ісіне сын көзімен қарамайтын болса, енді жеткіншектер сабақты мұғалім қалай түсіндіргеніне мән береді. 4) Жеткіншектердің ілгері де айтылғандай құрбыларымен достығы үстем орын алып, осының нәтижесінде оқу оның өмірінде негізгі ролі атқара алмауы мүмкін. Т.В.Драгуновтың зерттеуіне қарағанда, бастауыш сыныптардан орта сыныпқы көшкен кезінде жеткіншектердің бір- бірінен айырмашылығы: 1) жеткіншектердің бірқатары жақсы оқыса, , өзгелер нашар оқып, сабақтарына немқұрайлы қарайды.2) Бұлардың ой- өрісі тым жоғары немес төмен болады. 3) Оқу қиыншылықта төзімді не төзімсіз болып, үлгермейтіндер жиі кездеседі. 4) Материалды толығымен білетіндері де және тіпті сондағы мазмұнды білмейтіндері де кездеседі.
Жеткіншектің зейініне келсек, бұлардың осы қасиеті бастауыш сыныптардай тек қызық обьектіге назар аударумен шектелінбейді. Бұлардың ой- өрісі қалыптасып қалған қызық емес нәрсеге де зейін қойып, назарын сол обьектіге арнай түрде бөле алады. Кіші оқушыларға қарағанда жеткіншектердің бұлардан айырмашылығы сол, кіші оқушы мазмұнды жадында сақтап алуды жақсы көрсе, жеткіншектер мұны жек көріп, мазмұнды мағынаға қарай есінде қалып отырады.
Жеткіншектердің оқу ойлану процесі негізгі роль атқарады. Ойлату арқылы жеткіншектер тиісті мәселелердің шындығын не қате екенін шешеді. Шындықты ажыратудың көптеген тәсілдері кездеседі. Солардың бірі формальдық операция деп аталады. Мысалы, біз мына екі сөйлемнен: « таулы жерде картошка жақсы өседі», « Кавказ таулы жер» деген сөйлемдерде мынадай қорытынды шығарамыз. Ендеше, Кавказда картошка жақсы өседі, бірақ бітеу бізге- « Сен Кавказда болған жоқсың,сондықтан қорытынды қате»,- деуі мүмкін. Осы сияқты екі сөйлемнен жаңа қорытынды шығару- басталады, оған дейінгілерде кездеспейді деп болжанған.
Кейбір психологтар В.В Давыдов баланың абстрактық ойынның дамуына ерекше мән береді.Абстрактық ой дегеніміз нақты заттарға мән бермей,солардың негізгі белгілерін біріктіріп, жалпылап бейнелеу.
Баланың өзін-өзі тану дұрыс қарым-қатынасын дамыту, баланың өзіндік «менің» анықтауға көмектесу, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, балаларды жан-жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, салауаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі зор. «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасының міндеті бойынша баланың бойына «Әлем және адамзат» туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Жасөспірімдердің адамгершілік мінез-құлықтарына мүмкіндіктерімен таныстыру. Жеткіншектердің танымдық белсенділіктерін арттыру. Жас ұрпақтың рухани адамгершілік категорияларына көңіл аудару. Жеке тұлғаның «менің» (өзімшілдігін емес ояту). Осы міндеттерді бала бойына дарыту мақсатында оқытудың әдіс-тәсілдері қолданысқа енгізіледі.
1. Интерактивтік әдіс
2. Топтық жұмыс
3. Ой – қозғау әдісі
4. Жобалау әдісі
5. Рөлдік ойындар
6. Шешім қабылдау әдісі
7. Қосымша жұмысты орындау
Осы әдістерді пайдалана отырып, оқушы өз пікірін айта алатындай, өзін толғандыратын сұрақтың шешімін табуға ұмтылатындай дәрежеге көтеріледі.
Жасөспірімдер іс-әрекеттері мен оқиғаларға, жағдаяттарға кейіпкерлердің мінез-құлқы мен қарым-қатынастарына баға беруге үйренеді.
Әдебиет тізімі:

  1. Бап-Баба С. Жалпы психология.- Алматы: 2003

  2. Егенисова А.Қ. Психология. Оқу құралы.–Ақтау – 2010.

  3. Жарикбаев К., Озганбаев О., Чистов В. «Психология и этика» -Алматы: Мектеп,2001.

  4. Жұмасова К.С. Психология. - Астана: Фолиант, 2006.

Электрогдық оқулықтар: https://cloud.mail.ru/public/pSHV/3EgEDgEmA

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет