Пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет1/111
Дата11.09.2020
өлшемі1,21 Mb.
#77805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
UMK Ci tilinde programmalau (1)
Delphi программалау тілі , Бөлім 2 Объектілік

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

"Информатика" кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

__________ Кенжегулов Б.З.

«____»_____________2015 ж




"

пәні бойынша


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В011100 – Информатика (3ж)

мамандығына арналған

Атырау, 2014



КІРІСПЕ
XIX ғасырдың 50 жылдары ортасы программалаудың аса жақсы дамыған кезі болатын. Программалау тілдерінің жаңа типтері пайда бола бастады. Алғаш осындай тапсырманы XIX ғасыр ортасында А. А. Лавлейс орындады, ол “Difference Engine” деп аталатын Чарльз Бэббидждің есептеуіш машинасы мен жұмыс жасады. Бірақ қазіргі программалау тілдері ЭЕМ-лардың 2 буынында пайда болды. 1-ші программалау тілі болып 1949 жылы пайда болған “Short Code” есептеледі. Өткен ғасырдың 40 жылдарының соңында пайда болған Ассемблер (assembly system-жүйелерді жиыстыру) - белгілі бір нақтылы компьютердің орталық процессорна енгізілген машиналық командалар жиынтығын іске асыратан машинаға тәуелді (машинаға бағдарланған) тіл болды. Сондықтан белгілі бір компьютер ассемблеріне жазылған программа басқа бір типті компьютерде жұмыс жасамауы мүмкін. Жоғары деңгейлі машинаға тәуелсіз алгоритмдік тілдерді құру кезіндегі алғашқылардың бірі және кең таралғаны ФОРТРАН болды ( FORTRAN, FOR-mula TRAN slation-формула аудармашысы). Ол ғылыми техникалық есептеулер тілі IBM фирмасымен 1955 жылы құрылды). Кейін Алгол, Кобол, Паскаль,Си,Бейсик және т.б пайда болды. Солардың ішіндегі ең көп таралғаны АЛГОЛ тілі (ALGOL, ALGOrithmik Language- есептеулерге арналған алгаритмдік тіл, 1960 жылы ғалымдардың халықаралық комитетімен құрылды). АЛГОЛ- дың алғашқы нұсқасы 1958 жылы пайда болды. Оны құрастырушылардың бірі ФОРТРАН “әкесі” Джон Бэкус. АЛГОЛ , одан кейін пайда болған Simula, PL/1, Cobol, Lisp , Ada, Pascal, CI++ сияқты программалау тілдеріне бастама болды. Lisp - символдық есептеулерге арналған тіл (тізіммен жұмыс істеу үшін), 1960-1961 жылдарда Массачусет технологиялық институтында Дж. Маккартидің бастауымен құрылды. Кобол (COBOL, COmmon Business Oriented Language)-жалпылай қабылданған іскерлік тіл, бизнес пен экономикалық есептеулерге арналған. Ол АҚШ үкіметінің тапсырмасымен 1961 жылы пайда болды. ПЛ/1 (PL-Programing Language) программалау тілі 1964-1968 жылдары көп мақсатты әмбебап тіл ретінде IBM фирмасымен құрылды. Паскаль (PASCAL)-1969 жылы Цюрихте зерттеу және оқу тілі ретінде пайда болды. Ada - модельдеуге арналған тіл, ол 1979 жылы АҚШ әскери орталығы Пентагон тапсырмасымен құрылды Пролог (PROLOG, PROgrammingin LOGtic)- логикалық программалауға арналған тіл, 1971-1973 жылдарда францияда Марсель университетінде құрылды. Жалпыға бірдей қабылданған және қатаң түрде анықталған программалау тілдерін сыныптау жоқ. Қазіргі кезде кеңінен тараған тілдерді сыныптауда программалық тілдер төменгі, жоғарғы деңгейлі болып бөлінеді. Төменгі деңгейлі программалау тілі- бұл компьютерге жәй тапсырмалар орындауға аппараттық деңгейде нұсқауларды жазу құралдары. Жоғарғы деңгейлі программалау тілі- бұл есептерді көрнекті, жеңіл қабылданатын түрде жазу құралдар. Жоғарғы деңгейлі тіл программасы операторлар жүйесімен, яғни анықталған мақсаты бар ағылшын тілі сөздерінің бірыңғай жиынымен жазылады. Жоғары деңгейлі тілдерге АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, олардан да жоғарылау деңгейлі программалау тілдеріне АЛГОЛ-68, APL-ді жатқызуға болады, онда операторлар мен операциялар немесе тіл мағынасын жасақтауға ұмтылыс жасалынған. Көп жылдар бойы программалық қамту операциялық және процедуралық тілдерге негізделген еді. Солардың ішінде: Фортран, Бейсик, Паскаль, Ада, Си. Объектті программалау тілдерінің ішінен кәсіпқой программистер С++ қолданады, ал программисттердің көбі Delphi және Visual Basic типті программаларды таңдайды. Қазіргі программалау тілдерін 4 деңгейге: 1 - деңгей (машиналық кодтар) - программа машиналық кодтармен жазылады; 2 - деңгей (автокодтар)- қысқа мнемоникалық кодтар машиналық кодтарға сәйкес болады, бұларды машинаға бағдаланған деп атайды. 3-деңгей - процедураларға бағдарланған; 4-ші (өте жоғарғы) деңгейлі - проблемаларға бағдарланған болып бөлінеді. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері операторлар жүйесімен жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет