Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің


КІРІСПЕ Оқытушылар туралы мәлімет



бет3/92
Дата25.12.2023
өлшемі0,81 Mb.
#199223
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
УМКД Философия каз.3 кредит
7 -сынып Олимп 1 сабақ (1), сұрақтар тізбесі7, Дискретт3 математика жауап, Лес Мұхит Архитектура[1]

КІРІСПЕ

Оқытушылар туралы мәлімет:


Иманқұл Нұртас Насырұлы, философия ғылымдарының докторы.
Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ң философия факультетін бітірді.
Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. 413 каб.
Ғылыми ізденістері: логика, гносеология, философия тарихы.
Иманқұл Айжан Нұртасқызы - философия ғылымдарының кандидаты.
Білімі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.
Гуманитарлық және жаратылыстану пәндрі кафедрасының аға оқытушысы, 413 каб. Ғылыми ізденістері: философия тарихы.
Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Болашақтағы мамандардың дүниеге көзқарастық мәдениетін, тіршіліктегі қыруар қарбаластан шығу жолдары мәселелері туралы сыни-рефлексивті ойлау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады. Бұл олардың қоғамдағы өзінің рөлін, өмірінің мақсаты мен мәнін, өзінің іс-әрекеті мен қылықтарына жауапкершілігін сезінуіне, адам болмысын ұғыну, өзінің дүниедегі және өзге дүниенің өзіндегі мәнін түсіну болып табылады.
Пәнді оқып-үйретудің міндеттері:
- Студентті философиялық ойлауға баулу. Философия арнайы білімдер жүйесі ретінде стихиялы философия өзгеше, өзінің рухани мол ғасырлық дәстүріне сүйенеді;
- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;
-Болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;
- Пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.
- Юридикалық және өзге гуманитарлық ғылымдар мен оқу пәндері жүйесінде құқық пен мемлекет мәселесі – оқыту нысаны болып табылады, сондықтан осы жүйелерде философияның негізқалаушы орнын анықтау.
Перереквизиттер : "Философия" оқу пәнін оқытып-үйрету:
-Студенттердің әлемдік көзқарастарын қалыптастыру арқылы тұлғаны рухани дамыту;
- Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында мәлімет беретін орта білімнің бар болуын;
- Керекті әдебиетті іздей, әрі таба білу және оны сыни-талдау тезінен өткізіп, игере білу қабілетін;
- Ойлау мәдениеті мен тәртібінің белгілі деңгейінің болуын қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет