Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған



бет5/6
Дата07.11.2016
өлшемі2,27 Mb.
#1207
1   2   3   4   5   6

А) 1706-1778


В) 1705-1760

С) 1690-1740

Д) 1710-1780

Е) 1740-1810

2. Қазақ поэзиясында Бөгембай батырдың өшпес образын жасаған жырау

А) Үмбетей

В) Тәтіқара

С) Доспамбет

Д) Қазтуған

Е) Шалкиіз

3. Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірткен жырау

А) Үмбетей

В) Доспамбет

С) Тәтіқара

Д) Бұхар

Е) Асан қайғы

4. “Бәкіге”, “Бұқарға” деген арнау өлеңдерін тудырған жырау.

А) Үмбетей

В) Марғасқа

С) Тәтіқара

Д) Қазтуған

Е) Сыпыра

5. Бұқармен дос болған жырау

А) Үмбетей

В) Тәтіқара

С) Марғасқа

Д) Шалкиіз

Е) Доспамбет

6. Үмбетейдің Бұқарға айтқан өлеңі

А) “Үй сыртында арқа тау”

В) “Бұрала біткен емендей”

С) Дін пұсырман баласы”

Д) “Ей, Ақтамберді, Қабанбай!”

Е) “Мен Пайғамбардан бастасам...”

7. “Жауқашарға”, “Бекболат биге” өлеңдерін тудырған жырау.

А) Үмбетей

В) Марғасқа

С) Тәтіқара

Д) Бұқар

Е) Доспамбет

8. Үмбетейдің қадір тұтып, қатты сыйлаған досы

А) Бұхар


В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

9. Үмбетейдің Бөгембайға қатысты қанша жыры бар

А) 2


В) 3

С) 4


Д) 1

Е) 5


10. Бөгембай өлімін жоқтаған жырау

А) Үмбетей

В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

11. Үмбетейдің Бөгембай атына байланысты жырлары шамамен қашан туған

А) XVIII ғ. 70-жылдары

В) XVIII ғ. 50-жылдары

С) XVIII ғ. 60-жылдары

Д) XVIII ғ. 80-жылдары

Е) XVIII ғ. 90-жылдары

12. Үмбетей жыраудың әкесі

А) Тілеу


В) Бердіке

С) Тіленші

Д) Біртоғаш

Е) Құмке


13. Қазақ елінің ішкі ынтымағы мен ырысын жырлаған жырау

А) Бұхар


В) Үмбетей

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы



10 - апта

29



Тақырыбы: Бұқар жырау

Жоспары:

  1. Жырау шығармашылығының тақырыптық ерекшелігі

  2. Толғауларының әлеуметтік мәні, тарихи сипаты.

  3. Ол - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерінің дидактикалық - философиялық сарында жырлаған кең тынысты жырау.

Әдебиет тарихынан елеулі орын алып, артына өшпес мұра қалдырған көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып – аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейтесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы – жыршысы бола білді. Оның жыр – толғауларының үнемі әлеуметтік мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан.

Тарихта “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған аумалы – төкпелі заманға душар болған ел – жұртқа “бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып”, басқыншы жаудың бетін қайтарып, өз тәуелсіздігін қорғап қалу, немесе жау табанында біржола жаншылып құрып біту мәселесі көлденең тұрды. Жырау, ең алдымен, осындай жауапты сәтте шоғырланбай шашырап жатқан халықтың басын тас түйін біріктіру арқылы қанқұйлы жауға тойтарыс беру ісін ұйымдастыра алатын аса алғыр қолбасшы – көсемнің қажеттігін ерте түсінді, сүйтіп, ұлы мақсатқа орай ол әйгілі Орта жүз ханы Абылайға зор сеніммен қарады. Абылай да тәуелсіздік үшін жан сала күрескен, халық мүддесін терең түсініп, өзін бірыңғай сол күрес жолына арнады. Мұндай ақылы мен айласы астасқан кемеңгер басшының үлгілі істері мен оның төңірегіндегі белгілі батырларының жанқиярлық ерліктерін жырау үнемі асқақ жырлап, солардың өшпес әдеби бейнесін жасауға күш салды. Осының бәрі, түптеп келгенде, жыраудың туған халқының бірлігі мен болашағын ойлау мақсатындағы ерлікке барабар іс - әрекеттерін аңғартады.

Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын (бұрынғы Баянауыл) Ульянов ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы жыраудың туғанына 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап ғылыми – теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелі мақалалар мен бір кіші-гірім зерттеу кітіпша жарық көрді. Сондай-ақ, сол жылы тұңғыш рет жырау жырларының жеке жинағы екі рет басылды (бірі – “Жалын” баспасынан шыққан ”Әй, Абылай, Абылай”.

Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20 – 30 жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келеді. Алғашқы жариялануы дегенде, біз, ең алдымен, “Таң” журналында басылған жырларды айта аламыз. Мұнда жыраудың “Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер тұтқан”, “Ақсаңнан биік тау болмас”, “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ей, Абылай, Абылай”, “Керей қайда барасың ?”, “Ханға жауап айтпасам” атты бір топ өлеңдері жарық көрді.

Бұқар шығармаларын жариялауда С. Сейфуллин үлкен еңбек етіп, “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинағына жыраудың “Ай не болар күннен соң”, “Керей қайда барасың ?”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Қалданменен ұрысып”, “Атан болған жиырма бес”, “Құбылып шыққан бәйшешек”, “Әй, Абылай, сен он бір жасыңда” атты толғауларын бастырғаны мәлім. Бұдан соң жыраудың бір алуан жырлары әр түрлі хрестоматиялар мен жинақтарда, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып келеді.

Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде “Алдаспан” жинағында басылды. Бұған оның үлкенді – кішілі 49 толғауы енді.

М. Көпеев жырау туындыларын ертеректе көнекөз қариялардан қағаз бетіне түсірумен қатар, солардың ғылым үшін қажетті туу, айтылу тарихын да қызықты етіп жазып қалдырған болатын – ды. Сол себепті Бұқар шығармаларын сөз еткенде, біз сол М. Көпеев жазбаларын түпнұсқа ретінде негізге алуға тиіспіз.

Ал, енді Бұқар жырларының ең бастапқы жариялану мәселесіне келсек, оны Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, И. Н. Березин қорында сақталып, кейбір үлгілерінің солардың жариялануымен басылғанын, сондай – ақ, бір-екі толғауының Құрбанғали Қалидұғлының “Тауарих хамса Шархи” атты кітабында жарық көргенін айта аламыз.

Бұқар жырау туындыларының дұрыс бағаланып, оның әдебиет тарихындағы орнын ашып белгілеу ісі М. Әуезов зерттеулерінен басталады.

С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанымен, жырлары сол кездегі саяси - әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді.

Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалайды.

Ал Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден – бір көшбасшысы, ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз.

60 – жылдардың соңында жазылған Х. Сүйіншәлиев пен М. Мағауин зерттеулерінде Бұқар шығармалары әдебиетіміздің даму жолында елеулі бір белес болғаны баса әңгімеленеді.

Бұқар жырау дәуір алшақтығына қарамай, жыраулардың әлеуметтік – саяси мазмұны мен тақырыбы жағынан да, бейнелеу тәсілдері мен көркемдік құралдары жағынан да өзінен бұрынғы жыраулармен терең үндесіп отырады.

Бұқар жыраудың “Ханға жауап айтпасам” атты толғауын халық тағдыры мен оның болашағын жырлаған әлеуметтік – қоғамдық мәні мен де, айтар ойдың бас – аяғы тұтас табиғи бірлігімен де, сипаттаудағы көркемдік – бейнелеуімен де, шеберлік тәсілдерімен де өзге жырларынан жеке дара тұр дей аламыз.



Бақылау сұрақтары

1.Көрнекті жыраулардың бірі – Бұқар Қалқаманұлы.

2.Бұқар жыраудың “Ханға жауап айтпасам” атты толғауы.

3.Бұқар жырау туындылары.

4.Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы.

5.Бұқар шығармаларын жариялануы.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1.Бұқар туындылары алғаш рет толыққа жуық көлемде “Алдаспан” жинағында басылып шығуы.

2.“Әй, Абылай, сен он бір жасыңда” атты толғауы.

3.Бұқар шығармалары XX ғасырдың 20 – 30 жылдарынан бастап жиналып, зерттеліп келуі.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Арғын ішінде Төртуыл Қаражастан шыққан жырау.

А) Бұқар

В) Үмбетей

С) Тәтіқара

Д) Марғасқа

Е) Ақтамберді

2. Бұқар шығармаларын жинастырған зерттеуші.

А) Мәшһүр Жүсіп

В) С. Көбеев

С) Ш. Уәлиханов

Д) С. Торайғыров

Е) М. Сера лин

3. Бұқар жырау мұрасының алғаш рет толық басылуы.

А) 1962 ж.

В) 1960 ж.

С) 1952 ж.

Д) 1970 ж.

Е) 1982 ж.

4. “Ай, Абылай, Абылай,

Сен мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің,

Түркістанда жүр едің,...-” деп ханға батыл сөйлейтін жырау

А) Бұқар


В) Ақтамберді

С) Доспамбет

Д) Асан қайғы

Е) Тәтіқара

5. Бұқар жырларын көрсетіңіз.

А) “Жар басына қонбаңыз”

В) “Әмірің қатты Есім хан”

С) Кебеже қарын, кең құрсақ”

Д) “Арғымаққа оқ тиді”

Е) “Аспанды бұлт құрсайды”

6. “Бағаналы орда, басты орда”, “Биік тауға жарасар” жырларының авторы

А) Бұқар


В) Шалкиіз

С) Доспамбет

Д) Асан қайғы

Е) Шал ақын

7. “Жал құйрығы қаба деп”, “Ал, тілімді алмасаң” жырлары қай жыраудікі?

А) Бұқар

В) Шалкиіз

С) Шал ақын

Д) Асан қайғы

Е) Көтеш


8. Бұқар мұрасының біздің заманымызға жеткені қанша жол?

А) 1200


В) 1000

С) 2000


Д) 1500

Е) 1100


9. Шоқанның қай мақаласында Бұқар туралы мәліметтер беріледі?

А) “XVIII ғ. батырлары жайында тарихи әңгімелер

В) “Көкетай ханның ө лімі”

С) “Алты шаһардың хал-жайы”

Д) “Сібір тарихынан хаттар”

Е) “Қазақтың ертедегі қару-жарақтары”

10. Г. Потанин қай жыраудың жырларын жинатып, қағаз бетіне түсіреді?

А) Бұқар


В) Асан қайғы

С) Шалкиіз

Д) Шернияз

Е) Махамбет

11.Үмбетейдің қадір тұтып, қатты сыйлаған досы

А) Бұхар


В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

12. Бұхар жырау зайыбының қадыр-қасиеті

А) қаралау адам

В) қонақжай

С) кешірімді

Д) инабатты

Е) келбетті

13.Қазақ мемлекетінің дербес өмір сүру қажеттігін ту етіп көтерген жырау

А) Бұхар


В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

14. Қазақ елінің ішкі ынтымағы мен ырысын жырлаған жырау

А) Бұхар


В) Үмбетей

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

15. Қазақтың бірлік тұтастығын аңсаған жырау

А) Бұхар


В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

16.Бұхардың “Күпшек санды күреңді-Тәбияға жаратқан” деп. басталатын жырының туу тарихы

А) Абылай ханның қазасы

В) Бөгембайдың өлімі

С) Ел бірлігі

Д) Достықтың мәселесі

Е) Бодандық жайы

17. Шамамен 113 жасқа келіп, ажал жастығына бас қойған жырау

А) Бұхар


В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

18. Абылай ханға

“Сен мен көргенде

Тұрымтайдай ұл едің”,-деп батыл сөйлеген жырау

А) Бұхар

В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

19. “Қарадан шығып хан болған” XVIII ғ. аса ықпалды билерінің бірі

А) Бұхар

В) Қазтуған

С) Доспамбет

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

20.Бұхардың сүйегі қай жерде жерленген

А) Баян ауылда, Далба тауларының ішінде

В) Оңтүстк өңірінде

С) Қарқаралы бөктерінде

Д) Сырдың бойында

Е) Жетісу жер інде

21. “Ел бастау қиын емес-

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес-

Шабатын жерден ел табылады

Шаршы топта сөз бастаудан

Қиынды көргенім жоқ,-” деген жолдарды тудырған жырау

А) Бұхар

В) Қазтуған

С) Доспамбет

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

22. Абылайдың: “Қазына қайда деген?”-деген сұрағына “Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына: бір езуі – алтын, бір езуі – күміс, аузы - қазына”,-деп жауап берген жырау

А) Бұхар

В) Қазтуған

С) Доспамбет

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

23. “Өз заманының көмекей әулиесі” атанған жырау

А) Бұхар

В) Қазтуған

С) Доспамбет

Д) Шалкиіз

Е) Асан қайғы

24. Бұхардың біраз шығармалары 1925 жылы қай журналда басылды

А) “Шолпан”

В) “Таң”


С) “Айқап”

Д) “Абай”

Е) “Серке”

25.Бұхардың “Айналасын жер тұтқан” толғауының негізгі идеясы

А) дүниеде мәңгілік ешнәрсе жоқ екендігі

В) достық мәселесі

С) ел бірлігі

Д) махаббат тақырыбы

Е) ел тыныштығы

26. Бұхардың “Ай, заман-ай, заман-ай” өлеңінің негізгі сарыны

А) заманға наразылық

В) достық мәселесі

С) ел бірлігі

Д) махаббат тақырыбы

Е) ел тыныштығы

27. Абылай хан өлімін аза тұтқан Бұхардың жоқтау жыры

А) “Күпшек санды күреңді...”

В) “Ай, заман-ай, заман-ай”

С) “Ақсаңнан биік тау болмас”

Д) “Айналасын жер тұтқан”

Е) “Айтар болсаң алланы айт”

28. Бұхардың халық аңызындағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған мекен “Жер үйек”, “Жиделі – Байсынды” еске алатын өлеңі

А) “Абылай ханның қасында”

В) “Ай, Абылай, Абылай”

С) “Айналасын жер тұтқан”

Д) “Тілек”

Е) “Ал, тілімді алмасаң”


10-апта

30



Тақырыбы:Ақындық поэзиядағы ұтымды жолдар

Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тақырыптары:

  1. Шал, Көтеш жырлары.

  2. Базар,Махамбет жырларының тілдік нақыштары.

  3. Көтеш импровизатор ақын.

  4. Ақын өлеңдерінде метафоралардың кездесуі.

  5. Махамбет тілге шешен ақын.

  6. Базар- жыраулар дәстүрін берік ұстаған ақын.

  7. Махамбет жауынгер ақын.

  8. Махамбет өлеңдерінде кездесетін көркемдік тәсілдер.

  9. Ақындық поэзияның ерекшелігі

  10. Ақындық пэзиядағы көркемдегіш құралдар

  11. Теңеулер

  12. Метафоралар


11 - апта

31



Тақырыбы: Шортанбай, Дулат,Мұрат шығармаларындағы шешендіктер

Жоспары:

1. Ақындардың адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздағант толғаулары



2. Дулаттың мысал өлеңдері.
Шортанбай – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз.

Жас ишан үшін бұл – ерекше өмір болатын. Жігіт жасындағы Шортанбай мешіт ашып, діни жұмыс атқара бастағанмен, оған мүлде беріле алмайды. Жастық шақтың қызығы оны ойын-сауыққа жетелейді. Ел толған төкпе ақындардың айтыстары, жыршы-жыраулардың тамаша толғау, жырлары өнерге әуес, сөзге жүйрік, тілге шешен Шортанбайдың жанына жағады. Енді ел-жұрт Шортанбайды ишан деуден көрі төкпе ақын атап кетеді.

Қазақтың бір өлкесі бір Шортанбайды тақуа ишан етіп тәрбиелесе, екінші өлкесі оны тамаша ақын етіп шығарды. Асылы, адамды – жасаған ортасы тәрбиелейді, - дейтін қағида дұрыс. Оған Шортанбайдың өсу, жетілу жолы бірден-бір куә.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, ақылгөй шешен жырауы. Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен айқын да дәл бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Шортанбай шығармашылығы XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы, әсіресе, кедей-кепшік, момын шаруаларының тұрмыс тіршілігінің шынайы куәгері.

Шортанбай ақындығының дәуірлеген тұсы қазақ елі дағдарысқа душар болған аса ауыр кезең болатын. Ең алдымен, туған ел Россия патшалығына отар, тәуелді, бұратана өлке боп, өзінің иелігімен мүлде айрылған-ды. Отаршылар өктемдігі күн санап өршіп, ел еңсесін зар мен шерге толы мұң басты. Қазақ ең әуелі ел билігінен айрылды, одан соң жер-су, қоныс қысымына ұшырады. Мал-жан есепке алынып, оған да қауіп – қатер көбейді. Халық басына ауыр күн туды. XIX ғасырдағы тарихи ұлттық қозғалыстардың қандай қасіреттерге ұшырағаны мәлім. Исатай мен Махамбет, Кенесары мен Наурызбай, Есет пен Бекет, Жанқожа мен Құлбарақ, Науша мен Сүйінқара, Саурық пен Сұраншы, т.б. батырлардың қанжығалары қандады. Жоңғар шапқыншыларынан жадап-жүдеп, бірлігі мен тірлігін қалыптастыра алмай, ыдырап жатқан әлсіз өлкені патша өз қарамағына оп-оңай көндірмек болған еді.

Тап осындай әлеуметтік жағдайда өмір сүрген жазушының халқына берер кеңесі қандай болуға тиіс еді және оны Шортанбай дұрыс танып, тап басты, еліне-жұртына қамқор болады. Шортанбай - өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген көреген суреткер. Бізге жеткен шығармаларының жалпы сарыны бұған толық куә бола алады.

Шортанбайдың шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегіне кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 1882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның «Тар заман», «Опасыз жалған», «Байды құдай атқаны», «Атамыз Адам пайғамбар», «Өсиет-насихат сөздер», «Айттым сәлем», «Асан қожаға», т.б. енген. Қазан қаласының өзінен Шортанбай шығармалары әр түрлі атпен жарық көріп жатты. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылығына қарсы қауым, ұлттық тәуелсіздікті жақтаушылар, мұсылманшылықтың сойылшылары құшағын жая қарсы алды. Шортанбай кітаптарының негізгі сарыны олардың көкейіне бірден ұялады. Қаналып, тоналып, қорлық көріп жатқан басқа тәуелсіз халықтар да Шортанбай шығармаларына құлақтарын түрді. Өздерінің ойынан шыққан ақын сөздері жатталып, елге жайыла түсті.

Шортанбай шығармалары жиі-жиі қайталанып, баспа бетін көргенімен, жалпы көлемі көп емес. С. Мұқановтың есебі бойынша, бар болғаны 1500 жолдай.

Шортанбай шығармаларының лейтмотиві – заман, қоғам, халық тұрмысы, ел өмірі, жер, қоныс қысымы, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, жаңа қарым-қатынастан туындаған тонаудың жаңа түрлері, сатқын ел билеушілер, бұзақы топтар, т.б.

Ең алдымен, Шортанбай - өз дәуірінің шынайы сыншысы. Қазақ қоғамын билеп төстеушілерге, отаршылар билеген заманның бет алысына наразы ақын. Ақынның бағалауынша, ол жасаған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман

Мынау заман қай заман –

Азусызға тар заман.

Азулыға бар заман... –

Шортанбай өз тұстастарын оларда иман жоқ, ұятсыз, арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы старшындарын, дүниеқоңыз қайырсыз байларын, ақшаның құлы жылпостарды өткір сөзімен түйрейді.

Елді қанаушылардың жаңа тобының ақшалы байлар, алыпсатар, саудагерлер екенін ақын айқын суреттейді, оларды нағыз ел ырысын еміп, сездірмей сорып жатқан араны толмас алпауыттар деп бейнелейді. Ақшаға байланысты елдегі қайғы-қасіреттің де шынайы суреті жасалады.

Арам арсыз жан шықты, Мініп көрер күші жоқ,

Қайыры жоқ бай шықты. Ақша деген мал шықты

Сауып ішер сүті жоқ,

Шортанбай туралы пікір айтқан кейбір зерттеушілер оны өмірден түңілген жігерсіз, қайғы мен зардың ақыны деп келді. Жоғарыда келтірілген өлең жолдары ақынның бойындағы басым күш – түңілу емес, жігерлілік, үмітсіздік емес, батыл күреске үндеу, оптимистік, патриоттық сезім екенін көрсетеді. Шортанбай жасаған заманда бұдан артық елі мен халқының қамы үшін адал қызмет көрсету екіталай. Біздіңше, халқының тағдырын ойлаған ақынның жарғақ құлағы жастыққа тиген жоқ. Ел-жұртының қасіретін арқалап, бойындағы бар күшін сол үшін сарп етті. Сол тұстағы қоғамның жай-жапсарына қарай әрекет етіп, жатпай-тұрмай халқын үгіттеп, ілгері жетеледі.

Ақынның түсінігі бойынша адам ең алдымен өзінің үй іші, бала-шағасы қамын қарастырмақ. Сол үшін ол кәсіп етеді, мал өсіреді, дала кезеді. Ұрпағын адалдыққа тәрбиелейді:

Елін, жерін аман боп, ұрпағың халал (адал) өссе, ол азамат үшін ғанибет, үлкен жақсылық. Ол үшін жағдай, құнарлы өлке, төзімді орта, ел-жұрт тыныштығы, береке-бірлігі қажет-ақ. Қазақтың бұрын-соңды ел боп, жауларын бетіне қаратпай, тәуелсіздігін сақтап келгені де осыдан еді, - дейді.

Шортанбайдың шығармаларының негізгі арқауы деп, оның жырларының ақылгөй, өсиетшіл келетінін айтқан жөн. Адамгершіл ақыл айтып, халықты түзу жолға салуды өзінің зор мақсаты санағандықтан болу керек. Ақын әр тұста терең толғап, өрнекті де, өнерлі сөз термелейді. Ақылдар айтады, нақылдар қалдырады. Шортанбайдың өлерде айтып кеткен өсиет сөздері де бар. Ол өсиеттерін қалың қазаққа, оның басшы адамдарына, ұл-қызына, кәрі-жасына арнайды. Өз атынан барлық қауымға сәлем жолдап, бақұлдасқандай болады. Бір мысал:

Сәлем айттым бәріне Бауырлас туған ініме,

Қызмет етіп жүріңдер Жұрт тамаша болушы еді,

Басшы, біткен кәріңе... Жалғыз ауыз сөзіме,

Дүние ыстық көрінді,

Құрғыр менің көзіме...

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.

Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен) , ата-баба жайлаған жер-судан , ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға , отаршылар зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан , халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.

Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген.

Дулат-қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.

Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері Кеңес дәуірінде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен К.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кейін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.

Біраз жылдар зерттеушілердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет өкілі санап келгені мәлім. Өз заманына орай ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді.

Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.

Дулат “Бірінші сөз” деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқы теңейді.

Дулат өзінің “Бесінші сөз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы.елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.

Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі-оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі-осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық-бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған, тәрбиелі6 білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді,-деп түйген.Жалпы адамның “жақсы” , “жаман” болып бөлінуі де сол парасаттылығында; Ойлы, ұстамды, білімді, өнерлі болуы, ақылының өсуі-бәрі оның ізденіп тапқанына, содан соң бойына дарытқанына байланысты демекші.

Дулат өлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік өткір. Ақынның шығармаларын оқығанда көз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы тізбектеліп өтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-қулық, алаяқ би-болыстары, дөң-дөкір, ұры-қары, қу-сұмдары өздеріне ғана тән мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, шебер бейнелейді.

Ақындық сөздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың өз өлеңіне қояр мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сөзді, шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Өлеңнің мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың көңіліне дем, қайғысына ем болу,-деп ұғады. Яғни, өлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі.

Асылы, Дулат шығармаларының басым бөлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның “Өсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.

Дулат өлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға жалғасып, пікірлесіп жатады.

Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам өмірі жайлы айтылатын, Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас өлең.

Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын-сықақты жиі қолданып, өлеңдердің бұл саласының дамуына да өз үлесін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік бояуын күшейтті.

Мұрат - жезтаңдай шешен-жырау, төгілген ақпа ақын. Мұсылманша сауатты, дәуірінің алдыңғы қатарлы азаматы. Кең тынысты керемет шабыттың иесі. Халқының басына түскен замана ауыртпалықтарын көре де, көрсете де білген шынайы поэзия өкілі; елі, жері, халқы үшін қасірет шеккен саналы суреткер. Ел тарихын емірене жырлап, аруағы асқан ержүрек батырларының образдар галлереясын қалдырған шын мәніндегі эпик. Табан асты тамаша сөз тапқыш ақпа-төкпе, нағыз профессионал импровизатор. Заманасы артқан ауыр жүгін елімен бірге арқалаған ғажап қайрат иесі.

Ақын 1843 жыл Қазақстанның батыс өлкесіне қарасты Қызылқоға жерінде, Қарабау жайлаған беріш елінде дүниеге келді.Әкесі Мөңке - өз еліне аты мәлім дәулетті адам. Тайсойған, Қарабау жерлерін мекендеген Қаратоқай ұлыстарының белді биі. Мұраттың әкесі ерте өліп, ол ағаларының қамқорлығында өмір кешіп, ер жетті. Кейінірек Мұрат елі жұтқа ұшырап, өзі адай ағайындарына барып, жан сақтаған.

Мұрат - өзі өмір сүрген дәуірінің перзенті. Өскен орта, жасаған заман, қай ақынға да болсын алтын бесік, ұшар ұя талант талғамын, өнер өрісін, шығар биігін белгілейтін негізгі факторлар.

Мұраттың ақындық ортасын сөз еткенде, оны өсірген қоғамдық құрылыс, әлеуметтік тұрмыс, туған ел жұртының салт-санасы, өмір құбылыстарын қарастыра зерттеу керек.

Ата-баба дәстүрі мен ата мекенде өмір сүру, кең жайлау мүмкіндігі құрып бітіпті. Ақынның заман өзгерістері туралы түйіні осындай. Бұл қорытындыны Мұрат терең толғаныспен жырлай білді. Айтар ойын ашық та анық, әсерлі де әсем өлең жолдарымен кестеледі. Ақын шығармалары мәңгілік көркем туындылар қатарында кең тарап, қанша қысым көрсе де, ұмытылмай ел аузында сақталды. Ақын шығармалары кіші-гірім жинақ ретінде 1924 жылы Ташкент қаласында “Мұрат ақын сөздері” деген атпен Халел Досмұхамедұлының бастыруымен жарық көрді.

Мұраттың өлеңдерінде патша үкіметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. Жақсы жерлерді тартып алып, ел қамын жегендердің қамалғаны, өлтірілгені анық айтылады.

Ақын қалдырған мұраларға көз салсақ, оның творчествосы кең арналы, сан-салалы білімді ақын тұрғысын танытарлық келеді. Оның шығармаларындағы негізгі сарын-таза халықтық әуен. Мазмұн жағынан бастан-аяқ ел мұңын, халық тірлігін көтерсе, түр, стиль жағынан фольклорлық сарынды сақтайды. Ақынның бала жастан алған тәлімі, көрген білгені, өмірден жіпке тізіп түйгендері-бәрі өзі өскен қазақтың қақ ортасынан тарамдалады. Бала жастан ел ақындары дәстүрінде тәрбиеленіп, халық ақындары қатарлы өсіп жетіледі. Халық творчествосы, ақындар поэзиясы болашақ ақынның талант көзін ашады.

Мұрат айтысқа тым ерте, 15-16 жастар шамасында түседі. Алғашқы айтыстары, басқа да көптеген дүниелері бізге түгел жеткен жоқ. Баспа бетін көріп жүргені тек бес-ақ айтыс: Жаскелең, Балаораз, Жантөле, Тыныштық, Ізім ақындармен айтыс, тіл қағыс, дидарласу сөздері. Осылардың ішіндегі ең мәндісі-Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы. Бұл-екі ақынның әлеуметтік мәселені қозғаған жақсы диалогтары, өзінің тіл ұстарту үлгісімен де елеуге тұрарлық, ақындардың сөз тапқыш, ұтқыр, шешендіктерін таныта аларлық туынды.

Мұраттың Жантөлі қызбен айтысында Жантөлі Сара ақын сияқты күйеуінің кемтарлығы себепті Мұраттан жеңіледі.

Мұраттың айтыстары негізінен қайымдасу түрінде келеді. Қайым өлеңдердің жолдарын қайыра қолданады. Өзінің жаңа ойын соған жалғай салады. Қайым айтыс формасы, көбінесе, әзілдесу, қалжыңдасу, пікірлесу ретіндегі диалогтар. Мұратпен айтысқандардың біразы айтыстың осы бір халықтық түрін ұнатқан сияқты.

Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары – оның ақындық өнерге дағдылану жолын танытарлық және суырыпсалма ақпа жырау болғандығына куә боларлық туындылар.

Мұрат шежіре-тарихқа жетік, өткен ғасырлардағы жыраулар мен батырлар жырларын жатқа білген. Әсіресе, Қазақстанның Батыс өлкесінің өткен-кеткені, жер, су мекені, атақты адамдары, шешен-жыраулары, тілінен бал тамған өнер иелері, ел қорғаған батырлары, бай-мырзалары, жақсы деген азаматтары – оның туындыларының алтын арқауы. Сыпыра, Асан, Қазтуған, Шалгез, Жиенбет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. тарихи адамдардың шығармалары бізге осы Мұраттың айтуы арқылы жеткен. Ескі ел тарихынан естіген, білген, түйгендерін шашау шығармай әсерлі де мәнді эпостық шығармаға айналдырып, өзі көзін жұмғанша халқы алдында сайрап өткен. Еңсесі түскен туған елінің көңілін көтеріп, ойын сергіткен. Мұрат сөздерін ел-жұрты сүйсіне тыңдап, бірі көзіне жас алып қасірет шексе, екінші тобы, бойларын жиып, ертедегі ер азаматтары ісіне қайран қалып, оларға еліктеп, ат арқасына қонып, тәуелсіздік ұранын көтерген. Сондықтан Мұраттың шығармалары-өз кезіндегі тарихи маңызы зор, халқының мұңын көтерген, тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған туындылар.

Мұраттың толғаулары мен дастандарына тоқталсақ, олар:”Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Қазтуған”,”Өттің бір қапы дүние”-өзара байланысты, әуендес, мазмұндас, сарындас шығармалар. Мұнда қазақ халқының отаршылар тарапынан көрген ауыр зауалдары бейнеленді. Қысымға шыдамаған ел-жұрттың зар-шері, көңіл-күйі шертіледі. Халық басынан өткізген жұт жылдары сабақтаса суреттеледі.

Мұрат ақын шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі “Қарасай-Қази” жыры. Бұл – нағыз эпостық поэма. Орақ батыр мен оның балалары Қарасай, Қазилардың жалғасып жатқан батырлық дәстүрлерін ардақтайтын ерлік эпос. Жыр сюжеті шағын желіге құрылған. Ата жолын қуған ұлдардың перзенттік парыздарын өтей білулері, нағыз ел қорғандары мен арам ниет ездердің екіжүзділіктерін әшкерелейтін ұтымды оқиғалар, көркем көріністер жинақталған.

Мұраттың ақындық мұраларының құнды бір саласы, оның лирикалары-арнау, хат, сын-сұқбат, ақыл-нақыл сарындас туындылары. Бұл салаға жататындар, негізінен, ақын өмір сүрген кезеңнің шындығын, дәуір адамдарын, олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін бейнелейді.

Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” , “Есентемір Тұрабай болысқа”, “Қарақожа болысқа” т. б. өлеңдері-қазақ еліндегі болыстық билікке, патшалық сайлауға наразылық ниетіндегі туындылар.

Мұрат шығармаларын тізбектей жіктеп, талдау соңында айтарымыз-оның тілге шешен, тапқыр да алғыр ақын болғандығы. Оның шығармалары қамтымаған кезінің шындығы кемде-кем. Кең тынысты эпик, нәзік жанды лирик, жүлде алған жүйрік, сан қырлы саңлақ.



Бақылау сұрақтары

  1. Шортанбай өлеңдерінің құрылысы.

  2. Мұрат өмірі.

  3. Дулат бабатай өлеңдеріне жалпы шолу.

  4. Мұраттың “Айжарыққа”, “Есенғали болысқа” өлеңдері.

  5. Айтыс жанрындағы Мұраттың шығармалары.

  6. Ақындардың адамгершілік, тәрбие қағидаларын уағыздайтын толғаулары.

  7. Дулаттың мысал өлеңдері.

  8. Шортанбай шығармаларының негізгі арқауы.

  9. Дулат Бабатайұлы туған елінің тарихын жырлап өткен.

  10. Мұрат жезтаңдай шешен-жырау.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Мұраттың Жантөлі қызбен айтысы.

2. Мұраттың ақындық ортасы.

3. XIX ғасырдағы қазақ өмірінің айнасы.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Дулат Бабатайұлының өмірі жайлы.

2. Шортанбай Қанайұлының шығармашылық жолы.

3. Шортанбайдың термелері

4. Дулаттың толғаулары

5. Дулаттың термелері

6. Мұраттың өмір туралы айтқандары

11-апта

32



Тақырыбы: Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:


  1. Шешендік сөздердің мазмұны.

  2. Шешендік сөздердің құрылысы.

  3. Шешендік сөздердің мазмұнына қарай түрлері.

  4. Шешендік сөздердің құрылысына қарай түрлері.

  5. Шешендік сөздердің зерттелуі.

  6. Шешендік сөздердің композициялық құрылысы.

  7. Шешендік сөздердің шығу тегі.

  8. Шешендік сөздердің қолданылуы орны

  9. Туған жер туралы шешендік сөздер

  10. Өмір туралы толғаулар

  11. Адамның жасы туралы толағаулар


11 - апта

33



Тақырыбы: Шешендік арнау

Жоспары:

  1. Мазмұны

2. Түрлері

Шешендік арнау - мазмұны мен түрі жағынан алғанда аңыз әңгімелерге жақын. Бірақ әңгімеге қарағанда шешендік сөздің көлемі шағын, мазмұны өсиет, насихатқа құрылады, баяндаудан гөрі өрнекті сөз, ұтымды ойға бейім. Құрамында көбінесе мақал-мәтел, қара сөз бен өлең сөз араласып алмасып отырады. Адамдар арасындағы қарым – қатынасқа арналады. Мысалы, атаның балаға арнауы ретінде жұмсалатын шешендік сөздер, арнаулар да болады. Айталық Балғожа бидің Ы. Алтынсаринге арнауы. Абайдың Әбішке т.б.

Шешендік арнауға біреуге – біреу арнап айтқан бата, алғыс, сын, әзіл, уәж, астарлы сөз, көңіл айту, мақтау-мадақтау т.б. жатады. Көлемі шағын, қара сөзбен өлең сөз араласып, алмасып отырады.

Шешендік арнау белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата (тілек) сөздерді шешендік арнау дейміз. “Ас –адамның арқауы. Астан ешкім үлкен емес”-деп заттың игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсірген де астық алды артында жақсы тілік, игі ниеттерін білдіретін болған.

Қызыл шоқтай қарыған,

Қазаққа тіл дарыған.

Жолын шаншып таптаған,

Қызыл тілге жоқ тоған.

Қылышқа емес батыры,

Бір-ақ сөзге тоқтаған.

Шешендік сөздерде халықтың ақыл-ойы арман-тілегі, тұрмыс-салты, шаруашылық кәсібі бейнеленеді. Сондықтан белгілі бір халықтың ауыз әдебиеті сол халықтың ежелгі мәдениетінің, тарихының мәліметін береді, өмірге, дүниеге көзқарасын танытады. Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да бай ауыз әдебиеті бар. “Халықтың ой-арманы мен алдан күткен үмітін бейнелейтін халық әдебиетін Шоқан Уәлиханов бұдан бір ғасыр бұрын мақтан еткені белгілі. Сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану мен соны өрнекті жұмсай білуден, екінші сөзбен айтқанда, сөз шеберлігінен тұрады.
Бақылау сұрақтары


  1. Бата.

2. Астарлы сөз.

3. Қара сөз.

4. Мақтау-мадақтау сөздері.

5. Шешендік арнаудың түрлері.

6. Шешендік арнаудағы бата тілектері

7. Би шешендердің арнау сөздері.

8. Шешендік арнаудың маңызы

9. Шешендік арнудың қолданылу еркшелігі

10. Шешендік арнудың өзіндік белгілері

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары


  1. Шешендік арнаудың түрлері.

  2. Мазмұны.

  3. Құрылысы.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Шешендік арнаудың мазмұны.

  2. Шешендік арнаудың түрлері.

  3. Шешендік арнаудың аңыз -әңгімелерге жақындығы.

  4. Шешендік арнаудың өзідік ерекшелігі.

  5. Асан қайғының Әз Жәнібек ханға айтқан арнау сөздері.


12 - апта

34



Тақырыбы: Шешендік толғау

Сабақ түрі: Ой - бөліс

Дебат тапсырмалары


  1. Шешендік толғауға жататын сөздер.

  2. Шешендік толғаудың түрлері.

  3. Ақындық толғау мен шешендік толғаудың ара қатынасы.

  4. Шешендік толғаудың өзіндік ерекшелігі.

  5. Төле бидің шешендік толғаулары.

  6. Шешендік толағаудың құрылысы

  7. Шешендік толағудың мазмұны

  8. Шешендік толағудың маңызы

  9. Бұл дүниеде не жетім?

  10. Дүниеде не жаман?

  11. Байқасаң жақсы қандай жаман қандай

  12. Биік тауға жарасқан

  13. Тауға біткен қайыңның

  14. Түнді қанша мақтасаң

  15. Қара жерді жамандама


12 - апта

35



Тақырыбы:Шешендік дау

Жоспары:

  1. Мазмұны

2. Түрлері
Шешендік дау – қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі заңы іспеттес.

Дау шешеннен қорқады,

Шешен мылжыңнан қорқады.


  • деп тегін айтылмаған. Шешендер аз сөзбен иіп келтліріп, ұшқыр сөзбен кесіп түскен. Сондықтан да болар халқымыздың “Тіл – қылыш, тиімді жерде тый, Тиімді жерде жый” – дейтіні.

Шешендік даулар мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы деп үшке бөлінеді.

Бұрын арнайы мемлекеттік заңы жоқ, сот, адвокат болмаған кезде барлық дау- талап мрәселесі жол-жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың әдет – ғұрып салт-санасына сүйеніп, әлінше әділ төрелік беретін ойға ұста, тілге шешен адамдарды ел “би” деп атаған. Халықтщың осындазй эқарапайым тәжрибесінен қазылық, билік,-төрелік айту салты қалыптасқан.

Дау-жанжал мәселесін

Қарайтын қазақ қауымының ежелгі заңы – “Жеті жарғы” бойынша реттеу тәсілі шешендік өнердің дамуына әсер еткен. Талқыланатлын дау-жанжал, билік-бітім сөздерде жеңіске жету үшін қазақ билерінен халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын жетік білуді ойға ұшқыр сөзге шешен болуын талап еткен. Шешендік даудың көлемі шағын, оқиғасы әңгіме сияқты болып келеді.

Шешендік дауға жер, жесір дауы, мал және құн дауы, ар-намысқа байланысты мәселелер енеді. Ел намысын қорғауға арналған ар дауының бірі – Қазыбектің қалмақ ханына айқан сөздері, екі ел арасындағы елшілік-дипломатиялық сөздерге дейін қамтиды.

Шешендік дау – қазақтың материалдық және рухани даулы мәселелерді, қылмысты істерді шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі.

Қасқакөл деген көлге Төле би, Әйтеке би, орта жүз Орманбет бимен таласады.


    • Ей, Орманбай! Мен әлі тірімін, өлген жоқпын. Бұдан бұрын әлденеше рет сәлем айтсам да сен келген жоқсың; ер кетер, жер жетер, ешкімге опа қалмас дүние-боқ. Сен бізден жасы кіші баласың, біз барып қайттық, сен ілгері барасың; біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз. Сен жассың, көңілдегіңді аларсың! дейді Төле.

    • Бай болсаң халыққа пайдаң тисін,

Батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін; бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тим есе жұрттан ала бөтен үйің күйсін деген ғой; Бізге кейінгілер соны айта ма деп қорқамын, - дейді Әйтеке.

Сонда Орманбет би:



    • Екі би, айтқан сөзің жарасады,

Еншіге әркімдер-ақ таласады.

Қасқакөл орта жүздің үлесі еді,

Дауларың қиянатқа жанасады.

Қанағатсыз билерді қабан деген,

Қамшылатқан жүйрікті шабан деген,

Біреудің ақысына зорлық қылған

Қиянат қияметте жаман деген, дейді.

Сонда Төле:

- Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар,

Әр жерде ауыз сулық басқа көл бар.

Үш бөліп енші қылып алысайық,

Жер жетер, көңіліңді ұстама тар, -дейді.

Сонда да келісімге келмеген Орманбетті анасы көндіреді.

Шешендік сөздер халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді, өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін білдіреді.

Халық өзі қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған. Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында сыналып, бағаланған. Шешендік сөздер қазақтың сан ғасырлық тарихының, бостандығы мен бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің айнасы мен айғағы іспетті.

Шешендік сөздің қиындығын Бұхар жырау:

Көш бастау қиын емес,-

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын,-

Сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке етеді, таппай айтсаң келеке етеді. (Сырым батыр Малайсарының жасың жетпіске жетпесін дегеніне түсінбей қалады).



Бақылау сұрақтары

  1. Жер дауы.

  2. Жесір дауы.

  3. Ар дауы.

  4. Шешендік даудың түрлері.

  5. Мал дауы.

  6. “Алшын” дауы.

  7. Талассаң бағаң кетеді

  8. Жарысқа түспей бәйге алмас

  9. Асаубай мен Құлтума

  10. Кеден – кеден болды

  11. Алшын дауы

  12. Едіге мен Төре

  13. Едіге мен Тоғас

  14. Жортуылшының құны

  15. Балпықбимен Дарабоз бәйбіше

Суденттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Құн дауы.



  1. Шешендік даудың көлемі.

  2. Шешендік даудың мазмұны.

  3. Шешендік даудың құрылысы.

  4. Шешендік дау түрлері .

  5. Шешендік дау мазмұны.

  6. Дауда туған туған шешендік сөздер.

  7. “Алшын” дауы.

  8. Талассаң бағаң кетеді

  9. Жарысқа түспей бәйге алмас

  10. Асаубай мен Құлтума

  11. Кеден – кеден болды

  12. Алшын дауы

  13. Едіге мен Төре

  14. Едіге мен Тоғас


Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Жортуылшының құны

2. Балпықбимен Дарабоз бәйбіше
12 - апта

36.



Тақырыбы: Шешендік сөздердің сипаты

Сабақ түрі: Ой - бөліс

Ой - бөліс тапсырмалары:


  1. Төлеби айтқан сөздер

  2. Қазбекби айтқан сөздер

  3. Әйтеке бидің сөздері

  4. Шешендікте шек барма

  5. Шешендіктің қолданылатын орны.

  6. Шешендік сөздерде қолданылатын көркемдік құралдар.

  7. Шешендік сөздің негізгі мақсаты.

  8. Шешендік сөздерде қолданатын көркемдік тәсіл.

  9. Шешендік сөздің ұтымдылығы.

  10. Тыңдаушы назарын аударатын шешендік сөздер.

  11. Мақал – мәтелдерде кездесетін шешендік сөздер.


13 - апта

37



Тақырыбы: Тыңдаушы назарын аудару үшін қолданатын сөздер

Жоспары:

  1. Тыңдаушы назарын еліктіре білу.

  2. Көпшілік алдында сөйлеудің шарттары.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған сөзіне аудара білу – дикторға, баяндамашыға, үгітшіге жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.



  1. Сенің өзгеге айтқаның кісіге білім беретіндей, кісінің жүрегін қозғайтындай нәрі болу керек. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Білмегенді біліп барып жұрт алдында сөйлейтін бол.

“Айтылған сөз атылған оқпен тең”

Оны қайтып ала алмайсың.



  1. Сөйлеген сөзің анық, дәл, Айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің құбылмалы, әрі жайдары болуға тиіс. Сенің әуеніңнен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

  2. Сөзің тартымды болсын десең, оған аздап болсада бет аузыңның, қолыңның қимылын қатыстыр. Ең керегі – байсалдылық және байсалдылық.

  3. Айтайын деген ойыңды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастама. Онда сөзің тартымды болмайды. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Сөз арасында мақал - мәтелді, кейбір өлең жолдарын, нақыл сөздер мен тұрақты тіркестерді келтіріп отырсаң, оларың нысанаға дәл тиіп жатса, мазмұнды сөзіңді өзгелер тамсана құптайды.

  4. Айтқан сөзің қысқа әрі тұжырымды болсын. Аз сөзбен көп нәрсе айтуға тырыс «Көп сөз – көмір, Аз сөз – алтын» (мақал).

  5. “Жүйелі сөз жөнін табады”. Лектордың, баяндамашының сөзінде жүйе болмаса, онда ешқандай береке болмайды.

Бұлар – жұрт алдында сөйлеу шеберлігінің басты шарттары.

Көпшілік алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – даярлық. Даярланбай сөйлеген адам аңдамай сөйлейді. «Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі»

Ауыз ша сөйлеу екі адамның сөйлесуі және жұрт алдына шығып сөйлеумен байланысты. Біріншісі – күнделікті тұрмыста белгілі бір ситуацияға байланысты екі адамның өзара сөйлесуі, онда орфоэпиялық заңдылыққа кейде онша мән беріле бермейді.

Сөйлеу мәденйетінің қатаң сақталынуы жұрт алдында ауызша әдеби тілде сөйлейтін лекторлар мен бұхаралық үгіт – насихат ісінің өкілдеріне қатысты. Жұрт алдында айтылатын ауызша сөз жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан ықшам келеді. Қаратпа, қыстырма сөздер жиі қолданылады. Жазба тілде қойылатын тыныс белгілері айтуда дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы байқалады. Соған орай сөйлеген кезде сөйлеу техникасына үлкен мән беріледі. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін (ым, мимика, қимыл, дауыс күші, дауыс темпі т.б.) жақсы меңгеру қажет.

Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады. Дауыстың естілуі – тию – физиалогиялық әрекеттің нәтижесі. Дикция – айтудың ашықтығы мен тазалығы.

Дауыс ырғағының бір бөлігі ретінде сөйлеу қалпының әуені де мәнерлеп оқу кезінде оқуға қойылатын талаптардың бірі ретінде қарастырылады. Сөйлеу қалпының әуені деп тесті оқу кезінде дауыс ырғағының бірде төмендеп, бірде көтеріліп текістің мағанасына қарай құйылып отыруын айтамыз.

Дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі – дауыстың әсерлі де нақышты болуы. Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуын түрлендіріп, тыңдаушының делебесін қоздыратындай дауыс нақышын түзеу, оқылатын шығарма мазмұнына тікелей байланысты Оқу мен тіліміздегі дауыс ырғағының әсерлі шығуының тағы бір тәсілі – сөйлеу қарқыны. Дауыс қарқынын дұрыс пайдалана білгенде оқылатын немесе сөйленетін сөз, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, шат көңілділік, бір қалыптылық, солғындық пен бояулық сияқты сан түрлі сипатта құбылтуға мүмкіндік береді. Басқада мәнерлегіш тәсілдермен тығыз байланысты орындалып, бірін – бірі толықтырып шығарма мазмұнын сөйлеушінің тыңдаушыға әсерлі жеткізуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан сөйлеу қарқыны орындаушының айтпақ ойымен тікелей байланысты.

Бақылау сұрақтары


  1. Тыңдаушыларды еліктіре білу.

  2. Дикция.

  3. дауыстың әсерлі шығуы.

  4. Ауыз ша сөйлеу.

  5. Дауыстың естілуі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Тыңдаушылар көңілін аударатын тәсілдер.

  2. Дауыс ырғағын.

  3. Дауыс қарқыны.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Тест.

  2. Сұрақ-жауап.


13 - апта

38



Тақырыбы: Шешендік сөздерде дауыстың күші

Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тапсырмалары:


  1. Дауыстың күші, жоғарылығы.

  2. Дауыстың тембрі.

  3. Дауыс әуені.

  4. Дауыс интонациясы және кідірістері.

  5. Оқудағы дауыстың маңызы.

  6. Дауыстың естілуі.

  7. Дауыстың күші.

  8. Дауыстың жасалу жолы

  9. Дауыстың түрлері

  10. Сөз мағынасы және дауыс


13 - апта

39



Тақырыбы: Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы.

Жоспары:

1. Пәнаралық байланыс

2. Шешендік өнердің тарих ғылымымен байланысы.
Жас ұрпаққа терең де тиянақты білім беру, оқу пәндерін бір-бірімен байланыстыра, әсіресе тілді дамытуға қатысты материалдарды ұштастыра оқыту арқылы оқушының білімі мен икемділігін ұштап дағдыларын жетілдірудің мәні ерекше екенін ескеріп отырған жөн.

Тарихи-әлеуметтік өмір тәжірибесінен жинақталған мақал-мәтел, қанатты сөздер халық творчествосының жеңісі. Кейбір авторлардың ойлары мен сөз саптау нақышы өзара ұқсас, не бірдей болып келуі де мүмкін: Мысалы: "Бір-бірлеп мың болады. Тама - тама көл болады - деген мақал Ю. Баласағұн мен М. Қашғарида қатар кездеседі Шығыс елдерінің моральдық :этникалық әдебиеттерінде жиі кездесетін белгілі бір тұжырымды Жамбыл былай деп түйген болатын:

Ойхои, дүние - серуен.

Адам бір кешкен керуен,

Осы ойды Қорқыт атамыз былай деп айтып кеткен: Бұл дүние керуен сарайға ұқсайды, адам баласы керуенге ұқсайды: бірі көшіп, бірі қонып жүре береді. Ахмет Иүгінекидің дидактикалық дастанында да осы ой айтылады.

Бұл дүние -- бір керуен сарайды.

Кететіндер түсіп содан тарайды.

Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде.

Келіп түскен тізбек соған қарайды.
Бұл мұралардың бәрі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ олар бір-бірімен тығыз байланысты.

Орхон - Енисей жазулары әдебиетіміздің басы болса, одан соңғы дәуірлерде "Оғыз – нама”. "Мұхаббат- нама" "Кодекс куманикус" тәрізді әдеби мұралар ортақ болып келетіндіктен, олардан алынған мысалдар, сөз айшықтары, бағдарламамызда орын алып отыр.

Абылай хан, Бұқар жырау, Сырым батыр, Төле би, Әйтеке, Қазыбектің аталы сөздері Қазақстан тарихынан, шешен-билердің шығарған үкімі. Әз Тәукенің “ Жеті жарғысы" саясат, заң ғылымымен, өздерінің әділ шешімін айтарда би-шешендер сөздерін халық тарихымен, ай, күн, жұлдыз аспан әлемімен, жер-су табиғат жәндіктермен байланыстырып мысалдап, биік-биік парасатты ойлар түюін, жыраулардың толғаулар философия ғылымымен, адамның жан дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен - ақ баса танитын қабілеттері психологиямен қарсыласының қапысын тауып, шебер тілмен ұтып - кетуі тіл ғылымымен байланыстыруға болады.

Сол сияқты Төле бидің қарақшылар қолына түскенде айтқан астарлы сәлемін Данагүлдің тапқырлықпен шешуі өмірдегі сан түрлі құбылыстарды V шешендіктің түйінін шешу логика ғылымымен байланысты.

Ауыз әдебиетінің бай мұрасы тұрмыс-салт жылдарындағы әдет-ғұрыптағы шешендік сөздерді, сөзге тоқтау дәстүрін халық педагогикасы пәнімен байланыстыруға болады.

Бақылау сұрақтары

1. Пәнаралық байланыс

2. Шешендік өнердің тарих ғылымымен байланысы.

3. Шешендік өнердің география пәімен байланысы.

4. Психиологиямен байланысы.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Оғыз – нама”. "Мұхаббат- нама" "Кодекс куманикус" тәрізді әдеби мұралары.

2. Тұрмыс-салт жылдарындағы шешендік сөздері.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары


  1. Тест.

  2. Сұрақ-жауап.

14 - апта

40



Тақырыбы:Шешендік өнерді меңгерту жолдары

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:


  1. Шешендік өнердің маңызы

  2. Шешендік өнердің жұмсалу орны

  3. Шешендік өнердің дамуы

  4. Шешендік өнердің қолданылу аясы

  5. Шешендік өнердің қалыптасуы

  6. Шешендік өнердің тарихы

  7. Көпшілік алдында шешен сөйлеудің түрлері.

  8. Шешен сөйлеуде қолданылатын тапқырлық сөздер.

  9. Сөздің дәлдігі ойдың айқындылығы.

  10. Жүйелі практикалық іс-әрекеттер ұйымдастыру.

  11. Сөйлеу кезінде әдеп сақтау, шешендік стил.


14 -апта

41



Тақырыбы: Шешен сөйлеуінің логикалық құрылымы

Жоспары:

1.Логикалық дәлелдер

2.Шынайы шешенге тән қасиеттер
Мәнерлеп оқу дегеніміз - қарапайым сөйлеу тіліне жақын,еркін оқу. Қарапайым сөйлеу деп күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде бір-бірімізбен қарым-қатынас жасағанда алуан түрлі дауыс қыбылысына түсіріп сөйлеуді айтып жүрміз.Өйткені адамдар,адамдар бір-тәңгімелерін өте шебер, әсерлі жеткізеді. Ондайда тңдаушының қаншама әсер алатыны белгілі.

Ал мектеп практикасына келсек,оқу мен сөйлеудің арасында алшақтық мол.Алайда,осы екеуінің арасындағы ажырамас тұтастық пен байланысты түсініп оқу кажет-ақ.Сөйлеу тіліндегідей етіп ешкім де оқи алмас, бірақ сөйлеу әуеніне жақын оқуға мүмкіндік мол.

Ол үшін мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болада. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып,магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады.Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқыганда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады.Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады.Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді.Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді.Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады.

1.ЛОГИКАЛЫҚ КІДІРІС.

Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланынысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі незізгі мағына-қай сөзге, кай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтерінкілеу айтылады.

“Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды. Аңшылар Карадырдан бес-алты шақырым ұзап шықты…” (М. Әуезов.)

Бірінші, екінші,төртінші сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі койылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтерінкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын “бас алмайды, тоқтамайды” деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар...

2.ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КІДІРІС.

Текстің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады.Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосыла қуанып, қолайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады.

Мысалы, І. Жансүгіровтің “Шәутеннің шәркейі” деген диалогқа құрылған әңгімесін шолып көрейік. Бұл әңгімеде мәнерлеп оқудың барлық тәсілдері мен кідірістерін дәлелдеуге болады. Соның ішінде психологиялық кідірісін карастырайық. Ол үшін шығармаға аз ғана талдау жасайық. Шығармаға қатысатындар - автор, Шәутен, анасы.

Автордың сөздері оқылғанда дауыстың құбылуы біршама тұрақты. Себебі, автор- болған уақиғаны сырттай бақылап, хабарлаушы. Асықпай, бірқалыпты қоңыр дауыспен оқылады. Ал Шәутен әлі еш нәрсенің байыбына жетпеген кішкене бала. Үстіндегі киімі, ішіп- жеген тамағы т.б.қалай жасалынады, қайтіп жасалынады, оны ажыратып ой тоқтатар жаста емес. Сондықтан анасы ақ марқаның жүнінен шәркей жасап бермекші болып іске кіріскенде балада тағат қалмайды. Анасы жүнді сабап жатса да, шиге тартып жатса да айтатыны “Болды ма” Енді болды ма” деп қайталай беру. Сондықтан баланың сөздері өте тез, келте, асығыс оқылады. Шәутеннің анасының сөзі салмақты, сабырлы, бірқалыпты. Басынан аяғына дейін бір ғана дауыс құйылысымен жайбарақат оқылады. Баласы қанша асықса да, анасы асықпайды. Өйткені, ана оның тез бола қоймайтынын біледі. Ана мен баланың ой -өрісін, жас ерекшелігін, мінез құлқын түсініп көз алдына елестетіп оқыған оқушы дауысты дұрыс қояды. Психологиялық кідірістер кейіпкердің көңіл күйіне, іс-әрекетіне қарай жасалады.

3.ГРАМММАТИКАЛЫҚ КІДІРІС.

Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер ­– грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.

Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу, осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде де дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасында ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді. Оны кейінірек сөз етеміз.

Нүкте (.) сөйлем аяғында қойылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егерде нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасалынса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдынғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін, оның оқылуын практикалық жолмен меңгеріп алу қажет.



Бақылау сұрақтары

1. Мәнерлеп оқу.

2. Логикалық кідіріс.

3. Психологиялық кідіріс.

4. Грамматикалық кідіріс.

5. Сөйлемдегі незізгі мағына.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Логикалық дәлелдердің ролі.

2. Шынайы шешенге тән қасиеттер.

3. Логикалық кідіріс.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1.Тест.


2.Сұрақ-жауап.

14 - апта

42



Тақырыбы: Шешен сөйлеу мәдениеті

Сабақ түрі: Ой бөліс - дебат

Дебат тақырыптары


  1. Шешендік сөздердің мәтіні

  2. Сөздердің қолданылу орны

  3. Сөздердің орын тәртібі

  4. Сөйлеу және дауыс ырғағы

  5. Ауызша сөйлеу

  6. Мәнерлеп сөйлеу

  7. Сөз қолдану мәдениеті.

  8. Ой айқындылығы.

  9. Шешендікке қойылатын шарттар

  10. Көпшілік ортада сөйлеу мәдениеті.


15 - апта

43



Тақырыбы: Жиренше әңгімелеріндегі шешендіктің үлгісі

Жоспары:

1. Қарашаш пен Жиренше шешендіктерінің кассикалық, тапқырлығы

2. Дәстүрлі шешендіктің шыңы екендігі
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер. Шешендік сөдер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанырлардың бірі жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетті көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап, зерттеген, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. өйткені сөз өнеінің әлі жеткілікті зерттелген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал – мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байтатын мазмұны да көркем сөз үлгілері мол әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды.

Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қоғазда емес, ауызда жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын – ұрғасы, үздік – жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзіде ауыздан - ауызға көшіп ауыса өңдеу – жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың талай таптың ой- санасынан, екшеп елеуінен өткен. Сөйтіп қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған. Соңғы уақытқа дейін “Билердің сөздері” деп келген белгілі сөздердің кемінде екі – үш нұсқасызы жоқ. Бұдан шығатын жанырлар сияқты шещендік сөздер де көп нұсқалар болады.

Әр адамның сөйлеу, жазу мәнері – стилі әр түрлі. Ал қазақ шешендік сөздерін бір – бірімен салыстырғанда ондай айырманы, ерекшелікті байқау қиын. Бұл да шешендік сөздердің халықтық сипатын көрсетеді. Демек шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, сақтаушы да халық; сондықтан оның шын иесі – авторы да халық дейміз. Ал шешендік сөздерде, шешендер жайындағы аңыз әңгімелерде есімдері жиі айтылатын адамдардың бәрі бірдей автор емес, көшелігі дайын нұсқаларды жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушылар деуге болады. Қазақтың шешендері мен өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зертеуші ғалымдар да назар аударған.

Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі - белгілі ғалым В.В.Радлов ол қазақ ауыз әдебиетенің нұсқаларын өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді. “Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшрамай түркі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл”

Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зертеуші академик М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетинің тарихын жасауға арналған бір зертеуінде М.Әуезов “Билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейір түрлерінен мысалдар келтіреді. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр – ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүиелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген уақиғалары, ақыл – ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге дүниеге көзқарасы көрінеді.

Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған “Аяз би, Жиренше” және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды - Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты көрсетеді. Шешендік сөздердің бастауын жалпы ауыз әдебиетінің әжесіндей мақал – мәтелдер мен ертегілерден іздеуге болады.



Бақылау сұрақтары

  1. Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер.

  2. Аяз би, Жиренше” жайындағы ертегілер.

  3. Қарашаш бейнесі.

  4. Жиреншенің тапқырлық сөздері.

  5. Дәстүрлі шешендік сөздер.

  6. Жиренше шешеннің даналық сөздері

  7. Жиренше шешенді Әз –Жәнібек хан сынауы

  8. Жиренше мен ханның өнер жарыстыруы

  9. Жиренше шешеннің тапқырлық сөз үлгілері

  10. Жиреншенің Қарашаш туралы айтқаны

  11. Жиренше және хан

  12. Қарашаш және хан

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Әуезов “Билер айтысы” атты жинағы.

2. Шешендік сөздердің Радлов зерттеулерінде.

3. Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Жиреншенің өмір туралы айтқандары

  2. Жиреншенің отбасылы сөздері

  3. Жиреншенің ханмен айтысуы


15 - апта

44.



Тақырыбы: Қарашаш пен Жиренше шешендіктерінің классикалық сипаты, тақырыптылығы.

Сабақ түрі: Ой - бөліс (дебат) тақырыптары.


  1. Жиренше мен Қарашаш шешендіктерінің классикалық сипаты, тапқырлығы.

  2. Дәстүрлі шешендіктің шыңы екендігі.

  3. Әз- Жәнібек ханның Жиренше мен Қарашашқа қойған сұрағы.

  4. Жиренше шешеннің тапқырлық сөздері.

  5. Жиренше әңгімелеріндегі тапқырлықтың үлгісі.

  6. Жиреншенің ханның жарысы

  7. Жиреншенің Қарашаш өлгендегі айтқаны

  8. Қарашаштың өлімін естірту

  9. Қарашаштың ханға айтқаны

  10. Жиреншенің Қарашты алғаш көруі

  11. Қарашаштың тапқырлық сөздері


15 - апта

45



Тақырыбы: Шешен сөйлеу мәдениеті

Жоспары:

  1. Сөз қолданудың негізгі принциптері

  2. Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материалы

Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материялы. Құрылыс

материялынсыз үй салуға болмайтыны сияқты, сөзсіз сөйлем құрауға болмайды. Сөйлем – адам ойын айтудың негізгі формасы.

Жазуда сөйлеуде кісі ойына керекті сөз таңдағанда, оның стильдік ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, публицистикалық стиль мен ғылыми әдебиет стилінің сөздік құрамы бірдей емес: публицистикалық стильде жазылған газет – жұрнал тілі жалпы халыққа арналатындықтан, оның сөздері де жалпыға бірдей түсінікті болуға тиіс, ал ғылыми әдебиет тілінде жалпыға ортақ сөздер мен қатар, жеке мамандыққа тиісті, жұрттың бәрі түсіне бермейтін сздерде қолданылады. Солардың ішінде әсіресе жеке ұғымды білдірген атаулар, термин сөздер көп болады. Мархұм З. Шашкиннің сөзімен айтқанда, “Бұрын біз әдеби тіл деп Абайдың тілін айтатын едік; Абай тілі бізге салмақтасақ – таразы, қарасақ – айна сияқты еді. Соңғы кезде одан айрылдық; кім қалай сөйлейді, кім қай жерде не естиді, соны алып жаза беретінді, әдебиетке енгізе беретінді шығарды. Мұны өздерінше тіл байыту деп ұғады”

Сөз мәдениетіне жетік болу үшін қазақ тілінің сөз байлығын жақсы білу керек. Сөзді көп білген кісінің айтқаны да тартымды болмақ. Сөзді көп білуге дарындылық, қабілет керек.

Тіл мәдениетіне жетік болу үшін сөзді көп білу жеткіліксіз, ол сөздерді жұмсай білуде керек. Сөзді жұмсай білу үшін олардың мағаналарын , мәндестік ерекшеліктерін, әдеби, әдеби еместік қасиетін, еркін және тұрақты тіркестер құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек.

Газет – журнал, радио, телевизия, кітап – білімнің қайнар бұлағы. Мыңдаған адам олардан жалпы, арнаулы білім алумен қатар, сөз шеберлігін, сауаттылықты, сөзден сөйлем құраудың жақсы үлгілерінде үйренеді. Әсіресе «мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген Абай қағидасын жақсы ұғынған С. Мұқанов, М. Әуезов, Ғ Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты сөз шеберлерінің шығармалары тіл өнерін үйренемін деушілердің мектебі болып отыр.

Келешегінен мол үміт күтетін бір жас автор «қырық құлаш қыл шылбырдан аттың мойнына тұзақ салды» депті. Осы бір сөйлемде екі қате бар: біріншіден: Қыл шылбыр қырық құлаш болмайды; - қыл арқан қырық құлаш болуы мүмкін; екіншіден, қазақ аттың мойнына тұзақ емес, бұғалық салады, тұзақты құсқа құрады.

Р. Тоқтаровтың “Қара сөздің құдіреті” деген мақаласын оқысаңыз, бұданда өткен сорақылықтар табасыз. “Сан саралы үнді, қалың қатпарлы үлкен тірлікті суреттеп беруге өнер шоғыры, стиль шоғыры керек. Кейін ол өнер асыл шыны үйірген күн сәулесіндей бір жерге ұялап, адамның өзін алға жетеледі. Жүрегіне жүрек, миына ми қосты” Мұндай ешкім түсінбейтін сөйлемдер ешкімді ештеңеге үйретпесе керек.

Сөз қолданудағы стильдік қателердің бір түрі – бір сөзді әлсін - әлсін жұсай білуде. Әдетте ысылған жазушы бір сөзді қайта – қайта айтып жұртты ығыр қылмайды, бір сөзді бір сөйлемде мүмкін болғанынша екі рет айтпауға тырысады.

Сөз - тілдің аса керекті құрылыс материялы. Сөз жеке тұрғанда, жансыз жасық денедей дәрменсіз болып көрінеді. Оның жандана түсетінде, гүл – гүл жайнайтын жері де сөз тіркесі, сөйлем құрамы. Балықтың өмірі суда болатындай, сөздің де өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнің құрамында болады. Сөздің осы табиғатын түсінген кісі оның өмір сүру дағдысымен есептеседі.

Сөздердің өзара тіркесу қаблеті әртүрлі: кейбір сөз аз сөзбен, кеибір сөз көп сөзбер тіркеседі. Мысалы, сын есім көпнесе зат есімдермен тіркеседі де, етістікпен оқта – текте тіркеседі. Соның өзінде кез келген сын есімді кез келген зат есіммен тіркестіруге болмайды. Мысалы, жазықсыз, жалқау, екіқабат сөздерін адам туралы – жазықсыз кісі, жалқау бала, екіқабат әиел деп айтуға болады да, “жазықсыз ағаш”, “жалқау тауық”, “екіқабат сыиыр” деуге болмайды. Сол сияқты, көмескі естіледі, көмескі сөз деуге болады, “көмескі шайнады”, “көмескі ат” деуге болмайды. Өйткені соңғылар өз ара мағаналық байланыстағы сөздер емес. Тіркескен сөздер әрі мағаналық, әрі синтаксистік байланыста жұмсалса ғана, айтылған ой өзгелерге барынша аян болмақ.


Бақылау сұрақтары

  1. Сөз туралы түсінік.

  2. Сөз қолданудың негізгі принцптері.

  3. Сөздің дұрыс жазу мәдениеті.

  4. Сөз және шеберлік.

  5. Сөз қолдануда стильдік қателер.

  6. Тілек айту

  7. Пікірталас

  8. Пікір алмасу

  9. Пікір алмасудың мақсаты

  10. Ойталқы

11.Ауызша сөйлеу.

12.Сөз жүйесі

13. Мәнерлеп сөйлеу.

14. Сөз қолдану мәдениеті.

15. Ой айқындығы.

16. Көпшілік ортада сөйлеу мәдениеті.

17. Шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастырған Төле би, Қазбек би , Әйтеке би

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы


  1. Сөз тілдің материялы.

  2. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті.

  3. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы ролі.

  4. Сөйлем және сөз.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмасы

  1. Монологтік сөйлеу

  2. Диалогтық сөйлеу

  3. Толғау

  4. Өсиет айту

  5. Бат беру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет