Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы №1-тақырып. Отбасы құқығының түсінігі Сұрақтар



Дата11.01.2017
өлшемі122,22 Kb.
#7054
Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы
1-тақырып. Отбасы құқығының түсінігі
Сұрақтар:

    1. Неке мен отбасының тарихи нысаны

    2. Отбасы құқығының пәні мен әдісі

    3. ҚР Отбасы құқығының құрылымы мен жүйесі

    4. ҚР Отбасы құқығының салалық қағидалары

Мақсаты:

1.Жеке құқық саласы ретінде отбасы құқығының ерекшеліктерін ашу.

2. Неке мен отбасының тарихи нысаны зерттеу.
Ұсынылған әдебиеттер:

1. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.

2. Муратова С.А. Семейное право. М. 1991 ж.

3. Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.



4.Нечаева А.М. Некоторые направления дальнейшего развития брачного-семейного заканодательства// Государство и право 1994 ж.12

5. Антокольская М.В место семейного права в системе отраслей частног права// Государство и право1995ж. 6

6.Косова О.Ю.Предмет семейного право и семейного законадательство// Государство и право 2000ж. №6.


Тапсырма:

Студент отбасы құқығының қай салаға жататындығы мәселесін шешуде негізгі көз қарастарды қарастыру қажет. Атап айтқанда:

1) жеке құқық саласы;

2) азаматтық құқықтың құрамдас бөлігі;

3) кешенді құқық саласы. Қандайда бір көз қарасты таңдау үшін студент құқықтық реттеудің пәні мен әдісіне, құрылымы мен салалық қағидаларына назар аударған жөн.

Бақылау нысаны: жеке әңгіме жүргізу.
2-тақырып. Отбасы құқықтық қатынастар
Сұрақтар:

1. Әлеуметтік және заңи мағынадағы отбасының түсінігі

2. Отбасы қатынастарының түсініг және түрлері

3. Отбасы қатынастарының элементтері



Мақсаты:

1.Отбасы ұғымын ашып, оның мәнің анықтау.

2. Отбасы қатынастарының және оның эәлементтерінің ерекшеліктерін бөләіп қарастыру.
Ұсынылған әдебиеттер:

1. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.

2. Муратова С.А. Семейное право. М. 1991 ж.

3. Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.



4.Нечаева А.М. Некоторые направления дальнейшего развития брачного-семейного заканодательства// Государство и право 1994 ж.12
Тапсырма:

Әлеуметтік мағынада отбасы - өз ара байланысты мүдделермен және бір бірін күтумен сипатталатын некелік, туыстық байланыспен біріккен, бірге тұратын адамдардың одағы. Отбасының заңи мағнадағы анықтамасы әлеуметтік мағнадағы анықтамамен сәйкес келмейді. Осы себеппен студент Отбасының заңи мағнадағы және әлеуметтік мағнадағы анықтаманың негізгі еркшеліктерін қарастырып, туысқандық пен туыстыққа заңи анықтама берген жөн. Студент отбасы құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктеріне назар аударған жөн:

1) отбасы қатынастар ыоқиға сияқты заңи фактіден пайда болады;

2) отбас қатынастары ұзақ сипатта болады;

3) отбасы қатынастарының субъектілері.

Үшінші сұрақты қарастырған кезде отбасы құқық қатынастарының субъектісі, объектісі, мазмұны, заңи фактісін түйіндеп қарастырғану керек.



Бақылау нысаны: жеке әңгіме жүргізу.
3-тақырып. Неке

Сұрақтар:

1. Некенің түсінігі, белгілері мен оған тұрудың талаптары

2. Некеге тұрудың тәртібі

3. Некені жарамсыз деп тану

4. Некені тоқтатудың түсінігі, негізі және тәртібі

5. Некені АХАЖ және сот органдарында бұзу



Мақсаты:

1.Неке институты мазмұның ашу.

2. Неке мен отбасы саласындағы заңнаманы зерттеу.
Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. «Некені бұзу туралы істі қару кезінде соттардың заңнаманы қолдану туралы»ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 2000ж.28.04.

3. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.

4. Кабышев О.А. Брак и развод. М. 1998 ж.

5.Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.



4.Чефронова Е. Судебный порядок расторжения брака// Российская юстиция 1996 ж.9
Тапсырма:

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабы ерлі-зайыптылардың арасында мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тудыратын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіпте екі тараптың толық және ерікті келісімі негізінде жасалаған ер жәек әйел адамның арасындағы тең құқытық одақ. Осы анықтамада студент некенің негізгі белгілерін атап өту керек. Нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып студентнекеге тұрудың талаптарын, тәртібін, сондай-ақ оны тоқтатудың негізін анықта керек. Некенің жарамсыздығына ерекше көніл бөлген жөн. студент некені тоқтату және некенің жарамсыздығы ұғымдарын айыра білу керек.



Бақылау нысаны: жеке әңгіме жүргізу.
4-тақырып. Ерлі-зайыптылардың мүлікті құқықтары мен міндеттері

Сұрақтар:

1. Ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі

2. Ерлі-зайыптылардың бөлек мүлкі

3. Ерлі- зайыптылардың мүлкіне шара қолдану

4. Неке шарты

Мақсаты:

1. Ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайларының ерекшеліктерін анықтау.

2. Ерлі-зайыптылардың мүліктерінің заңдық және шарттық режимі туралы білімді кеңейту.
Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994. 27. 12.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1999. 01. 06.

4.Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

5.Хазова О.А. Брачный договор// Дело и право 1995 ж.9
Тапсырма:

Ерлі-зайыптылардың мүлкін ортақ және бөлек деп бөлу отбасы қатынастарын әртүрлі құқықтық реттеуді туындауына әкеліп соғады. Студенттер кейбір мәселелерді мұқиат қарап практикалық түрде бекіту керек. Неке шарты институтына ерекше көніл бөліп, оның түсінігін, ерекшеліктерін, нысаны мен мазмұның атап өту керек.



Бақылау нысаны: тапсырмалар мен есептерді шешу.

5-тақырып. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері



Сұрақтар:

1. Балалардың өмірге келуін анықтау

2. Кәмелетке толмағандардың құқытары

3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

4. Ата-ана құқығынан айыру

5. Ата-ана құқығын шектеу



Мақсаты:

1. Ата-аналармен, балалардың жек және мүліктіктары мен міндеттерін анықтау.

2. Ата-ана құқығын «айыру» және «шектеу» ұғымдарына назар аударған жөн.
Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994. 27. 12.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1999. 01. 06.

4.Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

Тапсырма:

«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 45 бабына сәйкес ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері заңмен белгіленген тәртіпке негізделеді. Сондықтанда студент осы тақырыпты қарастырған кезде балардың өмірге келу тәртібін (аналық, әкелікті анықтау, әкелікті сот тәртібіммен анықтау)назар аудару керек.

Екінші және үшінші сұрақты қарастырған кезде кәмелетке толмаған балалар мен ата-аналардың жеке және мүліктік құқықтарын жеке-жеке тоқталған жөн.

Төртінші және бесінші сұрақты қарастырған кезде ата-ана құқығын айыру және шектеудің түсінігі, негізіне, тәртібі мен салдарларына назар аудару керек.



Бақылау нысаны: тапсырмалар мен есептерді шешу.
6-тақырып. Алименттік құқықтар мен міндеттер
Сұрақтар:

1. Алименттік құқықтар мен міндеттердің түсінігі мен түрлері

2. Ата-аналардың өздерінің балаларына қатысты алименттік міндеттері

3. Ата-аналарың күтумен байланысты балалардың құқытары

4. Ерлі-зайыптылардың алименттік міндеттері(бұрынғы жұбайы)

5. Отбасының басқада мүшелерінің алименттік міндеттері

6. Алиментт төлеудің және өндіріп алудың тәртібі

Мақсаты:

1. Алименттік міндеттер саласында білімді кеңейту.



Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994. 27. 12.

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім) 1999. 01. 06.

4.Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

5. Кабышев О.А. Право и алименты. М. 1998ж.

6. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.

7. Муратова С.А. Семейное право. М. 1991 ж.


Тапсырма:

Студент осы тақырыпты қарастырған кезде «алимент міндеттерін төлеуші», «алимент міндеттерін алушы» ұғымдарын, сондай-ақ алиментті төлеуге міндетті және алименттік міндеттерді орындауға талап етуге құқығы бар адамдарға назар аударған жөн.

Сонымен қатар сот шешімі бойынша алиментті өндіріп алу, жұмыс орны бойынша әкімшіліктің алиментті ұстап қалу міндеті, алимент бойынша қарызды анықтауғ ерекше көніл бөлу крек.

Бақылау нысаны: жеке әңгімен жүргізу.
7-тақырып. Асырап алу
Сұрақтар:

1. Асырап алудың түсінігі, талабы және тәртібі

2. Асырап алуды жою: негізі, тәртібі, құқтық салдары

Мақсаты:

1. Асырап алу саласында білімді кеңейту.



Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. «Асырап алу туралы істі қару кезінде соттардың заңнаманы қолдану кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 2000ж.22.12.

3. Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

4. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.
Тапсырма:

Студент осы тақырыпты қарастырған кезде асырап алу шартын; баланы асырап алудың маңызды талабы ретінде келісім (ата-ананың, қамқоршы мен қорғаншының, баланың, ерлі зайыптылардың біреуінің) және жас мөлшеріндегі айырмашылыққа көніл бөлу керек. Сондай-ақ асырап алудың тәртібі мен салдарында қарастырған жөн. Студент асырап алушы және асырап алынғандардың қандай құқықтар мен міндеттері бар екенін білу керек.

Асырап алудың құпиясын қамтамасыз ету үшін асырап алынғанның тегі, есімі, әкесінің аты, туған күні мен орны өзгертілуі мүмкін. Студент бұндай жағдайда .«Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандай нормалар пайда болатының білу керек.
Бақылау нысаны: тапсырма және есеп шығару.
8-тақырып. Азаматтардың хал жағдайы актілері

Сұрақтар:

1. Азаматтардың хал жағдайы актілерінің түсінігі және маңызы

2. Жеке фактілерді тіркеу (туу, асырап алу, қайтыс болу және т.б.)

3. Азаматтардың хал жағдайы актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу



Мақсаты:

1. Азаматтардың хал жағдайы актілері саласында білімді кеңейту.


Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. Қазақстан Республикасында азаматтардың хал жағдайы актілерін тіркеу тәртібі туралы ереже, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 1999ж.22 мамыр №620

3. Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

4. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.
Тапсырма:

Студент осы тақырыпты қарастырған кезде жеке фактілерді тіркеу тәртібін, атап айтқанда, тууды тіркеу, әкелікті тануды тіркеу, некені тіркеу, некені бұзуды тіркеу, асырап алуды тіркеу, тегінің, есімінің, әкесінің атын өзгертуін тіркеу, адамның қайтыс болуын тіркеу, азаматтардың хал жағдайлары актілеріне өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу тәртібі, азаматтардың хал жағдайлары актілерін жою және қалпына келтіруді.



Бақылау нысаны: жеке әңгімен жүргізу.

9-тақырып. Отбасы заңнамасын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қатысатын отбасы қатынастарына қолдану


Сұрақтар:

1. Отбасы қатынастарына шетел отбасы құқығының нормаларын қолданудың негізі

2. Шетел азаматтары мен азаматтығ жоқ тұлғаларқатысатын некені тіркеуді және бұзуды құқықтық реттеу

3. Шетел элементі болған жағдайда отбасы мүшелерінің мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды құқықтық реттеу

4. Шетел элементімен асырап алуды құқықтық реттеу

Мақсаты:

1. Шетел элементімен отбасы қатынастарын реттеу саласында білімді кеңейту.


Ұсынылған әдебиеттер:

1. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1998. 17. 12.

2. Муратова С.А. Семейное право. М. 1991 ж.

3. Гражданское право под редакции Толстого Ю.К., Сергеева А.П. М. 2001ж.

4. Антокольская М.В. Семейное право. М . 2001ж.
Тапсырма:

Студент осы тақырыпты қарастырған кезде шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларының қатысуымен отбасы қатынастарын құқықтық реттеудің негізі ең алдымен ҚР Конституциясы, сондай-ақ «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болатының түсіну керек. Өйткені олар отбасы қатынастарын реттеуге қатысы бар негшіз салушы ережелерден тұрады.



Отбасы заңнамасын қолданған кезде тек қазақстан азаматы емес, сонымен қатар басқа шет мемлекетінің азаматтары ескеріледі, әрине егер отбасы қатынастарының қатысушысы ретіндк басқа елдін азаматы болса.

Бақылау нысаны: реферат.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет