Пәні : Дене тәрбиесі Мамандығы : 0105000 – «Бастауыш білім беру»



бет2/4
Дата21.01.2022
өлшемі347,44 Kb.
#112731
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Дшы 06.04.21
12.КТЖ Биология 9 сынып, ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 6 сынып
Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері:100 м, 200 м, 400 м; Эстафеталық жүгіріс 4x100, 4x400 метрлік болып келеді.

Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүгіру кезінде кейбір қашықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с. Бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашықтыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:

- сөре (жүгірудің басталуы)

- сөрелік қозғалыс ( старттық қозғалыс)

- қашықтық бойымен жүгіру

- мәре (финиш)


Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына қысқаша талдау

Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүгіру кезінде кейбір қашықтық аралығында әйелдер 11,6 м/с жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 м/с. Бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашықтыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:

- сөре (жүгірудің басталуы)

- сөрелік қозғалыс ( старттық қозғалыс)

- қашықтық бойымен жүгіру

-мәре (финиш)

Аласа сөре. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданады, оның көлемі әр түрлі болады.

Алдыңғы тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45°- 50°. Жарыс тәртібі бойынша әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды

өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 50° - 60° дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді:

1) әдеттегі сөреде алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті сирақ ұзындығы мөлшерінде.

2) Таяу сөре кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан таяу қойылады.

3) Созылмалы түрінде сөре сызығынан 2-2,5 табан, ал артқы аяқ тірегіш 1-1,5 табан қойылады

«Сөреге!» деген бұйрық берілгеннен кейін жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяқтың табанын алдыңғы тірегішіне қояды. Содан кейін жүрелеп

отырып екінші аяқ табанын артқы тірегішіне қояды. Артқы аяқтың тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды. Иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге

тірейді. Үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы, ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып қойылады. Бұл кезде иық тура сӛре сызығы үстінде сәл ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет.

«Дайындал!» бұйрығы берілгеннен кейін артқы тізені жерден көтеріп, денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене

қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау керек. Дененің ауырлық күші алдыңғы тіреуіштен аяқ пен қол арасына бірдей түсіріледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұруы керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, сөре сызығының қозғалысына аударуы керек, дыбыс берілгеннен кейін жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырып, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды, одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі спринтшілерге мынандай 32° - 44° (В. Борзов, Э. Фигорола, К. Льююис), ал төмен разрядты желаяқтарда 60° - 65°. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет