Пәні : Дене тәрбиесі Мамандығы : 0105000 – «Бастауыш білім беру»



бет4/4
Дата21.01.2022
өлшемі347,44 Kb.
#112731
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Дшы 06.04.21
12.КТЖ Биология 9 сынып, ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 6 сынып
Қашықтық бойымен жұгіру. Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты - адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқ жиілігінің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді, адым жиілігі шаршаған сайын төмендей береді. Жеделдікті ұзақ сақтаудың бірден бір кепілдемесі денені бос ұстап, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді.

(Жүгірушінің қозғалыс техникасын бейне оқу фильмдерді талдау арқылы сипаттама беріледі).

Мәре. Ара қашықтық аяқталар кезде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп, мәре сызығынан жүгіріп өту қажет, ал егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-теңдікті жоғалтып, кей жағдайдақ ұлап қалуыда ықтимал, жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші мәреге қатар жеткен кезде, тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың маңызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе спортшыны жеңіске жеткізеді Спринтерлік жүгіруде жылдамдықтың физиологиялық қалыптасуын қарастырайық.Жүгірушінің шеберлігіне және жасына қарамастан 1ші секӛнтте 55%.2-шіде 75%.ал 3-шіде 91%. Ал 4-де 95%. 5-де 99%,ал 6-да 100%.

Жүгіріс барысында жоғары жылдамдықты қашықтық бойынша сақтау керек және мүмкіндігінше мәре сызығына жақындаған кезде жылдамдықты барынша үдете түскен дүрыс. Жүгіріс спортшының кеудесі мәре сызығы бойымен жүргізілген вертикалды шалған кезде аяқталады. Оны тезірек шалу үшін соңғы адымдарда алға қарай төспен ұмтылу керек, бұлшық өзі де «төспен ұмтылу» әдісі деп аталады. Бұның басқа да тәсілі бар, яғни жүгіруші мәреге жетер кезде иіліңкіреп, сол мезетте бір қабырғасына бұрылып лентаны қарымен шалады. Мәреге ұмтылу техникасын меңгермеген жүгірушілер мәре сызығынан бар жылдамдығымен жүрігіп өтуді үйрену керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет