Пәні : Дене тәрбиесі Мамандығы : 0105000 – «Бастауыш білім беру»



бет1/4
Дата21.01.2022
өлшемі347,44 Kb.
#112731
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Дшы 06.04.21
12.КТЖ Биология 9 сынып, ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 6 сынып

Пәні : Дене тәрбиесі

Мамандығы : 0105000 – «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі : 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі »

Тобы : ББ-П-18

Күні : 06.05.2021ж.

Орындаған студент: Махмутова Айнұр


Қайырлы күн,ұстазым!
Бүгінгі сабақтын тақырыбы : Жеңіл атлетика. Қысқа қашықтыққа жүгіру 100м
Жоспары :

  1. Қысқа қашықтыққа жүгірудің техникасы



  1. Тарихи мәліметтер

Қысқа қашықтыққа жүгіру сайыстардың ішіндегі ең көне түрі болып табылады. Ежелгі Грекиядағы 1 Олимпиядада (б.з.д. 776ж.)жүгіру бір стадияда өткен, яғни стадион жолының бойымен (=192м.)және бүл «дромос» деп аталады. Б.з.д. 724 жылдан бастап Олимпиада бағдарламасына стадионды екі рет айналу (= 389 м) яғни «диаулос» енгізілді. Сөрелік төреші (герольд) сөреге рупор арқылы белгі беріп түрды. Бүйрықтан ерте жүгіріп кеткен атлеттерді герольд дүре соғып жазалайтын болған.

Уақыт өте келе ойындардың бағдарламасы дами түсті. Қысқа қашықтыққа жүгірудің түрлері көбейді. Қазіргі кездегі алғашқы Олимпиадалар бағдарламасына бірте-бірте ер адамдар үшін 100 және 400 м (Афина, 1896ж), 200 м-ге (Париж, 1900ж) дейін, сондай-ақ 4х100м., 4х400м эстафеталық жүгіріс енгізіле бастады. (Стокгольм, 1912ж). IX Олимпиаданың жеңіл атлетикалық бағдарламасында әйелдер арасында 100 м қашықтыққа жүгіру 4x100 м эстафета, ал ХІҮ Олимпиададан бастап (Лондон, 1948ж) 200м-ге жүгіру енгені белгілі. (1962 ж.)

Халықаралық Олимпиадалық Комитеттің шешімімен ХҮІІІ Олимпиадалық ойындар (Токио, 1964ж) бағдарламасына әйелдер арасында 400 м-ге жүгіру сайысы, ал XX Олимпиададан (Мюнхен, 1972ж) бастап 4x400 м эстафеталық сайыс қосылды. Сол кездерден бүгінге дейін ер адамдар үшін де, әйел адамдар арасында да 100, 200, 400 м қашықтыққа жүгіру, 4x100 м және 4x400 м қашықтыққа эстафеталық жүгіру сайыстары қалыптасты.

1896 ж Афинада өткен қазіргі Олимпиадалық ойындарда американдық жүгіргіш Т.Брек алғаш рет жүгіруді төменгі старттан бастады. Сол кез үшін тұрпайылау болған бүл құбылыс көрермен жұртшылыққа күлкілі болды. Бірақ, Томос Брек 100 м және 400 м қашықтыққа жүгіру бойынша жеңімпаз атанған кезде жүрт оған күлуді доғарды. Ол төменгі старт барлық елдің спортшылары үшін кең қолданыс тапты. Жоғары жылдамдыққа қол жеткізетін төменгі старт позициясы үшін старттық колодкалардың шығуы жүгірісті бұрынғыдан да оңтайлатты.




1-тапсырма. Сипаттама жаз

  1. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына қысқаша талдау

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы




Қысқа қашықтыққа жүгіру немесе спринт: 60, 100, 200, 400 метр. Англияда, АҚШ-та, Австралияда және кейбір басқа мемлекеттерде спринт бойынша жарыс: 60, 100, 220, 440 ярдта өткізіледі. Ярд пен метр арасындағы айырмашылық төмендегідей белгіленеді:

100 ярд = 91,44 м; 100 м =109,36 ярд;(+0,9с).

220 ярд = 201,17 м; 200 м =218,72 ярд; (-0,1с).

440ярд = 402,34 м: 400 м = 437,44 ярд; (-0,3с).

Егер спортшы 100 ярдты 9,2 с жүгірген болса, онда желаяқ 100 м есептегенде (9,2 +0,9) =10,1 с.

Қысқа қашықтыққа жүгіру тарихы ежелгі Олимпиада ойындарынан бастау алады.

Стадияға (192,27м) және екі стадияға жүгіру гректерде өте әйгілі болған. Сонымен қатар ежелгі атлеттер тек жоғарғы сөреден ғана емес, төменгі сөреден де шыққан. Төменгі сөреде

ерекше мрамор немесе тас плиталарын қолданған.

Ең алғаш жеңіл атлетика Америкада пайда болғанда. қысқа қашықтыққа жүгіруде еркін сөре қолданған. Бірте-бірте жоғары сөреден шығуға қол жеткізді. Біздің уақыттағы І Олимпиадада алғаш рет Т. Берк ресми жарыста төменгі сөреден шығуды

көрсетті, дегенмен, 1887 жылы әйгілі американдық жаттықтырушы Мерфи мен оның отандасы Шерилл екеуі сынап көрген еді.ХХ ғасырдың 30 жылдары пайда болған сөрелік

колодкалар төменгі сөрені іске асырды.

Қысқа қашықтыққа жүгіру жеңіл атлетиканың басқа түрлеріне қарағанда әйелдерге қатысуға болатын жеңілдеу түрі деп қаралған .Олимпиадалық ойындарға 1928 жылы

қосылды.

Ресейде спринтерлік жүгіру кейінірек тарады. Алғаш рет Ресейде ресми жарыс болып 1897 жылы өткізілді, онда: 300 футқа жүгіру (91,5 м); 188,5 сажения (401,5 м) жүгіру енгізілді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет