Пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет3/23
Дата08.02.2022
өлшемі241 Kb.
#122577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
СИЛЛАБУС ОСПАНОВА
СИЛЛАБУС ОСПАНОВА, СИЛЛАБУС ОСПАНОВА, 1. Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Нұсқа 2.
Бағалау критерийі



Аттестация түрі

Бақылау түрі

Жалпы бағадан үлес, макс. в %

Аралық бақылау №1

Сабаққа қатысым

5

Ағымдық бақылау (прак. сем., лаб. и студ. сабақтар)

50

Өздік жұмысты бақылау (СОӨЖ; СӨЖ)

30
Аралық бақылау (колоквиум, бақылау жұмысы, презентация и т .б.)

15

Аралық бақылау №2

Посещение занятий

5

Текущий контроль (прак. сем., лаб. и студ. занятия)

50

Өздік жұмысты бақылау (СОӨЖ; СӨЖ)

30
Аралық бақылау (колоквиум, бақылау жұмысы, презентация и т .б.)

15

Қорытынды бақылау
Емтихан

100



3. Курстың академиялық презентациясы.
Оқу курсының типі: МК/ТК
Пәнінің мақсаты студенттердің Қазақстанның қазіргі заман тарихының негізгі тарихи кезеңдері туралы шынайы, толық білім беруде дағдыларын қалыптастыру және мемелекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, тарихи-мәдени үдерістердің үздіксіздігі мен сабақтастығына назарын аудару қабілетін аша отырып, жан – жақты білімді қалыптастыру болып табылады.
Пәннің негізгі міндеттері:Ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымды қалыптастыратын Қазақстанның қазіргі заман тарихы білімін жинақтау; Қазақ халқының этногенезі мәселесін, Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлері эволюциясын, аса маңызды тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруды көздеген қазіргі Отан тарихының ғылыми- негізді тұжырымдамасын жасау; полиэтникалық және поликонфессионалды қазақстандық қоғамды біріктірудің идеологиялық және рухани негіздерін жіктеу; жеделдетілген модернизация мен республиканың экономикалық және идеялық-мәдени жетістіктерге қол жеткізген даму моделін шынайы ғылыми тарихи білім мазмұнымен толықтыру; Дүниежүзілік тарих ауқымындағы бүгінгі Қазақстан қазіргі заман тарихының қайталанбас ерекшелігі мен маңыздылығын анықтайтын ғылыми қағидаларын ашу. Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи сабақтастығы жөніндегі білімін көрсетеді; өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетіп, сыни қарайды; Қазақстанның қазіргі заман тарихы оқиғаларының барысы мен салдарын тарихи сипаттау мен талдау тәсілдерін меңгереді; тарихи өткенге сыни қарап, дәлелді мағлұматтардың негізінде қазіргі қоғамдық мәселелерді шешу жолын түсіндіреді; қазіргі қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін және маңыздылығын дәлелдеу; тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен ортақтық ұғымдарын, Қазақстанның рухани мұрасының терең тамырларын салыстырады; ұлттық басымдықтарға сәйкес тарихи сана мен дүниетанымдық қағидалардың қалыптасуының маңыздылығын анықтайды; қоғамның демократиялық құндылықтарды толеранттық өзаракелісушілікті азаматтық ұстаным тұрғысында қабылдайды.
Курсты оқу барысында студент төмендегідей білімдерді меңгереді:
когнитивті: Әлемдік тарихтың бір бөлшегі ретінде Қазақстанның қазіргі заман тарихының орнын, негізгі терминологиясын, тарихнамасын көрсете білу, өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
функционалдық:- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу,- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
жүйелі: күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру. Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің сабақтастығын анықтау және «Мәңгілік Ел» идеясының қалыптасуы мен дамуын сипаттау, Жастар саясатын талдау мен патриотизм мәселесін шешуде тарихи білімді пайдалана білу. Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты мұрағат құжаттарының жарияланған жинақтарын, деректер мен зерттеу еңбектерін пайдалана білу.
Төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: Зерттеу еңбектері мен дерек көздерінің мәтіндерін түрлі әдістермен талдау әдістемесін меңгеруді, сондай-ақ тарихи терминдерді білу.Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні мәселелік тұрғыда құрастырылған және теориялық - методологиялық тұжырымдарға негізделген. Курс мазмұны осы қағида бойынша орта білім беру бағдарламасын қайталамауды көздейді. Хроногиялық шеңберін анықтауда Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы ұлттық идеялары мен қозғалыстар тарихы басшылққа алынды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын тұжырымдық және практикалық зерттеуде пәнаралық ұстанымдар қолданылады. Тарих ғылымының тұжырымдарын саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, сияқты өзге қоғамдық ғылымдардың методологиялық негіздерімен ұштастырудың маңызы айқындалған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік алуына орай өткенді жан-жақты және объективті зерттеу, негізгі міндеттері халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылатын «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін оқыту көкейкесті бола түсті. Мемлекеттің біртұтас сиаптын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің басты мақсаты: бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беру; Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мәдениет, этногенез сабақтастығы мәселелеріне студент назарын бағыттау; студенттерге тарихтың іргелі мәселелерінің мәнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми әдістерін пайдалануға студенттерді үйрету және олардың ғылыми көзқарасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет