Пәні бойынша «050117»- «Қазақ тілі мен әдебиеті», мамандығының 3 курс студенттерінің білімін бақылауға арналған


Тақырыбы: Рим грек шешендік өнері мен қазақ өнерінің кейбір ұқсастығы



бет4/6
Дата07.11.2016
өлшемі2,27 Mb.
#1207
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Рим грек шешендік өнері мен қазақ өнерінің кейбір ұқсастығы


Сабақ түрі: Тест тапсырмалары

Σ 1 балл

1. Демосфен қай өнердің өкілі

А) шешендік өнер

Ә) би өнердің

Б) қол өнер
В) сурет с алу өнері
Г) ақындық өнер

2.Жер ұйықты іздеген кім

А) Асан қайғы

Ә) Қорқыт

Б) Жиренше
В) Абай
Г) Төле би

3.Қырықтан астам циклдан тұратын қандай дастан


А) Оғыз-наме дастаны

Ә) Құтты білік дастаны


Б) Диуани лұғат ат-түрік
В) Қорқыт ата кітабы
Г) Диуани хикмат

4.Ж.Баласағұнның дастаны

А) Құтты білік

Ә) Оғыз-наме

Б) диуани лұғат ат-түрік
В) Бақыт жолын сілтеу
Г) Қорқыт ата кітабы

5. Үш нұсқасы бар қай дастан

А) Құтты білік

Ә) оғыз-наме

Б) диуани лұғат ат- түрік
В) қорқыт ата кітабы
Г) Бақыт жолын сілтеу

6.Диуани лұғат ат-түрік кітабының авторы кім

А) М.Қашқари

Ә) Әл Фараби

Б) Ж.Баласағұн
В) Абай
Г) А. Иассауи

7.Күнтуды қай дастанның кейіпкері

А) Құтты білік

Ә) Оғыз-наме

Б) Диуани лұғат ат-түрік
В) Қорқыт ата кітабында
Г) Мұхаббат-наме

8.“Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қол жазбасы қай ғасырда табылған

А) ХХ ғ
Ә) ХҮ ғ
Б) ХІІ ғ
В) ХІХ ғ
Г) ХҮІІ ғ

9.“Құтты білік” дастаны қанша тараудан тұрады

А) 85 тараудан
Ә) 65 тараудан
Б) 90 тараудан
В) 50 тараудан
Г) 55 тараудан

10.“Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады

А) 6500-ден
Ә) 7500-ден
Б) 5500-ден
В) 10500-ден
Г) 1200-ден

11.“Құтты білік” кітабы қандай сарындас жазылған

А) ақыл-өсиет, дидактикалық сарындас
Ә) мемлекеттік дұрыс басқару жайында
Б) халықтың тұрмыс жағдайы жайында
В) батырлар жайында
Г) ақыл-өсиет жайында

12.“Құтты білік дастанындағы Наманган нұсқасы қай шаhарда табылған

А) Өзбекстан
Ә) Қазақстан
Б) Орхон
В) Қытай
Г) Талас

13. Қарахан мемлекетінің алып тұлғалары

А) Ж.Баласағұни мен М. Қашқари
Ә) Жиренше мен Әйтеке
Б) Төле би мен Қазыбек би
В) Сырым мен Жиренше
Г) Қаз дауысты Қазыбек би мен Сырым

14.Қазақ шешендік өнердің тарихын қанша кезеңге бөліп қарастыруға болады.

А) 3

Ә) 4
Б) 6


В) 8
Г) 2

15.Римдіктер сөз зергерлерін қанша топқа жүйелеп бөлген

А) 4
Ә) 5
Б) 7
В) 10
Г) 12

16. Цицерон қай елдің шешені?

А) рим
В) грек
С) неміс
Д) латын
17. Цицеронның сотта сөйлеген қанша сөзі бар?

А) 58
В) 22


С) 5
Д) 23
18. Цицеронның осы күнге дейін бізге жеткен хатының саны

А) 800-ден астам


В) 300-ден астам
С) 100-ге жуық
Д) 120
19. Цицеронның бүгінгі таңға дейін қанша трактаты жеткен?

А) 19
В) 12


С) 18
Д) 10
20. Консуль Балван кезінде Цицеронның беделі қатты өсті. Қай жылы?

А) 63 жыл


В) 45
С)52
Д) 43
21. Шешендік өнердің атасы деп кімді айтамыз?

А) Цицерон

В) Демосфен
С) Аристотеь
Д) Сократ
22. Цицерон қай жылдары қуғынға түсті?

А) 58-57 жылдары


В) 30-45 жылдары
С) 85-89 жылдары
Д) 55-58 жылдары
23. Дағдарыстар дәуіріндегі республиканың адамдары Цицеронды қандай адам үлгісі деп есептеді?

А) татуландырушы


В) ажыратушы
С) ұрыстырушы
Д) мейірбан
24. Ежелгі Римнің саяси қайраткері шешен, жазушы

А) Цицерон


В) Аристотель
С) Сократ
Д) Дюма
25. 58-57 жылдары қуғынға түскен кім?

А) Цицерон

В)Сократ
С)Софокль
Д) Аристотел

26. Эврипид өмір сүрген жылдар

А) 406-480
В) 400-470
С) 405-452
Д) 400-452

27. Эврипид Афиналық ортадағы кімдерден кейінгі ұлы драмматург?

А) Эсхил, Софокл
В) Геррадот, Демосфен
С) Аристофан,Сократ
Д) Скотт, Герадот

28. Эврипид қай ғасырға тән драматург?

А) 5 ғ. ІІ жартысы
В) 6 ғ. І жартысы
С) 6ғ
Д)4ғ

29. Бұл шығармадан Эврипидтің мифологияға арналған шығармасын тап?

А) Медия
В) Айвенго
С) Георги
Д) Тарих

30. Софокл қай елдің өкілі?

А) Греция
В) Франция
С) Англия
Д) Италия

31. Софокл қашан дүниеге келген?

А) б.з.д. 496 жыл
В) б.з.д 250
С) б.з.д309
Д) 450 ж

32. Софоклдің жазған трагедиясының саны

А) 120-ан астам
В) 150-ден ары
С) 140
Д) 100-ге жуық

33. Софоклдің бізге жеткен трагедиясының саны

А) 7
В)5
С)4
Д)2

34. Софокл шығармасында көтеретін мәселе

А) өз заманының әртүрлі мәселелері
В) махаббат
С)достық
Д) саясат мәселесі

35. «Иллиада», «Одисея» романдарының авторы

А) Гомер
В) Скотт
С)Дюма
Д) Дефо

36. Ежелгі драмматург, трагедияның атасы -

А)Эсхил
В)Скотт
С) Демосфен
Д) Гомер

37. Эсхилдің өмір сүрген жылдары

А) б.з.д 525-456
В) б.з.д 280
С) 456-482 ж.ж
Д) б.з.д 500ж

38. Эсхилдің шыққан тегі

А) Атақты Афина отбасы
В) Кедей
С) шаруа
Д) офицер отбасынан

39. Софокл дүниеге келген қала

А) Калон қаласы
В) Лондон
С) Мадрид
Д) Веймар

40. «Бұғауланған Прометей» туындысыың авторы

А) Эсхил
В) Скотт
С) Дюма
Д) Софокл
1 - апта

3



Тақырыбы: Көне түркі тіліндегі және қазіргі кездегі шешендік сөздер

Жоспар:

  1. Ежелгі түркі шешендігінің аңызға айналған әңгімелері

2. Ежелгі түркі шешендігінде орын алған басты мұрат

  1. Оғызнама” дастаны.

  2. Қорқыт ата” кітабының проза түрінде хатқа түсірілуі

Ежелгі түркі елінің шешендігі жайлы сөз қозғау, соншалықты қажеттілігіне қарамастан, қиыннын, қиыны. Олай болатын себебі біріншіден, шешендікті тарихи кезендерге бөліп қарастырудың болмағандығы. Саналы ғұмырын шешендікті зерттеуге арнаған атақты Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырдағы билерден бастап карастырды. Екіншіден, халықтың ақыл-ойы, сана-сезімі, тіршілігінің айнасы болған өнердің ежелгі түрі фольклорлық туындылар әдеби және тілдік тұрғыдан зерттелсе де, шешендік тұрғыдан зерттелмеуі орта ғасырлардан бері қарай белгілі болған билер сөзінің ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қаралғаны белгілі. Үшіншіден, ежелгі түркі еліндегі бізге белгілі болған материаддардан байқалған шешендіктің қызметі көне грек, Рим елдеріндегі шешендіктің қызметінен өзгешеленетіндігі.

Дәуірі бір бола тұра, бұл еддердің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайының, шаруашылық-мәдени сүлесінің әр түрлілігі шешендіктің айтылу мақсаты мен жұмсалатын (көрінетін) орындарының әр басқалылығына әкеліп соқтырды.

Зерттеушілердің айтуынша, көне Грекияда шешендік өнердің дамуына мықтап әсер еткен Афина басқарушысы Салон заңының өмір сүрген кезі б.ж.с. дейінгі 594 ж.

Бұл заң бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Әрбір азамат өз Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласқан. Онда демократия-шешендік өнердің арнасы болған. Ертедегі Грекияда және Римде шешендік өнер мен саясат бөлінбеген. Грекияның көрнекті шешендері ірі-ірі саяси қызметкерлер болған. Мысалы, Терикл Афинаны 15 жыл бойы басқарған. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен афина қүлдары демократиясының қорғаушысы болды. 30 жыл бойы Македонның Филипп патшасына ашу ызамен карсы тұрды.

Көне Римнің шешендері де, көне гректердегі сияқты, әйгілі саяси қызметкерлер болды. Солардың бірі Римнің мемлекеттік қайраткері б.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Марк Катон Старший болды. Ол Карфагенмен бітіспес жау болғаны сондай өзінің әрбір сөзін “Карфегенді құрту керек” деген фразамен аяқтап отырған.

Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.

Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды.

“ Қазақ халқының басынан кешкен қоғамдық формациялары сол халықтың әдебиетінде мәдени тілінде, сөз өнерінде ізін қалдырып отырады. Қазақ халқының біздің заманымыздан бұрынғы бірнеше жылдар бұрын өмір сүрген сақтар мен ғұндардың ұрпақ жалғасуы деген қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері деген. Қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері десек көне түркі шешендігі әдебиеті мен мәдениеті қазақ халқына тиесілі. Көршілес отырған туыстас ұйғыр, өзбек, башқұрт, түркімен, әзербайжан, түрік халықтары өз әдебиеті мен мәдениеті тарихын ұлт болып қалыптасқан шақтан емес ертедегі бәрімізге ортақ дәуірден бастайды. Түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті мен мәдениетіне сөз өнеріне Орхон ескерткіштері (ҮІІғ), Қорқыт (ҮІІІғ), Оғыз наме (ІХғ) жәдігерлері жатады.

Орхон ескерткіштері мен түркі халықтарының мәдениеті ғана емес бүкіл дүние жүзі мәдениеті қазақ тарихының орын алатын ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір бағалылысы. Бұл ескерткіштердің ежелгі қазақ жерінде жасауында белгілі дәрежеде біздің халқымыздың иемденуіне толық қақысы бар екенін көрсетеді. Орхон ескерткіштері Орхон-Селенгі өзендерінің бойынан табылған. Орхон өзені өтінен таулы Алтай мен жоңғар ертедегі түркілердің мекені болған.

Түркі халықтарының әдетте хан басқарған. Ханның ордасында әрқашан ақылшы жыраулар болған. Өз заманының ақылшы жыраулары ханға ақылшы болып қана қойған жоқ ел басына түскен ауыртпашылықты қабырғасы қайыса жырлады. Қуанышты жайларды қанаттана жырлап халықтың көңілін көтерді.

Түркі қағанаты өмір сүрген қағанның қатарында Тоныкөк пен Иолықтегін болған. Тоныкөк білгір кеңесші, ұлы қолбасшы, ақылды сөз иесі еді. Иолығ Білге қағанның баласы тегін Иолығтегін ханның өз мұрагерін атаған. Білге қаған әскерін білімді, айла тәсілге жетік Құтлұғ қағанға тапсырған. Құтлұғ қаған билік құрған мемлекет басына әкесі Құтлұғ (Елтесріс) және оның інісі Қапаған қайтыс болғаннан кейін отырады. Інісі Күлтегін әскер басы болады. 731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Батырлығының куәсі ретінде оның басына мәңгілік ескерткіш орнатылады. Көп кешікпей 734 жылы дүниеден Білге қағанда өтеді. Таққа отырған Білге қаған басына зәулім ескерткіш орнатады. Сөйтіп ағасына, әкесіне арнап тасқа қашап олардың ескерткіштерін, ерліктерін жоқтап дәріптеген мадақ жырын жазады.

Көне түркі шешндігін көрсетер ғаламат жырлардың қатарына “Манас” жыры мен Қорқыт ата жырлары жатады. Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б. Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып қазақ шешендік өнерінің ьірінші кензеңіне (XI – XIII) атқызады. Қорқыт зерттеушілеро пікіріне оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VIII – IX ғасырларда өмір сүрген.



Бақылау сұрақтары

1. Ежелгі түркі елінің шешендігі.

2. Қорқыт ата жырлары.

3. Орхон ескерткіштері.

4. Көне Римнің шешендері.

5. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен жайлы.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Күлтегін ескерткіші жайлы шолу.

2. «Манас» жыры.

3. Оғызнама” дастаны.

1. Ежелгі түркі шешендігінің аңызға айналған әңгімелері.

2. Айтыстағы тапқырлық аталы сөз үлгілері.

3. Орхон Енисей ескерткіштерінің қазақ халқында алатын орны.

4. Көне түркі сөздері мен қазіргі қазақ тіліндегі қанатты сөздердің ерекшеліктері.

5. Көне түрік шешендігінің қазіргі әдебиетте алатын орны.

6. ”Қорқыт ата ” кітабының проза түрінде хатқа түсірілуі.

7. Қазіргі ақындар тіліндегі тапқырлық сөздер

8. Айтыс ақындарының шеберлігі

9. Ұтымды жау апты ойластырудың жолы

10. М.Қашқари сөздігіндегі мақалдар

11. Ж.Баласағұн еңбегіндегі нақыл сөздер

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Орхон – Енесей жазуларындағы шешендік сөздер

2. Мақал – мәтелдердің тілдегі қызметі

3. Шешендік сөздер және нақыл сөздер

4. Шешендік сөздердің зерттелу жайы.

2-апта

4



Тақырыбы: А.Иүгнеки “Ақиқат сыйы”дидактикалық өсиетнама.

Сабақ түрі: Ой - бөліс (дебат)

Дебат тапсырмалары:

1. А. Иүгнекидің өмірі мен қызметі.

2. А Иүгнекидің “Ақиқат сыйы” дастанының қолжазба нұсқалары.

3. ”Ақиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны.

4. Дастанның басты мәселесі.

5. ”Ақиқат сыйы ” дастаны дидактикалық сарынде жазылған

шығарма.

6. Шығарманың зерттелуі.

7. ”Ақиқат сыйы “дастанының қазақ тіліне аударылуы.

8. Иүгнекидің шығармаларындағы нақыл сөздер

9. «Ақиқат сыйы» дастанының тақырыбы

10. «Ақиқат сыйы» дастанының тілі



2-апта

5



Тақырыбы:

Ж.Баласағұнның “Құтты біліг” дастанындағы нақылдар тіл өнері жөніндегі қанатты сөздер.

Жоспары:

  1. «Құтты білік» - дидактикалық дастан.

  2. «Құтты білік» дастанның тәрбиелік мәні.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһур болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.

Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден –бір әдеби мұрасы- “Құтадғу біліг” (“Құтты білік”) дастаны. Бұл дастан - қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси - өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды. Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Баласағұн шаһарында туылған.

Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы ол “Құтты білікті” жазып болып, сол жылы оны “хандардың ханына” тарту еткен. Бұл тартуға риза болған Бограхан ақынға: ұлы хас хажиб “бас кеңесшіміз” немесе “ұлы уәзір” (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы) деген жоғары атақ береді.

Жүсіп Баласағұн саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет, т.б. мәселелерді өз дәуірінің талап –тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Жүсіп Баласағұн бір, жағынан-өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан-өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, үстем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. “Құтты білік” дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, түркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде түрліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары “Адабул-мүлік” (“Әкімдердің әдептілігі”) деп, ал Мешін жұрты “Айнкүлмамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), Шығыс елдерінің әкімдері “Зийнатул-умаро” (“Әмірлердің сән-салтанаты”), парсылар “Шаһноман туркий” (“Түркілердің шаһнамасы”), турандықтар “Құтадғу біліг” (“Құтты білім”) деп атайды.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар:

Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханада сақтаулы тұр.

Екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген.Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1986 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады. Қазір бұл қолжазба ССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.

Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. З. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. “Құтты білік ” дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбек ССР Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.

“Құтты білік” дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы “Азия журналында” бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.

“Құтты білік” дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е.Э. Бертельс, А. Валитова, К. Каримов, С. Муталлибов сияқты совет ғалымдары мол үлес қосты.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев “Құтты білік” дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері (Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде “Құтты білік” дастанының түпнұсқаға мейлінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.

“Құтты білік” дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады.

Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл-13. 000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.

“Құтты білік” дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге , яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.

Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір талап еткен бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, т.б. жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.

Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік , шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық, т.б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын : ауырмаса-денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса-тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам-қуаныш сезімінің құдыретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.

“Құтты білік” дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі-адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі – құрметі қандай болуы керек деген сауалға жауап берілген.

Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемелекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
Бақылау сұрақтары

1. “Құтты білік” дастанының басты идеясы.

2. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның “Құтты білік” дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні.

3. Дастанның сюжеттік желісі.

4. «Құтты білік» дастанының Наманган нұсқасы.

5. «Құтты білік» дастанының зерттелуі.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн-XI ғасырдың аса көрнекті ақыны.

2. «Құтты білік» дастанының Каир нұсқасы.

3. «Құтты білік» дастанының ғылыми мәні.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

Тест сұрақтары

1. Ж. Баласағұн дастанын қай жылы жазып бітірген.

А) 1070
Ә) 1095
Б) 1075
В) 1080
Г) 1060

2. “Құтты біліг” дастанының бүгінгі күнге сақталып жеткен қанша нұсқаса бар

А) үш
Ә) төрт
Б) екі
В) бес
Г) алты

3.“Құтты білік” дастанындағы ең басты мәселе

А) Ел басқару

Ә) Күлтегін

Б) Алып ер Тұңға
В) Қобыланды

Г) Едіге

4.“Құтты білік” дастанының негізгі кейіпкері

А) Күнтуды

Ә) Күлтегін

Б) Білге қаған


В) Тоныкөк
5.Ж.Баласағұнның дастаны

А) Құтты білік

Ә) Оғыз-наме

Б) диуани лұғат ат-түрік


В) Бақыт жолын сілтеу
Г) Қорқыт ата кітабы

6. Үш нұсқасы бар қай дастан

А) Құтты білік

Ә) оғыз-наме

Б) диуани лұғат ат- түрік
В) қорқыт ата кітабы
Г) Бақыт жолын сілтеу

7.Диуани лұғат ат-түрік кітабының авторы кім

А) М.Қашқари

Ә) Әл Фараби

Б) Ж.Баласағұн
В) Абай
Г) А. Иассауи

8.Күнтуды қай дастанның кейіпкері

А) Құтты білік

Ә) Оғыз-наме

Б) Диуани лұғат ат-түрік
В) Қорқыт ата кітабында
Г) Мұхаббат-наме

9.“Диуани лұғат ат-түріктің” көшірме қол жазбасы қай ғасырда табылған

А) ХХ ғ
Ә) ХҮ ғ
Б) ХІІ ғ
В) ХІХ ғ
Г) ХҮІІ ғ

10.“Құтты білік” дастаны қанша тараудан тұрады

А) 85 тараудан
Ә) 65 тараудан
Б) 90 тараудан
В) 50 тараудан
Г) 55 тараудан

11.“Құтты білік” дастаны қанша бәйіттен тұрады

А) 6500-ден
Ә) 7500-ден
Б) 5500-ден
В) 10500-ден
Г) 1200-ден

12.“Құтты білік” кітабы қандай сарындас жазылған

А) ақыл-өсиет, дидактикалық сарындас
Ә) мемлекеттік дұрыс басқару жайында
Б) халықтың тұрмыс жағдайы жайында
В) батырлар жайында
Г) ақыл-өсиет жайында

13.“Құтты білік дастанындағы Наманган нұсқасы қай шаhарда табылған

А) Өзбекстан
Ә) Қазақстан
Б) Орхон
В) Қытай
Г) Талас

14. Қарахан мемлекетінің алып тұлғалары

А) Ж.Баласағұни мен М. Қашқари
Ә) Жиренше мен Әйтеке
Б) Төле би мен Қазыбек би
В) Сырым мен Жиренше
Г) Қаз дауысты Қазыбек би мен Сырым

15.Қазақ шешендік өнердің тарихын қанша кезеңге бөліп қарастыруға болады.

А) 3
Ә) 4
Б) 6
В) 8
Г) 2

16.Римдіктер сөз зергерлерін қанша топқа жүйелеп бөлген

А) 4
Ә) 5
Б) 7
В) 10
Г) 12

17.Шешендік өнер қанша қайнар бұлақтан сусындайды.

А) 3
Ә) 6
Б) 2
В) 4
Г) 5

18.Атақты би Ақтайлақ Байғара ұлы қай жылдарда өмір сүрген

А) 1720-1816
Ә) 1730-1856
Б) 1755-1875
В) 1650-1780
Г) 1710-1891

2-апта

6



Тақырыбы: Қ. Жалайри “Шежірелер жинағы” - тарихи шығарма

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:
1. Шежірелер жинағының ”жазылу тарихы.

2. Қ.Жалайри шығамасының көркемдік ерекшелігі.



  1. Шығрманың құрылысы.

  2. Шығарманың композициялық- идеялық құрылысы.

  3. Дастанның Едіге биге арналуы.

  4. “Шежірелер жинағының ” тарихи тақырыпта жазылуы.

  5. “Шежірелер жинағы” шығармасының мазмұны

  6. Шығараманың қарастыратын мәселесі

  7. Шығармада суреттелетін тарихи оқиға

  8. Қоғам және тарих

  9. Тарихи оқиғалардың шығармадағы көрінісі


3-апта

7



Тақырыбы: Құтыптың “Құсырау Шырын”еңбегінің түрікі әдебиетінен алатын орны

Сабақ түрі: Семинар

Семинар тапсырмалары
1. Дастандағы Құтып аудармасының Низамиден өзгешелігі.

2. Дастандағы көркемдік ерекшелік.

3. Дастанның тәрбиелік мәні.

4. Хұсрау мен Шырын образдары.

5. Дастанның лиро- эпостық жырларымен үндестігі.

6.“Хұсрау Шырын”дастанының зерттелу тарихы.

7.“Хұсрау Шырын” дастанының А Зайончовский зерттеуінде.,

8. Шығарманың тақырыбы

9. Шығармада қарастырылатын мәселе

10. Аталған шығарманың құрылысы

11. Шығармадағы туған ел тақырыбы

3-апта

8



Тақырыбы: Тарихи жырлардың көркемдік сипаты

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары
1.Қазтуғанның өзіне арналған мадақ жыры.

А) “Бұдырайған екі шекелі”

В) “Қоғалы көлдер қом сулар”

С) Алаң да алаң, алаң жұрт

Е) “Бұл заманда не ғаріп?”


  1. Қазтуғанның туған жермен қоштасу жыры.

А) “Алаң да алаң, алаң жұрт

В) “Орманбет би өлген күн”

С) “Бағаналы орда, басты орда”

Д) “Ей, Қатаған хан Тұрсын”

Е) “... Қырында киік жайлаған”

3.Қазақ әдебиетінің төлбасы жырауы

А) Қазтуған

В) Бұхар


С) Асан қайғы

Д) Доспамбет

Е) Шалкиіз

4.“Атамыз біздің бұ Сүйініш,

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт...”

жолдарын тудырған жырау.

А) Қазтуған

В) Асан қайғы

С) Шалкиіз

Д) Сыпыра

Е) Доспамбет

5.Шалкиіз жырау

“Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің, мен жүнмін,

Сен ұлтансың, мен құлмын”- деген жыр жолдарын кімге арнаған?

А) Би Темір

В) Есім хан

С) Жәңгір хан

Д) Абылай хан

Е) Әз Жәнібек

6. Шалкиіздің эпостық шығармасы.

А) “Ер Шобан”

В) “Еспембет”

С) “Ер Тарғын”

Д) “Өтеген батыр”

Е) “Сұраншы батыр”

7. “Ақылсыз достан,

ақылды дұшпан артық”, “Жақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейді” деген нақыл сөздері мақал-мәтелге айналған жырау.

А) Шалкиіз

В) Сыпыра

С) Бұқар

Д) Қазтуған

Е) Доспамбет

8. Қазақ поэзиясындағы оратор жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Жиембет

Д) Доспамбет

Е) Шернияз

9. Жыраулық пэзиядағы философиялық бағыттың негізін салушы.

А) Шалкиіз

В) Шал


С) Шернияз

Д) Көтеш


Е) Абыл

10. Қазақ ақын, жырауларының ішінде тлоғаулары бірінші болып орыс тіліне аударылған жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Сыпыра

Д) Қазтуған

Е) Шал

11. В. Радловтың “Түрік тайпалары әдебиеті нұсқаларының” VII кітабына бір толғауы енгізілген жырау



А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

12. Шалкиіздің анасы

А) Ноғайлының биі Мұсаның қызы

В) Майқы бидің қызы

С) Би Темірдің қызы

Д) Төле бидің қызы

Е) Әйтеке бидің қызы

13. Шалкиіз жыраудың би Темірге айтқан толғауының саны

А) 2

В) 3


С) 4

Д) 1


Е) 5

14. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі

А) Әлеуметтік мәселелердің болуы

В) философиялық тлоғаныстардың молдығы+

С) махаббатты толғауы

Д) табиғатты суреттеу

Е) нәзік лирикаға берілуі

15. Доспамбет жырудың туып-өскен жері.

А) Азов шаһары

В) Сарай қаласы

С) Шым қала

Д) Қашғар

Е) Қыз қала

16. Доспамбеттің толғауы.

А) “Әмірің қатты Есім хан”

В) “Қол-аяғым бұғауда”

С) “Жағама қолдың тигенін”

Д) “Арғымаққа оқ тиді”

Е) “Қырында киік жайлаған”

17.“Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай көндім өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым өкінбен,-”

деген жыр жолдарын тудырған жырау.

А) Доспамбет

В) Асан қайғы

С) Шалкиіз

Д) Сыпыра

Е) Қазтуған

18.Доспамбет жыраудың толғауын көрсет

А) “Тоғай, тоғай, тоғай су”

В) “Бұл заманда не ғаріп”

С) “Саясы жоқ бәйтерек”

Д) “Әмірің қатты Есім хан”

Е) “Кедейлік туралы”

19. “Айналайын Ақ Жайық” толғауының авторы

А) Доспамбет

В) Бұхар

С) Шал

Д) Көтеш


Е) Сыпыра

20. Өз есімін Аймадет деген сөзге тіркеген жырау

А) Доспамбет

В) Бұхар

С) Шалкиіз

Д) Жиембет

Е) Шал

21. Бұл дүниемен қоштасар сәтте өмірінің босқа өтпегеніне сенім білдірген жаралы жырау.



“Өкінбестей болғанмын,

Ер Мамайдың алдында,

Шапшу кештім, өкінбен!”

А) Доспамбет

В) Жиембет

С) Шалкиіз

Д) Шал

Е) Шернияз



3-апта

9



Тақырыбы: Жыраулық поэзиядағы мақал – мәтелге тең келетін тіркестер

Жоспары:

  1. Жыраулық поэзиядағы мақал – мәтел.

  2. Қазақ мақал мәтелдеріне шолу.

Мақал-мәтелдер –халық творчествасын ең көне түрі. Сонымен қатар, олар көне заманда туған күйі қатып-семіп қалған емес, дәуір өзгерген сайын молайып, толығып отырған, халық тұмысындағы әрбір елеулі кезең, жаугершілік, шапқыншылық болсын, той думан болсын, шаруашылыққа байланысты жағдайлар,қуаныш-реніш, мұң-шер, азап пен рахатты сәттер түрлі айтушылардың өңдеулерінен өтіп қалыптасқан, мақалға айналған. Мақал-мәтелдердің идеялық мазмұнына қарай отырып, оның қай таптың жоғын жоқтайтын, кімге қарсы бағытталып отырғанын ажыратуға болады.

18-19 ғасырлардағы оыстың саяхатшы жиханкездері, көбінесе этнографиялық материялдар жинаумен ғана айналысқаны мәлім. Олар қазақ , өзбек, орыс, т.б ұлттардың ішкі халіне, әлеуметтік теңсіздік мәселесіне көңіл аудара қоймайды.Ал Диваевті қоғамдық проблемалардан мүлде қалыс қалған, тек ауыз әдебиеті мен этнографиялық материялдар жинаумен ғана айналысқаны мәлім. Олар қазақ, орыс, өзбек т.б ұлттардың ішкі халіне, әлеуметтік теңсіздік мәселеіне көңіл аудара қоймайды. Ал Диваевті қоғамдық проблемалардан мүлде қалыс қалған, тек ауыз әдебиеті мен этнографиялық материялдарды өжинаумен ғана айналысқан деу әділ болмас еді. Ол тақырыптарға соқпай, сырттай « бейтарап» болып көрінгені мен, іштей халық мүдделеріне жақын болғанын атап өту шарт. Оның қоғамдық көзқарасы мақал-мәтелдерге берген түсініктерге де алғы сөзінен де сезіледі. Ол мақалдарға халықтың бірлескен ақыл ойының жемісі деп қарады. Мақалдарда халықтың түрлі заттарға, өзін қоршаған әлемге көзқарасы тұжырымдалған, -деп әділ бағалады. Ол мақалдың табиғатын кеңінен түсіндіреді. Нақыл сөздердің терең мазмұнға құралатынын айта келіп, Ә.Диваев былай деді. «Бұл мақалдардың көбі өзінің дәлдігі, өткірлігі жөнінен суретшінің қыл қаламының ілуге сұранып тұрғандай. Өйткені онда қазақтың көшпенді де еркін өмірін қамтитын тірі келбеті тұр.»

Әбубәкір мақал мәтелдерінің кездескен барлық нұсқасын толық қамтып жазуды мақсат еткен.Ол нұсқалардың арасында нағыз халықтық мақалдармен қоса, үстем таптың мүддесін көздейтін туындылар да кездесіп отырады.Айталық жоғарыда аталып өткен жинақта:

Тамам жұлдыз жабылып айға жетпес,

Тамам кедей жабылып байға жетпес,-

Дегендей мақалдар да ұшырайды. Мұның бір себебі, мақал мәтелдерді айтып жаздырушылардың дүние танымына, наным –сеніміне де байланысты болатын.Ауыз әдебиетін жинаушы Потанин, Васильев,Пантусов ,Крафт,Гродеков секілді Диваев та нақыл сөз үлгілерін халықтың әр қилы топтарының өкілдері аузынан жазып алып жүрген . Ал олардың ішінде молдалар мен бай-сұлтандардың ықпалындагы жандар да аз емес-ті . «Аузы қисық болса да байдың ұлы сөйлемесін »дейтін әдет ол кезде күшінде болатын .Бірақ бұл айтылғандар Ә. Диваевтың жанашырлығы оның мақалаларынан да айқын көрінеді .


Бақылау сұрақтары

  1. Мақал -мәтелдердің өзіндік ерекшелгі.

  2. Мақал-мәтелдерде кездесетін тіркестер.

  3. Мақалдың-мәтелден ерекшелігі.

  4. Мәтелдерді зерттеуші ғалымдар.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Жан-жануарларға арналған мақалдар.

  2. Тілге байланысты мақал-мәтелдер.

  3. Мақал-мәтелдердің өзіндік ерекшелігі.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Поэзияға тән мақал – мәтелдер.

2. Қазақ мақал мәтелдерін көркейтуде қолданатын

тәсілдер.

3. Антитеза түрінде жазылған мақал-мәтелдер.


  1. Мақал - мәтелдерді тартымды, ұтымды ететін негізгі

тәсілдер.

  1. Қазақ мақал – мәтелдерінде көп қолданылатын негізгі

тәсілдер.

6. Мақалға тән сөз тіркестер

7. Мақал – мәтелдің құрылысы

8. Көркем шығармадағы мақал - мәтелдің орны

9. Мақал және нақыл сөз

10. Жазушылардың сөз қолдану шеберлігі



4-апта

10


Тақырыбы:Алдар көсе әңгімелеріндегі шешендік қисын сөздер


Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тапсырмалары:
1. Алдар көсе образы.

2. Күлдіргі, тапқыр әңгімелеріндегі шешендік дәстүр.

3. Алдар көсенің шайтанды алдауы.

4. Алдар көсеге байланысты аңыз әңгімелер.

5. Қазақтың аңыз әңгімелерінде Алдар көсе бейнесі.

6. Алдар көсенің Жиреншені алдауы атты әңгімесі.

7. Алдар көсе аңызының өзіндік ерекшелігі.

8. Алдар көсенің тапқырлығын байқататын шешендік сөздер

9. Алдар көсенің ел аузындағы әңгімелері

10. Алдар көсе туралы фильмнің мазмұны



4-апта

11



Тақырыбы: Төле бидің шешендік сөздері

Сабақ түрі: Ой –бөліс, дебат

Ой –бөліс, дебат тақырыптары:


  1. Шешендікке қойылатын талаптар

  2. Төле бидің тауып айтқан сөздері

  3. Төле бидің жұмбақтап айтқан сөздері

  4. Бір

  5. Екі

  6. Үш

  7. Төрт

  8. Бес

  9. Алты

  10. Жеті

  11. Сегіз

  12. Тоғыз

  13. Он


4-апта

12



Тақырыбы: Абай шығармаларындағы шешендік пен парасат

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:

1. “Абай” журналына кімдер басшылық етті?

А) М. Әуезов, Ж. Аймауытов

В) М. Сералин, М. Жұмабаев

С) А. Байтұрсынов, И. Байзақов

Д) С. Мұқанов, М. Ізтөлин

Е) Ә. Тәңірбергенов, Ш. Құдайбердіұлы

2. “Абай” журналы қай жылдан бастап қайта шығарыла бастады?

А) 1992

В) 1993


С) 1991

Д) 1994


Е) 1990

3. М. Әуезов Абайдың толық мағынадағы шәкірттері деп қаншасын атайды?

А) 4

В) 5


С) 6

Д) 3


Е) 2

4. Абайдың ақын шәкірттері

А) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Әріп

В) Көкбай, Ақылбай, Мухтар, Мағауия

С) Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Баймағамбет

Д) Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Әріп

Е) Көкбай, Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия

5. Абайдың ақын шәкірттерін сынаған өлеңі

А) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”

В) “Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы”

С) “Адамның кейбір кездері”

Д) “Келдік талай жерге енді”

Е) “Сен мені не етесің?”

6. ... Сөз айттым “Әзірет Әлі айдаһарсыз...” деп Абай қай шәкіртін сынаған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

7. „... Мұнда жоқ алтын иек сара ала қыз...” деп Абай қай шәкіртінің өлеңін сынап отыр?

А) Әріп

В) Көкбай

С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

8. „... Кәрілікті жамандап, өлім тілеп...” деген Абайдың жыр жолдары қай шәкіртін сынауға арналған?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

9. “Қазақ елінің ескі өмірін жырлаушы ақын”,- деп Абайдың қай шәкіртін айтамыз?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

10. Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі, жасы үлкені әрі ұзақ жасағаны?

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

11. Абайдың ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы шәкірті

А) Шәкәрім

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Көкбай

12. Абай айналасындағы шәкірттердің ішінде өзгелерінен ұзағырақ өмір сүріп, бертінде қайтыс болған ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

13. Абай өмірі мен шығарашылығына байланысты аса құнды деректер берген ақын?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

14. Абайдың ақын шәкірті, үзеңгілес досы

А) Көкбай

В) Әріп


С) Ақылбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

15. “Абайтанудан жарияланбаған материалдар” еңбегінің авторы?

А) М. Әуезов

В) Қ. Мұхамедханов

С) М. Мырзахметов

Д) Қ. Сыздықов

Е) С. Бекмырзақызы

16. “Абайтанудан жарияланбаған материалдар” еңбегі қай жылы жарық көрді?

А) 1988

В) 1980


С) 1989

Д) 1990


Е) 1994

17. “Абайтану дәрістері” атты кітап қашан шықты?

А) 1994

В) 1988


С) 1989

Д) 1990


Е) 1995

18. Абай кезінде өз өлеңдерін өзінің аса талантты қай шәкіртінің атынан шығарып отырған?

А) Көкбай

В) Әріп


С) Шәкәрім

Д) Мағауия

Е) Ақылбай

19. Абай қай ақын шәкіртіне қарап өлең шығарған?

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Әріп

Д) Ақылбай



Е) Мағауия

20. Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырып салма импровизацияға ең жүйрік ақын

А) Көкбай

В) Шәкәрім

С) Мағауия

Д) Ақылбай

Е) Әріп

21. Абай қай жылдары жазған өлеңдерін Көкбай атынан таратады?



А) 1880-1886

В) 1878-1884

С) 1882-1888

Д) 1884-1892

Е) 1883-1891

22. Абайдың Көкбайға арнап шығарған өлеңі

А) “Бұралып тұрып”

В) “Адасқанның алды жөн”

С) “Сенбе жұртқа”

Д) “Сегіз аяқ”

Е) “Адамның кейбір кездері”

23.Сюжет құрудың шебері

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

24. Абайдың “Ата-анаға көз қуаныш” деген өлеңі кімге арналған?

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

25. Шебер домбырашы, әрі скрипкашы, ақын болған Абай шәкірті

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

26. Ақылбайдың қанша поэмасы болған?

А) 3

В) 4


С) 2

Д) 5


Е) 1

27. “Жаррах”, “Зұлыс”, “Дағыстан” поэмаларының авторы?

А) Ақылбай

В) Әріп


С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

28. Абайдың 16 жасында дүниеге келген тұңғыш баласы

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Оспан

Д) Мағауия

Е) Күлбала

29. Абайдан кейін 40 күн ғана өмір сүріп қаза болған ақын шәкірті

А) Ақылбай

В) Әбдірахман

С) Көкбай

Д) Мағауия

Е) Шәкәрім

30. Сөкпе қалса сөзімнің шалалары,

Кітапта жазған орыс даналары.

Бұрын неше соғыста ойран болған,

Көрінді Дағыстанның қалалары, - деген шумақ қай ақынның жыр жолдары?

А) Ақылбай

В) Әріп

С) Көкбай



Д) Мағауия

Е) Шәкәрім



5-апта

13



Тақырыбы: Қазбек бидің шешендік сөздері

Сабақ түрі : Семинар

Семинар сұрақтары:

  1. Қазбек бидің шешендігі

  2. Қазбек би және Әнет баба

  3. Қазбек би және Малайсары

  4. Асусыз тауға кездестім

  5. Аямас жауға кездестім

  6. Арылмас дауға кездестім

  7. Өткелсіз көлге кездестім

  8. Елсіз шөлге кездестім

  9. Табылмас жоққа кездестім

  10. Дауасыз дертке кездестім


5-апта

14



Тақырыбы: Әйтеке бидің шешендік сөздері

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:

  1. Шешендіктің алғы шарттары

  2. Әйтекенің шешендіктің сөздері

  3. Суалмайтын суат жоқ

Тартылмайтын бұлақ жоқ

Құйрығы суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде

Қуармайтын құрақ жоқ



  1. Әйтеке бидің тапқырлық сөздері

  2. Әйтеке би шешкен даудың түрлері

  3. Әйтекенің мал дауын шешуі

  4. Әйтекенің жесір дауын шешуі

  5. Әйтеке бидіғң құн дауын шешуі

  6. Әйтеке би және Төле би

  7. Әйтеке және Қазбек би


5-апта

15


Тақырыбы: Жансүгіровтің “Күй”, Құлагер” поэмаларындағы шешендік


Жоспары:

  1. «Күй күшті тауды тасты бұзатұғын»

  2. Құлагер ат аң –тұлпар, анаң сұңқар

  3. Құлагердің поэмада суреттелуі

І.Жансүгіров 1894жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (Қазіргі Талдықорған облысы Ақсу ауданы) туылған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды әңгіме шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшпелі Жансүгір анасынан ерте қалғант Ілиясты жетімсіретпей, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.

Халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан талантының мол, өнімді еңбегінің берекелі жемістеріне таң қаласың.

1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драмматургия сан аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып артына аса бай, әдеби мұра қалдырады. Оның лирикалық шығармалары: «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар » романы «Кек», «Турскиб», «Исатай Махамбет» пессалары қазақ әдебиетінің алтын қорына айналған, өмес туындылар.

І. Жансүгіровтың Мәскеу журналистика институтында (1925-1928ж) оқып қоғам даму заңдылықтарын, әлем әдебиеті өнер тарихын терең деп білуі оның эстетикалық көзқарастарына орасан зор ықпал етіп жазушылық тағдырында бет бұрыс жасады. Оның эволюцияның, жаңа қаламгерлік сапаның кемелденген шеберліктің бір үлгісі-1929жылы жазылған «Күй» поэмасы. Бес тараудан тұратын шығарманың басынан аяғына дейін біртұтас тартылған оқиға жүйесі жоқ. Сюжетті әрекет пен лирикалық толғаныс қатар келіп отырады.

Бірінші тарауда «жар қабақ, сида, ырсақай, саршұбар, қобызшы, шал, Молықбайдың еңкейіп екінтідей күні кестеде», «Екі көзі іріңдеп, аузынан тісін аршып қолы дірілдеп» отырса да аңыратып, күңірентіп, дүрілдетіп күй тартатын шебер өнерпаздық дарыны жырланады.

«Ақ көбек», «көк көбек» « бөзінген» «Ер алінің дүлділі» секілді қазақ халқының басынан өткен небір тарихи кезеңдері музыкалық шығармалар, қобыз тілінде сөйлейді.

Лирикалық кейіпкер –ақын заманында алтын мен аттап, күміспен күптеген, кәзір көнерген қоңыр қобыздың шынағынан төгілген дыбыстардың біресе «Жарым да сен, жаным да сен» деп үздіккен үнін біресе балқаштың ұйқы –тұйқы толқынын, біресе жау тиіп, айқай- ұйқай шығып жылқысы үріккен ауылды көп көргендей болады.Көп қайғылы, мұңды күңіренген күйдің бірі-«Бөзінген».

Екінші тарауда Малықбай қобызшы күй аңызын тартып айтады.Ботасы бір жаққа, енесі бір жаққа кеткен бөзінгенді суреттейді. Шерлі қобыз осы күйді зар шиелетіп тартқанда , адамның сай- сүйегі сарқырайды.

«Құлагер» поэмасы .

Сахара өңірінде ерекше серуен, халықтың серпінді күшінің думанындай қызықты бір рахатты ай шабыс дәстүрін Ілияс ерекше тәптіштеп нақты сурет арқылы қимыл қозғалыс зор шабытпен жеріне жеткізе бейнелейді.Бұл арада автор Ғасырлар бойы қалыптасқан, фолклорлық көркемдік, тәсілдерді, тұрақты теңеу метофора,эпитет жүйелерін қымсынбай еркін мол қолданады.

Ал бәйгеге қосылған 1300 аттың ішінен қазақ даласына атағы жайылған жиырма желаяқ, мыңнан озған тұлпарға сипаттама беріледі. Осылардың ішінде қазақ қиалындағы ең жақсы ат боп суреттелетін Құлагер белгілі ат сыншы Күреңбайдың көзімен беріледі. Екінің көлденең көк атты тұлпар сырын қайдан білсін, Құлагердің еркін сала сүйек, сала тірек қату бас, қаншыр мойын, ит өндіршек, бөлшек бөлшек кедір бұдыр көк еті, олақ өлшеп алғандай айқы шайқы бітімі әлдекімдерге өрексе көрінеді.

Құлагердің алдынан аң құтылмас, артынан жылқы жетпес өрен-өрен жүйріктігін бірден танып, оның себебін соқырға таяқ ұстатқандай айтып беретін Күренбай сыншыл

Тәует бас, қамыс құлақ құраған жақ,

Құлан жал, бұлан мойын, қой жұтқан шақ.

Қоян жон, жазық жая, жауырынды.

Құз топшы, қош шұнтағы қалқынқырақ.

Сіңірлі жер, соғарлы аяғы тік,

Түлкі төс, тазы тізе, ит жіліншек.

Шашақты, шақпақ етті аласа ұршық,

Құндыздық қалай біткен құрыққа дүп,-

деп алдыменен құлагердің сырт пішінін көрсетіледі, ақын эпитет, теңеу жасағанда, құлан,бұлан, қой, қоян, құс, түлкі, тазы ит тәрізді табиғат төсінде еркін тіршілік ететін жан-жануар қасиеттерін, солардың мүше бітімін алады.



Бақылау сұрақтары

  1. «Күй» поэмасының жазылуы.

  2. «Күй» поэмасындағы қобызшыға сипаттама жасау.

  3. «Құлагер» поэмасындағы көркемдік тәсілдер.

  4. «Құлагер» поэмасындағы Күреңбайдың Құлагерді сипаттауы.

  5. «Құлагер» поэмасындағы көркемдік тәсілдер.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Поэманың жазылуы.

  2. Ақан сері жайлы.

  3. Құлагердің поэмада суреттелуі.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Құлагер поэмасындағы көркемдік тәсілдердің қолданылуы.

  2. “Құлагер” поэмасындағы Күреңбайдың Құлагерді сипаттауы.

  3. Күй күшті тауды тасты бұзатұғын.

  4. “Күй”, “Құлагер” поэмаларында кездесетін шешендік сөздер.

  5. Құлагердің Қылтада мерт болғанын ақынның шебер суреттеуі.

  6. Күй поэмасының жазылу тарихы.

  7. Құлагердің поэмада суреттелуі .

  8. «Құлагер» қазақ поэзиясының биік шыңы

  9. «Құлагер» поэмасындағы нақыл сөздер

  10. «Күй» поэмасындағы мақал – мәтелдер


6-апта

16



Тақырыбы: Ж.Аймауытовтың “Қартқожа ”романындағы сөз өрнектері

Сабақ түрі: Ой - бөліс

Ой - бөліс (дебат) тапсырмалары

1. Ж.Аймауытовтың реалистік прозаларының бірі - “Қартқожа”романы.

2. “Қартқожаның ”шығармада көркем бейнеленуі.

3. “Қартқожа”романының “Аштық” романымен байланысы.

4. Романның жазылу тарихы.

5. “Қартқожа”романында шеберлік , теңеулік сөздердің бейнеленуі.

6. Романдағы теңеулер

7. Романдағы эпитеттер

8. Романдағы метафоралар

9. Романдағы синекдоха

10. Романның көркемдік ерекшелігі

6-апта

17



Тақырыбы: С.Сейфулиннің “Көкшетау ” поэмасындағы сөз өрнектері

Жоспары:

  1. С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасының ерекшеліктері.

  2. «Билер сөзі» атты еңбегі.

Қазақтың ұлы даласының дәл кеудесінеде жаратылыстың ғажап үзігі сүмбіл қарағай, айна көл,зеңгір таудың басын бір жерге қосқан алы бөріктей Көкшетау тұр . Бұл тау сұлулық символындай халық ұғымындағы көркемдіктің идеялына айналған . Әсіресе қазақ өнерінің алтын кезеңі саналатын 19ғ ақындар , сазгерлер бұл өлкенің сұлулығын жырға әнге бөлеп қалың жұртшылық, жалпақ елдің санасына әдемі эс тетикалық сананы сіңіріп жіберді.

Сұлулық атаулыға ғашық жүрекпен құлаған ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны С.Сейфуллин Көкшетау табиғаынан өзінің әсемдік мұраттарын сұлулық идеяларын тапқан еді. Сәкен Көкшетау табиғатынан бүгінгі тынысынан, болашағын шығармашылы жеке- жеке ат берілген негізгі 4 бөлімнен ,47 тараудан тұрады.

Ең алдымен поэмадан ақының өзі көрінеді, автор өзіндік поэзиясын, оқиғаларға көзқарасын аңдатады.Поэманы Б.Майлин, С.Мұханов ,Ғ.Мүсірепов секілді еліміздің 17 әйгілі ұлдарына, ақын жазушы, әнші не арнап «Ойым мен жүрегімнің күймен жыры, Ұлдары еңбекші бәрне ортақ» деуде ерекше мән бар.

Поэманың тоғыз шумақпен тұратын , он бір буынды қара өлең ұйқасы мен поэмасы эстетикалық тұрғыдан өте көркем, идеялық мағыналық жағынан шыншыл да терең

Арқаның кербез сұлу Көқшетауы

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын

Жан –жақтан ертелі кеш бұлшттар келіп

Жүреді біліп кетіп есен сауын

Шабыт өнеріне өріс тапты .Осы өкенің қанаты талмас дарынды өршіл жар шысы дарынды болды.

Сәкен Көкшетаудың табиғат сұлулықтарын сырттай тамсанып құр тамашалаушы ғана емес, ол бұл атыраптың ой қырын өзен көлін, тоғай орманын тау тасын түгел аралап әбден терең біліп ежелгі шежіреге толық қонған.

Өлкенің тарихына байланысты жазылған шығармаларды, тарихи еңбектерді аңыздарды зерттеген

Атақты әшілердің, белгілі ақындардың шебер күйшілердің өнерін тамашалаған.
Бақылау сұрақтары


  1. «Көкшетау» поэмасында кздесетін кейіпкерлер.

  2. С.Сейфуллин поэмасындағы негізгі ерекшеліктер.

  3. С.Сейфуллиннің лирикасының негізгі ерекшеліктері.

  4. Поэманың негізгі бөлімі.

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. С.Сейфулин “Көкшетау”поэмасындағы сөз ерекшеліктері.

  2. “Көкшетау” поэмасында кездесетін шешендік сөз зергерлері.

  3. Поэманың құрылыс.

  4. “Билер сөзі” атты еңбегінің жазылу тарихы.

  5. “Билер сөзі” поэмасындағы басты көтерген мәселесі.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. “ Көкшетау” поэмасының идеялық мазмұны.

2. Поэмаларда кездесетін көркемдік тәсілдер.

3. «Көкшетау» поэмасындағы табиғат көріністері

4. Шығармадағы жер – су аттары

5. Шығармадағы көркемдегіш құраладар



6-апта
18

Тақырыбы:М. Әуезов шығармаларындағы шешендік сөздер

Сабақ түрі: Коллоквиум

Коллоквиум тапсырмалары
1. “Көксерек” повесінің идеялық мазмұны.

2. “Көксерек ” повесіеің жазылу тарихы.

3. “Көксерек”повесіндегі Құрмаш бейнесі.

4 Құрмаштың көксерекке деген мейірімі.

5. Құрмаштың өліміне себеп болған жағдай.

6. Повесте кездесетін көркемдік тәсілдер.

7. Повесте кездесетін шешендік-тапқырлық сөздер.

8. «Көксерек» повесіндегі теңеулер

9. Шығармадағы шешендік сөздер

10. Шығармадағы нақыл сөздер



7-апта

19



Тақырыбы: Айтыс өнеріндегі шеберлік сырлар

Жоспары:

  1. Айтыстағы тапқырлық аталы сөз үлгілері.

2. “Жар-жар”, “Жарапазан”, “Бәдік”, жұмбақ айтыс үлгілері.
Айтыстың тарихи даму жолы, өзіндік ерекшеліетері бар. Айтыстың басты ерекшеліктерінің бірі – ол өзінің ұзақ даму жолында болған оқиғаны, шындықты, ақиқатты өткір тілмен бүкпесіз айта алатын берік қалыптасқан дәстүрге аайналды. Расында айтыс нағыз ақындық өнер. Ипровизаторлық өнер, оның үстіне айтыс – поэзиямыздың көлемді де күрделі жанры.

Айтысқа кез-келген адам түсе бермеген, айтыс сайысына түсетін ақын ойдан тез шығарғыш дарынды да, сөз нөсерін түйдек-түйдегімен құйлатын төкпе де қарсыласынан тұтқиылдан төнетін ұшқыр да, ұтқыр, логиклық ой да күшті болуы шарт .

Айтыс сайысына дейін екі жақ ақындар да сөз жоқ үлкен дайындықпен келеді. Ол өзінің туған жерін ардақтап адам ата тегін, дін саптарын білумен бірге өз қарсыласына мін тағатын кемшіліктерін, осал мінездерін соғұрлым көп білсе, соғұрлым тиімді.

Айтыстың өзіндік тағы бір ерекшелігі, оған әйел еркек бірден қатасып отырғанын еске алсақ, мұның көпке ортақ өнер, ортақ жанр болып дамығанын көреміз. Ақын әйел қатыспаған айтыс кемде-кем. 1965 жылы “Жазушы” баспасынан шыққан 3-томдық айтыстың нақ жартыс ақын әйелдер.

Айтыстың күшті дамыған кезі XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын, өз руының әруағын көтеріп, туын жоғары ұстауға тырысқан. Айтыс ақындарының өткен ғасырдағы өкілдері Сүйінбай, Шернияз, Қатаған, Орынбай, Шортанбай, Кемпірбай, Шөже, Балта, Жанақ, Түбек, Тоғжан, Ақсұлу, Тәбия, Майлықожа, Тезекбай, Әсет, Ырысжан, Бейбіт, Мұса, Манап қыз сияқтылар.

Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі халықтың тұрмыс тіршілігіне, әдет-ғұрып саласына байланысты туған айтысар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы. Екіншісі қазақ айтыстарының ең күрделісі болып табылады. Көбінесе әзіл-оспаққа, күлдіргі әңгімеге құрылған айтыстың алғашқы үлгілерінде ақындар айтысындағыдай ақындық шабыттан, тыңнан туған өткір ой, өзекті оқиға желісі, әсерлі сөз жүйесі бола бермейді.

Айтыс өнерінің ең ерте заманнан келе жатқан түрі – бәдік айтысы. Екінші түрі “жар-жар” қыз бен жігіт айтысы, жұмбақ айтысы.

Жар-жарда бір жағы ескі әдет-ғұрыптың, қатал заңның әділетсіз кесікінін әшкерелесе, екіншіден, қазақ әйелдерінің бас бостандығының болмағанын айтып көрсетеді. Бұл жағынан жар-жар өлеңнің әлеуметтік мәні зор. Жар-жар өзіне тән еретеден қалыптасқан өлеңдік құрылысы бар. Жар-жар көбінесе 7-8 буынды жыр үлгісіне, кейде 11 буынды қара өлең үлгісіне құрылған. Жар-жар өлеңдерінің көркемдік стилі, әдісі, негізінен психологиялық паралеллелизм деуге болады. Көркемдік құралдарының бұл түрінде жансызды жандандыра сөйлету, жануарға тіл бітіру сияқты табиғат құбылыстарын адам ойына қатар қою әдісі жиі қолданылған.

Айқындар айтысы. Қазақтың әдебиетші ғалымдарының зерттеулеріне қарағанда, нағыз ақындар айтысы XIX ғ. дамыған. Олай дейтіні XIX ғасырға дейінгі айтыс ақындарында өмірбаяндық деректері де, айтыс өлеңдері де сақтала бермеген. XVIII ғ. өмір сүрген ақын-жыраулардың аты-жөні белгілі болғанымен, олардың айтыс өлеңдерінен қай түрде, қандай көлемде болғаны туралы нақтылы деректер әлі күнге анықталған емес.

XIX ғ. басында туып, бертін келе дамыған айтыс ақындарының аты-жөні, тіпті өмірбаяны да белгілі. Олардың айтыс өлеңдері халық аузында немесе қолжазба күйінде сақталып келген.

Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар. Бұл кездегі айтыстардың көпшілігі ру шеңберінде қалған. Айтысқа қатысқан ақындардың қай-қайсысы болмасын өз руының әруағын көтеріп туын жоғары ұстауға тырысқан.

Қазақтағы айтыс өлеңдерінің ішінде айырықша орын алатыны, көркемдік дәрежесі жоғарысы Біржан мен Сараның айтысы. Және ол қазақ еліне ертедене таныс, көп тараған айтыстың бірінен саналады. Бұл айтыстың идеясында аздаған қайшылық-кемшіліктер болса да қазақ поэзиясының ең сұлу, асылдарының бірі болып табылады.

Қазан көтерілісіне дейін қазақ ақындарының айтыс өлеңдері негізінде ауызша сақталып келді. Бірен-сарандаған айтыстар болмаса, көпшілігі баспа жүзін көрген емес-ті. Сол кезде өз алдына кітап болып шыққан Біржан мен Сараның айтысы (1900 жылы 1912 жылдары басылған) болатын.

Біржан мен Сараның айтысына талдау берместен бұрын, қысқаша түрде осы некі ақынның кім екендігін баяндап кетелік.

Біржан Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілер ауданындағы (Степняк қаласы) “Қожағұл бұлағы” деген жерде туған. Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда, Біржан 1825 жылы туып, 1887 жылы қайтыс болған, профессор Ахмет Жұбановтың мәліметтеріне сүйенсек, Біржан 1831 жылы туып, 1894 жылы алпыс үш жасында қайтыс болған. Ал “Қазақ ССР тарихында” Біржан 1832 жылы туып 1895 жылы қайтыс б олды делінген.

Бұл үш фактінің қайсысы дұрыс екендігін дәлелдеп айту қиын. Қйткені Біржаннің өмірбаяны әлі күнге дейін толық зерттеліп жазылған емес.

Біржанның әкесі Тұрлыбай (Қожағұл Біржанның әкесі) кедей шаруа болыпты. Біржанның “Мың жарым жылұы біткен Қожағұлға” деуі ақындық шалқу үстінде айтылған сөз, анығында Қожағұл да, Тұрлыбай да әлді-ауқатты кісілер болмаған. Тұрлыбайдың Ержан. Нржан, Біржан атты үш баласы болыпты.

Біржан - әнді көп шығарған композитор. Оның “Көкшетау”, “Жамбас сипар”, “Айтбай”, “Адасқақ”, “Тентек” тағы бірнеше әндері бар. Ол әндеріне текстік өлеңді де өзі шығарған.

Барлық композиторлық, ақындық талантын халыққа арнаған Біржан өмірінің соңғы кезінде қалың қасірет-қайғыға душар болады: “Жынданды есінен ауысты”,-деген өсек-әңгімелер көбейді. Соның салдарынан ағайын-туыстары Біржанды үйден шығармай қол-аяғын байлап тастайды. Осындай ауыр күйге түскен Біржан құрбы-құрбас, жолдастарына арнап:

...Дүние, өтеріңді біліп едім,

Білдірмей серілікпен жүріп едім.

Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,

Үш жүздің ортасында Біржан едім,-

деп зарланады, көңіліндегі қайғы-мұңын шағым етеді. Теміртас, Асыл, Ақық атты өзінің туған балаларына:

...Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,

Қинауға салады екен адамзатты,

Үкідей желпіндірген, қарақтарым,

Шешсеңші, білегіме арқан батты...-

деп мұңын айтып, көмек сұрайды. Осындай ауыр қасіретке ұшыраған, үш жыл бойына қол-аяғы байланған, қазақ халқының ұлы әнші-ақыны Біржан, алпыс үш жасқа келіп азаппен қайтыс болады. Оның денесі өзінің туған жеріне қойылады.

Ал Біржанмен айтысқа түскен Сара жайында баспа жүзіне шыққан өмірбаяндық материалдар жоқ, тек ел әңгімелері бар. Олардың айтуына қарағанда, Сара әні әнші, әрі алғыр ақын, сан айтыстарға қатысып жүлде алған жүйрік болған. Сараны 1911 жылдар шамасында қайтыс болған деседі.

Біржан мен Сараның атақты ақын болғандықтарын олардың айтысы көрсетеді. Бұл айтыс жайында ел аузында жүрген әңгімелер де бар. Оған құлақ түрсек - Біржан мен Сараның айтысы болмапты, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын шығарыпты-мыс. Әріптің белгілі ақын болмағаны рас, оның Біржан мен Сара айтысын естуі, білуі де мүмкін. Әйткенмен Әріптің осы айтысқа қатысы қандай, ол жинаушы немесе баспаға даярлап беруші ретінде қатысты ма, ол арасын айту қиын. Сондықтан біз мұны Біржан мен Сараның шығарға айтысы деп қараймыз. Сондай-ақ бұл айтыс алғашқы қалпын сақтаған ба, кейінгілердің қосқан, өңдеген жері жоқ па дегенді де айта алмаймыз. Өйткені, өткен заманда ақындар айтысын табан аузында жазып алу болған емес. Айтыстардың қайсысы болса да ақындардың кейіннен өз айтуымен тараған, кейде айтыстың ішінде болып естігендер, оны ұғып алушылар таратқан. Ал “Біржан мен Сара айтысы” айтыстың юболып өткен кезінен көп кейін Сараның өз аузынан жазылып алынған.

“Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілердің қайсысы болса да, бұл айтыстың шынында да болғандығын дәлелдейді. Ол былай болады: Найман-Матайда (қазіргі Талдықорған маңында) Сара дейтін әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген болады. Бұл бір-бірін көріп білмесе де, сырттай таныс, дидарласып көрісуді арман етіп жүреді... Бір жылы қасына бірнеше жолдасырын ертіп, Біржан Сараның еліне келеді, ондағы ойы: атақты ақын қызбен танысу, өнер салыстырап айтысу, ақындық-әншілік күш байқасу. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір-екі ауыз сөз қағыстырады. Олар Сараның хажы ауылына кеткенін айтады, Сараны іздеп сол ауылға Біржан да тартады....

Сөйтіп, “Біржан мен сара айтысы” атақты екі ақынның өнер жарасы, сөз шарпысуы ғана болмай, бүкі қазақ ауыз әдебьиетінде әлеуметтік мәні бар тың тақырыпты, яғни әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс болады. Бұл айтыста қазақ қыздарының аянышты ауыр халі, сүйгеніне бара алмай жас өмірін қайғы-зар мен, жылаумен өткізгені, ескі әдет-ғұрыптың ққұрбаны болғаны суреттеледі. Олардығң бұндай ауыр халге түсіуіне феодалдар, байлар, хажылар кінәлі, оған : Есімбек, Тұрысбек сияқты жуандар айыпты екендігін көрсетеді.

Айтыста Сара сөзден ұтылып, ақындық өнерден жеңілген жоқ. Біржан да оны жеңіп шықты демейді. Бұл айтыста жеңілгендер – Сараның ағайын – туыстары. Сара сияқты саңлақты малға сатқан, теңіне бермей бір жаманға қор қылған Есімібек, Тұрысбектер жеңілді. Айтыста соларға деген халық қарғысы айтылады. Қазақ қыздарының бас бостандығына тұсау болғау, сор болып жабысқан қалың мал екендігі жиіркенішті түрде әшкере етіледі. Айтыстың әлеуметтік мәні де осында. Сондықтан да біз “Біржан мен Сара айтысын”, аздаған қайшылығы бола тұрса да, халықтық сипаты мол көркем айтыстың бірі деп қараймыз.

Қорыта келгенде, “Біржан мен Сара айтысы” айтыс өлеңдерінің ішінде елеулі орын алатын күрделі, көркем айтыстың бірі болып табылады Қазақтың айтыс өлеңдерінде әйел теңдігі және қалың мал мәселесін бірінші рет “Біржан мен Сараның айтысы” көтерсе, кейіннен басқа ақындардың да көңіл аударған, сөз еткен тақырыбына айналады.
Бақылау сұрақтары

1.Айқындар айтысы.

2. Айтыстың күшті дамыған кезі – XVIII-XIX ғасырлар.

3.Айтыстың тарихи даму жолы.

4. Айтыстың өзіндік ерекшеліетері.

5. Жұмбақ айтыс үлгілері.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Біржан мен Сараның айтысы”

2. Жар-жар”, “Жарапазан”, “Бәдік”, айтысы.

3. Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілер.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Айтыс жанрының зерттелу тарихы

  2. Әдет – ғұрыппен байланысты айтыстар

  3. Аламан айтыстың ерекшелгі

  4. Қызбен жігіт айтысының тақырыбы

  5. Айтыста қозғалатын мәселелер

  6. Тәуелсіздік кезіндегі айтыстар

  7. Айтыстың даму сипаты

  8. Айтыстың тамашалық ерекшелігі



7-апта

20



Тақырыбы: Айтыс. Айтыстағы тапқырлық аталы сөз үлгілері.

Сабақ түрі: Ой - бөліс

Ой - бөліс (дебат) тақырыптары.


  1. Мұхамеджан Тазабековпен Бекарыстың айтысы

  2. Әселханмен Қонысбайдың айтысы

  3. Оразалы мен Айтахынның айтысы

  4. Жандербекпен Ринат Зайтовтың айтысы

  5. Ақмаралмен Аманжолдың айтысы

  6. Қуанышпен Серіктің айтысы

  7. Маржанмен Әсияның айтысы.

  8. Сара мен Аманжолдың айтысы

  9. Айтыстың мән мазмұны жағынан халық арасында алатын орны.

  10. Қазақ халқындағы ең көне айтыс (Бәдік айтыс).

  11. Айтыстағы тапқырлық сөздер.

  12. 18 ғасырдағы импровизатор(суырып салма) ақындар туралы.

Әдебиет жағынан алғанда айтыс өлеңдерінің мазмұны

7-апта

21



Тақырыбы:Ақын – жыраулар шешендігі

Жоспары:

  1. Жыраулар толғауы

2. Сыпыра жырау

XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық поэзия. Алғашқыда иыр, иырағу- жыр, жыршы сөзінен шыққан жырау аты әрі өз жанынан өлең - жыр шығарушы, әрі бұрыннан қалыптасқан туындыларды-эпостық дастандарды жатқа айтып, ұрпақ санасына жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық поэзиясының өкілі.

Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жыраулық поэзияда әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.

Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырларды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанына өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз.

Қазақтың ежелгі эпостық жырларының кейбірінде және жекеленген өлең шумақтарында, бірде тарихи құжаттарда жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің кейде аты, немесе айтқан сөзі кездеседі. Сондай құнды деректердің бірі- жыршы, күйші аңыз кейіпкері Кетбұға (шамамен 1150-1225ж.ж) жайында.

XIV ғасырда жазылған “Шаджарат ат-түрік” (“Түрік шежіресі”) атты кітаптағы деректер мен ел есіндегі аңыздар бойынша Дешті Қыпшақ әмірі Жошы хан нөкерлерімен аң аулап жүріп 1227 жылы қаза тапқанда, Шыңғысханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бата алмаған шақта, әрі жыршы, әрі күйші Кетбұға осы ауыр жүкті көтеруге батыл шығады. Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да , Жошы ханның қайғылы қазасын өзі шығарған “Ақсақ құлан, Жошы хан ” күйімен естіртеді.

Ертеде қазақ жырауларының бірі-есімі түрік халықтарының бірсыпырасына кең жайылған Сыпыра жырау. Оның туған, өлген жылы белгісіз, шамамен Тоқтамыс пен Едіге тұсында өмір сүрген деп саналады, өйткені оның ақыл-кеңестері, бата-болжамдары осы тарихи тұлғалармен байланысты жырларда бар.

Эпостық жырларда Сыпыра жырау ұзақ (180 жас, бірде 230 жас) жасаған қария, қарт, ақылгөй деп әсіреленеді.

“Ер Тарғын” жырында Сыпыра жырау “Ханзада ханның елінде жүзден жасы асқан бір Сыпыра жырау деген қарт бар еді. Сыпыра жырау өз өмірінде тоғыз ханды өткізген, толғау толғап, тоғыз ханды түзеткен еді”, - деп суреттеледі.

XIVғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың 60-шы жылдары шамасында өмір сүріп, аңызға айналған, әрі тарихи, әрі замана жайын толғаған өлең-жырлар шығарушы ретінде аты сақталған қазақ жыраулық дәстүрінің алғашқы өкілдерінің бірі-Асан қайғы. Асан туралы аңыз әңгімелер қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ халықтарында сақталған.

Асанның “Қырында киік жайлаған”, “Тақырлауға қонған қаз, тырна”, “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің”, “Еділ бол да, Жайық бол”, “Заманыңды жамандап”, “Әділдіктің белгісі”, ”Бұ заманда не ғаріп”, “Көлде жүзген қоңыр қаз”, “Ғылымның пайдасы”, “Атадан алтау тудым деп”, “Жәнібекке айтқан толғауы” әлеуметтік, моральдық, адамгершілік, дидактикалық әуендерге толы.

Асан атына “қайғы” сөзінің жалғасуы қашаннан бері бар екені белгісіз. Бұл сөз Асан өмірі мен іс-әрекетінің, өлең-жыр сырларының негізгі мазмұнын анықтайды, әрі оған халықтың берген жоғары бағасы. Табиғат дарыны, құдіреті дарыған ерекше адамдардың өзгеше қалпына мәнді айдар тағу (Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Бұқар жырау, т. б) – қазақтарға тән ертеден, ежелден келе жатқан құбылыстардың, дәстүрлердің бірі.

XV ғасырдағы қазақ көркем сөз өкілдерінің бірі Қазтуған Сүйіншіұлы туралы өмірбаяндық деректер аз. Қазақ поэзиясында, әсіресе, жыраулық жыр-толғауларда пайда болып, дамытуға бет алған өзін таныстыру, мадақтау дәстүріне сәйкес туған оның өлеңдерінде өмірбаяндық деректер де кездеседі. “Қайран менің Еділім”, “Менен қалған мынау Еділ жұрт...”, ”Ақ ала ордам қонған жұрт”, ”Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт” деуіне қарағанда, Қазтуған Еділ бойында туып, мекендеген. ”Сүйіншіұлы Қазтуған”, ”Анамыз біздің Бозтуған, келіншек болып түскен жұрт”,-деп әкесінің де, анасының да, өзінің де атын өлеңге қосқан екен. Туған жер, ата, ана, тегі туралы өрнектер кейін поэзиялық ғұмырнама жанры дамуына бастама болды.

Қазтуған толғауларында, негізінде, асқақ, жарқын ақындық, жыраулық мәнер басым.

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихында Асан қайғы (XVғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (XVғ. Екінші жартысы – XVIғ. Бірінші жартысы), Доспамбет жырау (XVIғ.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Ақтамберді Сарыұлы (XVIII ғ.), Үмбетей Тілеуұлы (XVIII ғ.), Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш ақын, Шал Құлекеұлы (XVIII ғ.), тағы басқа ақын-жыраулар мұрасының маңызы зор. Осы бай мұрада қазақ халқының бірнеше ғасырлық көркемдік ойы, сөз өнерлік тәжірибесі жинақталуы арнайы ғылыми жүйеде зерттелуде. Қазақтың сөз өнерінің зерттелуі, қорытындылары, нәтижелері ұлт әдебиетінің көп томдық академиялық тарихы тууына, жазылуына негіз болуда.

Соңғы жылдарға дейін қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саясат, идеология қыспағында, талай қаулылырмен шектеуге мәжбүр болған қиын жағдайларда жүргізілсе, енді еліміздің тәуелсіздігі орнығып, дами түсуі кезінде қазақ халқының бай көркем сөз қазынасы жөніндегі ғылым да өрнектеп, биік деңгейде болары хақ.



Бақылау сұрақтары

  1. Асан толғауларының шендік тәсілі.

  2. Асан толғауларындағы психиологиялық парализм.

  3. Ақтамберді Сарыұлы.

  4. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері.

  5. Асан атына “қайғы” сөзінің жалғануы.

  6. Шал ақынның өлеңдері

  7. Бұқар жыраудың өлеңдері

  8. Ақын мен жыраудың

  9. Асан қайғы өлеңдері

  10. Асан қайғы толғаулары.

  11. Жиембет жыраудың

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

  1. Ақындарға қойылатын талаптар.

  2. Шешендіктің тапқырлығы.

  3. XV ғасырдағы қазақ көркем сөз өкілдері.

Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

  1. Құтбай ақынның айтыстары

  2. Тәушеннің ақындығы

  3. Манап Көкеновтың шығармашылығы

  4. Қазтуған жыраудың шешендігі

  5. Базар жыраудың термелері


ЕКІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ




Тақырыптар

Апталар

реті

Ұпайлар

Бақылау

түрі

1

Жыраулық поэзиядағы мақал – мәтелге тең келетін тіркестер.

8 апта

1

Реферат

2

Асан қайғы шешендігі

8 апта




Тест

3

Қазтуған жырау

8 апта

2

Реферат

4

Шалкиіз жырау

9 апта




Тест

5

Доспамбет жырау

9 апта

1

Тест

6

Жиембет жырау

9 апта




Семинар

7

Үмбетей жырау.

10 апта

2

Тест

8

Бұқар жырау.

10 апта




Тест

9

Ақындық поэзиядағы ұтымды жолдармен талантты тапқырлық

10 апта

1

Коллоквиум

10

Шортанбай, Дулат,Мұрат шығармаларындағы шешендіктер.

11 апта




Семинар

11

Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы.

11 апта

2

Реферат

12

Шешендік арнау

11 апта




Семинар

13

Шешендік толғау

12 апта

2

Ой –бөліс, дебат

14

Шешендік дау

12 апта




Семинар

15

Шешендік сөздердің сипаты

12 апта

2

Ой –бөліс, дебат

16

Тыңдаушы назарын аудару үшін қолданатын сөздер.

13 апта




Семинар

17

Шешендік сөздерді айтуда дауыстың күші.

13 апта

1

Коллоквиум

18

Шешендік өнердің өзге ғылым салаларымен байланысы.

13 апта




Семинар

19

Шешендік өнерді меңгерту жолдары.

14 апта

1

Реферат

20

Шешен сөйлеуінің логикалық құрылымы

14 апта




Семинар

21

Шешен сөйлеу мәдениеті

14 апта

2

Ой –бөліс, дебат

22

Жиренше әңгімелеріндегі шешендіктің үлгісі.

15 апта




Семинар

23

Қарашаш пен Жиренше шешендіктерінің классикалық сипаты, тапқырлығы.

15 апта




Ой –бөліс, дебат

24

Сөз – ойды білдірудің, сөйлем құраудың басты материалы

15 апта




Семинар

ОБСӨЖ 15 + 15 ұпай


8 - апта

22.



Тақырыбы: Жыраулық поэзиядағы шешендік тіркестер

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:


  1. Мақалдың құрылысы

  2. Мәтелдің өзіндік ерекшелігі

  3. Мәтелдің құрылымдық ерекшелігі

  4. Мақалдың қолданылу орны

  5. Поэзиядағы тапқырлық сөздер

  6. Прозадағы тапқырлық сөздер

  7. Шешендік сөздердің ерекшелігі

  8. Шешендік сөздердің тақырыптары

  9. Ауызекі тілдегі шешендік сөздер

  10. Сөйлеу тіліндегі тапқырлық сөздер

11. Қазақ мақал мәтелдерін көркейтуде қолданатын тәсілдер.

12. Антитеза түрінде жазылған мақал-мәтелдер.

13. Мақал мәтелдерді тартымды, ұтымды ететін негізгі

тәсілдер.

14. Қазақ мақал – мәтелдерінде көп қолданылатын негізгі

тәсілдер.

15. Ауызекі сөздегі нақыл сөздер

8-апта

23



Тақырыбы. Асан қайғы шешендігі

Жоспары:

  1. Асан туралы аңыздар

  2. Асан қайғы толғаулары

Аты аңызға айналып, ғасырлар бойы өз халқымен рухани бірге жасап келе жатқан тұлғалардың бірі- Асан қайғы. Бұған оның атына байланысты туып, ел жадында сақталып қыруар аңыз, әңгімелер мен жер-қоныс аттары туралы айтылып келген сан қилы сын-сарап бағалары, сондай-ақ замана жайын толғаған әр алуан өлең, жырлары толық айғақ. Бұлардың бәрінде дерлік Асан өз халқының бақытты болашағын ойлаған ел мұңшысы, жұрттың көкейкесті арманын арқалаған ардагер азаматы кейпінде сипатталады. Сондықтан Асан есімі әр кез “қайғы” деген сөзбен қатар аталып, ел қамын жеген кемеңгер, ойшыл адамның жиынтық бейнесіне айналып кеткен.

Асан тарихта болған адам, алайда оның өмірі туралы нақты тарихи деректер сақтала қоймаған. Халық аңыздарында Асан қайғыны қазақтың бірінші ханы Әз-Жәнібектің тұсында өмір сүрген адам еді дейді. Тарихи деректер бойынша, Жәнібек XV ғасырда хандық құрған кісі. Бұл туралы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Рашиди” атты әйгілі еңбегінде жазады. Тарихи деректер негізінде қазақтың бірінші ханы Жәнібектің хандық құрған кезеңін 1465-1466-1480 жылдар аралығы еді деп белгілесек, Жәнібек пен аты қатар аталатын Асан қайғы ел аңыздарында Жәнібек таққа отырғанда, жасы келген қарт кісі еді деп баяндалады. Мұның үстіне ол сол Жәнібек ханнан көп кейін қайтыс болған адам деп сипатталады.

Асан қайғы қай ортадан шығып, қай дәуірде, қандай өмір кешкен еді, көп жасаған өмірінде қандай қызмет атқарды, кімдермен істес, замандас болып еді деген сұрақтарға жауап беретіндей бізде нақты тарихи деректер жоқтың қасы. Бұл тұста Асан қайғының өз толғауларында айтылатын мәліметтер мен сол тұстағы кейбір жырларда келтірілген қосалқы дерек-түсініктерді, Асан туралы сақталған кейбір аңыз, әңгімелерді ғана негіз етеміз.Қалай дегенде де ол әр қилы аумалы-төкпелі тарихи дәуірлерді бастан өткеріп, талай-талай хандардың қысылғанда ақыл сұрайтын кемеңгер кеңесшісі, болжағыш та білгір биі болғанға ұқсайды.

Қ. Халидұғлы аталған еңбегінде Асан атаның бір кезде Хасен аталғанын әңгімелей келіп, жоғарыдағы Құдабай ақын айтқан өлеңге орай өз ойын білдіреді: “Асан қайғы асылы ноғай еміш (бұл сөз “еді”, “екен”, “делінеді” деген ұғымдарды береді-М.Ж.). Шыңғыс ханның тұстасы ұлан Майқы бидің алтыншы немересі”, -деп көрсетеді. Бұл “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” деген көне мәтелдегі Ұлы жүздің әйгілі Майқы биі болып шығады.

Шыңжандық тарихшы ғалым Н. Мыңжани өзінің “Қазақтың қысқаша тарихы” атты еңбегінде Асан қайғыны Алтын орданың 1445 жылы қайтыс болған ақырғы ханы Ұлығ Мұхаммедтің (Ормамбет) қасындағы ықпалды билерінің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ, ол Алтын орда ыдыраған соң, қазақ ханы Әз-Жәнібектің қасында болғандығы мәлім (Аталған кітап. Алматы, 1993. 205-206 –бб.) деп жазады. Ормамбет ханның қазақ тарихына қатысын кезінде ұлы Шоқан да атап көрсеткен еді.

Асан қайғы туралы аңыздар мен жыраудың өз жырлары кеңестік дәуірде ғана үздіксіз жарық көріп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Бұл істе әйгілі жазушымыз С. Сейфуллин жинап бастырған “Қазақ әдебиеті” жинағының алатын орны ерекше.

Сондай-ақ Сабыржан Шәкіржанның “Асан қайғы” атты мақаласын да атауға болар еді.

Асанды тану және зерттеу саласындағы елеулі еңбек деп М. Мағауиннің “Қобыз сарыны” атты монографиясы мен “Алдаспан” жинағын бөліп атаған жөн.

Асан атына байланысты туған қолдағы бар аңыз, әңгімелерді өзінің тақырып-мазмұны жағынан : Асан өмірін әкесі Сәбиттің ерлік істерімен жалғастыра баяндайтын; бірыңғай Асан қайғының өз өмірін қамтитын; Асанның ұлы Әбет, қызы Жұпардың тапқырлық істерін әңгімелейтін аңыздар деп үш топқа бөліп қарастыруға болар еді.

Асан қайғы жайындағы аңыздардың бір алуаны оның аңшылық, саятшылығы туралы болып келеді. Осы аңшылық жолы оның өзіне лайықты жар табуына да, кейінірек ел-жұртына қоныс, құтты мекен іздеуіне де себеп болады.

Асан қайғы ел қиялындағы осындай аңыз кейіпкері ғана емес, сан алуан жыр-толғаулар тудырған белгілі жырау да еді. Ол өз толғауларында белгілі бір тарихи кезеңдегі ел-жұрттың көкейкесті ой-арманы мен мұң-мүддесін өзекті тақырып етіп жырлап, соны нақты іске асыруға да өз үлесін қосты. Халық бақыты ел басшысының іс-әрекетіне тікелей байланысты деп санаған жырау көптеген толғауларын Жәнібек ханға арнады. Оны дұрыс жолға салып, бұқара тұрмысын жақсартуға болады деп сенді. Мастанған ханды батыл сынап, кемшіліктерін бетіне басты.

Әй, хан, мен айтпасам білмейсің...-

деп, біржолата ат құйрығын кесуге дайын екенін танытады.

Асан толғауларының саяси-әлеуметтік сипаты оның жоғарыда сөз еткен “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің” атты жырымен қатар, “Қырында киік жайлаған”, “Алты атанға қос артып” тәрізді жырларында да үшталып, тереңдей түскен дей аламыз. Әсіресе, “Қырында киік жайлаған” атты толғауы елдің Шу бойына көтеріле көшкен кезеңін бейнелейді.

Жыраулық поэзияда, оның ішінде Асан толғауларында үлгі-өсиеттік, насихаттық, тағылымдық ойларға ерекше мән беріледі. Мұның бәрі айтылар ойдың ұтымдығы мен әсерлігіне орай қайталаулар мен дыбыс үндестігіне (аллитерация, ассонанс) құрылып отырады.

Асан қайғы көп жағдайда өзі көзбен көріп кейбір мәнді де құнды кіші-гірім оқиғалардан үлкен түйіндеу, жинақтаулар жасауға да шебер. Бұл, сөз жоқ, жыраудың алғырлығы мен дарындылық қуатының шама-шарқына байланысты көрініп отырады. Мәселен, оның:

Ердің құны сөз емес,

Есебін тапқан сабазға.

Төрден орын тимейді,

Патша болсын малы азға, -

деп келетін жолдарын осының айқын айғағы дер едік.

Қорыта келгенде, әңгіме, аңызға қарағанда, Асан қайғы XV ғасырдағы қазақтың тұңғыш ханы Әз-Жәнібектің тұсында жасаған белгілі тұлға болып саналады. Ол өмірінің соңғы кезеңдерінде туған халқының алғаш рет өз алдына шаңырақ көтеріп, ұлт болып қалыптасу кезеңін көзбен көрсе де, патша өкіметінің отаршылдық саясатынан сақтану қажеттігін, бұл үшін “Жер ұйыққа” көшудің тиімділігін өз жырларына арқау етті. Жыраудың ел жүрегіне ұялаған толғаулары, жер, қоныс туралы айтқан сын, бағалары халқымен әлі күнге дейін бірге жасап келеді.

Бақылау сұрақтары


  1. Асан атына байланысты туған қолдағы бар аңыздар.

  2. Асанды тану және зерттеу саласы.

  3. Асан толғауларында үлгі-өсиеттер.

  4. Асан сөздерінің негізгі арқауы.

  5. Асан тарихта болған адам.

  6. Асан қайғы туралы айтылған ой пікірлер.

  7. Асан қайғының толғаулары.

  8. Асан қайғының толғауларының тақырыптары.

  9. Көркем шығармадағы Асан қайғының бейнесі

  10. Асан қайғының болжамдары

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1.Асан өлеңдеріндегі басты мәселелер.

2.Асан атына қайғы сөзінің жалғануы.

3.Асан қайғының «Жерұйықты» іздеуі.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Асан сөздерінің тапқырлығы.

2. Асанның “Жәнібекке” атты толғауынаң негізі мазмұны.

3. Асан қайғының аңыздағаы шешендігі.

4. Асан мен Жәнібек арасындағы қайшылықтар.

5. Асан қайғының өмір жолы.


Тест тапсырмалары:

1. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” жырау

А) Асан қайғы

В) Қазтуған

С) Сыпыра

Д) Шалкиіз

Е) Тәтіқара

2. Асан қайғыны “көшпенділер философы” деп. таныған ғалым

А) Шоқан

В) Ыбырай

С) Абай

Д) Сәкен


Е) Сәбит

3. “Жер ұйықтыі” іздеген аңыз кейіпкері

А) Асан қайғы

В) Кет-бұға

С) Қорқыт

Д) Сыпыра

Е) Қазтуған

4. “Қайғы” атанған жырау

А) Асан қайғы

В) Кет-бұға

С) Қорқыт

Д) Сыпыра

Е) Қазтуған

5. “Шідерті”, “Үшқара” сияқты жер атауларын тудырған жырау

А) Асан қайғы

В) Қорқыт

С) Қазтуған

Д) Сыпыра

Е) Бұхар

6. “Көлде жүзген қоңыр қаз” деп. басталатын толғау қай жыраудікі

А) Асан қайғы

В) Сыпыра

С) Қазтуған

Д) Шалкиіз

Е) Доспамбет

7. Асан қайғының толғауы

А) “Бұл заманда не ғаріп”

В) “Арғымаққа оқ тиді”

С) “Тоғай, тоғай, тоғай су”

Д) “Бұдырайған екі шекелі”

Е) “Айналайын Ақ Жайық”

8. Доспамбет жыраудың толғауын көрсет

А) “Тоғай, тоғай, тоғай су”

В) “Бұл заманда не ғаріп”

С) “Саясы жоқ бәйтерек”

Д) “Әмірің қатты Есім хан”

Е) “Кедейлік туралы”

9.Асан қайғының өмір сүрген дәуірі.

А) XV ғ.

В) XIV ғ.

С) XIII ғ.

Д) XVI ғ.

Е) XVIII ғ.

10. Асан қайғы “Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын6 екі басса бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын кебеймес”,-деп қай жер жайында айтылған?

А) Шымкент, Сайрам

В) Алматы

С) Семейтау

Д) Жамбыл

Е) Сарыарқа

11. Асанның әкесінің аты

А) Саятшы Сәбит

В) Аңшы Хасен

С) Майқы би

Д) Ұлұғ Мұхамед

Е) Кет-Бұға

12.“Көшпенділер философы” атанған жырау.

А) Асан қайғы

В) Доспамбет

С) Қазтуған

Д) Марғасқа

Е) Тәттіқара

13.Асан жайындағы аңыздардың ең таңдаулысы.

А) “Жерұйықты” іздеуі

В) “Қараспан”

С) “Су аяғы Қорқыт”

Д) ”Қыз қала”

Е) “Ежен хан мен Асан”

14.Асан қайғы қай ханның тұсында өмір кешті?

А) Әз Жәнібек хан

В) Есім хан

С) Тәуке хан

Д) Абылай

Е) Қасым хан

15.Асанның ханға қаратыла айтқан толғауы.

А) ”Ай хан, мен айтпасам білмейсің!...”

В) “Қырында киік жайлаған”.

С) “Бұл заманда не ғаріп?”

Д) “Алаң да алаң алаң жұрт”

Е) “Қоғалы көлдер қом сулар”

8-апта

24.



Тақырыбы: Қазтуған жырау

Сабақ түрі: Реферат

Реферат тақырыптары:

  1. Жыраудың шынайы қырын танытатын толғаулары.

  2. Қазтуған- жорықшы, жауынгер жырау.

  3. Қазтуған жырларындағы батырлық , ерлік мәселелері.

  4. Қазтуғанның өмір жолы.

  5. Жырау мұрасының зерттелуі.

  6. Ғабдолла Мұштақ құрастырған Қазтуған өлеңдері.

  7. Қазтуған- қазақ әдебиеті төл басыларының бірі.

  8. Қазтуған жыраудың туған ел, туған жер туралы өлеңдері

  9. Жыраудың өмір туралы толғаулары

  10. Жыраудың өсиеттері


9-апта

25



Тақырыбы: Шалкиіз жырау

Жоспары:

  1. Шалкиіз жырау-қазақ жыраулық поэзиясының атасы

  2. Жырау мұрасының зерттелуі

Жырау өмірінің ең жарқын кездері Темір би сарайында өткен дедік. Ол кез - Шалкиіздің шалқыған дәурені. Ол кезде Шалкиіз өзі би, өзі батыр, өзі шешен, өзі жырау. Демек, Темір- Шалкиіздің жебеушісі, қамқоры болса, Шалкиіз – Темірдің мәртебесін өсіріп, жұртты аузына қаратқан жалынды тілі, аузы дуалы абызы. Міне, осындай сыбайлас, қадірлес өскен Темір би кейін сарай маңындағылардың шағыстыруымен Шалкиізді сыртқа тепсе де, жырау оны ұлылай суреттейді. Мұның өзі Темір - Шалкиіз арасындағы ренішті жуып-шаюға елеулі әсер еткен ақыл-айласын да аңғартқандай.

Алп, алп басқан, алп басқан,

Арабы торым өзіңсің.

Жазулы алтын, қол кескен,

Алдаспаным өзіңсің.

Білер де білмес не демес,

Сұлтан ием, сен менің.

Бармай тапқан қағбамсың.
Шалкиіз “Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны” толғауында Темірді халықтың басын құраған елдің береке-құты, әділ әміршісі деп суреттейді. Жырау Темиірді қисынды пікірлермен, өрісті ақыл, парасатымен иландырар сөз айтып қана хажы сапарынан тоқтатады :

Жығылғанды тұрғызсаң,

Жығылғанды уатсаң,

Қисайғанды түзетсең,

Тәңірінің үйі кебені,

Сұлтан ием, қарсы алдыңнан жасапты !

Бас иіп жығыла жырлаған Шалкиіз осының өзінде астарлап болса да көптен жүрегін кернеген әділ де ащы сөздерін айта алған. Қартайған шақта иман іздеп, күнәдан арылмақ болса ел кезіп қағба бармай – ақ әділетке жүгін, қағба-әділет дегендей.

Шалкиіз жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі, “Көп құлының бірі” ретінде суреттейді.

Өмірдің өтпелілігін Шалкиіз “Шағырмақ бұлт жай тастар” толғауы мен “Қоғалы көлдер, қом сулар” шумағында анық та, ашық айтады. Жауынгер жырау жыр жолдарында өзіне тән етене таныс “Сақалына сары шіркей ұялап” далада қалған барымташы ерлердің реңі мен тағдырын мүсіркей суреттей отырып, жер басып, тірлік кешкен адам атаулыға ортақ құбылыс-өмірдің қысқалығы мен өткіншілігі туралы тебіренеді. Бірақ бұл өмірдің өзі аз ғұмыр екен деп аза тұтып күңіренбейді, қайта “жалған дүниеде” ойнап, күліп, бар рахатты бастан кешіріп шалқып өтуге үндейді :

Күлейік те ойналық,

Киелік те, ішейік,

Мына жалған дүние

Кімдерден кейін қалмаған ?!

Шалкиіз жырларында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнегелі - өсиетті бір қатар жолдарында өмірден түйген өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді.

Шалкиіз жырларынан бір байқалатын сыр – оның туып өскен мекеніне, ата қонысына, өзін қоршаған табиғатқа деген құштарлығы.

Шалкиіз жырларында ежелгі қоныс Еділ, Жайық пен Қобан атаулары кездеседі. Кездескенде “Ақ Жайық”, “Ақ Қобан” дегендей аса іңкәр құштар сезіммен аталады.

Шалкиіз - өзінен соңғы дәуір поэзиясына елеулі ықпал, әсер еткен жырау. Бұл салада М. Мағауин бірқатар мысалдар келтіріп, құнарлы пікірлер айтқан.

Дәуірі жағынан Асан қайғы, Шалкиіздерге бір табан жақын тұратын Бұқардың құнарлы өнеге бастауларының бірі Шалкиіз жырларының ызаға қайнап, ойға қорыған өткірлігі мен тепсінген тегеурінін, жайрап қалар жағдайлардың өзінде жасып жабаурамай, үнемі ширыға, шамырқана отыратын жауынгерлік рухын өнеге етсе, Бұқар ақыл-нақылға құрылған философиялық-дидактикалық толғауларында жыраудың шумақтарын, не кейбір жолдарын аз-кем өзгеріспен көздеген нысанасына дәл тиетін сенімді қаруындай қолданып отырған.

XV – XVIII ғасырлар жырауларынан, әсіресе Шалкиізден мол сусындаған ақынның бірі Махамбет. Махамбеттің “Жалған дүние” (“Қоғалы көлдер, қом сулар”) толғауы Шалкиіздің “Қоғалы көлдер, қом сулар” толғауымен, Махамбеттің “Тайманның ұлы Исатай” (“Арғымақтан туған қазанат”) толғауының бірқатар жолдары Шалкиіздің “Айырдан туған жампоз бар” шумағымен, Махамбеттің “Еменнің түбі сары бал” толғауы Шалкиіздің “Жапалақ ұшпас жасыл тау”, “Жапырағы жасыл бәйтерек” шумақтарымен, Махамбеттің “Ата ұлының баласы”, “Күнқақты ердің ыстында” шумақтары Шалкиіздің “Атаның ұлы Ерлерге”, “Көктеп мінген еріңнің” шумақтары мен ойы, мағынасы, бейнелі сөздері, ұйқасы жағынан да сәйкес келеді.

Демек бұл мысалдарға қарағанда, Шалкиіз жырларының түр, стиль, образ өрнектерінен кейінгі ақын, жыраулар игі өнеге алған. Қажет жағдайда Шалкиіз жолдары мен бейнелі тіркестерін өз жырлары арасында сол күйінде қолданып, не өзгертіп, жаңғыртып, ұстарта жырлаған.



Бақылау сұрақтары

1.Шалкиіз жырларының түр, стиль, образ өрнектері.

2.Шалкиіз жырларында ежелгі қоныс Еділ, Жайық пен Қобан атаулары кездесуі.

3.Шалкиіз жырларында философиялық толғаныс.

4. Жырау өмірінің ең жарқын кездері.

5.Жырау өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1.Ақ Жайық”, “Ақ Қобан” өлеңдеріне шолу.

2.Шалкиіз - өзінен соңғы дәуір поэзиясы.

3.Шалкиіз жырау өмірі.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1.Шалкиіз жырау

“Сен алтынсың – мен пұлмын,

Сен жібексің, мен жүнмін,

Сен ұлтансың, мен құлмын”- деген жыр жолдарын кімге арнаған?

А) Би Темір

В) Жәңгір хан

С) Есім хан

Д) Абылай хан

Е) Әз Жәнібек

2. Шалкиіздің эпостық шығармасы.

А) “Ер Шобан»

В) ”Еспембет”

С) “Ер Тарғын”

Д) “Өтеген батыр”

Е) “Сұраншы батыр”

3. “Ақылсыз достан,

ақылды дұшпан артық”, “Жақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейді” деген нақыл сөздері мақал-мәтелге айналған жырау.

А) Шалкиіз

В) Сыпыра

С) Бұқар

Д) Қазтуған

Е) Доспамбет

4. Қазақ поэзиясындағы оратор жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Жиембет

Д) Доспамбет

Е) Шернияз

5. Жыраулық пэзиядағы философиялық бағыттың негізін салушы.

А) Шалкиіз

В) Шал


С) Шернияз

Д) Көтеш


Е) Абыл

6. Қазақ ақын, жырауларының ішінде тлоғаулары бірінші болып орыс тіліне аударылған жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Сыпыра

Д) Қазтуған

Е) Шал

7. В. Радловтың “Түрік тайпалары әдебиеті нұсқаларының” VII кітабына бір толғауы енгізілген жырау



А) Асан қайғы

В) Шалкиіз

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

8. Шалкиіздің анасы

А) Ноғайлының биі Мұсаның қызы

В) Майқы бидің қызы

С) Би Темірдің қызы

Д) Төле бидің қызы

Е) Әйтеке бидің қызы

9. Шалкиіз жыраудың би Темірге айтқан толғауының саны

А) 2

В) 3


С) 4

Д) 1


Е) 5

10. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі

А) философиялық толғаныстардың молдығы

В) Әлеуметтік мәселелердің болуы

С) махаббатты толғауы

Д) табиғатты суреттеу

Е) нәзік лирикаға берілуі

11. Шығармаларының көбі мақалға айналып кеткен жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

12. “Ор, ор қоян, ор қоян” деп. басталатын толғаудың авторы

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

13. Шалкиіз поэзиясының рухы

А) ерлік

В) сүйіспеншілік

С) бірлік

Д) еңбексүйгіштік

Е) достық

14. Шалкиіздің 14 батырдың атын атап, әрқайсысына сипаттама берген шығармасы

А) “Ер Шобан”

В) “Ер Еспембет”

С) “Ерасыл”

Д) “Әрайна”

Е) “Мұнар күн”

15. Толғауында 14 батырдың атын атап, әрқайсысына сипаттама берген жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

16. Эпосшы болған жырау

А) Шалкиіз

В) Асан қайғы

С) Шал

Д) Шернияз



Е) Көтеш

17. Шалкиіздің әкесінің аты

А) Тіленші

В) Сұраншы

С) Қалқаман

Д) Сәбит


Е) Өтеген

9-апта

26.



Тақырыбы: Доспамбет жырау

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:
1. Доспамбет жырудың туып-өскен жері.

А) Сарай қаласы

В) Азов шаһары

С) Шым қала

Д) Қашғар

Е) Қыз қала

2. Доспамбеттің толғауы.

А) “Әмірің қатты Есім хан”

В) “Қол-аяғым бұғауда”

С) “Жағама қолдың тигенін”

Д) “Арғымаққа оқ тиді”

Е) “Қырында киік жайлаған”

3.“Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай көндім өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым өкінбен,-”

деген жыр жолдарын тудырған жырау.

А) Доспамбет

В) Асан қайғы

С) Шалкиіз

Д) Сыпыра

Е) Қазтуған

4.Доспамбет жыраудың толғауын көрсет

А) “Тоғай, тоғай, тоғай су”

В) “Бұл заманда не ғаріп”

С) “Саясы жоқ бәйтерек”

Д) “Әмірің қатты Есім хан”

Е) “Кедейлік туралы”

5. “Айналайын Ақ Жайық” толғауының авторы

А) Доспамбет

В) Бұхар

С) Шал


Д) Көтеш

Е) Сыпыра

6. Өз есімін Аймадет деген сөзге тіркеген жырау

А) Доспамбет

В) Бұхар

С) Шалкиіз

Д) Жиембет

Е) Шал


7. Бұл дүниемен қоштасар сәтте өмірінің босқа өтпегеніне сенім білдірген жаралы жырау.

“Өкінбестей болғанмын,

Ер Мамайдың алдында,

Шапшу кештім, өкінбен!”

А) Доспамбет

В) Жиембет

С) Шалкиіз

Д) Шал


Е) Шернияз
9-апта

27



Тақырыбы: Жиембет жырау

Жоспары:

  1. Жиембет – жорықшы жырау

2. Жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары болғандығын танытатын толғаулары.

XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардары - Жиембет. Мұхтар Мағауин Жиембет жырау шығармаларын “Алдаспан” жинағында жан-жақты талдай келіп : “Бортоғашұлы Жиембет жырау көшпенділердің әскери аристократиясынан шыққан. Халық аңыздарының және көне шежірелердің айтуынша, Жиембет арғы атасы – Ноғайлының қорғаны Алай батыр. Алай – XVII ғасырдың бірінші жартысында жасаған тарихқа белгілі адам.

Жыраудың қай жылы туып, қай жылы өлгендігі жайында нақты деректер жоқ. Тек біздің заманымызға жеткен шығармаларындағы кейбір сәттерден, халық жадында сақталған әңгіме, жырлардан, ескі шежірелерден жырау жайында біраз мәлімет ала аламыз.

Жиембет-Есім ханның әскербасы батырларының бірі, әрі жорықшы жырауы”, - десе, бұл жағдай үлкен жыраудың өзінің өлең-толғауларында да әдемі айтылған.

Жыраудың барлық саналы ғұмыры Еңсегей бойлы Ер Есім ханның қасында өтіпті. Ол ұлы ханмен тең сөйлесіп, керек жерінде үзеңгі қағыстыруға дейін баратын сияқты ..... Кейде тіпті ханның жалғыз, қарашаның көптігін айтып, Есім ханның алдында иілмейтіндей сыңай да танытқан. Ақын өзгенің де, өзінің де қадыр-қасиетін терең сезінетінін аңғартып, ешнәрседен сескенбей, хан алдында қаймықпай, қасқая толғайды :

Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін.

Бұл жерде Жиембет жай ғана жырау ғана емес, жаужүрек, батыр жырау ретінде де танылады.

Жиембеттің “Еңсегей бойлы ер Есім” толғауы хан мен екеуінің арасындағы келіспеушіліктен туған сияқты.

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайта дегенде,

Не деп жауап бересің ?! –

деген жыр жолдарынан жыраудың өзінің ел алдында, хан алдында қадір-қасиетін қаншалықты екенін өте жақсы білетінін көреміз. Бір жағынан ханға мен көппін, сен жалғызсың, “көп қорқытады, терең батырады”, сен де артыңды ойла дегендей сыңай танытады. Тіпті қыза-қыза ақын ханға айбат та көрсетіп қояды.

Енді осы өлеңнің туу себебіне сәл тоқталсақ, Еңсегей бойлы Ер Есім ақынның інісі Жолымбеттің ерсі қылығына наразы екен. Есім хан Жиембетке де қыр көрсетіп, өштесе бастайды. Жиембет ойлайды: сырттан томырайғанша, бетпе-бет, ауызба-ауыз айтып, біржолата ат құйрығын кесіп, қайтып көрместей болып, көкірекке келген сөзді айтып шығайын деп.... Бұдан Жиембеттің өр мінезін, биік парасатын танып білеміз.

Жиембеттің күші, жоғарыда айтқанымыздай, қаумалаған қалың ағайын-туысы мен ақынды аса қадір тұтатын елі – жұртында екені анық. Оны біз жыраудың өз толғауларынан білеміз.

Бұл толғау осындай ерекше қасиетімен құнды, шындықты ірікпей – бүкпей, тура қасқая қарап бетке айтуымен қымбат. Сонау арғы ғасырлардан бері ұмытылмай ел есінде сақталып келуі де жұрттың көкірегіндегі көкейкесті айта алмай жүрген сөздерін жеткізуінен болса керек.
Бақылау сұрақтары

1. Жиембет-Есім ханның әскербасы батырларының бірі.

2. Жиембеттің “Еңсегей бойлы ер Есім” толғауы.

3. XVII ғасырдың аса көрнекті ақыны, ірі ойшыл, қырағы сардары - Жиембет.

4. Жиембет толғаулары.

5. Жиембет өлеңдері.



Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары

1. Жиембет – Жорықшы жырау.

2. Жыраудың мемлекет ішіндегі, халық алдындағы беделі жоғары болғандығын танытатын толғаулары.

3. Жиембет толғаулары.



Студенттердің үйде орындайтын тапсырмалары

1. Жиембет арғы атасы

2. Жиенбет жыраудың Есімханға айтқан толғауы.

10 - апта

28



Тақырыбы: Үмбетей

Сабақ түрі: Тест

Тест тапсырмалары:

1. Үмбетей жыраудың туылған жылы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет