Пәні: Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері. Орындаған: Бейсекеева э тексерген: Секерова т алматы 2023 жыл



Дата11.10.2023
өлшемі49,53 Kb.
#184728
Байланысты:
Бейсекеева Эльнара БОӨЖ 2 1 курс 3 жылдық физиология
1-наурыз, сценарий, Шалкиіз Тіленшіұлы, Шернияз Жарылгасулы, Бейсекеева Эльнара БОӨЖ 1 курс 3 жылдық физиология

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты



БОӨЖ
Пәні: Балалардың дамуындағы физиологиялық жас ерекшеліктері.
Орындаған: Бейсекеева Э
Тексерген: Секерова Т
Алматы 2023 жыл

  1. Вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдері және қызметі.

Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны кейде автономиялы (грекше «autos» – өз алдына, «nomos» – заң) жүйке жүйесі деп те атайды. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бір-бірімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Вегетативті жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Вегетативті жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Вегетативті жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше «sympathes» – сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше «para» – жанында, қасында).
Вегетативті жүйке жүйесі де орталық және шеткі бөлімдерге бөлінеді. Орталық бөлімдері ми мен жұлында болады. Шеткі бөлімдері ми мен жұлыннан тыс жерлердегі жүйке бағанасында, жүйке түйіндерінде, өрімдерінде орналасады.
Симпатикалық бөліктің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде жүйке жасушалары шоғырланып орналасады. Шеткі бөліктеріне омыртқа жотасының екі бүйірінде орналасқан бір жұп симпатикалық бағана жатады. Симпатикалық бағанада 20–25 жүйке түйіндері бар. Жүйке түсіндері жүйке жасушаларының шоғырынан тұрады. Олардан құрсақ және жамбас қуысында орналасқан мүшелерге, ірі симпатикалық өрімдерге жүйелер тарайды. Құрсақ қуысындағы ең ірі өрімнің жүйке түйіндерінен құрсақ қуысындағы барлық мүшелерге жүйкелер таралады.
Парасимпатикалық бөліктің орталығы ортаңғы және сопақша мида жұлынның сегізкөз сегменттерінде орналасқан. Шеткі бөлімі ішкі мүшелердің маңында не тікелей өзінде жүйке өрімдері түрінде кездеседі.

  1. Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу.

Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері:
-Сангвиник – мінезі жайдарлы, іскері, пысық, көңілшек адам;
-Меланхолик – жұмсақ мінезді, өкпешіл, жасқаншақ, сезкенгіш адам;
-Флегматик – сабырлы, байсалды, салмақты, шабан қимылды адам;
-Холерик – албырт, ашушаң, еліктегіш адам.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет